Көкпекті ауданы бойынша 2012 жылғы « Жергілікті бюджеттің орындалуы туралы» есебіне түсіндірме жазба
1 Бюджеттің орындалуы
|
Бекітілген бюджет
|
Анықталған бюджет
|
Есептік кезеңге жиынтық жоспары
|
Кассалық орындалуы
|
Есептік кезеңге жиынтық жоспарына кассалық орындалуының пайызы
|
1.КІРІС
|
3507665,0
|
3728477,3
|
3728477,3
|
3733129,0
|
100,1
|
Салықтық түсімдер
|
466882,0
|
564959,0
|
564959,0
|
567833,7
|
100,5
|
Салықтық емес түсімдер
|
2595,0
|
6754,0
|
6754,0
|
9201,9
|
136,2
|
Негізгі капиталдан түсетін түсімдер
|
10523,0
|
4293,0
|
4293,0
|
3623,0
|
84,4
|
Ресми трансферттердің түсімдері
|
3027665,0
|
3152471,3
|
3152471,3
|
3152471,3
|
100,0
|
2.ШЫҒЫСТАР
|
3500865,0
|
3736732,1
|
3736732,1
|
3734763,3
|
99,9
|
III.Таза бюджеттік несиелендіру
|
23237,0
|
23237,0
|
23237,0
|
23299,2
|
|
IY.Қаржы активтері операциясының сальдосы
|
6800,0
|
5276,8
|
5276,8
|
5010,6
|
94,9
|
Y.Бюджет дефициті (профициті)
|
-23237,0
|
-36768,6
|
-36768,6
|
-29943,2
|
|
YII.Дефицитті қаржыландыру ( профицитті қолдану)
|
23237,0
|
36768,6
|
36768,6
|
29943,2
|
|
Қарыз түсімі
|
26697,0
|
26697,0
|
26697,0
|
26697,0
|
100,0
|
Қарыздарды жабу
|
3460,0
|
3460,0
|
3460,0
|
3460,0
|
100,0
|
Бюджет қаражатының қалдығын қолдану
|
0
|
13531,6
|
13531,6
|
6706,2
|
|
Жыл басына бюджет қаражатының қалдығы
|
0
|
0
|
0
|
13531,6
|
|
Есептік кезеңнің соңына бюджет қаражатының қалдығы
|
0
|
0
|
0
|
6825,4
|
|
2012 жылдың басына бюджет қаражатының бос қалдығы 13531,6 мың теңгені құрайды. Бюджетті анықтау 6 рет өткізілді.
1. Бюджеттің табыс бөлігінің орындалуы.
2012 жылы аудан бюджетіне 3758634,3 мың теңге сомасындағы болжаммен 3764814,1 мың теңге кіріс түсті. Облыс бюджетінен түскен субвенция және нысаналы трансферт 3179168,3 мың теңге сомасын құрайды.
Ағымдағы жылы аудан бюджетінің меншік кірісі бойынша 576006,0 мың теңге сомасындағы болжаммен мемлекеттік бюджетке 580658,6 мың теңге түсті немесе 100,8 пайызға орындалды. Жоспардан асыра 4652,6 мың теңге түсті.Өсу қарқыны 137,2 пайызды құрайды. 2011 жылы жергілікті бюджет кірісіне 423181,6 мың теңге түсті.
2013 жылдың 1 қаңтарына салық бойынша қарыз жоқ.
3. Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы.
2012 жылы республикалық бюджеттен түскен нысаналы трансферт және субвенцияна қоса алғанда 3771520,3 мың теңгені құрады немесе 99,7 пайызға орындалды. Жергілікті бюджет 99,9 пайызға орындалды.
Ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға 3548058,7 мың теңге бағытталды ( жоспардан 100 пайыз), даму бағдарламалары бойынша орындалу 223831,2 мың теңгені немесе 99,3 пайызды құрады.
Бюджеттен қаржыландырылатын шығыстардың 16 функционалдық топтың бағыттарының 14 тікелей нәтижеге орындалып, 100 пайызды құрады.
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер бойынша 2012 жылы 314419,1 мың теңге бағытталды немесе игеру 100 пайызды құрады.
Өткен жылы «Қорғаныс» 10228,5 мың теңге бөлініп, орындалу 100 пайызды құрады. Әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шараларға, медициналық дәрі-дәрмектерді және басқа қажеттіліктерді алуға аудан бойынша 5311,0 мың теңге сомасы бағытталды.
аудан көлемінде төтенше жағдайды жағдайды ескерту және алдын алуға 3801,7 мың теңге;
мемлекеттік өртке қарсы органдар құрылмаған елді мекендердегі өрттін алдын алуға 1115,8 мың теңге бағытталды.
2012 жылы Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 1792,0 мың теңге шығындалды. Соның ішінде жасанды полицей Көкпекті мен Самар ауылдарында, 8 – жол белгісі, 4 – жол белгісінің бағанасы, Көкпекті ауылының 4,6 км ұзындығын құрайтын көшесіне белгілеу орнатылды.
Білім беру бойынша 2100789,0 мың теңге жоспармен шығыстар 2100708,8 мың теңге сомасын немесе 100 пайызды құрады. Соның ішінде республикалық бюджет бойынша – 143819,0 мың теңге, жергілікті бюджет бойынша – 1956889,8 мың теңге.
2012 жылдың бюджетінде білім беру бойынша алға қойылған мақсатты орындау үшін республикалық бюджеттен 143819,0 мың теңге сомасында трансферттер шығындалды, оның ішінде 9861,0 мың теңге сомасында ата-аналарының қомқорысыз қалған 49 балаларға әлеуметтік қамтамасыз ету, 12282,0 мың теңге сомасында 3 мектептің биология кабинеттерін оқу құралдарымен қамтамасыз етуге, 44698,0 мың теңге сомасы мектепке дейінгі ұйымдарда « Балапан» бағдарламасы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырын жүзеге асыруға және мектеп шағын орталықтарына 40981,0 мың теңге, үйде оқитын мүгедек 12 баланы құралмен, бағдарламамен қамтамасыз ету бойынша 11619,0 мың теңге жоспарланды.Облыс бюджетінен Көкжайық орта мектебінің күрделі жөндеуіне 63457,0 мың теңге бөлінді.
Жалпы білім беру шығыстары 1665109,3,0 мың теңге яғни жалпы білім беру бөлімі бюджетінің 79,3 пайызын құрап, 165098,8 мың теңге игерілді немесе 100 пайызға орындалды.
Жергілікті бюджет есебінен 190940,7 мың теңге сомасында ауданның жалпы білім беру мектептерінің және білім беру нысандарының күрделі жөндеу жұмыстарына, мемлекеттік білім беру мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайтуға бағытталды. Игерілген сома 190905,7 мың теңге немесе 99,9 пайызды құрайды, үнемдеу есебінен қалдық 35,0 мың теңгені құрайды.
Білім беру мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайту үшін жергілікті бюджет есебінен 1786,0 мың теңге сомасына асхана құралдары алынды, 1143,0 мың теңге сомасына спорт жабдықтары, медицина кабинетіне 372,0 мың теңгеге, акт залдарына 1435,0 мың теңгеге құралдар алынды, күрделі жөндеулерден Көкжайық орта мектебі 104294,0 мың теңгеге, Октябрь орта мектебі 11155,6 мың теңгеге, Самар орта мектебі 836,3 мың теңгеге өткізілді.
Оқулықтарды, оқу-методикалық құралдарын алуға және жеткізуге бөлінген қаражат (13200,0 мың теңге)толығымен игерілді.
«Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 73749,0 мың теңге жоспармен орындалу 73749,0 мың теңгені немесе 100 пайызды құрады. Қаражат Көкпекті ауылындағы «Шуақты шұғыла», «Балерке» және Самар ауылындағы «Дәншік» мектепке дейінгі мекемелерді қамтамасыз етуге бағытталған.Нысаналы трансферт есебінен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде мемлекеттік жалпы білім беру тапсырысын жүзеге асыру үшін – 2091 балаға мемлекеттік тапсырыс берілді, оның ішінде – шағын орталықтарда – 1406 бала, балабақшаларда- 685 бала. Игеру 100 пайызды құрады.
Денсаулық сақтау шығыстары 32,0 мың теңгені құрады. Елді мекендерде емханаларға 6 ауыр науқас жеткізілді.
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша 273226,2 мың теңге бағытталды және игеру 100 пайызды құрады.
Қоғамдық ақылы жұмыстарға – 27425,0 мың теңге сомасына 401 адам орналастырылды, кәсіптік даярлау және қайта даярлауға 1265,0 мың теңге сомасына 25 адам, жастар практикасына – 11 адам жіберілді, 2085,0 мың теңге сомасына әлеуметтік жұмыс орнына 16 адам орналастырылды, «2020 жұмыспен қамту» бағдарламасының қатысушыларына мемлекеттік қолдау көрсету шаралары бойынша 10556,0 мың теңге сомасына 50 жұмыс орны құрылды.
1204 алушыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.
Тұрғын үйге 7000,0 мың теңге бағытталып, 100 пайызды құрады. Тұрғын үй көмегі 379 алушыларға көрсетілді.
Жергілікті атқарушы органның шешіміне сәйкес жеке азаматтар категорияларын әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету бойынша облыстық және жергілікті қаражат есебінен 60724,0 мың теңге сомасында 425 адам.
Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалды көмек көрсету 3000,0 мың теңге сомасына 30 бала.
18 жасқа дейінгі 1621 балаларға 25961,0 мың теңге сомасында жәрдемақы берілді. 3199,1 мың теңге сомасына 48 мүгедектерге гигиеналық құралдар алынды.
Әлеуметтік жұмыс орны және жастар практикасы бағдарламасын кеңейтуге 3313,1 мың теңгеге 11 адам бағытталды.
Тұрғын үй коммуналды шаруалығы бойынша 431023,3 мың теңге шығындалды немесе 100 пайыз.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарында 11 тұрғын үйді тіркеу үшін – 8,0 мың теңге бағытталды. Самар ауылында ҰОС қатысушысы және гинеколог дәрігеріне үй алынды, Преображенка және Казнаковка ауылдарында аз қамсыздандырылған отбасыларына, Көкпекті аулында ҰОС қатысушысына 1 үй және зейнеткерге 1 үй. Игерілген сома 9559,0 мың теңге, иегілмеген сома 150,0 мың теңгенң құрады. Игерілмеу себебі сатушының тұрғын үйге техникалық куәлігі болған жоқ.
2020 жұмыспен қамту бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен нысандарды жөндеуге және абаттандыруға 58967,0 мың теңге жоспармен, 58966,9 мың теңге игерілді.
2020 жұмыспен қамту бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға Көкжайық ауылындағы екіпәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына 119658,0 мың теңге бағытталды.
Көкпекті аулындағы орталық қазандықтың жобалау, даму, қамтамасыз етуге және инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға облыстық бюджет есебінен 11114,0 мың теңге жоспармен, 10613,0 мың теңге сомасы игерілді, ЖСҚ сараптауының аяқталмауына байланысты қалдық 501,0 мың теңгені құрады.
2020 жұмыспен қамту бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен нысандарды жөндеуге және абаттандыруға 18200,0 бағытталды.Кассалық орындау – 17102,001 мың теңге, қалдық – 1097,999 мың теңге; жұмыстардың аяқталмауына байланысты қабылдау актісі жоқ 5 пайыз- 391,6 мың теңге, авторлық қадағалау- 11,3 мың теңге, техникалық қажағалау – 44,4 мың теңге – уақытында тіркелмеген міндеттеме, баға ұсынысы бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысушының жоқ болуына байланысты – 650,7 мың теңге.
Сумен қамту жүйесінің жұмысына 42964,0 мың теңге жоспармен, 42963,9 мың теңге игерілді. Көкпекті және Самар ауылындағы суқұбыры-канализация жүйесінің ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Көкпекті ауылындағы канализация жүйесінің және тазарту құрылғыларының коммуналдық шаруашылық дамуына 47323,3 мың теңге немесе 100 пайыз.
Селолық округ әкімі аппараттарының абаттандыруға 75609,0 мың теңге. Барлық селолық округтер бойынша көшелерді жарықтандыруға 16307,0 мың теңге; санитарлық нормаларға сәйкес қатты қалдық полигоның тазарту, қаңғыбас иттерді ату – 7906,3 мың теңге; Самар және Көкпекті ауылы туыстары жоқтарды көму жұмыстарына 875,0 мың теңге; елді мекендерді абаттандыру 50520,7 мың теңге.
Көкжайық ауылындағы сыртқы жарықтандыру құрылғылары17082,0 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен 10192,0 мың теңге, жергілікті бюджет есебінен 5090,0 мың теңге.
Елді мекендерді аббаттандыруға 10144,0 мың теңге бағытталды, игеру 100 пайызды құрады.
Самар ауылындағы Букетов көшесі бойынша абаттандыру жұмыстарына кредиторлық берешек 7644,0 мың теңге сомасында төленді. Облыстық мәслихат шешіміне сәйкес Риддер қаласында 2500,0 мың теңге сомасына свкер салында.
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік бойынша 306524,8 мың теңге бағытталды немесе 100 пайызға игерілді. « Тынығу орталығы» ҚМКК қайта қаржыландыруға 134867,0 мың теңге бағытталды.
Көкжайық ауылының мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауға облыстық бюджет қаражаты есебінен 38743,0 мың теңге бағытталды, жергілікті бюджет есебінен 20091,0 мың теңге немесе игеру 100 пайызды құрады.
Бастаушы ауылындағы клуб ғимаратының шатырының ағымдағы жөндеу жұмыстарына – 2000,0 мың теңге, Сарыбел ауылындағы клуб ғимаратының ағымдағы жөндеу жұмыстарына – 11521,0 мың теңге, Көкжайық ауылындағы мәдениет үйінің материалды техникалық базасын жетілдіруге – 3000,0 мың теңге, Көкпекті ауылындағы әртістер үйіне 11200,0 мың теңге.
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығф, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары бойынша 111480,4 мың теңге бағытталды немесе 100 пайызға орындалды.
Елді мекендерде жас мамандарға білім беру саласы бойынша 7 адамға, денсаулық сақтау – 5 адамға, мәдениет саласы – 1 адамға тұрғын үй алуға 26697,0 мың теңге сомасында республикалық бюджеттен кредиттер берілді. 2012 жылы эпизоотикаға қарсы шараларды өткізуге 43649,0 мың теңге бөлінген, игеру 100 пайызды құрайды.
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі бойынша 28467,5 мың теңге бағытталды немесе 100 пайызға орындалды.
Аудан аймағының қала құрылысын дамыту нұсқасын, қала, аудан маңызды бас жоспарын жетілдіруге – 17390,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде Көкжайық ауылындағы бас жоспарды жетілдіруге – 3990,0 мың теңге, Преображенка ауылындағы даму және салу нұсқасын дайындауға – 3990,0 мың теңге, Самар ауылындағы бас жоспарын жетілдіруге – 9410,0 мың теңге, игеру 100 пайызды құрады.
2012 жылы көлік және коммуникация бойынша жергілікті маңызы бар жолдарды куәліктендіруге, қыс және жаз мезгілінде жолдарды қамтамасыз етуге 154106,8 мың теңге сомасы бағытталды.
«Басқа» функционалдық топ бойынша 32789,0 мың сомасы бағытталған, игерілген сома 32674,4 мың теңге.Мемлекеттік кәсіпорындардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және көбейтуге 6600,0 мың теңге бағытталды, Самар МКП КО-440-2маркалы ГАЗ3309 шасси қоқыс шығаратын бір көлік алынды.
Жоғары бюджетке 3372,3 мың теңге сомасында пайданылмаған нысаналы трансферт қайтарылды. Жергілікті атқарушы органның жоғары бюджет алдындағы қарызы 3460,0 мың теңге сомасында қайтарылды.
Қаржы бөлімінің бастығы Г.А.Смағұлова
Достарыңызбен бөлісу: |