«КЕGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы «__» ______
№ ____ шешімімен бекітілген
«ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН КОМПАНИЯСЫ» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC»
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫның
іскерлік этика кодексі
|
Астана қ.
МАЗМҰНЫ:
Кодекстің миссиясы 3
Біздің болжамымыз 3
Кіріспе 3
1-тарау. Іскерлік этикасының құндылықтары мен принциптері 5
2-тарау. Іскерлік қарым-қатынастардың этикалық нормалары 6
3-тарау. Жауапкершілік 11
4-тарау. Қорытынды 11
Кодекстің миссиясы
Іскерлік этика Кодексі этикалық нормаларды және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын ұстану негізінде мүдделі тұлғалармен өзара тиімді қарым-қатынастар жасау үшін және «КЕGOC» АҚ дамыту үшін басқару құралы болып табылады.
Кодекстің нық беделге жету бойынша маңызды құрамды бөлігі — сенім атмосферасын құру және бірегей стратегияны жүзеге асыру.
«KEGOC» АҚ осы мақсаттарда «KEGOC» АҚ-та жұмыс істеуге және онда жетістіктерге қол жеткізуге ынтасы бар жоғары кәсіби және жауапты қызметкерлерді, «KEGOC» АҚ негізгі корпоративтік ережелері мен рух қағидаттары жақын да түсінікті болып табылатын және құрылған қарым-қатынас стиліне, дәстүрлеріне, корпоративтік құндылықтарына үлес қосу атмосферасын құруға қабілетті жұмыскерлерді тарту және бекіту саясатын жүргізеді; «KEGOC» АҚ имиджі мен жоғары іскерлік атағын қолдайды, соның ішінде жұмыскерлердің сыртқы кейіпіне және араласудың міндетті іскерлік стиліне себеп болады.
Біздің болжамымыз
Іскерлік этика кодексі – бұл «КЕGOC» АҚ-та болған корпоративтік қарым-қатынасқа қатысушылар үшін ортақ тәртіп нормалары мен дәстүрлері. Оларды ұстану «КЕGOC» АҚ стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыру және қызмет етуі үшін тең ортаны құруға себеп болады.
«КЕGOC» АҚ Іскерлік этикасы кодексі корпоративтік басқару процесінің тиімділігін арттыруға және мүдделі тұлғалармен өзара тиімді қарым-қатынас жасауға себеп болады.
Кіріспе
1. Іскерлік кодексінің осы ережесі (бұдан әрі – Кодекс) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамаларының ережелеріне, «Самрұқ» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Холдинг) Іскерлік кодексіне, «КЕGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес әзірленген және іскерлік қарым-қатынастардың іскерлік этикасының, этикалық нормаларының негізделген құндылығы мен принциптерін белгілейді.
2. Осы Кодекстің мақсаты «КЕGOC» АҚ Жарғысымен және басқа да ішкі құжаттарымен анықталған стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін қажетті корпоративтік басқару, кәсіби және іскерлік этиканың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
3. Кодексте келесі терминдер мен ұғымдар қолданылады:
3.1 Іскерлік этика – бұл «КЕGOC» АҚ барлық корпоративтік қарым-қатынасқа қатысушылары өз қызметінде басшылыққа алатын іскерлік қарым-қатынастың этикалық қағидаттары мен нормаларының жиынтығы.
3.2 Лауазымды тұлғалар – Директорлар кеңесінің мүшелері, «КЕGOC» АҚ Басқарма мүшелері;
3.3 Жеке акционер – «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» акционерлік қоғамы;
3.4 Мүдделі тұлғалар – заңнамамен және Жарғымен қарастырылған құқығын іске асыру «КЕGOC» АҚ қызметімен байланысты тұлға;
3.5 Кодекс – Іскерлік этикасы кодексі;
3.6 Мүдделердің дауы – «КЕGOC» АҚ корпоративтік қарым-қатынасқа қатысушыларының жеке мүделлілігі лауазымдық нұсқаулықтың әділ орындалуына әсерін тигізетін немесе әсер етуі мүмкін жағдай;
3.7 Корпоративтік мәдениет – «КЕGOC» АҚ үшін ерекше тәртіп пен қарым-қатынастардың нормалары, принциптері және құндылықтары;
3.8 Корпоратив хатшысы – «КЕGOC» АҚ Корпоратив хатшысы;
3.9 «КЕGOC» АҚ - «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» акционерлік қоғамы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы.
3.10 Қызметкер – «КЕGOC» АҚ еңбек қарым-қатынасында бар және еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын тұлға;
3.11 Жарғы – «КЕGOC» АҚ Жарғысы;
3.12 Корпоративтік қарым-қатынасқа қатысушы – «КЕGOC» АҚ лауазымды тұлғалары, қызметкерлері, мүдделі тұлғалар.
4. «КЕGOC» АҚ осы Кодекс ережелерін лауазымды тұлғалармен, қызметкерлермен және мүдделі тұлғалармен өзара қарым-қатынас кезінде, лауазымды тұлғалар, қызметкерлер кездестіріп отыратын стратегиялық маңызды, сондай-ақ күнделікті жағдайларда іскерлік шешім қабылдау үшін қолданады және ұстанады.
5. Осы Кодексте баяндалған ережелерді «КЕGOC» АҚ барлық қызметкерлері, сондай-ақ «КЕGOC» АҚ құрылтайшы немесе негізгі акционер болып табылатын мекемелердің қызметкерлері сақтауы тиіс.
1-тарау. Іскерлік этикасының құндылықтары мен принциптері
1. Негізінде «КЕGOC» АҚ қызметі құрылатын негізін құраушы корпоративтік құндылықтар әдептілік, сенімділік және оның қызметкерлерінің кәсібилігі, еңбегінің тиімділігі, бір біріне көмектесуі, бір –біріне, мүдделі тұлғаларға және бүкіл қоғамға деген құрмет болып табылады.
Ұзақ уақыт барысында жұмыстың оң нәтижесін қамтамасыз ету әр қызметкер жоғары сандартқа және жалпы адами құндылықтарға сай келетін тәртіп сақтаған кезде мүмкін болады.
2. «КЕGOC» АҚ келесі іскерлік этика принциптерін басшылыққа алады:
- аладық;
- өзара сыйластық;
- сенім;
- туралық;
- ақ ниеттілік;
- кіршіксіздік;
- жауаптылық.
3. «КЕGOC» АҚ корпоративтік қарым-қатынасқа қатысушылардың бәрі іскерлік этика қағидаттарын сақтайды деп есептейді.
4. «КЕGOC» АҚ өз қызметін жүзеге асырған кезде:
1) Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын, Жеке акционер мен мемлекеттік органдардың актілерінің, «КЕGOC» АҚ қызметіне жататын басқа да құжаттардың нормаларын сақтайды;
2) адам құқығының сақталуын және оны сыйлауды қамтамасыз етеді;
3) шанайы және адал әрекет етеді, пара алуды және соған ұқсас кір келтіретін іскерлік тәжірибені, сондай-ақ сыйлықтар беру және алуды қолданбайды;
4) лауазымды тұлғаларға және қызметкерлерге құметпен және этикалық нормаларды сақтаумен әділ қарайды;
5) оның мүдделі тұлғалармен барлық қарым-қатынасы өзара пайдалы болуына талпынады;
6) қоршаған ортаға ықыласпен қарайды.
5. «КЕGOC» АҚ этикалық нормасы іскерлік қарым-қатынастың келесі негізгі салаларын реттейді: «КЕGOC» АҚ корпоративтік қарым-қатынасына қатысушылар мен Жеке акционер, мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қызметкерлер, «Энергоинформ» және «КЕGOC-Сервис» мекемелері (бұдан әрі – Мекемелер), іскери әріптестер мен жұртшылық арасындағы қарым-қатынастарды реттейді.
6. Жұмысты тиімді ұйымдастыру «КЕGOC» АҚ мен барлық мүдделі тұлғалардың арасындағы өзара міндеттемелер негізінде құрылған. Өзара міндеттемелерді сақтау – құрылымдық жұмыстардың қажетті шарты.
2-тарау. Іскерлік қарым-қатынастардың этикалық нормалары
2.1. Лауазымды тұлғалар мен жұмыскерлер
1. Лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер кәсіби функцияларды қамқорлықпен және сақтықпен «КЕGOC» АҚ мен Жеке акционердің мүдделеріне сай, дауларды болдырмастан адал да сенімді орындауға өзіне міндет қабылдайды.
2. Өзіне қабылданған міндеттемелерге деген жауапкершілік барлық лауазымды тұлғаларға және қызметкерлерге, олардың атағы мен лауазымдарына қарамастан, тең дәрежеде таралады.
3. «КЕGOC» АҚ лауазымды тұлғалары «КЕGOC» АҚ стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін, іскерлік этиканың негізін қалаушы құндылықтар мен қағидаларды есепке ала отырып, іскерлік шешімдер қабылдайды және олардың алдына қойылған барлық міндеттерді іске асыруға жауапты.
4. «КЕGOC» АҚ лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері жоғары кәсіби жұмыс істеу үшін, «КЕGOC» АҚ мүлігіне қамқорлықпен қарауға және оны тиімді және үнемді пайдалануға барлық күшін салады.
5. «КЕGOC» АҚ лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері өзінің жұмысқа деген көзқарасымен және мінез-құлқымен ұжымдағы орнықты және қолайлы жағдай туғызуға себеп болуы тиіс.
6. Әр лауазымды тұлға мен қызметкер лауазымдық міндеттерін орындаған кезде өзінің жеке қарым-қатынасын немесе жеке пайдасын емес, «КЕGOC» АҚ мүддесін басшылыққа алуы тиіс. «КЕGOC» АҚ ресурстарын лауазымды тұлғалардың немесе қызметкердің өзінің, сондай-ақ олардың достары мен туыстарының жеке пайдасына немесе оларды қолдау үшін алуға пайдалануға тыйым салынады. Достармен немесе туыстармен іскерлік қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
7. Лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер кез-келген нақты немесе осындай жағдайдан туындаған мүдде қайшылықтарын, дауларды болдырмауы тиіс. Өзіне қатысты да (немесе өзімен байланысты тұлғаға да), басқаларға қатысты да мүдделердің нақты немесе осындайдан туындаған даулы жағдайларын болдырмауы тиіс.
8. «КЕGOC» АҚ-қа жұмысқа қабылдаған кезде қандай да болмасын белгісі бойынша ешқандай дискриминацияны болдырмайды. Кадрларды іріктеу және лауазымын жоғарылату кәсіби қабілеттілік, білім және дағды негізінде ғана жүзеге асады.
9. «КЕGOC» АҚ ішкі құжаттарына сәйкес өз білімін көтеруге және кәсіби дамуға талпынатын қызметкерлерді адал бағалап, «KEGOC» АҚ барлық деңгейдегі жұмыскерлердің біліктілігін арттыру үшін теңдей жағдай жасайды.
10. «КЕGOC» АҚ-та жекелеген лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерге қандай да бір ерекше құқық пен жеңілдіктер беруге жол берілмейді, басқаша жағдайда заң негізінде барлығына бірдей тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді.
11. Мүдделер арасындағы қайшылықтарға жол бермеу Жеке акционер мен «KEGOC» АҚ, оның қызметкерлерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін маңызды шарт болып табылады.
12. «КЕGOC» АҚ қызметкерлері өз қызметін жүзеге асырған кезде этиканың, моральдың және өзін-өзі ұстаудың жалпы қабылданған нормаларын басшылыққа алулары тиіс.
13. «КЕGOC» АҚ шешім қабылдайтын лауазымды тұлғадан бастап кез-келген қызметкерге дейін аталған процестің кез-келген кезеңінде мүдделер қайшылығы жоқ шешім қабылдауға жауапты.
14. «КЕGOC» АҚ лауазымды тұлғаларының шешім қабылдауы айқындық және теңбе-теңдік қағидаларына негізделуі тиіс. Лауазымды тұлғалар бір-біріне дұрыс ақпаратты құпиялық нормаларын бұзбастан және Жеке акционердің шешімін, «KEGOC» АҚ ішкі құжаттарын есепке алумен, уақытында береді.
14. Лауазымды тұлғалар Жеке акционерге/Директорлар кеңесіне Компанияға байланысты немесе оның ішкі құжаттарымен қарастырылған тәртіпте басқа да мәселелерге байланысты мәмілелердегі, шарттардағы, жобалардағы кез-келген коммерциялық немесе басқа да мүдделілік (тікелей немесе жанама) туралы уақытында хабарлап тұруы тиіс.
15. Лауазымды тұлғалар белгіленген тәртіпте «КЕGOC» АҚ Директорлар кеңесін жұмысты орындағаны және/немесе басқа мекемелерде лауазымға орналасқаны туралы, тұрақты (негізгі) жұмыс орынының (қызметтің, кәсіпкерлік қызметтің және т.б.) ауысқаны туралы хабардар етіп тұруы тиіс.
16. Лауазымды тұлғалар «КЕGOC» АҚ Басқарма төрағасын/Директорлар кеңесі төрағасын мүдделі мәселелер туралы уақытында хабардар етіп тұруы және оларды талқылауға және дауыс беруге қатыспауы тиіс.
17. «КЕGOC» АҚ лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері:
- өз функционалдық міндеттерін атқарғаны үшін өзі жұмыс атқармайтын мекемелерден және жеке тұлғалардан ақша, қызмет түрінде және басқа да нысанда сыйақы алуға;
- әдептілік пен қонақжайлылықтың жалпы қабылданған нормаларына сәйкес ілтипат білдіру нышанын және ілтипат нышанын білдіретін сувенирлерді есептемегенде, жұмыс бойынша оларға қатысты тұлғалардан немесе хаттама және өзге де ресми іс-шаралар өткізген кезде өз функциясын атқаруға байланысты сыйлықтар немесе қызметтер алуға құқығы жоқ.
18. Лауазымды тұлғаларға және қызметкерлерге коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын басқа да құпияларды жария етуге, сондай-ақ ақпаратты өз жеке мақсатында пайдалануға тыйым салынады. Бұл «КЕGOC» АҚ ішкі құжаттарымен реттеледі.
«КЕGOC» АҚ бөлмелерінде жұмыс істеген кезде лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер «КЕGOC» АҚ ішкі құжаттарымен қарастырылған және «КЕGOC» АҚ қауіпсіздік режиміне және құпия ақпаратпен жұмыс істеуге байланысты ережелер мен ресімдерді сақтаулары тиіс.
19. «КЕGOC» АҚ лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері:
- адамның және азаматтың ар мен намысын оның шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, сеніміне, тұратын орынына немесе басқа да кез-келген себептерге қарамастан сыйлауы;
- мемлекеттік нышандарға – Елтаңбаға, Туға, Әнұранға құрметпен қарауы;
- корпоратив нышандарына құрметпен қарауы;
- жалпыға ортақ қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауы, мемлекеттік тілге және өзге де тілдерге, барлық халықтардың салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауы;
- киім киюдің корпоративтік стилін сақтауы және сыртқы түріне көңіл бөлуі (тиісті форма кию немесе киімнің іскерлік формасын еркін таңдауы);
- еңбек және атқару тәртібін сақтауы;
- әдепті, сыпайы, тілектес және ақ жарқын болуы;
- селқостық пен дөрекілікке шыдамауы;
- әр қашан да көрсетілген көмекке, тіпті ол толық орындалмаса да, алғыс білдіруі;
- өзгелердің пікірлеріне мұқиятпен қарауы;
- сөз бірлігі мен іс бірлігін қамтамасыз етуге, уәделерін орындауы;
- өз қателіктерін жасырмауы/мойындауы тиіс.
20. Лауазымды тұлғалардың және қызметкерлердің құқықтарының бұзылуына әкеліп соқтыратын кез-келген жағдай Қазақстан Республикасының заңнама нормаларына және «КЕGOC» АҚ ішкі құжаттарына сәйкес қаралуы тиіс.
21. Іскерлік этика мәселелерін және/немесе іскерлік этика қағидаларын бұзу жағдайлары мәселелерін қызметкерлер басшымен тікелей талқылай алады. Егер талқылау нәтижесінде тиімді шешім табылмаса, онда осындай проблема туралы ұсыныстар алу үшін және/немесе тиісті шаралар қолдануы үшін Корпоратив хатшысын хабардар етуі тиіс.
22. Кодекс ережелеріне қатысты мәселелер бойынша және/немесе жұмыс барысында туындаған этикалық мәселелер бойынша, сондай-ақ жемқорлық әрекеттер мен басқа да құқыққа қайшы келетін әрекеттер фактілері бойынша «КЕGOC» АҚ лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері тиісті шешім қабылдауы үшін Корпоратив хатшысына өзін таныстырып немесе құпия түрде жазуына құқылы. Бұл жағдайда олардың құқықтарына шек келтірмеуі тиіс.
23. «КЕGOC» АҚ жұмыс орынында болған жағдайды шешкен кезде тексерілген деректер мен шынайы ақпараттарды басшылыққа алады.
24. «КЕGOC» АҚ қызметкерлерінің іскерлік этикасы деңгейі мен корпоративтік мәдениет жағдайы тақырыбына бақылау жасайды, зерттеулер/сұрақ-жауаптар жүргізеді.
2.2. Жеке акционер
1. Жеке акционердің болжамы әзірленуіне және іске асырылуына «КЕGOC» АҚ жауапты болатын «КЕGOC» АҚ стратегиялық дамуының өзегі болып табылады.
2. Жеке акционермен өзара қарым-қатынас жүйесі айқындық, бағыныштылық жауапкершілік принциптерінде Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына, «KEGOC» АҚ Жарғысына және ішкі құжаттарына, сондай-ақ Корпоративтік басқару кодексінің ережелеріне сәйкес негізделген. «КЕGOC» АҚ Жеке акционермен өз қарым-қатынасқа қатысты нақты айқын рәсімдерін белгілейді.
3. «KEGOC» АҚ мен Жеке акционер арасында ақпарат алмасу тәртібі заңнамамен, «KEGOC» АҚ Жарғысымен және ішкі құжаттарымен реттеледі.
2.3. Мемлекеттік органдар
1.«КЕGOC» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына, «KEGOC» АҚ Жарғысына және ішкі құжаттарына, сондай-ақ Корпоративтік басқару кодексінің ережелеріне сәйкес тараптардың тәуелсіздігі негізінде мемлекеттік органдармен қарым-қатынасты жүзеге асырады. «КЕGOC» АҚ мемлекеттік органдардың шешіміне ықпал жасау әрекеттеріне жол бермейді.
2. «КЕGOC» АҚ мемлекет тарапынан да, сондай-ақ «KEGOC» АҚ лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері тарапынан да жемқорлық әрекеттерді және құқыққа қайшы келетін әрекеттерді болдырмауға бар күшін салады.
2.4. Мекемелер
«КЕGOC» АҚ заңнама талаптарына, «KEGOC» АҚ Жарғысына және ішкі құжаттарына, мемеме жарғыларына, сондай-ақ корпоративтік басқару кодексінің ережелеріне сәйкес Мекемелермен өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады.
2.5. Іскер әріптестер
1. «КЕGOC» АҚ шарт талаптарына сәйкес өзіне қабылданған міндеттемелерді өзара тиімділік, айқындық және толық жауапкершілік қағидаттарын ұстана отырып, іскер әріптестермен қарым-қатынас жасайды.
2. «КЕGOC» АҚ іскери әріптестермен жасасқан келісім шарт/шарт талаптарын орындайды және оларға қатысты өзінің міндеттерін орындайды.
3. «КЕGOC» АҚ тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізудің анағұрлым төмен бағасын, ең жақсы сапасын, шарттарын ұсынатын және беделі жақсы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таңдайды.
4. «КЕGOC» АҚ өз қызметінде іскер әріптестеріне незізсіз жеңілдіктер мен ерекшеліктер беруге жол бермейді.
2.6. Жұртшылық
1. «КЕGOC» АҚ қоғам алдындағы өзінің әлеуметтік жауапкершілігін мойындайды.
2. «КЕGOC» АҚ әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге оң ықпал жасауға талпынады.
3. «КЕGOC» АҚ қоғамға қызмет етуге талпынады, оқу және білім деңгейін арттыруға бағытталған бағдарламаларды және басқа да әлеуметтік бағдарламаларды қолдайды.
4. «КЕGOC» АҚ өзін сыйлау, сенім арту, адалдық және шынайылық принциптеріне негізделген мықты қарым-қатынастар жасауға талпынатын және өзі жұмыс істейтін қоғамдық ортаның ажырамас бөлігі деп қарастырады.
5. «КЕGOC» АҚ бекітілген жоспарларға сәйкес жаңа жұмыс орындарын құруға және қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға талпынады.
6. «КЕGOC» АҚ қоғамдық қарым-қатынастарды жетілдіру, қоршаған ортаны жақсарту және өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында (көпшілікпен, үкіметтік емес және басқа) мекемелермен сындарлы қарым-қатынас орнатуға талпынады.
7. «КЕGOC» АҚ беделі күмәнді заңды және жеке тұлғалармен ұарым-қатынас жасаудан бас тартуға өзіне міндеттеме қабылдайды.
8. «КЕGOC» АҚ экологияны және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бастамаларды қолдайды.
3-тарау. Жауапкершілік
1. Әр қызметкер өз тәртібі аясында этикалық норманың сақталуына жауапты.
2. Осы Кодекстің нормаларын сақтау «KEGOC» АҚ барлық лауазымдық тұлғалары мен жұмыскерлері үшін міндетті болып табылады.
3. Осы Кодекстің нормаларын бұзу белігенген тәртіпте тәртіптік жауапкершілікке әкеледі.
4-тарау. Қорытынды
1. Мүдделі тұлғалардың Корпоратив хатшысы арқылы Директорлар кеңесіне Басқарманың заңсыз және этикадан тыс әрекеттері туралы хабарлауға құқылы және осындай хабар болған жағдайда олардың құқықтары шектелмеуі тиіс.
2. Директорлар кеңесі мерзімді түрде осы Кодекстің ережелерін қайта қарайды және жетілдіреді, іс жүзінде олар қай шамада іске асып жатқанын талдайды, қажет жағдайда оған өзгерістер мен/немесе толықтырулар енгізеді.
стр. из Стр. из
Достарыңызбен бөлісу: |