Компьютерлік желілер пәнінен зертханалық жұмыстарға арналған



Pdf көрінісі
бет1/36
Дата15.02.2024
өлшемі0.7 Mb.
#491896
түріНұсқаулар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36


Ф СО ПГУ 7.18.1/02
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Физика, математика және ақпараттық технологиялар
факультеті
Компьютерлік желілер пәнінен зертханалық
жұмыстарға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Павлодар


Ф СО ПГУ 7.18.1/14
БЕКІТЕМІН
ФМ және АТ факультетінің 
деканы 
_______________Тлеукенов С.К.
«__»________________200___ж.
Құрастырушы: АжБ магистрі Исабекова Б.Б.
Информатика магистрі Тоқжігітова Н.Қ.
Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы
Компьютерлік желілер пәнінен
050703" - Ақпараттық жүйелер" мамандықтарының 
студенттеріне арналған 
зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар
Кафедра отырысында құпталды 
“______” _____________200__ж. Хаттама №_________
Кафедра меңгерушісі________________________ Ж.К.Нұрбекова
«ФМжәнеАТ» факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде 
мақұлданды
“______” _____________200__ж. Хаттама №_________
ӘК төрағасы _____________________________А.З.Даутова


№1 зертханалық жұмыс
Тақырыбы:
 Ақпаратты алғашқы өңдеудің
материалдық модульдік жүйесі. 
Жұмыстың мақсаты: 
Желілік топологияның
динамикалық имитациялық моделін жасау. Желілердегі
мәліметтерді берілген жөнелту үрдісі үшін имитациялық
моделді жасау үлгісінде желінің әртүрлі топологияларына
арналған мәліметтерді беру ортасына қатынау әдістерімен
танысу.
Теориялық ақпарат
Желіні құрастыру
1.
Желінің топологиясы – бұл компьютерлердің,
кабельдердің және бақа желілік құрауыштарының
орналасуының физикалық мінездемесі. Желінің тополгиясы
компьютердің желідегі әрекеттестігінің тәсілін анықтайды.
Барлық желілер үш базалық топологияның негізінде
құрылады:

Шина (Bus);

Жұлдыз (Star);

Сақина (Ring).
2.
Егер компьютерлер бір кабельдің бойында қосылып
тұрса мұндай топология шина деп аталады.
PC-1
PC-2
PC-3
PC-4
PC-5
PRINTER
Сурет. 1. «шина» типінің желісі
Шина топологиясының желісінде мәліметтер желіге тек
бір компьютермен уақыттың бір сәтінде беріледі.
Ақпаратты алушының ақпаратты берушінің және
берілген ақпараттың мекен-жайы көрсетілген электрлік
сигналдар түрінде беріледі. Берілетін ақпаратты барлық
компьютерлер «естиді», бірақ оны тек алушының мекен-жайы
сәйкес келетін ғана қабылдайды. Ақпаратты беру кезінде
қалған компьютерлер мәліметтерді бере алмайды, олар тек
желіні «тыңдап» және берудің аяқталуын күтеді. Желі
«босаған» кезде (мәліметтерді беру аяқталғанда), бірінші,


болып ақпаратты берем деушілер өзінің ақпаратын беруді
бастайды.
3. Шина – пассивті топология, онда компьютерлер желі
бойынша беріліп жатқан мәліметтерді беріп, тыңдайды, бірақ
оларды күшейтпейді, сондықтан желілік кабельдің ұзындығы
және желідегі компьютерлердің саны сигналдың өшуімен
шектелген. Активті топологияларда компьютерлер
мәліметтерді күшейтеді және оларды ары қарай желі
бойынша береді.
4.
Шина типіндегі желілерде желінің жұмыс істеу
қабілеттілігін бұзушылыққа әкелетін кабельдің екі шетінде
сигналдың көп бөгеуілдер пайда болады. Электрлік
сиганладрдың бейнесінің алдын алу үшін кабельдің
шеттерінде осы сигналдарды бойына сіңіретін
«терминаторлар» қойылады. Кабельдің екі үзігін қосу үшін
«BNC-баррел-конектор», деп аталатын арнайы ауыстырғыш
қолданылады, кабельді аяқтау үшін «BNC-конектор»
ажыратқышы қолданылады, ал компьдердің екі кабелін көрші
компьютерлерден желілік платаға қосу үшін «BNC-T-
конектор» қызмет етеді.
5.
Кабельдің ұзындығын көбейту үшін «репитерлер»
қолданылады, екі бағытта күшейтетеін және қайта
жаңартатын әлсіз сандық сигнал. Репитерлерді белсенді BNC-
баррел-конектор ретінде пайдалануға болады.
репитер
Сурет 2. Репитер
6. Егер компьютерлер бір нүктеден шығып тұрған кабель
сегменттеріне қосылып тұрса, (HUB концентраторы) мұндай
топология жұлдыз деп аталады. «Жұлдыз» топологиясында
барлық компьютерлер желінің сегменттерінің көмегімен
орталық құрауыштарға қосылады, бұл (HAB) концентраторы
деп аталады. Беріп тұрған компьютердің сигналдары
концентратор арқылы барлық қалған компьютерлерге түседі.
Бұл желінің тез әрекетін көбейтеді. «Жұлдызда»
мәліметтерді беру технологиясы әдетте «шина»
топологиясымен ұқсас. Сондықтан «жұлдыз» - бұл орталық
күшейтетін және комутациялайтын жабдығы бар «шина» деп
есептеуге болады. Концентраттар активті (күшейтетін) және
пассивті (желіні күшейтусіз қосатын), сонымен қатар


гибридтік (пассивті жіне активті режимде жұмыс істей
алатын) болады.
Сурет 3. «Жұлдыз» типінің желісі
7. Егер компьютерлер қосылған кабельдер сақинамен
бекітілсе, мұндай топология «сақина» деп аталады.
Сурет. 4. «Сақина» типінің желісі
Сақина топологиясында сигналдар бір бағытта сақина
бойынша беріледі (сағат тілі бойынша) және әрбір компьютер
арқылы өтеді. Бұл технологияда әрбір компьютер репитер
болып табылады, ал мәліметтерді «маркерді» пайдалану
арқылы «сақина» бойынша ақпараттарды беру деп аталады.
Маркерді беру кезінде (мәліметтері бар арнайы микрофайл)
ол бір ізділікпен бір компьютерден басқаға оны мәліметтерді
беретін қабылдамайынша беріліп отырады. Маркерді
қабылдаған («алып алған») компьютер оған берілетін
ақпаратты, өзінің мекен-жайын және алушының мекен-
жайын орналастырады. Бұдан кейін маркер ары қарай
сақинаға жіберіледі. Маркермен мәліметтер әрбір компьютер
арқылы маркерде көрсетілген алушының мекен-жайымен
мекен-жайы сәйкес келмейінше өтіп отырады. Қабылдаушы
компьютер маркерді алады, одан мәліметтерді алып,


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет