Жоба
«Коммуналдық көрсетілетін
қызметтерді ұсыну қағидаларын
бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы
28 сәуірдегі № 105 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
|
|
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 4-6) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 105 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3923 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 15 маусымдағы № 67 (17156) «Дидар» және 2015 жылғы 13 маусымдағы № 68 (19667) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының
әкімі Д. Ахметов
|
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы «_____» ___________
№ _____ қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 28 cәуірдегі
№ 319 қаулысымен бекітілген
|
Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидалары
1. Жалпы ереже
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі, «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңдарына сәйкес әзірленді және коммуналдық қызмет көрсету тәртібін, шарттары мен коммуналдық қызмет көрсету ақысын, сонымен қатар Тұтынушылар мен Өнім берушілердің құқықтары мен міндеттерін белгiлейдi. Тұтынушыларды газбен жабдықтау және энергиямен жабдықтау, қоқысты әкету және лифт бойынша қызмет көрсетумен байланысты осы Қағидаларда жазылмаған мәселелер қолданыстағы заңнамамен реттеледi.
2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
1) коммуналдық қызметтер – тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, канализацияны, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;
2) кондоминиум объектісі – жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігіндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардан және оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;
3) кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
4) Тұтынушы – табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші жеке немесе заңды тұлға;
5) Өнім беруші – тауар (қызмет) өткізуші (көрсетуші) жеке немесе заңды тұлға;
6) энергиямен жабдықтаушы ұйым - сатып алынған электр немесе жылу энергиясын, суды тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым;
7) энергия беруші ұйым – электр немесе жылу энергиясын беруді шарттар негізінде жүзеге асыратын ұйым.
8) бірыңғай есептеу орталығы (бұдан әрі – БЕО) –тұтынушыларға қызмет көрсету және бірыңғай төлем құжатын қағаз тасымалдағышта шығару жөніндегі Астана қаласындағы бірыңғай оператор;
9) бірыңғай төлем құжаты (бұдан әрі – БТҚ) – оператор және қызмет берушімен шарт бойынша БЕО шығарған коммуналдық және тұрғын үй-пайдалану қызметінің төлеміне бірыңғай шот;
10) жеке кабинет – көрсетілген қызметке төлем жүргізушіні авторлау, транзакцияны жүзеге асыру, жеке шотты бақылау, электрондық төлем мұрағаты, жеке шотты басқару тәрізді қызметтер спектрін қамтитын электрондық ақпараттық сервис;
11) коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық берешекті өндіріп алу қызметі – БЕО-ның немесе қызмет берушінің коммуналдық және өзге қызметтерді тұтынушылардың төлем тәртібін арттыруға бағытталған қызметі;
12) дербес деректер – субъектіге белгіленген немесе олардың негізінде белгіленген электрондық, қағаз және (немесе) өзге материалдық тасығышта тіркелген дербес деректерге жататын мәліметтер.
2. Коммуналдық қызмет көрсетудi ұсыну тәртібі және шарттары
3. Коммуналдық қызмет көрсету Өнім беруші мен Тұтынушы арасындағы жеке шарт (бұдан әрі – Шарт) негізінде жүзеге асырылады.
Тұтынушылар кондоминиум объектілерін басқару органына (бұдан әрі- басқару органы) немесе басқа жеке немесе заңды тұлғаға шарт жасасу жөнiндегі өз құқықтарын заңдарда белгiленген тәртiппен табыстауға құқылы.
Электр желісіне қол жеткізу үшін оның әр тұтынушысы электр желісі компаниясымен өздерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайтын қосылу шартын жасасу керек (көп пәтерлі үйлерде тұратын жеке тұлғалардан басқа). Электр желісіне қосылу талаптары белгіленген нормалардың негізінде қосылу шартында айқындалады. Шарт әр жеке қосылу нүктесі бойынша жасалады. Оған қосылатын құжаттар тараптардың құқықтары мен міндеттерін, соның ішінде қосылуға арналған техникалық шарттарды айқындайды.
Шарт айқын емес мерзiмге жасалған деп есептеледi (егер тараптардың келісімiмен басқаша көзделмесе) және осы Қағидалардың 32 және 35- тармақтарында көзделген негiздемелер бойынша өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.
4. Қызмет көрсетудi беру тұтынушылық сипаты мен режимi нормативтiк-техникалық құжаттармен белгiленген талаптарға:
1) жылумен жабдықтау бойынша - тұрғын бөлмелердегi жылыту маусымы бойы тәулiктiк ауа температурасын айқындайтын санитарлық нормаларға;
2) электрмен жабдықтау бойынша - жыл бойы тәулiктiк қолданылып жүрген стандарттар жөніндегі электр энергиясының параметрлерiне;
3) суық және ыстық сумен жабдықтау бойынша жыл бойы тәулiктiк берiлетiн судың құрамы, қасиетi мен ысытылу температурасы жөнiнде гигиеналық талаптарға, сондай-ақ тарату нүктесіндегі судың есептелген шығынына;
4) канализация бойынша - жыл бойы ағынды судың толық ағып кетуiн қамтамасыз етуге;
5) лифтiмен қызмет көрсету бойынша - жыл бойы тәуліктiк немесе шарттың негізiнде лифтінi қауiпсiз пайдалануға;
6) қоқыс шығару жөнiнде - санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға жауап беретiндей қоқыстың толықтай шығарылуына сәйкес келуi тиiс.
5. Коммуналдық мақсаттағы негiзгi қорлардың қуатын, құрамын, төзiмдiлiгiн, климаттық және басқа да жергiлiктi жағдайлары ескерiле отырып қызмет көрсетулердi беру режимi мен тұтынудың кепiлдi деңгейi Шартпен белгiленедi.
3. Тараптардың жауапкершiлiгi
6. Жалпы үйлiк энергия желiлерiнiң, сондай-ақ есепке алу құралдарын тиісті техникалық жағдайда ұстау және қауiпсiздiгін қамтамасыз ету кондоминиум объектісін басқару органының немесе қарамағында тұрғын үй тұрған тұтынушылардың немесе ұйымдардың басқа өкiлеттi тұлғасының міндеті болып табылады.
Кондоминиум объектісін басқару органы қызмет көрсетудi дербес (тиісті рұқсат болған жағдайда) және (немесе) энергия берушi немесе осындай қызмет түрiне лицензиясы (рұқсаты) бар басқа мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт бойынша жүргiзе алады.
Пәтерлердегi, тұрғын ғимараттардағы, үй-жайлардағы, гараждардағы және сол сияқты жерлердегi труба құбырларының, энергия өткiзгіштердiң, энергия жабдықтарының техникалық жағдайы мен пайдаланылуы үшiн, сондай-ақ энергияны пайдалану кезіндегі техника қауiпсiздiгi үшiн жауапкершiлiк Тұтынушыға жүктеледi.
7. Электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралдары тұтынушылардың есебінен орнатылады, ал электр энергиясын тұрмыстық қажеттілікке пайдаланатын тұтынушылардың бұрын қойылған коммерциялық есепке алу құралын ауыстыру осы норма электр энергиясын беру тарифіне кіргізілген жағдайда ғана энергия беруші ұйымның есебінен жүргізіледі.
8. Есепке алу құралдары баспалдақтағы торларға, үйлердiң дәлiздерiнде орнатылады. Есепке алу құралдарына өту еркін болуы тиiс.
9. Тұтынушы өзiнiң пәтерiнде немесе тұрғын ғимаратта орнатылған есепке алу құралының сақталуына және бүтiндiгiне жауап бередi. Баспалдақтағы торларға тұтынушылардың (пәтер иелерiнiң) есепке алу құралдарын орнату кезіндегі олардың сақталуы мен бүтiндiгi үшiн қарамағына сол үй кiретiн басқару органы жауапкершiлiк арқалайды.
10. Тұтынушылардың (пәтер иелерiнiң) баспалдақ торларында орнатылған есепке алу құралдарын белгiсiз бiреулер ұрлап немесе сындырып кеткен жағдайда тұтынушы немесе қарамағына сол үй кiретін басқару органы бiр ай мерзiм iшiнде, егер де тараптардың келісімiнде басқаша көзделмесе, қалпына келтiруi тиiс. Есепке алу құралы қалпына келтiрiлгенге дейiн тұтынушы (пәтер иесi) оны энергия желісіне қосуды талап етуге құқылы. Электр энергияға уақытша қосу үшiн алынатын ақы және жүргізілген есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларымен реттеледі.
11. Тараптардың пайдалану жауапкершiлiгiн бөлу шекарасы желiлердiң тиiстi түрi үшiн былайша айқындалады:
1) жылу - басқару торабының соңғы ысырмасының бөлу фланцы бойынша;
2) ыстық сумен жабдықтау - ыстық сумен жабдықтау жүйесiнiң соңғы ысырмасының бөлу фланцы бойынша;
3) суық сумен жабдықтау - басқару торабының соңғы ысырмасының бөлу фланцы бойынша;
4) канализация - тұтынушы қосылатын жердегi құдық көшедегi канализациялық желi шекарасы болып табылады, ал ауладағы канализация шекарасы - ғимараттан желiге қосылатын құдық;
5) электр энергия - ғимаратқа кiретiн сым ұшында, сонымен қатар тараптардың пайдалану жауапкершілігі бөлігінің шекарасы теңгерімдік тиесілігімен анықталады және тараптардың электр желілерінің теңгерімдік тиесілігі мен пайдалану жауапкершілігін шектеу актісінде көрсетіледі. Тараптардың келісуі бойынша шартпен электр қондырғыларын пайдалану ерекшеліктерімен уағдаласқан тараптардың пайдалану жауапкершілігінің басқа шекарасы белгіленеді.
12. Мiндеттемелер орындалмаса немесе орындалуы ойдағыдай болмай шықса, шарт бойынша Өнім беруші мен Тұтынушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес зиянның орнын толтыруын талап етуге құқылы.
13. Энергиямен жабдықтаушы (энергия беруші ұйым) ұйым Тұтынушының алдында энергия жеткiзушi параметрлерiнiң және форс-мажорлық жағдайлардан туындайтын энергияның жетiспеушiлiгi үшiн тұтынушы алдында материалдық жауапкершiлiк алмайды.
4. Көрсетiлген қызмет ақысын төлеу тәртібі
14. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес реттеуге жататын қызмет көрсету ақысын төлеу белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган бекiткен тарифтер бойынша жүргізiледi.
15. Тұтынушы төлемдi есептiк айдан 25 жұлдызынан кешiктiрмей немесе Тұтынушы мен Өнім беруші арасындағы келісім бойынша Шартта ескерiлген мерзiмде жасауы тиiс.
16. Төлем мерзiмiн өткiзiп алған жағдайда Тұтынушы шартпен белгiленген айыппұлды төлейдi.
17. Егер Тұтынушы пайдаланылған энергияға төлем жасамағаны үшiн белгiленген тәртiппен ағытылған болса, онда оны қайта қосу борыш өтелгеннен кейін жүргiзiледi. Бiрнеше рет ағыту кезiнде (бір реттен көп) оны қосу борышты өтегеннен және қосқаны үшiн төлем жасағаннан кейiн жүргiзiледi, қызмет көрсетудiң осы түрi бойынша тарифi белгiленген тәртiппен аумақтық монополияға қарсы органдармен келісіледi.
18. Тұтынған коммуналдық қызметтер үшін есеп айырысу БТҚ не энергиямен жабдықтаушы ұйым жазып берген шот бойынша жүргізіледі.
19. Есепке алу құралдарының көрсеткiшiн алуды энергия беруші ұйымдардың өкiлдерi жүргiзедi, олар пәтерлерге бару кезiнде қызметтiк куәлiктерiн көрсетуге мiндеттi. Энергиямен жабдықтаушы ұйым коммерциялық есепке алу құралдарының нақты көрсеткішінің немесе электрмен жабдықтау келісім-шартына сәйкес тұтынудың басқа да есептеуінің негізінде есеп шот үзіндісін әзірлейді.
20. Тараптардың келiсуi бойынша электр энергияны коммерциялық есепке алу құралдарының көрсеткiшiн өз бетімен жазып алуға және оны тұтынушы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға беруге жол берiледi. Тұтынушының коммерциялық есепке алу құралдарының көрсеткішін жазып алу кезінде жiберген қателерiн энергия беруші (энергия өндіруші) және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйым оның анықталуына қарай түзетеді.
21. Тұтынушының кiнәсiнсіз коммерциялық есепке алудың бұзылғандығы анықталған кезде (алдыңғы орнату актісінде көрсетілген пломбылардың бүтіндігі мен сәйкестігі болған немесе есептеу құралы аспаппен тексерілген жағдайда) энергия беруші ұйым тұтынуды есептеуді электр энергиясын есептеу құралы мен сұлбасы дұрыс алдыңғы немесе келесі есептік кезеңнің орта тәулiктiк шығыны бойынша жүргізеді.
Есептiк кезең бұзылу анықталған күннен бастап коммерциялық есепке алуды қалпына келтіруге дейін, бірақ 30(отыз) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімді құрайды.
Коммерциялық есепке алуды тұтынушы бұзылу анықталған күннен бастап 30(отыз) күнтізбелік күннің ішінде қалпына келтiреді.
Егер коммерциялық есепке алу бұзылу анықталған күннен бастап 30(отыз) күнтізбелік күннің ішінде қалпына келтiрiлмесе есептеу техникалық шартқа сәйкес рұқсат берілген қуат бойынша есептеледі, ал техникалық шарт болмаған жағдайда кірме коммутациялық аппараттың белгіленген тоғы бойынша тәулігіне 24 сағат пайдалану сағатын ескерумен есептеледі.
22. Тұтынушының есептеу аспабының сызбасына өзгерiс енгiзгенi, оның бүлiнгенi, пломбасының жұлынуы, дискiнiң жасанды тоқтатылуы және басқа бұзылушылықтар ашылған кезде немесе егер Тұтынушы энергияны қымқыру мақсатында жасырын сым өткiзгенiн немесе есептеу құралының көрсеткiшiн бұрмалайтын тетiк орнатқанын энергия беруші ұйымның өкiлдерi бұрынғы баруларында табуға мүмкiн болмаған жағдайда Тұтынушыға энергия беруші ұйым белгiленген тәртiппен соңғы тексеру өткiзiлген сәттен бастап, алайда энергияны пайдаланғаны үшiн талаптың ескiру мерзiмiнен аспайтын қайта есептеудi жүргiзедi. Қайта есептеу:
Электр энергетика саласында қайта есептеу тәртібі (ереженің осы тармағында көрсетілген бұзушылықтар үшін) Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
23. Өтінiш берiлген және растайтын құжатты (емдеу мекемесiнен, жұмыс орнынан анықтама, санаторий жолдамасының түбiршегi, уақытша тұрған жерi бойынша тiркеулi туралы анықтама, қонақ үйде тұрғаны үшiн төлемi туралы түбiршек, және т.б.) ұсынған кезде пәтерде тұратын адамдардың (бiреуiнiң немесе бiрнешеуiнiң) уақытша кетуi, есептеу құралдары жоқ жағдайда бiр адамға есептелiнген қызмет көрсетулер үшiн ақы төлеу олардың болмаған уақытына жүргізiлмейдi.
Төлемдi қайта есептеуге әкелiп соққан барлық өзгерістер Тұтынушының энергиямен жабдықтаушы ұйымға өтiнiш берген сәтiнен бастап жүзеге асырылады.
24. Электр энергиясын есептеу құралдары уақытша болмаған жағдайда төлем тәртібі Қазақстан Республикасының электр энергетика саласындағы қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
25. Басқару органдары энергиямен жабдықтаушы ұйыммен жалпы үйлерін мұқтаждарына жұмсалатын энергия үшiн белгіленген тәртiппен бекітілген тариф бойынша, пайдалану жауапкершiлiгі шекарасында орнатылған есептеу құралдары бойынша есеп айырысады.
26. Есептеу құралдарын тараптардың пайдалану жауапкершiлiгiнiң бөлiну шекарасынан тыс жерде орнатылуы кезiнде, бөлiну шекарасынан бастап есептеу құралдарын орнату орындарына дейiн желi учаскесiндегі шығындар көрсетiлген желi учаскесi баланста тұрған иесiне шарт негiзiнде жатқызылады.
27. Лифтiнi пайдаланғаны үшiн төлем 1-шi және 2-шi қабаттағы тұрғындардан басқаларының бәрiнен алынады.
28. Жылумен қамтамасыз еткенi үшiн төлем Өнім берушінің Тұтынушымен келiсуi бойынша жыл iшiнде бiрқалыпты не осы қызмет түрiн ұсыну кезеңiнде жүргiзiледi және Шартпен анықталады.
29. Өнім беруші мен Тұтынушы арасындағы төленбеген қарыздарға байланысты барлық даулы мәселелер заңнамамен белгіленген тәртіпте сот органдарындашешiледi.
5. Тұтынушының құқықтары мен мiндеттерi
30. Тұтынушының:
1) оның өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiз, оның мүлкiне зиян келтiрмейтiн белгiленген сапада қызмет көрсетудi алуға;
2) қызмет көрсетулерге бағаларды (тарифтердi) бекіту тәртібі туралы осы көрсеткiштердi бақылауды жүзеге асыратын тиiстi мемлекеттік органдардан ақпараттар алуға;
3) қызмет көрсетулердiң жеткiлiксiздiгi салдарынан өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірiлген шығындар мен зияндарды толық өтеудi, сондай-ақ моральдық залалды толық өтеудi Өнім берушіден талап етуге;
4) шартпен бекітілген артық үзiлiстер уақыты үшiн қызмет көрсетуге төлем жасамауға;
5) энергиямен жабдықтаушы ұйымға талап қоюға және белгiленген нормалар мен стандарттарға (нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарына) сәйкес келмеген уақыттар кезеңіндегі (Шартта белгiленгеннен артық) қызмет көрсетулерге төлемеуге;
6) бiржақты тәртiппен шартты бұзуға, бұл туралы энергиямен жабдықтаушы ұйымды хабардар еткен және пайдаланған энергияға толық өтемақы төлеген жағдайда;
7) егер қызмет беруші, БЕО, оператор белгіленген тәртіппен есеп (БТҚ) ұсынбаса, алған қызметі үшін төлем жасамауға құқығы бар.
31. Тұтынушы:
1) Өнім берушімен жеке шарт жасасуға;
2) қызметтердi пайдалану кезiнде техника қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға;
3) аварияларды жою, есептеу және бақылау құралдарын қарау үшін электр, жылу, сумен жабдықтау, канализация қондырғыларымен жұмыс істеуге құқығы бар Өнім берушінің немесе мамандандырылған кәсіпорындардың өкілдеріне мүмкіндікті қамтамасыз етуге;
4) белгіленген мерзімде ұсынылған қызмет көрсетулер мен энергияға дер кезінде ақы төлеуге;
5) пәтерден, тұрғын ғимараттан кету кезінде пайдаланылған қызметтер үшін кететін күнге дейін есеп айырысуға міндетті.
32. Тұтынушыға:
1) Өнім берушілердің келісімінсіз пәтер ішіндегі желілерді, инженерлік жабдықтау мен құрылғыларды қайта жарақтандыруға;
2) Өнім берушінің келісімінсіз қуаты үйішілік желі мүмкіндіктерінен асып түсетін тұрмыстық электр құралдары мен машиналарды, үш фазалық ток қабылдағыштарды, жылу құралдарының қосымша секцияларын орнатуға, қосуға және пайдалануға, сондай-ақ пайдалану қауіпсіздігінің талаптарына және санитарлық-гигиеналық нормативтерге сай келмейтін тұрмыстық құралдар мен жабдықтарды қосуға және пайдалануға;
3) энергия есебін жүргізудің қолда бар сызбасын бұзуға;
4) жылу жүйелерінде жылу тасымалдағыштарды тікелей мақсаттан тыс пайдалануға (жүйеден және жылыту құралдарынан су ағызу) жол берілмейді.
6. Өнім берушінің құқықтары мен міндеттері
33. Өнім берушінің:
1) ұсынылған қызмет көрсетулер мен энергия үшін дер кезінде және толық көлемде төлем алуға;
2) энергияның жұмсалуы мен төленуіне бақылау жасауды жүзеге асыруға;
3) біржақты тәртіппен Шартпен белгіленген мерзімдерде ескерту жасаған жағдайда, пайдаланылған энергияға Тұтынушының төлем жасамауына байланысты Шартты тоқтата тұруға;
4) Тұтынушы қызмет көрсетуге алдын ала төлем жасаған жағдайда, белгіленген тәртіппен бекітілген қолданыстағы тарифтен жеңілдіктер жасауға құқығы бар.
34. Өнім беруші:
1) Тұтынушыға қызметтердің тарифі, төлем жағдайлары, қызмет көрсетуді берудің режимі, олардың тұтынушылық ерекшеліктері, сертификаттарының (сертификаттауға жататын қызметтерге қатысты) бар- жоғы туралы ақпарат беріп отыруға;
2) Тұтынушымен қызметтер көрсетуді беруге арналған жеке шарт жасасуға;
3) Тұтынушыға нормативтік-техникалық құжаттардың міндетті талаптарына сапасы бойынша тиісті энергия мен қызметтер ұсынуға;
4) жеткізілген энергияның сапасы мен санынан есеп жүргізу және бақылау жасауға, Шартта белгіленген мерзімдерінде Тұтынушыға ұсынылатын қызметтер сапасының бұзылуының алдын алу және жою бойынша дер кезінде шаралар қабылдауға;
5) Тұтынушы қызмет көрсетудің сапасының төмендегені туралы арыз берген күннен бастап үш күн ішінде сапаны қалпына келтіру және қайта есептеуді орындау жөніндегі барлық шараларды қабылдауға;
6) Тұтынушыға қызмет көрсетудің сапасы мен оларға төлем мөлшерінің өзгергені туралы 10 күннен кешіктірмей хабарлауға;
7) Тұтынушыға ай сайын көрсетілген қызмет пен энергия үшін есепті ұсынуға немесе энергиямен жабдықтаушы ұйыммен шартқа сәйкес БТҚ қалыптастыру үшін тұтынушыларға жеткізілген коммуналдық қызметтерге төлемді есептеу үшін БЕО-ға ай сайын ақпарат ұсынуға міндетті.
35. Өнім берушіге:
1) басқа тұтынушылардың міндеттемелерін орындамау себептері бойынша қызмет көрсетулерді алуда Тұтынушыға қызмет көрсетуден бас тартуға немесе шектеуге;
2) шарттағыдан жоғарылатылған параметрмен босатылған энергияға Тұтынушыдан қосымша ақы алуға;
3) ай сайынғы қызмет көрсету есебін берместен, Тұтынушыдан төлем талап етуіне жол берілмейді.
7. БТО қызметі
36. БЕО барлық коммуналдық қызметтердің тұтынушылары туралы бірыңғай деректер қорын қалыптастырады, ол пәтерлерде және тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) тұратын адамдардың саны, пәтерлер мен тұрғын үй-жайлардың жалпы ауданы, олардың абаттандыру деңгейі, коммуналдық қызметтер түрлері, көрсетілетін қызметті тұтыну нормалары, егер мұндай белгіленсе, тұтынылған коммуналдық қызметтердің көлемдері, есептелген сомалары, жүргізілген төлемдері, тұтынушылардың өтініштері және оларға жауаптар, жүргізілген қайта есептеулер және олардың негіздемелері туралы мәліметтерді, есептеу құралдары және олардың көрсеткіштері туралы, коммуналдық қызметтерді көрсетуге жасалған шарттың бар-жоғы туралы деректерді, техникалық талаптар мен рұқсаттардың бар жоғы туралы мәліметтерді, ескертулер, ағытып тастау, тексеру нәтижелері туралы мәліметтерді қамтиды.
37. Тұтынушылардың деректер қорына арналған меншік құқығы жергілікті атқарушы органдарға тиесілі. Үшінші тұлғалардың (оның ішінде БЕО басқа да қатысушыларының) коммуналдық қызметтердің тұтынушылары туралы деректер қорын пайдалануға жол берілмейді.
БЕО Заңға сәйкес рұқсат етілмеген қолжетімділіктен коммуналдық қызметтердің тұтынушылары туралы деректер қорын қорғау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды.
38. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға БЕО және энергиямен жабдықтаушы ұйымдар арасындағы шартта айтылғандар шегінде деректер қорын пайдалану құқығы беріледі.
39. БЕО энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен және өзге де тұлғалармен өзара қарым-қатынастарында тиісті шарттарға сәйкес әрекет етеді және мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) тұтынушылардың коммуналдық қызметтерін есепке алуды жүргізу, тұтынушылардың толық функционалды бірыңғай деректер қорын қалыптастыру;
2) тұтынушылармен коммуналдық қызметтерді көрсетуге шарттар жасау процесін ұйымдастыру;
3) көрсеткіштерді алу және есепке алу құралдарын тексеру;
4) нақты тұратын адамдар санын анықтау;
5) оларды тұтынушыларға төлем жасауға беру үшін көрсетілген коммуналдық қызметтер үшін коммуналдық төлемдердің есебін (қайта есептеулерін) орындау;
6) тұтынушыларға БТҚ жасау, басып шығару және жеткізу;
7) екінші деңгейдегі банктер және тиісті лицензиялары бар ұйымдар арқылы коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді жинауды ұйымдастыру;
8) сотқа дейінгі және сот тәртібімен тұтынушылардан жеткізілген коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық берешекті өндіріп алу;
9) коммуналдық қызметтерді есептеу құралдарын коммерциялық есепке қабылдау;
10) абоненттік қызмет көрсету мәселелері бойынша тұтынушылардың өтініштерін қабылдау;
11) Call-орталығын ұйымдастыру;
12) коммуналдық қызметтер төлемін талдау;
13) көрсетілген коммуналдық қызметтердің нақты өткізілген көлемдерін талдау;
14) жергілікті атқарушы органға БЕО есептілігін және ақпараттын ұсыну;
15) тұтынушылар мен қызмет берушілерді анықтамалық-ақпараттық қамтамасыз ету.
8. Келіспеушіліктерді шешу тәртібі
40. Қызмет көрсетулерді берудің тоқтатылған уақыты, сондай-ақ олардың сапасының нормативтік-техникалық құжаттамалар талаптарына сәйкес келмеуі Өнім берушінің диспетчерлік қызмет журналында қажетті (тиісті) сапамен қызмет көрсетуді қалпына келтіру уақыты (күні, сағаты) кейін белгіленуі тиіс.
41. Қызмет көрсетілмеген, қызмет көрсету тиісті сапада немесе толық көлемде болмаған жағдайда Тұтынушы бұл туралы Өнім берушіге Тұтынушының өзі (арызбен) немесе телефонограммамен міндетті түрде оның берілу уақытын, күнін және берген және оны қабылдаған адамның тегін көрсету арқылы хабардар етуі тиіс. Телефонограммада: қызмет көрсетудің нашарлауының (болмауының) басталу уақыты, нашарлау сипаты және Өнім беруші өкілінің болу қажеттігі (егер қызмет көрсетудің нашарлауы немесе оның тоқтатылуы Өнім берушінің журналында тіркелмесе) көрсетіледі.
Тұтынушының өзі келген жағдайда өтініш көшірмесі болуы тиіс, онда оның келіп түскендігі тіркеу сәтінде тіркеу нөмірі, өтініштің берілген күні және уақыты, оны қабылдаған Өнім беруші өкілінің қолы қойылады.
Өнім беруші журналдағы қызмет көрсету сапасының өтініште (телефонограммада) көрсетілген нормадан ауытқу (үзілісі) белгілерін салыстырады және келіспеушілік болмаған жағдайда оның нақты тұтылуына сәйкес қызмет көрсетудің құнына қайта есептеуді орындайды.
42. Өнім беруші қызмет көрсетпегені немесе төмен сапалы қызмет көрсеткені туралы фактіні растаудан бас тартқан жағдайда Тұтынушы:
1) қызмет көрсетуден бас тартуының (ағытып тастау) немесе оның сапасыз жеткізілуінің басталу уақыты;
2) қызмет көрсету сапасының нашарлау сипаты;
3) өтініштің берілу уақыты мен тіркеу нөмірі (Өнім берушінің журналы бойынша);
4) қызмет көрсетудің қалпына келтірілген (оның сапасының қалыпқа келуі) уақыты;
5) қызмет көрсетудің (сапасы нашарлауының) болмау кезеңін көрсете отырып жазбаша өтініш жазуға құқылы.
Актіге Тұтынушы, қызмет көрсетуші ұйымның меншік пәтер (үйлер) кооперативінің уәкілетті мүшесі және тәуелсіз екі куәлер қол қояды және Өнім берушіге жіберіледі. Тараптардың келісімі бойынша дау реттелмеген жағдайда Тұтынушы 10 күндік мерзім ішінде сотқа талап арыз беруге құқылы.
43. Қызмет көрсетулер кезінде Тұтынушының жіберген бұзушылықтары Өнім беруші мен Тұтынушы уәкілдерінің екі жақты актісімен екі данада ресімделіп, оның біреуі Тұтынушыға тапсырылады.
Акт Тұтынушы қол қоюдан бас тартқан немесе бұзушылықты қарастыру кезінде келмеген (ескертілген соң өзі немесе өкілі келмеген) жағдайда да жарамды деп саналады, бірақ актіні (ескертілген соң өзі немесе өкілі келмеген жағдайда) құрамында үш адамнан кем емес энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымының және (немесе) кондоминиум объектісін басқару органының (жергілікті өзін-өзі басқару органы) комиссиясы ресімдеген жағдайда.
44. Өнім беруші акт негізінде есептелінбеген энергияның көлемін анықтайды және ағымдағы есептік кезеңде қолданыстағы босату тарифі бойынша төлеу үшін Тұтынушыға жібереді.
9. Осы Қағидалардың орындалуын бақылау құқығы
45. Осы Қағидалардың орындалуын бақылауды уәкілетті органдар өз құзыретінің шегінде жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |