Көкпекті ауданының 2011 жылға мал шаруашылығының даму мен перспективалары туралы Ақпарат



Дата23.02.2016
өлшемі55.9 Kb.
#8024
Көкпекті ауданының 2011 жылға мал шаруашылығының даму мен перспективалары туралы

Ақпарат
Көкпекті ауданының экономикалық дамуында аграрлық-өнеркәсіп кешені маңызды рөл атқарады, бұнда маңызды экономикалық күш шоғырланған. Аграрлық секторға 78,2 пайыз ауданның ішкі жалпы өнімі жатады

Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 65 пайыздын құрайды.

Көкпекті ауданының аграрлық-өнеркәсіп кешенінде 846 ауыл шаруашылығы құрылымдары және 9880 жеке қосалқы шаруашылықтар жұмыс істейді, оның ішінде: 801 - шаруа қожалықтары, 45 - жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер. Оларда 403,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері бекітілген, оның ішінде: 137,3 мың га. - егістік, 32,2 мың га - пішендік, 231,0 мың га – жайылымдық жерлер.

2010 жылда ауыл шаруашылық өнімінің жалпы сомасы 11,4 млрд. теңгені құрады. Берілген жоспар 11,4 млрд. тенге, яғни 100,0 пайызға орындалды.

Ауданның мал шаруашылығы көп салалы болып есептеледі. Сүт және ет, қылшық жүнді қой, шошқа, жылқы шаруашылықтары даму сатысында. Қазіргі уақытта ауданның шаруа қожалықтары мен серіктестіктерде негізгі малдардың және құстардың түрі тұрақты дамуда, малдың саны өсу үстінде. Аналық малдардың сапасының өсуіне байланысты мал өнімі де өсу үстінде.

2010 жылғы көрсеткіш бойынша 13,2 мың тонна ет өндірілді, 2009 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда өсім 10 3,7 пайызды құрады, сүт 46,6 мың тонна, немесе 101,9 пайызға өсті, жүн 280 тонна немесе 100,3 пайызға өсті, жұмыртқа 13,1 млн. дана немесе 100,2 пайызға өсті.

Ет пен сүт өндірісін арттыру үшін 16 бордақылау алаңдары және «Өрнек» ЖШС-де 2 тауарлық сүт фермалары жұмыс істейді.

Ауданда 5 асыл тұқымды мал шаруашылығы құрылған. Олар қазақтың ақ бас ірі қара малдарын өсіру бағытындағы: «Елімай» ШҚ (басшысы Т.Бекбердинов), «ҚалМухЖом-Ахмет» ШҚ (басшысы М.К.Қабидолданов), «Көктерек» ШҚ (басшысы Х.Д.Фахрутдинов); сүт бағытындағы симменталды ірі қара малдарды өсірумен «Өрнек» ЖШС (директоры Қойгельдин Е.Т.) айналысады; ангор жүнді ешкілерді өсіруімен айналысатын «Теректі» ШҚ (басшысы К.Б.Садыков). Соның ішінде 2010 жылы «Көктерек» ШҚ (басшысы Х.Д.Фахрутдинов); асыл тұқымды мәртебесін алды.

2010 жылдың қорытындысы бойынша асыл тұқымды ірі қара малдың саны 2734 басты құрады, оның ішінде «Елімай» ШҚ - 1548 бас, «ҚалМухЖом-Ахмет» ШҚ - 601 бас, «Өрнек» ЖШС - 403 бас, «Көктерек» ШҚ -182 бас, ал асыл тұқымды ангор ешкілердің саны «Теректі» ШҚ 1468 басты құрады.

Жалпы ірі қара малдардың санына шаққанда асыл тұқымды ірі қара мал 4,8 пайызды құрайды, ал 2009 жылы 3,5 пайызды құраған. «Өрнек» ЖШС-гі «Восток Молоко» ЖШС-ң сүт кластерінің құрамына кіреді. Күнделікті 6 тонна сүт тапсырылады. 2010 жылы 900 тонна сүт сатылған, 2009 жылдың көрсеткішімен алыстырғанда 12,5 пайызға артық.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы №62 қаулысына сәйкес, 2010 жылы Республикалық бюджеттен 69 миллион 181 мың теңге субсидия бөлінді, қаражат толығымен игерілді.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1285 қаулысына сәйкес, аналық ірі қара малды қыстан аман сақтап шығару мақсатында, шығынды жартылай жабуға ауданға 4 063 аналық ірі қара малға 56 миллион 506 мың 319 теңге бөлініп, 3 950 аналық ірі қара малға құжаттар дайындалып, 54 миллион 935 мың 194 теңге қаражат игерілді, орындалуы 97,2 пайызды құрады.

Ауданда омарта шаруашылығымен 24 жеке тұлғалар мен шаруа қожалықтары айналысады. Оның ішінде ірі омарташылар – «Фацелия» шаруа қожалығында (басшысы Шаров А.М.) 100 дана бал ара ұясы болса, «Нива» шаруа қожалығында (басшысы Порохов И.А.) 50 дана бал ара ұясы бар. Омарта шаруашылығынан алынатын өнім аудан және облыс жәрмеңкесіне үнемі шығарылады.

Ауданда ара шаруашылығын дамыту мақсатында, бал ара шаруашылығымен айналысатын қожалықтарды асылдандыру қолға алынған. Оның ішінде 2010 жылы қараша айында «Фацелия» шаруа қожалығы (басшысы Шаров А.М.) асыл тұқымды мәртебесін алды.

Ауданның әр селолық округінде малды қолдан ұрықтандыратын пункттер бар, негізгі қажетті құрал-жабдықтар алынды.

Көкпекті ауданында ветеринария саласында 2010 жылға жоспарланған ауыл шаруашылық малдарын ауруларына қарсы егу және диагностикалық тексеру жұмыстары 100 пайызға орындалды. «Эпизоотияға қарсы» 013 бюджеттік бағдарлама бойынша осы жұмыстарға 31 млн. 941 мың теңге қаржы бөлінді.

Ауданда 2010 жылы бруцеллезге 85 893 бас ірі қара мал тексерілді, соның ішінде оңды нәтиже берген 218 бас. Бруцеллез ауруынан қолайсыз болған Көкжайық селолық округінде 15 575 басы тексеріліп, 156 бас оң нәтиже берген.

Аудан бойынша бруцеллез ауруына 231 348 бас мүйізді ұсақ мал тексерілді, оның 105 348 басы бруцеллез ауруына қолайсыз болған - Көкжайық, Қарағандыкөл, Тассай, Улкенбөкен селолық округтерінде тексерілген, шыққан 2 400 бастың 2 014 басы осы қолайсыз округтерде шығып отыр.

Аудан әкімінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №791 Қаулысына сәйкес, сауықтыру жұмыстары толық аяқталуына байланысты ірі-қара малдың бруцеллезі бойынша Көкжайық селолық округінен, ал мүйізді ұсақ малдың бруцеллезі бойынша Қарағандыкөл, Тассай, Үлкенбөкен селолық окруктерінен қойылған шектеу алынды.

2009 жылы бруцеллезбен 49 адам ауырған болса, 2010 жылы бруцеллез індетімен 26 адам ауырды, ауырған адам саны 23-ке азайды.

Ветеринария саласы бойынша ауданда «Көкпекті мал дәрігері» атты мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын ашылды. Кәсіпорын құрамында директор, 5 мал дәрігері, бухгалтер, іс-жүргізуші және ДУК автокөлігінің жүргізуші болады. Кәсіпорынның негізгі атқаратын жұмысы – ветеринария саласы бойынша барлық іс-шараларды өткізу, бірдейлендіруді жүргізу, халықтың ауыл шаруашылық малдарын емдеу, қора-жайларын залалсыздандыру қызметін көрсету.

2010 жылы ауданда 20 мал сою алаңы салынды, оның 15-і аудан бюджетінің есебінен 3 млн. 950 мың теңге бөлініп, салынған болса, 3-і жеке тұлғалармен меморандум бойынша ,келісімшарт бойынша салынып, 2-і ауыл шаруашылық құрылымдарымен салынды. Бүгінге 19 мал сою алаңы іске қосылды.

Ауданда 30 мал қорымы бар, оның 29 қарапайым, 1-і типтік. 2010 жылдың аудандық бюджеттен 8 селолық округке мал қорымын салуға және қайта құруға 1 млн. 600 мың теңге қаражат бөлінді.

2011 жылы мал шаруашылығын дамытуға

қойылған талаптар.
1. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін 11 млрд. 297 млн. 900 мың теңгеге жеткізу.

2. Тірі салмақтағы етті өндіру 13,4 мың тоннаға дейін жеткізу, 2010 жылмен салыстырғанда өсуі 1,5 пайызды құрайды.

3. Сүтті өндіру 46,9 мың тоннаға дейін жеткізу, 2010 жылмен салыстырғанда өсуі 46,9 пайызды құрайды.

4. 2010 жылмен салыстырғнда жұмыртқа өндіруді 13 млн. данаға дейін жеткізу.

5. Жүнді 301 тоннаға дейін жеткізу, 2010 жылмен салыстырғанда өсуі 7,5 пайызды құрайды.

Ауыл шаруашылығы малдарының генетикалық потенциалын жақсарту және жалпы табын құрлымындағы асыл тұқымды малды үлес салмаққа жеткізу көзделіп отыр, ірі-қара малы бойынша – 4 пайызға, қой мен ешкі бойынша – 3,5 пайызға, жылқы бойынша – 2 пайызға, шошқа бойынша – 0,8 пайызға.

Бес асыл тұқымды шаруашылық құру жоспарланып отыр:

- қазақтың ақбас сиырларын өсіру бойынша «Мадина» ШҚ (басшысы С.Нұрғалиева);

- «Жабе» тұқымды жылқысын өсіру бойынша «Елдар» ШҚ (басшысы Б.Көпжасаров);

- қазақтың «Байс» тұқымды қойын өсіру бойынша «Мәмбет» ШҚ (басшысы Е.Д.Мәмбетов);

- сүт бағытындағы «Симменталь» тұқымды ірі-қара малды өсіру бойынша «Құсайын-Ұлы» (басшысы М.К. Кумаров);

- «Среднерусские» тұқымды бал ара ұясын өсіру бойынша «Құсайын-Ұлы» (басшысы М.К. Кумаров).

Малдың тұқымдылығын және мал өнімін ұлғайту, сонымен қатар малдың жұқпалы ауруларының алдын алу мақсатында, 2011 жылдың 1 наурызынан бастап 2013 жылға дейін ауданның барлық селолық округтеріндегі жеке меншікте тұрған ірі-қара малды жасанды әдіспен ұрықтандыру жоспарланған.

- сүтті тапсыру бойынша берілетін субсидияға «Құсайын-Ұлы» шаруа қожалығын енгізу көзделді, бұл шаруашылық 150 бас сауылатын «Симменталь» тұқымды сиыры бар сүт-тауар фермасын ашуды жоспарлап отыр.

2011 жылы органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолдану арқылы жемшөптік дақылдарды 14 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр.

- ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту, өндірісте өндірісі жоғары жаңа техника мен қондырғыларды және жемшөптік дақылдарының өнімділігі жоғары сорттарды қолдану жоспарланып отыр.

Ауданның азықтандыру базасын нығайту мақсатында екі комбикорм цехын салу жоспарланып отыр.

- «Мәмбет» ШҚ (басшысы Е.Д.Мәмбетов) өнімділігі тәуілігіне 40 тонн;

- «Талап» ШҚ (басшысы Ж.К. Кушукпаев) өнімділігі тәуілігіне 10 тонна.

- Көкпекті ауылында мал сою мен етті терең тоңазыту цехын ашу «Елімай» ШҚ (басшысы Т.М.Бекбердинов) жоспарлап отыр.



- Барлық селолық округтерде ветеринарлық дәріхана ашу жоспарланды.

Ауыл шаруашылығы және ветеринария

бөлімінің бастығы М.Теміржанов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет