Бөлім:
|
5.3 Әлемдік экономиканың салалық және аумақтық құрылымы
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Сатыбалдиева А.С.
|
Күні:
|
4.04.23
|
Сыныбы: 8 «а»
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Әлемдік шаруашылық салалары: өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
8.5.3.1 – шаруашылық салаларын жіктейді: өндіру және қайта өңдеу салалары, қызмет көрсету саласы;
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар үшін:
Білім алушылар Әлемдік шаруашылық салаларының жіктелуімен танысады
Көпшілік оқушылар үшін:
Білім алушылар шаруашылық салаларының өзіндік ерекшеліктерін таңдауды меңгереді
Кейбір оқушылар үшін:
Білім алушылар өндіруші және өңдеуші, қызмет саласы шаруашылық түрлерін жіктей алады
|
Құндылықтарға баулу:
|
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
|