Амангелді селолық округінің әкімі С.Қуанышбековтың “2010 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2011 жылға арналған перспективалары” туралы селолық округ тұрғындары алдындағы есептік баяндамасы



Дата21.06.2016
өлшемі28.03 Kb.
#151807
Амангелді селолық округінің әкімі С.Қуанышбековтың “2010 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық

дамуының қорытындылары және 2011 жылға арналған перспективалары” туралы селолық округ тұрғындары алдындағы

есептік баяндамасы

“Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” 2010 жылдың 29 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауына сәйкес қойылған тапсырмалардың орындалуы бойынша Амангелді селолық округі әкімінің аппараты әрқашан жұмыстар жүргізуде.

Бұл құжат қазақстандық қоғамның өмірін келешекте экономиканың өрлеуіне барлық жағ-дайлардағы жетістіктерінің жаңа ойөрісін ашады. 2010 жылдың 29 қаңтарындағы Қазақстан халқына мемлекет Басшысының Жолдауын талқылау бойынша селолық округінде жоспарды орындау іс-әрекеттері қабылданды және осыған орай, селолық округінде әзірлеу жұмыстары жүргізілді. Келешекте жұмыссыздық деңгейін түсіру бойынша жағдай жасау, округ тұрғындарының жұмыстылығын дамытуға қамтамасыз етуіне сәйкес жоспарларын жоспарлау.

Осы көрсетілген мақсаттың орындалуына, әлеуметтік сұрақ-тар бойынша әсерлі жұмыстар қолға алынды, кәсіпорын жұмысшыларын қорғау бірігіп ынтымақтасып, меморандумдар жасау туралы, экономикалық дағдарыс жағдайында келесі округ кәсіп-орындармен есептік кезеңінде “Агрохимснаб” ЖШС, “Поляковское” ЖШС, “Ебжанов и К” ЖШС, “Альбина-Есиль” ЖШС, “Аман-гельди-Есиль” ЖШС жұмысты-лық стратегиясының орындалу барысында 108 адам жұмыспен қамтылды. Жаңа орынға - 32, бұрын құрылған - 45, жалпылық жұмыстарға -16 адам.

“Жол картасын” іске асыруға байланысты іс-шаралар жоспа-рына сәйкес әлеуметтік орындар-ға 5 адаммен шарттар жасалды: “Альбина-Есиль” - 1, “Аян” ШҚ - 2, “Алмас-Агро-Есиль” - 2 адам, та-ғы да әлеуметтік орынға 2 және 3 жастар тәжірибесі бойынша (бағ-дарлаушы, заңгер).

Еңбек нарықтылығына керек мамандар бойынша кәсіпкерлік оқу бағдарламасын жүзеге асыру. Есіл ауылшаруашылық колледжінде 10 адам оқу оқыды. (НҚП зертханашысы, шаштараздар, аспаздар). Бұлар барлығы жұмысқа орналастырылды.

Аз қамтылған отбасыларына және жұмыспен қамту бағдарламалары бойынша әлеуметтік көмек көрсету мақсатында биылғы жылы мемлекеттік әлеуметтік көмек - 8 отбасына 227628 теңге, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы - 33 отбасына 504038 теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Округтегі денсаулық және білім объектілерінде материалды-техникалық қамту жақсарып отыр. 2010 жылы Амангелді селосында “Айгөлек” шағын орталығы іске қосылып, толық күн жұмыс атқарады, Талапкер селосында жарты күн жұмыс атқарады. Жаңа жұмыс орындарын ашуға себеп болды. Барлық мектептер телефон және Интернет жүйесіне қосылған, биылғы жылы мектепте екі мультимедиялық кабинеттері /физика және биология кабинеттері/ және бір лингафон кабинеті ашылды. Фельдшерлік акушер пунктері телефон жүйесіне қосылған, жақсы жұмыс атқару үшін керек кадрлармен қамтамасыз етілген. Желтоқсан айында Мегалайн жүйесіне қосылу жобаланып отыр.

Селода әлеуметтік жағдай дамып келеді. Округте 6 дүкен қызмет атқарады, “Амангелді-Петропавл” бағытында 1 автобус қатынайды. Жылдың аяғына дейін ағаш өңдейтін цехтың ашылуы жобаланып отыр.

Округте егін өсіру жақсы жолға қойылған. Бүгінгі күнде округте 16178 га жерде 8 ЖШС және 15 шаруа қожалығы жұмыс атқарады. 2010 жылы олар 14290 га жерге егін егіп жинап алды, былтырғы жылға қарағанда, алған өнімдері жақсы. Селолық округі бойынша егіннің өнімі - 14 ц/га.

Біздің округ апта сайын Петропавл қаласында өтетін ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне белсенді қатысып отырады. Бүгінгі күні округ тұрғындары ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде 820600 теңгеге өнімдерін өндірді. Биылғы жылы 25 км жол түзетіліп, 2 км жолдың шұңқырлары жөнделді. Қоқыс төгетін жердің қоқысы үйілді. Жеңістің 65-жылдығына құтқарушы - Әскер ескерткіші жөнделді. 180 ағаш көшеттері отырғызылды.

Есептік кедесу кезінде селолық округі әкіміне және аудан әкіміне 2 сұрақ қойылды.

1. Қыс мезгілінде жолдарды қар алып қалғанда тазалау туралы.

Амангелді селосына қатынайтын жолдарды тазалау ТКШ күшімен, “Агрохимснаб” ЖШС және “Ебжанов және К” ЖШС. Поляковка селосына “Поляковское” ЖШС, Талапкер селосына ТКШ және “Асхат-Агро”, Калиновка селосына ТКШ және “Поляковское” ЖШС күштерімен жолдар тазаланады.



2. Амангелді селосына тіс дәрігерінің жұмасына бір рет келуі туралы.

Керек жарақ жабдықтың жоқтығына сәйкес, округтің фельдшерлік бөліміне тіс дәрігерінің ставкасын беруге жағдай жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет