Көліктер түрлерінің өзара әрекеттестігі



бет1/25
Дата19.12.2023
өлшемі400 Kb.
#487086
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
ВВТ лекция каз (1)














«Көліктер түрлерінің өзара әрекеттестігі»
пәнін


«050901» - «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті қолдану» мамандығына арналған


Өскемен
2014.
1. Дәрістер
Дәріс сабақтарының құрылымы


1-дәріс. Көліктік түйіндер. Негізгі ұғымдар.
Дәріс жоспары:
1. Көліктік түйін анықтамасы
2. Көліктік түйіннің құрамы
3. Көліктік түйіннің негізгі құрылғылары

Көліктік түйін жүктер мен жолаушыларды транзитті, жергілікті және қалалық тасымалдарын қамтамасыз ететін үрдістерді бірігіп атқаратын бірнеше магистраль көлігінің әсерлесу пунктеріндегі көліктік жабдықтар кешенін айтамыз.


Көліктік түйіннің құрамына мыналар кіреді: темір жол станциялары және магистралды темір жол кірістері; өзен порттары және су түйіндері;теңіз порттары және оларға кірістер; магистралды және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының түйіндері; өндіріс көлігінің жабдықтары; әуе жайлар және әуе көлігінің басқада жабдықтары.
Көліктік түйінде бір көлік түрінен екінші көлік түріне жүк ауысулары жүргізіледі және жолаушылардың көшулері жүзеге асырылады. Сондықтан әрбір көлік түйінінде жаңағы үрдістерді жүзеге асыратын бірнеше түйісу пунктері болады. Жолаушы түйісу пункттеріне темір жол жолаушылар станциялары және тоқтау пунктері, автовокзалдар, әуе жайлар, теңіз және өзен порттары, метрополитендердің түйінді станциялары жатады, ол жүк түйісу пункттеріне жалпыға қолданылатын жүктік темір жол станциялары, порттық құйылғыш және басқа да арнайы станциялар, мамандандырылған базалар, әуежайлар және т.б.
Көлік түйінінің негізгі жабдықтары болып мыналар табылады темір жол көлігінің ғимараттары станциялар, біріктіргіш жолдар және басқада темір жол түйініне біріктірілетін жолдар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет