ЭЕМ өндірісі жұмысы көп, әрі қымбат болды. Транзисторларды біркелі етіп жинау керек болды, оларды көп мөлшерде проводтармен жалғау, олар блоктарды және компьютердің кейбір бөліктерін түгелдей орап алатын болды. Осыған байланысты ЭЕМ күрделілігі күнен күнге арта түсті. ЭЕМ өндірісін технологиясында революцияны интегралды схема-электронды схемалардың жасалуы тудырды, мұнда транзистордағы конденсатор және резистор жартылайөткізгіштің бір кішкене бөлігінде ғана жинақталды. Интегралды схемаларды дайындау операциялары күнен күнге кемелденіп, дами түсті және нәтижесінде бір кремний пластинкада жүздеген кристалды интегралды схемаларды орналастыру мүмкіндігі туды. ЭЕМ үшінші буынына көшу кезеңі туды (Кесте 3).
Секундына 30 млн. операция. Процессорларды жобалауда микропрограммалау техникасын қолдана бастады, процессордың күрделі командарларын қарапайымнан құрастырды
ЖЖҚ (ОЗУ) максималды көлемі
16 Мбайт. ТЖҚ (ПЗУ) пайда болды.
Перифериялық құрылғы
Ішкі жады магниттік дискілерде, дисплей, графопостроитель
Программалық жабдық
Операциялық жүйе және көптеген қолданбалы программалар пайда болды. Жоғарғы деңгейдегі алгоритмдік тілдер. Бір уақытта бірнеше программаларды орындау мүмкіндігі, яғни жұмыстың көппрограммалы режимі
Мәліметтер қоры, жасанды интеллект жүйесінде, басқару және автоматтандырылған жобалар жүйесінде
Мысалы
PDP-11, IBM/360, CDC 6600, БЭМС-6б Минск-32
Алғашқыда интегралды схемаларға ондаған транзисторларды орнатуға болды, алайда интегралды схемаларды өндіру технологиясы үнемі дамып, кемелденіп отырды, нәтижесінде ҮЛКЕН интегралды схемалар (БИС-ҮИС), ол мыңдаған, жүз мыңдаған және одан да көп транзисторлардан тұрды, және де 1Мбайт жадымен өте үлкен интегралды схемалар (СБИС-сверхбольшие инт. схем) пайда болды. Өте үлкен интегралды схемалар микропроцессорды жасауға мүкіндік тудырды, ол есптеуіш техникада келесі революцияны болдырды және ЭЕМ келесі төртінші буынына әкелді (Кесте 4). Микропроцессор компьютердің негізгі блогы – процессордың функциясының жұмысын орындай алды. Ол оған орнатылған программамен жұмыс істеді және әртүрлі техникалық құрылғыларға қарай баптауға болды (станок, автомобиль, самолет). Микропроцессорды енгізу-шығару құрылғысына және ішкі жадыға қоса отырып, жаңа типтегі ЭЕМ – микроЭЕМ алды. Бүгінгі күнде кең тараған ЭЕМ түрі дербес компьютерлер (ДК).
Түрлі түсті графикалық дисплей, «тышқан» түріндегі манипуляторлар, «джойстик», пернетақта, магнитті және оптикалық дискілер, принтерлар және т.б.
Программалық жабдық
Қолданбалы программалық жабдықтар пакеті, желілік ПЖ, мультимедиа және т.б.
Қолданылу аймағы
Барлық жерде ғылымда, өндірісте, білім саласында, демалыста, көңіл көтеруде, Интернет
Мысалы
IBM PC, Macintosh, Cray, ЭЛЬБРУС
Дербес компьютерлер – ЭЕМ-дың төртінші буынының бір бөлігі. Бүгінгі таңда ДК пайдалану күнделікті тұрмыстық техникалар телевизор, музыкалық орталық сияқты үйреншікті затқа айналды.
ЭЕМ бесінші буыны – алыс емес болашақтың машиналары. Олардың негізі сапасы жоғары интеллектуальды деңгейде болуы керек. Егер болашақта ЭЕМ «сезім логикасымен» қаруландыра алатын болса, онда машиналар адамзат өміріндегі тірі эксперттерді алмастырады.
Сонымен қатар кейінгі кезде компьютерді байланыс құралы және тұрмыстық прибормен қосу екпінді түрде дамып келеді. Бір интегралды схемада микропроцессор және оны қоршаған орта мен программалық жабдық орналасқан жаңа жүйелер жасалатын болады.
Болашақта қалталы компьютерлер иесін соңғы жаңалықтармен таныстырып, қоңырау шалу арқылы билеттерге тапсырыс беру, салық төлеу сияқты қызметтерді атқара алатын болады.