Компьютер пайдалы ма, зиян ба



бет1/8
Дата19.05.2022
өлшемі3.67 Mb.
#457201
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
ашык саб 2


Компьютер пайдалы ма, зиян ба?


Сабақтың тақырыбы: «Компьютер пайдалы ма, зиян ба?»


Сабақтың түрі: Дебат /пікір талас/


Сабақтың мақсаты: Ақпарат және ақпараттық технологияға байланысты студенттерді ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізе білуге үйрету.


Дамытушылық: студенттердің зердесін көтеріп, ақыл-ойын дамыту,пәнге қызығушылығын арттыру.


Тәрбиелігі: студенттерді ұстамдылаққа, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды, қарастырылатын мәселені тыңдай білуге, сөйлеуге тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа сай материалдар, суреттер, бейнефильм.


Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқытушы: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, студенттер және қонақтар. ХХІ ғасырдың басы адамзаттың индукциялық эрадан ақпараттық эраға өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты ақпаратты ала білу, оны өңдеу және күнделікті пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. Оқи білу және ойын жазып жеткізе білу адамзаттың сауаттылығының белгісі бола бастады. Ал ақпаратпен жұмыс істеудің негізгі құралы болып компьютер пайда болды. Жаңа ақпараттық технологиялардың өте шапшаң даму қарқыны қоғамда кез-келген жерде адамдардың жұмысын жеңілдету үшін компьютерді пайдалануға әкеліп соғады. Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ –дер күнбе –күн пайда болып, олардың даму үрдісі үздіксіз ғылыми-техникалық үрдіске айналып отыр. Дегенмен компьютердің де пайдалы және зиян жақтары бар екен.
Сонымен бүгінгі ойынымызды бастайық! Бүгінгі біздің резолюция: «Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?». Пікірталасқа қатысушы екі фракцияны қарсы алайық.


Екі фракция шығады.


Оқытушы: Әр фракция өз-өзін таныстырып кетеді.
(фракциялар аттарын және ұрандарын айтып кетеді).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет