Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Иерархияның төменгі баспалдағы қалай қалыптасады?
2. Жолаушылар ішкі жүйесінің төменгі деңгейі қалай қалыптасады?
3. КТ қалай орналасады?
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Правдин Н.В., Негрей В.Я. и др. Взаимодействие различных видов транспорта. Минск. «Высшая школа», 1983г
2. Пиньковецкий С.У., Шишков В.И., Взаимодействие автомобильного транспорта с другими видами транспорта
9-дәріс. Өзара әрекеттесу үрдістерінің негізгі сипаттамалары
Дәріс жоспары:
1. Детерминделген және стохастикалық үрдістер
2. Ағын жылдамдығына байланысты көліктік үрдістерді бөлу
3. Орта жылдамдық үрдістері
4. Баяу жүретін жылдамдықтар
Әртүрлі көліктердің барлық өзара қарым-қатынастары детерминделген, стохастикалық және олардың үйлесуі деп бөлінеді. Анықталған шамалар анықталған заңдылықтарға байланысты өзгеретін үрдіс, ал көліктік үрдістің шығуы алдын-ала белгілі болатын, детерминделген деп аталады. Мысалы, станцияға поездардың келуі, поездардың график бойынша қозғалысы.
Анықталған шамалардың өзгеруі кездейсоқ болатын үрдіс, ал ол өтетін шарт анықталмаған элементтерді қамтуы мүмкін, яғни алдын-ала белгілі емес, стохастикалық деп аталады. Мысалы, жүк поездарының сұрыптау станцияларына келуінің аралығы, олардың ұзындығы, массасы, жүру уақыты және т.б.
Күрделі жағдайда орналастыру заңдарын алу мүмкін емес, себебі қатарды тұрғызу үшін статистикалық тұрақтылықпен болатын сәйкес мәліметтердің жоқтығынан; технологияның перспективалы өзгеруінің сипатының және түйіндер мен олардың элементтерінің жұмыстарының режимдерінің азықсыздығынан; көліктік түйіндердің жабдықтарының перспективалы конструкциялары бойынша қажетті мәліметтердің жоқтығынан (мысалы, ақырындатқышқа енудің максималды жылдамдығы) және ұйымдастырушылық сипаттағы параметрлерді анықтайтын қатарлардың болмауынан (поездарды перспективаға жоспарлаудағы кызметтер саны);
5-сурет. Көліктік түйінде болатын үрдістердің жалпы сызбасы, және олардың түйін параметрлерімен, ішкі жүйелермен, элементтермен байланысы.
Көліктік үрдістер жүру жылдамдығына байланысты ақырын жүретін, орташа жылдамдықтағы және жылдам жүретін деп бөлінеді. (Сур 5.).
Жылдам жүретінге оптимизациясы оперативті жоспарлау және басқару жүйелері көмегімен іске асатын үрдістер жатады
Орташа жылдамдықтағы үрдістер екі уақытша деңгейді қамтиды:
-
Жылдық немесе мезгілдік, көліктік түйіннің жұмысын бір жылда немесе мезгілде сипаттайды.
-
Айлық немесе апталық
Ақырын жүретін үрдістер уақытша деңгейді қамтиды:
-
Перспективалы, көліктік түйіннің болашақта дамуын болжайды (20-30 жыл). Бұл деңгей ең маңызды және ең анықталмаған болып есептеледі. Осы аралыққа көліктік түйіндерді болжау әлеуметтік факторларды талап етеді, себебі көліктік түйіндердің перспективалы дамуын қалалардың, өндірістердің дамуын және адамдардың санын есептемей мүмкін емес;
-
5-15 жылға жоспарлау;
-
Қарастыратын көліктік түйіннің дамуын 2-5 жылға жоспарлау және болжау.
Ақырын жүретін үрдістерді оптимизациялау ұзақ мерзімді болжау және жоспарлау жүйесі бойынша іске асады, олар келесілерді қамтиды:
Ғылыми-техникалық үрдістердің әсерінен техникалық үрдістердің қазіргі заманғы заңдылықтардан перспективалы заңдылықтарға өту әдістерін дайындау;
Көліктік түйіндер құрылымының ары қарай даму жолдарын (әртүрлі жылдам жүретін жолаушылар көлігін қолдану, жұмыстың перспективалы технологиясын жайында, жаңа шешімдер қабылдау және т.б.)
Көліктік түйіндерді басқарудың орталықтандырылған жүйесін құрастыру (автоматтандырылған).
Максималды тиімділікті және жоғары санмен болатын нәтижені қамтамасыз ететін түйін қызметтері режимдеріне әркет ету тәсілдерін алу үшін, жалпылама параметрлерді тағайындау керек. Өзара әрекет үрдістерін сипаттауда параметрлердің үш тобын тағайындауға болады:
Көліктік түйін параметрлері (Lт), оған жататындар:
-
Түйіндегі өзара қатынаста болатын көліктер саны;
-
Жеке ішкі жүйелермен орындалатын, типтік технологиялық тізбектер саны (звенолар): транзитті жүк лектеріне және жолаушыларға қызмет көрсету бойынша технологиялық тізбек; көліктің бір түрі шеңберінде орын ауыстыратын жолаушыларға қызмет көрсету; өндіруші қоймаларынан тұтынушы қоймаларына жүктерді жеткізу; қозғалмалы составтың техникалық жағдайын бақылау, тұрып қалуы және жөндеу бойынша технологиялық тізбек;
-
Көліктік ішкі жүйелермен орындалатын типтік технологиялық тізбек саны: жолаушылардың көліктің бір түрінен екіншісіне орын ауыстыруларына қызмет көрсету бойынша технологиялық тізбек; түйіндегі өзара қарым-қатынаста болатын әртүрлі көлік түрлері арасында жүктерді жеткізу бойынша технологиялық тізбек;
-
Фазалар саны (егер элементтердің немесе ішкі жүйелердің жекелеме топтары бірінен кейін бірі жұмысқа кіріссе, жүйені көп фазалы дейді, мысал 6 суретте көрсетілген);
-
Фазалар және ішкі жүйелердегі элементтер арасындағы байланыстар саны,
6-сурет. Көліктік түйіндегі қызмет көрсетудің көп фазалы жүйелерінің мысалдары.
Элементтер параметрлері (Lэ): егер сұрыптау станциясы элемент болып табылса, онда оның негізгі параметрлері – қайта жаңарту мүмкіндігі, жол тораптарының қуаттылығы және т.б. Егер келу паркі элемент болып табылса, онда оның параметрлері – жолдар саны, олардың қосылу сызбалары, жолдың толық және пайдалы ұзындығы, т.б.
Енетін және шығатын көлік лектерінің параметрлері (Lл), оларды түйіндерді есептеуде негізгі топта көрсету керек. Жалпы жағдайда көліктік түйін көп параметрлі, көп номенклатуралы, біртекті емес лектерге қызмет көрсетеді. Көліктік лектің негізгі параметрлеріне жататындар: уақытша біркелкіліксіздік (тәулік ішілік, апта ішілік, мезгілдік және өндіріс көлемінің басқа да ауытқуларынан болады); өндірістік біркелкіліксіздік; лектердің интенсивтілігі және т.б.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Детерминделген және стохастикалық үрдістерге анықтама беріңіздер
2. орта жылдамдықтағы үрдістерде неше деңгей болады?
3. баяу жүретін үрдістерде неше деңгей болады?
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Правдин Н.В., Негрей В.Я. и др. Взаимодействие различных видов транспорта. Минск. «Высшая школа», 1983г
2. Пиньковецкий С.У., Шишков В.И., Взаимодействие автомобильного транспорта с другими видами транспорта
10-дәріс. Түйіндердегі әртүрлі көлік түрлерінің өзара әрекеттері үрдістерінің классификациясы
Дәріс жоспары:
1. Кеңістіктік өзара байланыстар сипаты бойынша өзара әрекеттесу үрдістерінің классификациясы
2. Жоспарлау аралығының ұзақтығына байланысты өзара әрекеттесу үрдістерінің классификациясы
3. Өзара әрекеттесетін ішкі жүйелер рангісі бойынша өзара әрекеттесу үрдістерінің классификациясы
Көліктік түйіндердегі өзара әрекеттер үрдістерін кеңістіктік өзара байланыстар, өзара әрекеттер режимдерін жоспарлау периодының ұзақтығы, өзара әрекеттесетін ішкі жүйелер шеңбері және өзара әрекеттер формалары сипаттамалары бойынша классификациялауға болады.
1-кесте.
Кеңістіктік өзара байланыс сипаты бойынша
|
Өзара әрекеттер режимдерін жоспарлау периодының ұзақтығы бойынша
|
өзара әрекеттесетін ішкі жүйелер ранг бойынша
|
Өзара әрекеттер түрлері
|
Нөлдік
|
бірінші
|
екінші
|
үшінші
|
Көліктік түйіндер және бірыңғай көліктік жүйенің басқа да элементтердің өзара әрекеттері.
|
Өзара әрекеттерді ұзақ мерзімге, орта мерзімге, ағымдық және жедел жоспарлау.
|
Енетін көлік ағымдары мен көліктік түйіннің тұрақты көліктік құрылғыларымен өзара әрекет.
|
Түйіндегі әртүрлі көлік түрлерінің өзара әрекеттері
|
Көліктің бір түрінің негізгі ішкі жүйелерінің өзара әрекеттері
|
көліктік түйіннің жеке элементтерінің және оның ішкі жүйелерінің өзара әрекеттері
|
Техникалық, технологиялық, экономикалық, ақпараттық, құқықтық
|
Кеңістіктік өзара байланыстар деңгейіндегі сипаттаманы есепке алу өнеркәсіптік объектілерді және ауылшаруашылық өндірісті дұрыс орналастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді: еңбек орындары мен демалыс аймақтарының ыңғайлы байланысын; көліктік жүйелер мен инженерлік құрылғылардың (электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау) өзара байланысты дамуын; территорияны дұрыс пайдалануға.
Өзара әрекеттер режимдерін жоспарлау периодының ұзақтығы бойынша үрдістерді классификациялау қоғамның қазіргі заманғы даму деңгейі талаптарын ескере отырып өзара әрекеттер режимдерінің болашақтағы және ағымдағы жоспарының үйлесуін іске асыруға мүмкіндік береді
Жоспарлау периодының ұзақтығына байланысты ұзақ мерзімді, орта мерзімді және ағымды (жедел) жоспарларды бөліп қарастырады.
Өзара әрекеттер режимдерінің ұзақ мерзімді перспективалы жоспары жеке көлік түрлерінің стратегиялық міндеттерін және олардың іске асуының маңызды бағыттарын сипаттайды:
-
Бірыңғай көліктік жүйедегі жеке көлік түрлерінің рөлін және техникалық құралдардың болашаққа құрылымын;
-
Көліктік түйіндердің тұрақты жабдықтарының (станциялар, қоймалар, порттар және т.б.) дамуының бағдарламасын және технологиялық үрдістердің алға жылжуының бағыттарын;
-
Техникалық құралдар мен еңбек ресурстарын дұрыс пайдаланудың бағдарламасын;
-
Көліктік түйіндердің жұмыс көлемдерін және перспективалық құрылымын, сонымен қатар олардың жоспарлаудың есептеу периоды шеңберінен тыс даму тенденциясын.
Жоспарлар жүйесі мына түрде құрылған: бір жоспар екіншісінен туындайды және оның бөлімі болады. Бірыңғай көліктік жүйенің ортамерзімді жоспары (бес жылға құрылады) ұзақ мерзімдіден туындайды, оның дамуы және нақтысы болып табылады. Ағымдағы жоспар орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлармен сабақтасқан және бір жылға дейінгі мерзімдегі интервалда шешім қабылдау үшін қызмет етеді.
БКЖ жұмыс жоспарларында кері байланыс та болады.
Ағымдағы және орта мерзімдегі жоспарлардың орындалуы кезекті перспектива үшін база қалыптастырады.
ұзақ мерзімді, орта мерзімді және ағымдық жоспарларды даярлау, олардың теңкелуі-әртүрлі көлік түрлерінің өзара әрекеттерінің бірден бір көкейкесті және күрделі міндеттерінің бірі. Оны шешу үшін ең алдымен жоспарларды дайындаудың үздіксіздігін қамтамасыз ету қажет; жеке көлік түрлерінің дамуының экономикалық негізделуі және оларды пайдаланудың оптималды ортасын тағайындау; тиімді емес тасымалдарды жою т.б..
Өзара әрекеттесетін ішкі жүйелер ранг бойынша классификацияға сәйкес көліктік түйінді мынадай ішкі жүйелер түрінде көрсетуге болады: енетін көліктік ағындар және тұрақты жабдықтар. Төменірек рангтерде классификация түрлер аралық, түрлер ішілік және элементтер аралық өзара әрекеттерді сипаттайды.
Барлық рингтерде әртүрлі көліктердің өзара әрекеттері үшін жағымды шарттарды құру көліктік түйіннің ұлттық тиімді құрылымын қалыптастырудың бірыңғай методологиясын дайындауға мүмкіндік береді; операциялар арасындағы тұрып қалуларды, көліктік шығындарды қысқарту және жүкті жоғалтуды азайту; көлікті кешендік басқаруға көшуге жағдай жасау.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Өзара әрекеттесу режимдерінің ұзақ мерзімді перспективалы жоспары қандай стратегиялық міндеттерді сипаттайды?
2. Түр ішілік және элементтер арасындағы өзара әрекеттер қай рангке қатысты?
3. Түр аралық өзара әрекеттер қай рангке қатысты?
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Правдин Н.В., Негрей В.Я. и др. Взаимодействие различных видов транспорта. Минск. «Высшая школа», 1983г
2. Пиньковецкий С.У., Шишков В.И., Взаимодействие автомобильного транспорта с другими видами транспорта
11-дәріс. Өзара әрекеттесу формалары
Дәріс жоспары:
1. Өзара әрекеттесудің техникалық формасы
2. Өзара әрекеттесудің технологиялық формасы
Техникалық өзара әрекеттесу әр түрлі көлік түрлеріндегі техникалық құралдар параметрінің унификациясын, стандартизациясын және келісуін болжайды. Оның мақсаты — көліктік ағымдарды өңдеуде қолайлы шарттарды құру. Техникалық өзара әрекеттесуді толық жетілдірудің бірден-бір маңызды бағыты жүк тиелмейтін техниканың , контейнерлі және пакетті тасымалдаудың дамуы болып табылады.
Техникалық өзара әрекеттесу түйіндердегі әр түрлі көлік түрлерінің тұрақты құрылғыларының максималды біріккен орналасуын және функционалды біртекті құрылғылардың бірігуін қамтамасыз етеді. Техникалық өзара әрекеттесу көлік ағымдарының өлшеміне тәуелсіз құрылғыларды көшіруге тыйым салады, интенсивтік құрылғылар мен техниканы пайдалануда үнемдеуді және жұмысшы сандарының азаюын қамтамасыз етеді.
Түйіндерде біріккен функционалды біртекті құрылғыларға станциялар, (жалпы қолдануда сұрыпталған және өнеркәсіптік, біріккен жүк станциялары), вокзалдар, әр түрлі көлік түрлеріне билет сататын қалалық кассалар, өнеркәсіптік және магистралды көліктерді жөндеу құралдары, жүктерді ұзақ және қысқа мерзімді сақтау қоймалары және т.б.
Технологиялық өзара әрекеттесу технология мен технологиялар стандартизация бірлігі болғанда, түйіндердегі әр түрлі көлік түрлеріндегі жұмыстың комплексті жоспарлануы мен өзара байланысқан графиктері болғанда ғана болады. Ол өңдеудің оптималды режимін қамтамасыз етуге және көліктік ағымдарды жіберуге бағытталған.
Әр түрлі көлік түрлерінің технологиялық өзара әрекеттесуі түйіндерге мына жағдайларда жетеді:
-
Теміржолдық, автомобильдік, судағы және басқа да көлік түрлеріне бірлескен қозғалыс графигін қолдану;
-
Бірыңғай жоспарларды құруды енгізу және өзара әрекеттесетін көлік түрлеріне тасымалдаудың басып өтетін маршрутизациясын ұйымдастыру;
-
Қайта тиейтін пункттердегі жұмыстардың бірыңғай технологиясын өңдеу, аралас жолдардағы жүк тасымалдаудың күнтізбелік жоспарын енгізу;
-
Тиеп-түсіру пункттерінің жылжымалы құрылымда беруді жоспарлау нормасының аз мөлшердегі жүк жұмыстарының концентрациясы және барлық көлік түрлерін айқын байланыстыру;
-
Транспортты-экспедициялық қамтамасыз етуді толық жетілдіру, автокөлікпен жүкті әкелу мен әкетуді орталықтан ұйымдастыру;
-
Жүктердің тікелей нұсқасын пайдалану аймағын кеңейту;
-
Жұмыстың байланыс графигін қолдану;
-
Жүктерді тасу пункттерінде жұмысты диспетчерлік басқаруда автоматталған жүйені қолдану;
-
Көлік түйіндерінің жұмыс тәжірибесін алмасуды кең түрде енгізу.
Технологиялық өзара әрекеттесудің толық жетілуінің маңызды мүмкінділігі көлікпен автоматты басқарудың комплексті жүйесін енгізуді ашады (АСУЖТ, АСУ «Морфлот», АСУ «Речфлот», АСУ «Автотранс», АСУ «Аэрофлот», АСУ «Промтранспорт», АСУ қалалық жолаушылар көлігі, ірі көлік түйіндерінің АСУ ).
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Өзара әрекеттесудің техникалық формасына анықтама беріңіз
2. Өзара әрекеттесудің технологиялық формасына анықтама беріңіз
Ұсынылатын әдебиеттер
-
Правдин Н.В., Негрей В.Я. и др. Взаимодействие различных видов транспорта. Минск. «Высшая школа», 1983г
-
Пиньковецкий С.У., Шишков В.И., Взаимодействие автомобильного транспорта с другими видами транспорта
12-дәріс. Өзара әрекеттесу формалары
Дәріс жоспары:
1. Өзара әрекеттесудің ақпараттық формасы
2. Өзара әрекеттесудің құқықтық формасы
3. Өзара әрекеттесудің экономикалық формасы
Өзара әрекеттесудің ақпараттық формасы ақпараттың сәйкес келуін қосады
-
мазмұны бойынша:бұл шығыста біреумен және кірісте басқамен жүйе ішіндегі түйінмен өзара әрекеттесетін біріккен көрсеткіштер;
-
форма бойынша ұсыну:онымен өзара әрекеттесетін шешімді қабылдау
уақыт бойынша, жылдамдық және өз уақытында бір жүйе ішіндегі
ақпаратты шығару;
-
классификаторлар - құжаттар бойынша, онда көптеген түйін объектілері кластарға, топтарға және т.б. бөлінген.
Маңызды құжаттар, өзара әрекеттің құқықтық формасының негізін құраушы болады, олар: су көлігінің ішіндегі Жарғы, темір жол Жарғысы,теңізде жүрудің сауда Кодексі.Сонымен қатар жүк және жолаушы тасымалдау ережесі бар , сөздіктер және тарифтік басшылық ету, министрілікпен өңделген.
Бірыңғай рет бойынша тәулік - алмастыру жоспарлауы, кеме мен вагондарды өңдеу процесін қадағалау, ақпаратты ауыстыру мерзімі мен тәсілі, диспетчерлік басшылық ұйымы, станция және порт арасындағы міндеттемені бөлу, сонымен қатар біріккен жұмыстың қорытынды анализ ретін және өзара міндеттемелерін бұзғанда қолданылатын санкцияларда т ү й і н д і к к е л і с і м орнатылады.
Қызметтің төлемі, жүкті жіберуші көлігімен және халықпен көрсетіледі, ол тариф бойынша шығарылады,ол жүктің номенклатурасынан, тасымалдау түрі және оның қашықтығына тәуелді.
Жетілген өзара әрекеттік құқықтық формасы қарастырылады:
- Бірыңғай көлік Жарғысын бекіту және өңдеу
- Көліктің барлық түрлеріне бірыңғай жүйелі көрсету жұмысын құру,бірыңғай жүк құжаттарымен;
- Көліктің барлық түрлеріне бірыңғай экономикалық негізде тарифтік жүйеде өңдеу.
Жоғарыда көрсетілген форманың өзара әрекеттері базасы(негізі) болады, олар экономикалық өзара әрекеті үшін көліктің барлық түрлерін оптималды тәртіп жұмысының соңғы таңдауын алдын ала анықтайды.
Жобалау сатында ықшамдалған тапсырмалар тізіміне қосылады:
-
Өткізу резервін және көліктік ағымдардың тербелуін есептегендегі көліктік түйіндердің мүмкін қайта өңделуін және перспективті жұмыс көлемін болжау қателіктерін анықтау;
-
Көліктің барлық түрлері түйінде дамуын басты жоспардың негізінде қалалардың комплексті схемаларын жасау;
-
Магистралды желіні таңдау және көліктің сызықтарын өткізу мүмкіндігі,түйіндер арасындағы байласты қамтамасыз етеді;
-
Құрылымды жасау және көліктік түйіндерін басқару құрылғыларын таңдау және оларды орналастыру.
Тасымалдау деңгейінде мына тізім келесідей:
-
Бірыңғай жүк және жолаушылар тасымалдау жоспарын өңдеу, көліктің бөлек түрлеріне көлемі бойынша тасымалдау оптималды бөлу, келісілген тарифтермен орнатылған
-
Көліктік ағымдарды өңдеу техникалық және ұйымдық өлшемдерді нұсқау бірыңғай технологиялық процесс түйін жұмысын өңдеу;
-
Технологиялық сызықтар бойынша жүкті қайта өңдеу көлемдік жоспарлары ;
-
Бөлек өңдеу операцияларымен және нормативті уақытпен оларды орындау жұмыс технологиясы ;
-
Қозғалмалы құрамның қозғалу графигі мен реті;
-
Элемент түйіндері арасында қайта тиеу жұмысын бөлу;
-
Техникалық құрылғыларын және еңбек ресурстарын қолдану және орналастыру;
-
Қайта тиеу пункттерін технологиялық параметрлермен ықшамдау;
-
Қайта конструкциялау графиктерін құрып және көлік тиіндеріндегі негізгі жабдықтауды жөндеу;
-
Оперативті шешімдерді ықшамдау және басқару.
-
Соңғы жылдары экономикалық өзара әрекеттесуде қатар сұрақтары құрылған әр түрлі көліктің үйлестік жұмыстарын жақсартуға көмектесті.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Өзара әрекеттесудің ақпараттық формасына анықтама беріңіз
2. Өзара әрекеттесудің құқықтық формасына анықтама беріңіз
3. Өзара әрекеттесудің экономикалық формасына анықтама беріңіз
Ұсынылатын әдебиеттер
-
Правдин Н.В., Негрей В.Я. и др. Взаимодействие различных видов транспорта. Минск. «Высшая школа», 1983г
-
Пиньковецкий С.У., Шишков В.И., Взаимодействие автомобильного транспорта с другими видами транспорта
13- Дәріс. Функционалды белгілері бойынша көліктік түйіндерінің жіктелуі
Дәріс жоспары:
1. КТ қаладағы тұрғын санына байланысты бөлінуі
2. КТ қаланың халық шаруашылығы профиліне байланысты бөлінуі
3. КТ қаланың халық шаруашылық құрылымына байланысты бөлінуі
4. КТ өзара әрекеттесетін көлік түрлеріне байланысты бөлінуі
Функционалды белгілері бойынша көліктік түйіндерінің жіктелуі негізін көлік түйіндеріне қызмет ететін қаланың халық шаруашылық профилін және мөлшерін құрайды, олар түйінің жоспарланатын сызбасын және жұмыс көлемін анықтайды.
Көлік түйіндері қаладағы тұрғын санына байланысты 6 классқа бөлінеді (2-кесте).
Қаланың халық шаруашылық профиліне байланысты көлік түйіндерін бес топқа бөлшектеу (3-кесте).
Қаланың халық шаруашылық құрылымының тәуелділігінен қызмет ететін түйіндерді ерекшелеуге болады: Өңдеуші өнеркәсіп орталығы; табушы өнеркәсіп орталығы; көп салалар орталығы.
2-кесте. Көлік түйіндерінің тұрғын санына байланысты бөлінуі
Қала халқының негізгі категориялары
|
Қала топтары
|
Класс
|
Халық саны мың. адам
|
Үлкен
|
Жоғарғы ірі
|
1
|
1000 нан жоғары
|
|
|
2
|
500-1000
|
|
Ірі
|
3
|
250-500
|
|
|
4
|
100-250
|
Орташа
|
Орташа
|
5
|
50-100
|
Кішкене
|
Аздаған
|
6
|
50-ге дейін
|
3-кесте. Қаланың халық шаруашылық профиліне байланысты көлік түйіндерінің бөлінуі
Қала түрінің тәуелділігінен көлік түйіндерінің жіктелуі
|
Барлық халыққа Қатынас бойынша әр түрлі сферада және салада жұмыс істейтін еңбектенушілердің үлесі, %
|
Кәсіпорын және көлік өнеркәс-ң сферасында
|
Өнеркәсіпте
|
Басқа салаларда
|
Көп функцияналды, кешенді дамыған
|
70-тен кем
|
60-тан көп емес
|
30-дан көп
|
Өнеркәсіптің айрықша дамуымен
|
60-80
|
40-тан көп
|
–
|
Көлік орталығы немесе көліктік-өнеркәсіптің айрықша мәнімен
|
50-65
|
30-40
|
Көлікте 20-дан кем емес
|
Өнеркәсіптік емес
|
50-ден кем
|
30-дан кем
|
50-ден көп
|
Курорттық
|
40-тан кем
|
35-тен кем
|
–
|
Достарыңызбен бөлісу: |