МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
БЕКІТЕМІН
«Жалпы медицина» факультетінің деканы ____________Абилов Т.С.
«____»___________ 20___ж.
АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН
білім алушылардың білімін, шеберлілігінжәне дағдыларын бағалаудың
БАҚЫЛАУ- ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАРЫ
Пән атауы: Гистология-1
Пәннің коды: Gist-1 1204
Мамандығы: 6В10102 Жалпы медицина
Кредит саны: 4
Курсы: 1
Тест тапсырмаларын құрастырған:
медицина ғылымдарының магистрі,
аға оқытушы_________БердалиноваА.К.
Кафедра мәжілісінде таққыланып, бекітілді
«_____»___________20___ж. №___ хаттама
Кафедра жетекшісі
М.ғ.к. _________Көмекбай Ж.Е.
Ақтөбе, 2021
Пән бойынша білімдерін, біліктерін және дағдыларын бағалауға арналған бақылау- өлшегіш құралдары
(тізімдеме)
1. Бақылау сұрақтары.
Сәулелік микроскопия үшін препараттар дайындаудың негізгі принциптері қандай? Жасушаның қызметтік жағдайын қандай әдістердің көмегімен анықтауға болады?
Гистологиялық бояулардың негізгі топтарын атаңыз. «Оксифилия», «базофилия», «метахромазия» терминдері нені білдіреді?
Гистология және эмбриологияның дамуының негізгі кезеңдерін атаңыздар.
Жасушалық теорияның негізгі ережелерін атаңыз. Жасушалық теорияның теориялық және іс жүзіндегі маңызы қандай?
Жасушаның ядросы оның тіршілігінде қандай қызмет атқарады? Ядроның құрамына қандай құрылымдық компоненттер кіреді?
Цитоплазма, оның тұрақты және тұрақты емес құрылымдық компоненттері. Жасуша тіршілігінде органеллалардың атқаратын қызметтері.
Жасуша мембранасы, оның құрылымы және жасуша өміріндегі маңызы. Жасушалар арасындағы байланыс түрлері.
Плазмалық мембрана. Жасушаның тосқауылдық-рецепторлық және тасымалдау жүйесі.
Жасушалық емес құрылымдар туралы түсінік (симпласт, жасушааралық зат).
Жасушаның ядросы мен цитоплазмасында бөлінуге дайындық және меншікті митоздың кезінде қандай өзгерістер жүреді?
Жасушаның тіршілік циклі туралы түсінік. Жасушаның өсуі, ерекшеленуі, қартаюы және өлімі. Бағаналы жасушалар. Дифферондар.
Жасушаның митоздық және тіршілік циклі.
Жасушада сыртқы және ішкі қолайсыз факторлардың әсерінен қандай морфофункциональдық өзгерістер жүреді?
Жыныс жасушалары. Морфологиялық және функционалдық сипаттамасы. Генетикалық ақпаратты берудегі рөлі.
Сперматогенез және овогенез. Салыстырмалы сипаттамасы.
Эмбриология. Адамның эмбрионалдық дамуының бастапқы және ұрықтық кезеңі.
Адамның эмбрионалдық дамуының ұрықтық кезеңі.
Ұрықтан тыс мүшелер.
Адамның дамуының қатерлі кезеңдері.
Тіндердің негізгі құрылымдық элементтерін атаңыздар.
Ұрық жапырақшасы, эмбрионалдық бастама, дифферон ұғымдарына сипаттама беріңіз.
Тіндердің регенерациясының түрлерін атаңыздар.
Эпителий тіндерінің даму көзі, жіктелуі, организмдегі топографиясы, негізгі морфологиялық қасиеттері.
Көп қабатты эпителийлер және олардың туындылары: организмдегі топографиясы, құрылысы, жасушалық дифферондық құрамы, қызметтері, қалпына келуінің заңдылықтары.
Бір қабатты эпителийлер және олардың туындылары: организмдегі топографиясы, құрылысы, жасушалық дифферондық құрамы, қызметтері, қалпына келуі.
Безді эпителий. Секреторлық эпителиоциттердің құрылымдық ерекшеліктері. Голокринді, апокринді және мерокринді түріндегі секрет бөлетін эпителиоциттердің цитологиялық сипаттамасы.
Мезенхима дәнекер тіндердің даму көзі ретінде: мезенхиманың дивергентті саралануы туралы түсінік, мезенхиманың морфологиялық белгілері.
Ерекше қасиеті бар дәнекер тіндер: жіктелуі, организмде орналасуы, құрылысы, қызметі.
Талшықты дәнекер тіндер: даму көзі, құрылысы, қызметі, физиологиялық және репаративті қалпына келуге қатысуы.
Қанның құрамы. Негізгі компоненттері.
Эритроциттер. Құрамы және морфологиясы.
Тромбоциттер. Құрамы және морфологиясы.
Гранулоциттер (түйіршікті лейкоциттер): функциональды және морфологиялық сипаттамасы.
Агранулоциттер (түйіршіксіз лейкоциттер): функциональды және морфологиялық сипаттамасы.
Шеміршек тіндері: жіктелуі, орналасуы, құрылысы, қызметі, қалпына келуі.
Сүйек тіндері. Сүйек тіндерінің компоненттері.
Сүйек тіндері: тура және тура емес остеогенез, қалпына келуі.
Дөрекі талшықты сүйек тіні. Орналасуы. Тіннің құрылысы.
Табақшалы сүйек тіні. Орналасуы. Тіннің құрылысы.
Бұлшық ет тіндерінің генетикалық жіктелуі. Бұлшық ет тіндерінің құрылымдық-қызметтік бірліктері.
Қаңқалық көлденең-жолақты бұлшық ет тіні: дамуы, құрылысы, бұлшық еттің жиырылуының морфологиялық негіздері. Қалпына келуі.
Жүректің көлденең-жолақты бұлшық ет тіні: дамуы, әр түрлі кардиомиоциттердің құрылысының ерекшеліктері, қалпына келуі.
Жазық миоциттердің түрлері: даму көздері, организмдегі топографиясы, қалпына келуі.
Нейрондардың даму негіздері және жіктелуі, ультрақұрылымдық құрылымы.
Жүйке тінінің жасушалық дифферондары.
Нейроглия: жіктелуі, жүйке жүйесінің құрамындағы топографиясы, атқаратын қызметтері.
Жүйке талшықтары: құрылысы, атқаратын қызметтері, жіктелуі.
Синапстар: құрылысы, атқаратын қызметтері, жіктелуі.
Эффекторлық жүйке ұштары: құрылысы, жіктелуі.
Рецепторлық жүйке ұштары: құрылысы, жіктелуі.
Н ПРО БҚМУ 703-07-2020. Бақылау- өлшегіш құралдары (ағымдық және межелік бақылау арналған). Бесінші басылым.
Ф ПРО ЗКМУ 703-07-2020. Контрольно-измерительные средства (для текущего и рубежного контроля). Издание пятое.
F PRO WKMU 703-07-2020. Measuring instruments (for current and midterm control). Fifth edition.
Достарыңызбен бөлісу: |