Дәріс №5 Модель түрлері және олардың қолданылу аймағы
Мақсаты: Модельдерді қолданылу аймағына қарай топтарға жіктеу
Модельдер адам қызметінің таным, қатынас, практикалық қызмет сияқты сфераларында ќолданады.
Адамды (модельдеу субъектісін):
- модельдеу объектісінің сыртқы түрі;
- модельдеу объектісінің құрылымы;
- модельдеу объектісінің үлгісі қызықтыруы мүмкін.
Модельдің мақсаты мен шешуге тиісті мәселесі осы үш аспектінің бірін таңдауға ықпал етеді.
Модельдің әрбір аспектісі қасиеттерінің жиынтығы арқылы айқындалады. Модельдерде объектінің барлық қасиеттері емес, тек қана модельдеу мақсаты тұрғысынан қажетті қасиеттері ғана бейнелейді.
Модельдеудің әрбір аспектісі (түр, құрылым, үлгі) өзіндік қасиеттер құрамымен сипатталады.
Объектінің белгілері сыртқы түрінің сипаттамасы ретінде көрсетіледі. Тілде бұл белгілер қызыл, сары, дөңгелек, ұзын сияқты сын есімдермен өрнектеледі. Объектінің сыртқы түрі оны тану, ұзақ уақыт сақтау (фотография, портрет) үшін модельденеді.
Объект құрылымы деп оның элементтері мен олардың арасындағы байланыстар жиынтығы айтылады.
Құрылымды сипаттауда объектінің құрамдас элементтері мен олардың қасиеттері көрсетіледі.
Тілде бұл элементтер мен байланыстар: электрон, протон, күш, (атом сипатталуындағы) энергетикалық деңгей сияқты зат есімдермен өрнектеледі.
Объект құрылымын модельдеу:
оның көрнекі бейнесі;
объект қасиеттерін оқып үйрену;
байланыстық белгілерді айқындау;
объектінің тиянақтылығын оқып үйренуге қажет.
Уақыт ағымына байланысты шығатын өзгерістер объект күйі деп аталады. Объект күйінің сипаттамасы оның сыртқы түрі мен құрылы-мының басқа объектілермен өзара әсерлерінің уақытқа байланысты нәтижесінің сипаттамасына келтіріледі. Тілде бұл сақтау, даму, айналу сияқты етістіктермен өрнектеледі.
Объект күйін модельдеу:
болжауға;
басқа объектілермен байланыс орнатуға;
басқаруға;
техникалық құрылғыларды құрастыруға қажет.
Объектілердің кейбір қасиеттерін сандық мән қабылдайтын шама-лармен сипаттауға болады. Мысалы: масса, ұзындық өлшемдері бұл жағдайдағы қасиеттердің параметрлері деп аталады.
Модельдерді қасиеттеріне қарай мынадай топтарға жіктейді:
1.Қолданылу аймағы.
2.Модельде уақыт факторын ескеру.
3.Білім саласына қарай топтау.
4.Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау.
Қолданылу аймағына қарай модель не үшін және қандай мақсатқа қолданылады деген сұраққа жауап беру масатында: оқу, тәжірибелік, ғылыми-техникалық, ойын, имитациялық тәрізді топтарға жіктеледі.
Оқу моделі - көрнекі оқу құралы, әр түрлі машықтандырушы, үйретуші, программалар түрінде болуы да мүмкін.
Тәжірибелік модель- жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда объектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады. Бұл модельдер- объектіні зерттеу, қасиеттерін болжау, зерттеу мақсатында қолданылады. Мысалы, үлкен теңіз кемесінің моделін алдын ала бассейнге жіберіп, оның тез қозғалған кездегі ауытқуын, шайқау кезіндегі ұстамдылығын анықтайды т.б.
Ғылыми-техникалық модельдер - процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады. Оған мысал ретінде электрондардың жылдамдығын үдеткіш- синхротрон, найзағайдың разрядын бақылаушы құрал және теледидар тексеруг арналған стендтерді айтуға болады.
Ойын модельдеріне - әскери, экономикалық,спорттық ойындар жатады. Бұл модельдер әр түрлі жағдайда объектіні бақылауға жаттықтырады. Сондай-ақ қарсыласы немесе одақтасы тарапынан болатын іс-әрекетке қарай алдын алу шараларын анықтауға көмектеседі. Ойын модельдері адамдарға әр түрлі жағдайларда психологиялық көмек көрсетеді.
Имитациялық модель- шын мәніндегі нақты объектіні өте жоғары дәлдікпен бейнелеп алады. Тәжірибе нақты объектіні зерттеу, бағалау мақсатында бірнеше рет қайталанады немсе бір мезгілде әр түрлі жағдайда бірнеше ұқсас объектілермен қатар жүргізеді. Дұрыс шешім таңдаудың мұндай тәсілі байқау және қатенің әдісі деп аталады. Мысалы, жаңа дәрілердің әсері мен қабылдау мөлшерін бекіту үшін оны алдымен тышқандарға беріп, тәжірибе жасайды.
Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.
Статистикалық модель деп-объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады. Мысалы, тіс емханасында дәл сол уақыт мезетіндегі оқушылардың тістерінің жағдайы туралы мәлімет береді: бастауыш сыныптағылардың сүт тісі, орта және жоғары буын оқушыларының емделген, емделуге тиісті тістердің саны т.б.
Динамикалық модель- уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді. Мысалы, жеке оқушының емханадағы түбіртек кітапшасын динамикалық модель деп айтуға болады. Өйткені, осы кітапша бойынша жыл сайын олардың денсаулығындағы болып жатқан өзгерістерді анықтау мүмкіндігі бар.
Үй салу кезінде оның іргетасының қабырғалары мен тіреулерінің үнемі түсіп тұратын күшке шыдамдылығын тексеру керек. Бұл-үйдің статистикалық моделі. Сондай-ақ дауылға, жер сілкінісіне т.б. уақыт факторына байланысты болатын өзгерістерді де ескеру қажет. Бұл мәселелерді динамикалық модельге сүйене отырып анықтауға болады. Жоғарыдағы мысалдардан байқағанымыздай бір объектіні статистиклық және динамикалық модельдерді пайдалана отырып, зерттеу мүмкіндігі бар.
Модельдерді көрсетілу әдісіне қарай топтау.
Модель көрсетілу әдісіне қарай материалдық және ақпараттық болып үлкен екі топқа жіктеледі
Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға да болады. Олар түпнұсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді. Материалдық модельдердің қарапайым мысалдарына балалар ойыншықтарын алуға болады. Ойыншықтар көмегімен кішкене кезінен бала қоршаған орта жөнінде түсінік ала бастайды. Мысалы, кішкене жұмсақ жолбарыс ойыншығымен ойнаған бала, зоопаркте оны бірден таниды. Сондай-ақ материалдық модельге биология кабинетіндегі құстар сұлбасы, тарих және география пәніндегі пайдаланылатын карталар, күн жүйесіндегі планеталардың схемалары, жер серігінің макетері т.б. мысал бола алады. Мектептегі оқу құралымен бірге физикалық және химиялық тәжірибелер де материалдық модель болады. Бұл тәжірибелер процестерді модельдейді. Сутегі мен оттегінің арасындағы реакцияны көрсету тәжірибесі арқылы поцесті бақылай аламыз. Материалдық модель объектіні, процесті, құбылысты материалдық жағынан зерттеуге мүмкіндік береді.
Ақпараттық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек ақпараттарға ғана құрылады. Мұндай модельдер қоршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмкіндік береді.
Ақпараттық модель дегеніміз- объектінің, процестің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |