Кодталған ондық алмасу коды ebcdic



бет1/3
Дата24.05.2022
өлшемі42.96 Kb.
#458588
  1   2   3
20жауап инф теор негіз

    Бұл бет үшін навигация:
  • EBCDIC

  1. EBCDIC, ASCII, ДКОИ кодтары

Кеңейтілген екілік кодталған ондық алмасу коды ( EBCDIC ) – сандық және әріптік-сандық таңбаларға арналған 8-биттік екілік код . Оны IBM әзірлеген және пайдаланған. Бұл символдар, әріптер және сандар екілік тілде ұсынылған кодтау көрінісі.
ASCII мен EBCDIC арасындағы негізгі айырмашылық мынада: ASCII таңбаны көрсету үшін жеті битті пайдаланады, ал EBCDIC таңбаны көрсету үшін сегіз битті пайдаланады. Компьютерге сандарды өңдеу оңайырақ. Екінші жағынан, EBCDIC негізінен IBM негізіндегі жүйелер үшін қолданылады. Ол 256 таңбаны білдіреді.
ASCII (American Standard Code for Information Interchange) компьютерлер мен Интернеттегі мәтіндік файлдардың ең кең тараған пішімі болып табылады. ASCII файлында әрбір алфавиттік, сандық немесе арнайы таңба 7 биттік екілік санмен (жеті 0 немесе 1 жол) көрсетіледі. 128 мүмкін таңба анықталған.



  1. Компьютерлік моделдеу.

Модельдеу – обьектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін (макетін) құру.
Компьютерлік модельдеу түсінігі компьютерлік модельдеудің мүмкіндіктерін кеңейтіп, қолдану тәсілдерін жеңілдететін ішкі бағдарламалар мен сандық математика тәсілдерін формаларымен толықтырылған функциялардың кітапханалары бар. Компьютерлік модельдеу түсінігі ХХ ғасырдың 50-ші жылдары биологиядағы күрделі жүйелерді автоматтандырылған экономикалық-ұйымдастырылған басқару жүйесін құруда жүйелік талдаумен жиі қолданған.
Компьютерлік модельдеу – қазіргі заманғы ғылыми танымның басқарушы принципі. Сондықтан, ғылыми-практикалық зерттеулерде компьютерлік модельдеу танымның негізгі құралдарының бірі болып табылады.
Модельдің принциптері
Эволюция күрделіні қарапайымдандыру мүмкіндігі
Редукционизм төменгі формалар күйін таңдау арқылы жоғары формалар күйін болжау
Радционалдық әлемнің нақты обьектілерін логиканың, математиканың көмегімен таңдау
Компьютерлік модельдеудің тарихы
Компьютерлік модель

  1. Санау жүйелері

Сандарды цифр деп аталатын арнайын символдардың көмегімен бейнелеу қабылданған.Сандарды атау және жазу ережелері мен әдестерінің жинағын - санау жүйесі деп атайды.Санау жүйелері екі топқа бөлінеді: позициялық және позициялық емес. Позициялық емес санау жүйесінде әрбір цифрдың мәні оның алатын орнына байланысты емес. Мұндай санау жүйесінің мысалы ретінде римдік жүйені алуға болады. Осы жүйеде жазылған XXX санында X цифры кез келген позицияда 10-ды (онды) білдіреді.
Позициялық емес санау жүйесінде арифметикалық әрекеттерді орындау біраз қиын болғандықтан, бүкіл дүние жүзі біртіндеп позициялық санау жүйесіне ауысты.
Позициялық санау жүйесінде цифрдың мәні оның орнына (позициясына) байланысты болды. Позициялық санау жүйесінің негізі деп жүйедегі пайдаланылатын цифрлар санын айтады.



  1. Ақпаратты философиялық категория ретінде қарастыру.

Ақпарат алу дегенiмiз - бiздi қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы мен олардың бiр-бiрiне қатысуы жөнiнде нақты мағлұматтар мен мәлiметтер алу деген сөз. Философиялық түсiнiк бойынша ақпарат дегенiмiз нақты әлемдi (өмiрдi, қоршаған ортаны) мәлiметтер және хабарламалардың көмегiмен көрсету. Бұл хабарламалар тiл, бейнелеу, цифрлық мәлiметтер, кестелер және т.б. түрiнде болады. Жалпы мағынада ақпарат алмастыру - бұл адамдар арасында мәлiметтер алмастыру, тiрi және өлi табиғат, адамдар мен құрылымдар арасындағы берiлетiн белгiлер алмастыру. Ақпарат философиялық көзқарас бойынша шынайы өмірдің мәлімет арқылы немесе хабарлама арқылы көрінетін бейнесі, ал хабарламаның өзі – мәтін, сурет, сандар, графиктер, кестелер түрінде берілетін ақпарат. Ақпарат сөзі кең мағынада – бұл қазіргі заманғы ғылымның негізгі түсінігі, сонымен қатар материя, энергия, уақыт, кеңістік және адамның басқа адамдармен араласуы, тірі мен өлі табиғыттың дабыл-белгілерінің алмасуы, адам мен аппараттардың өзара алмасуымен сипатталады. Ақпарат – бұл қоршаған ортаның көріністері мен объектілер жөнінде мәліметтер мен білімдер жиынтығы.



  1. Есептеу техникасының даму тарихы.

Есептеуіш техниканың даму тарихы Ең алғашқы пайда болған есептеу құралы есепшот болып табылады. Кейбір деректерге сүйенсек,есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен Батыс-Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атаған. Бұл құралмен есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы жүргізілген. Тастар піл сүйегінен, түрлі түсті шынылардан, қоладан жасалды. Осындай есепшоттар қайта өркендеу дәуіріне дейін пайдаланылып келді. Оның жетілдірілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді. XVII ғасырдың басында шотландиялық математик Джон Непер логарифм түсінігін енгізді және логарифм кестесін жариялады. Ал 1761 жылы ағылшын Д.Робертсон жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышын жасады. Мұндай құрал жасау идеясын 1660 жылдары Исаак Ньютон ұсынған болатын. Соңғы кезге дейін логарифм сызғыштары инженерлердің бірден-бір есептеуіш құралы болып келді, бірақ өткен ғасырдың екінші жартысында пайда болған электронды калькуляторлар оларды қолданудан ығыстырды. 1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. Паскальдың машинасында көпорынды сандарды қосу мүмкін болды. 1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын – арифмометрді құрастырды. Есептеуіш техникалардың қарқындап дамуы XIX ғасырдан басталды. Есептеуіш техниканың дамуындағы келесі қадам алдын ала жасалған программа бойынша адамның қатысуынсыз есептеулерді орындайтын құрылғылар жасау болды. ХХ ғасырда электронды-есептеуіш машиналардың (ЭЕМ) пайда болуына байланысты есептеуіш техника бұрын болмаған жылдамдықпен қарыштап дамып, айналдырған 50 жылдың ішінде күрделі өзгерістерге ұшырады. Сондықтан электронды-есептеуіш машиналардың даму кезеңін белгілі бір кезеңдерге бөлу қалыптасқан. І кезең (1945-1955 жылдар) ХХ ғасырдың бірінші жартысы радиотехниканың қарыштап дамыған кезеңі болатын. Сол кездегі радиоқабылдағыштар электронды-вакуумды шамдармен жұмыс істейтін. Алғашқы электрондық-есептеуіш машиналарды құрастыру үшін осындай электронды-вакуумды шамдар қолданылды. Электронды шамдармен жұмыс істейтін алғашқы электронды есептеуіш машина 1946 жылы Америка Құрама Штаттарында құрастырылды.



  1. Информатиканың ғылым ретінде пайда болуы.

Информатика ғылым ретінде пайда болуы және қалыптасуы өткен ғасырдың екінші жартысынан басталады.Информатиканың зерттейтін аймағы – ақпараттың құрылымы мен ортақ қасиеттері, сонымен қатар адам тіршілігінің түрлі саласында ақпаратты іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және пайдалану үрдістерімен байланысты мәселелерді қамтиды. Ақпараттың ауқымды көлемі мен ағымын өңдеу автоматтандырусыз және коммуникация жүйесінсіз жүзеге асыру мүмкін емес, сондықтан электронды есептеуіш машиналар мен заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологиялар информатиканың іргелі ядросы және материалдық базасы да болып табылады.ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының соңы мен 70-шы жылдарының басында француз ғалымдары, француздың informatione (ақпарат) және avtomatique (автоматика) сөздерінің туындысы болып табылады – informatique (информатика) терминін енгізді.



  1. Информатиканың ғылымдар жүйесіндегі орны

Информатика – адам өмірінің әртүрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, оны іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану мәселелерін зерттейтін жас ғылыми пән. Информатика компьютер, компьютерлік жүйе және желілермен генетикалық байланысты және олардың өте үлкен көлемдегі ақпараттарды туғызуы, сақтауы және автоматтандыруы ақпараттық үрдістерге ғылыми қөзқарасқа мүмкіндік пен қажеттілікті туғызады. Ғылым тұрғысынан информатиканың пәні – ақпараттық үрдістерге (бұл ұғымның кең мағынасында) тән жалпы заңдылықтарды зерттеу. Информатиканың кегізгі зерттеу объектісі қазіргі заман қоғамындағы адам іс-әрекетінің барлық салаларын қамтып келе жатқан ақпараттандыру және компьютерлендіру үрдісі болып табылады. Дәлдеп айтсақ, бұл – ақпаратты жинау, өндеу, беру және қолданудың арнайы технологиясына сүйенген автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (АЖ) арқылы жүзеге асырылатын ақпараттық технологиялар (АТ). Ақпараттық технологиялар – ақпараттық ресурстарды (АР) қолдану үрдістерінің ауырлығын төмендету, АР сенімділігі мен оперативтігін арттыру мақсатымен ақпаратты жинау, өңдеу, тарату және бейнелеуді қамтамасыз ететін, технологиялық тізбекке біріктірілген әдістер, өндірістік үрдістер мен программа-техникалық құралдардың жиынтығы.



  1. Информатика құрылымы

Информатика кең мағынада адам қызметінің барлық салаларында телекоммуникациялық құралдар мен компьютерлер арқылы ақпаратты қайта өңдеумен байланысты әртүрлі ғылым, техника және өндіріс салаларының бірігуін ұсынады.
Информатика тар мағынада үш өзара байланысқан бөліктерден тұрады — техникалық құрал (hardware), программалық құрал (software), алго­ритмдік құрал (brainware). Өз кезегінде, информатиканың әрбір бөлігін әртүрлі позициядан қарастырады: халық шаруашылық саласы ретінде, іргелі ғылым және қолданбалы пән ретінде.
Информатикада іргелі зерттеулердің мақсаты — кез келген ақпараттық жүйелер туралы жинақталған білімді алу, оларды құру мен қызмет жасаудың жалпы заңдылықтарын анықтау.
Информатиканың негізгі функциясы ақпаратты түрлендіру әдістері мен құралдарын өңдеу және оларды ақпаратты қайта өндеудің технологиялық процесінің ұйымдастыруында қолдану.



  1. Ондық санау жүйесінен он алтылық санау жүйесіне және керісінше көшу. Ондық санау жүйесiндегi санды екiлiк санау жүйесiне ауыстыру үшiн санды 16-ға бөлу керек. Алынған бөлiндi екiден кiшi болғанша бөлiнедi де, қалған қалдықты керi бағытта жазады. 




  1. Информатиканың пайда болуы және дамуы.



Информатика термині 60 жылдары Францияда электрондық есептеу машинасы көмегімен ақпаратты автоматты түрде өңдеумен айналысатын саланы атау негізінде пайда болды. Іnformatіgue (информатика) француз термині іnformatіon (ақпарат) және automatіgue (автоматика) екі сөздің бірігуінен пайда болған және «ақпараттық автоматика немесе ақпаратты автоматты өңдеу» дегенді білдіреді. Ағылшын тілді елдерде оның синонимі computer scіence (компьютерлік техника туралы ғылым) сәйкес келеді. Информатика ақпаратты сақтау мен түрлендіруге бағдарланған арнайы құрылымдар — компьютерлер шыққанда және оларды адамның өндірістік және қоғамдық өмірінде кеңінен колдана бастаған кезде, яғни өткен ғасырдың ортасында дами бастады.

  1. Информатиканың әлеуметтік аспектілері.

―Әлеуметтік аспектілер‖ терминін кӛптеген ғылымдарға, соның ішінде 


фундаменталды ғылымдарға қолдану ҥйлесімсіз екені белгілі. Айталық, 
―Математиканың әлеуметтік аспектілері‖ деген сӛйлемнің еш мағынасы жоқ. 
Алайда информатика – тек қана ғылым емес, жоғарыда айтылғандай, 
―...ӛндірістік, коммерциялық, әкімшілік және әлеуметтік негізде бірлесе әрекет 
ету кешені‖.
Қоғамды ақпараттандыру – ақпараттық технологияларды қоғамның барлық 
ӛмірі мен іс-әрекет ету салаларына ендіру процесі. Көптеген әлеуметтанушылар 
мен саясаттанушылар әлемнің ақпараттық қоғам сатысында тұрғанын айтуда. 
В.А.Извозчиков мынадай 
анықтама береді: ―Ақпараттанған қоғам ретінде біз сол қоғам мҥшелерінің барлық өмірі
мен іс-әрекетіне компьютер, телематика, кітапханалардың бағалы қорына қол 
жеткізе алатын, есептеулерді орасан шапшаңдықпен жҥргізетін, кез келген 
ақпаратты ӛңдей алатын, нақты және болжам оқиғаларды, процестер мен 
қҧбылыстарды моделдей алатын, ӛндірісті басқара алатын, оқытуды 
автоматтандыратын информатиканың басқа да қҧралдарын интеллектуалды ой 
еңбегінің қҧралы ретінде енгізуді тҥсінеміз‖. ―Телематика‖ - ақпаратты ара 
қашықтықтан (дәстҥрлі телефон, телеграфтан басқа) ӛңдеу қҧралдары. 
Соңғы жарты ғасырда ақпараттандыру – адамдардың тікелей материалдық 
ӛндірістен ақпараттық салаға қарай бет бҧруының ең басты себебі болып отыр. 
ХХ ғасырдың ортасында дамыған елдердегі ӛндірістік жҧмысшылар мен 
шаруалар бҥкіл халықтың 2/3-ден астам бӛлігін қҧраса, қазіргі кезде бҧл 
кӛрсеткіш 1/3-ден кем. Уақыт ӛткен сайын ―ақ жағалылар‖ деген атқа ие 
болған, яғни тікелей материалдық қҧндылықтар жасамайтын, керісінше 
ақпаратты ӛңдеумен айналысатын адамдар саны кӛбеюде: оларға мҧғалімдер, 
банк қызметкерлері, программистер және т.б. қызметкерлер тобы жатады.
Ақпараттандыру өндіріс пен ауыл шаруашылығының дәстүрлі салаларының келбетін де өзгертті. Өндірістік роботтар, станоктар жай құралға айналды. Ауыл шаруашылығы ӛндірісіндегі жаңа технологиялар тек еңбек 
ӛнімділігін арттырып қана қоймай, ондағы еңбекті жеңілдетеді, білімді 
адамдарды шоғырландырады. 
Осылайша, компьютерлендіру мен ақпараттық технологиялар әлемге тек 
қана жақсылық алып келетіндей кӛрінгенмен, мҧның ―кӛлеңке‖ тҧстары да бар. 
Бҧл бір жағынан, кӛптеген адамдардың материалдық және интеллектуалдық 
деңгейін, білімді адамдар санын кӛбейтсе, екінші жағынан, жоғары әлеуметтік 
тартыс тудырады. Айталық, ӛндірісте ӛнеркәсіптік роботтардың пайда болуы 
кӛптеген адамдарды жҧмыссыз қалдыруы мҥмкін. Соған байланысты мамандық 
номенклатурасы да ӛзгереді. Кӛптеген адамдар не мамандығын, не жҧмысын 
ауыстыруына тура келеді. 
Информатиканың жедел дамуы демократиялық қоғам ҥшін қауіпті келесі 
процестің пайда болуына әкелді, яғни әрбір азамат жайлы барлық мәліметтер әр 
тҥрлі деректер банкісінде (мемлекеттік және мемлекеттік емес) жинақталуы. 
Бҧл деректерде адамның жҧмысы, денсаулығы, мҥлкі т.б. туралы қҧнды 
деректер жинақталатындықтан және ол басқа тҧлғаларға (мемлекет немесе 
қылмыскер) белгілі болуы мҥмкін жағдайда бҧл қҧбылыс ӛте қауіпті.



  1. Алгоритм ұғымы.

Алгоритм атауы атақты шығыс математигі абу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми (763-850 ж) есімінің латынша Algorіthmі (Алгорит-ми) болып жазылуынан шыққанОл санаудың ондық жүйесінде көпорынды сандармен ариф-метикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынғанБұл ережелер қосынды мен көбейтін-діні табуға арналған амалдарды орындауға қа-жетті тізбектен құрылғанСол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.
Алгоритм – берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру. Алгоритмді орындаушының рөлін негізінен адам немесе компьютер, робот т. б. атқарады.
Техникалық құрылғыларды дұрыс пайдалану үшін есептің шешу жолы, яғни орындалатын әрекеттердің тізбегі әрі түсінікті, әрі дәл болуы қажет. Берілген мәселенің шешу жолдарының түсініктілігін оның алгоритмінің түсініктілігі деп қарастырады. Алгоритмде алдыңғы әрекеттің нәтижесі келесі әрекетте пайдаланылады. Алға қойған мақсатқа жету немесе берілген есепті шешу бағытында атқарушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау қажеттігін әрі түсінікті, әрі дәл етіп көрсететін нұсқаулар тобын агоритм деп атайды.
Алгоритм - алғашқы берілген мәліметтерді пайдаланып нақты нәтижеге қол жеткізетін шекті командалар тізбегін орындауда атқарушыға түсінікті және нақты нұсқаулар.
Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.
Программа – алгоритмді машинаға түсінікті нұсқаулар тізімі ретінде жазу. Программа машинаға түсінікті командалардан тұрады. Осы командалар тізбегі орындалу барысында есептің нәтижесі шығады. Әрбір компьютер алдын ала жазылған программамен істейді. Программа дегеніміз – белгілі бір нәтиже алу үшін орындалатын командалдардың айқындалған тізбегі. Процессор программаның құрамындағы командаларды кезекпен орындап отырады. Командалар тізбегін программа деп қарастыруға болады. Команда бір ғана қарапайым амалды орындау үшін берілген бұйрық ретінде беріледі. Командалар: арифметикалық немесе логикалық амал; ақпаратты тасымалдау командасы; беріл-ген сандарды салыстыру командасы; нәтижені экранға, қағазға басып шығару командасы; келесі командаларға көшу тәртібін орындау т.с.с. Компьютердің жұмысы программалық принципке негізделген, яғни ол өзінің жадында сақтала-тын командалар тізбегін автоматты түрде орындау арқылы есеп шығарады. Компьютер берілген тапсырманы орындауға дайын тұрған техникалық аспап болғандықтан, әрбір тапсырманы түсінікті түрде қысқаша жаза білу қажет. Тапсырма жоғарыда айтылған жекеленген командалардан тұрады. Машинаға түсінікті түрде жазылған тапсырмаларды немесе командалар жиынын да программа деп атауға болады. Программа – арнайы мәтін арқылы компьютерге тапсырманың ретті кезегін хабарлайтын ережелер мен нұсқаулар тізбегі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет