КӨне түркі тіліндегі шылаулардың лексика – грамматикалық мағынасы



бет1/2
Дата02.07.2016
өлшемі409.3 Kb.
#172617
  1   2
КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ ШЫЛАУЛАРДЫҢ ЛЕКСИКА – грамматикалық мағынасы
Тiлдiң басқа салалары сияқты синтаксистiң құрылысы да заман өткен сайын бiрден – бiрге өзгерiп, толығып, жетiлiп отырады. Бiрақ тiлдiң бұл құрылысы басқа салаларға қарағанда құбылмалы емес. Алғашқы категориялық негiзде дамып, кеңейiп отырады. Ал тiл фактiлерi оның ұзық жасайтын тұрақты грамматикалық сала екендiгiн байқатады.

Тiлiмiзде бiраз сөздер сөзге қосымша мағына үстеу үшiн жұмсалып, грамматикалық амал ретiнде қызмет атқарады.Олардың өздерiне тән лексика – грамматикалық мағыналары бар. Олар тiлдiң бүкiл даму тарихында кейбiр есiм, етiстiк формаларының бастапқы лексикалық мағыналары бiрте – бiрте әр түрлi дәрежеде солғындап немесе жоғалып, әр алуан грамматикалық мағыналарды иеленiп қалыптасқан. Шылаулардың лексика – грамматикалық мағыналары жеке тұрғанда абстракты болғанымен сөз аралықтарында конкреттенiп отырады. Жалпы шылаулардың грамматикалық мағыналары лексикалық мағыналарына қарағанда әлдеқайда басым. Орхон – Енисей және Талас ескерткiштерiндегi шылаулардың атқаратын қызметтерi өзiндiк ерекшелiктерiмен әр түрлi дәрежеде көрiнедi. Олардың бiрқатары сөз бен сөздiң арасындағы грамматикалық байланыстарды айқындаса, кейбiреулерi жеке сөздер мен сөз тiркестерiн не болмаса сөйлемдi анықтау, толықтау үшiн я қосымша реңк беру үшiн және тағы басқа мқсаттар үшiн қолданылады.

Көне түркi тiлiнде кездесетiн көптеген шылау сөздер қазiргi тiлiмiзде өздерiнiң грамматикалық тұлғасын өзгерткен. Кейбiр шылаулардың грамматикалық мағыналары мен қызметтерi өзгермей, тек фонетикалық өзгерiстерге ұшыраған.Ал қазақ тiлiндегi тұлғалық жағынан өзгерген шылау сөздерiнiң орнына сол мағынадағы басқа тұлғалар бар. Қазiргi түркi тiлдерiнiң кейбiрiнде қазақ тiлiнде жоқ формалары (қоды, ұдұ,азу) сақталынған. Мәселен, қоды сөзiнiң қызметiн қазақ тiлiнде бойы тұлғалы шылау атқарады. Азу тұлғалы шылаудың орнына әлде формасындағы шылау жүретiндiгi сияқты.

Орхон – Енисей жазба ескерткiштер тiлiндегi шылау сөздердiң синтаксистiк қатынаста қандай қызмет атқарғандығын сөз тiркесi тұрғысынан алып қарастырамыз. Себебi синтаксистiк дәрежелерiнiң алғашқы сатысы болып есептелiнетiн бөлшек – сөз тiркесi. Синтаксистiк қатынастың көрiнiсi ең алдымен жеке сөздердiң тiркесiнен байқалады. Ал жеке сөздер өзара тiркесiмдiлiк сипаттта болу үшiн бiр – бiрiне бағына жұмсалуы қажет. Сөздердiң осылайша үйлесiмдiлiгi ғана оларды тiркесiмдiлiк қабiлетке түсiредi. Көне түркi жазба ескерткiштер тiлiндегi шылаулардың сөз тiркесiнде лексика – грамматикалық мағынасы болады. Бұндағы синтаксистiк қатынас дегендi жеке сөздер мен шылау сөздердiң өзара байланысы, сөйлемдегi сөздердiң аралық қатынасы және жеке- жеке сөйлемдердiң үйлесе айтылуы тәрiздес мәселелер төңiрегiнде қарастырылады деп ұғынуымыз қажет. Сөйлемдегi сөздердiң байланысы түрлiше грамматикалық амал – тәсiлдердiң негiзiнде жүзеге асады. Соның нәтижесiнде өздерi тiркескен сөзiне әр түрлi грамматикалықт мағына туғызып сөйлем мүшелiк, жалпы сөйлемнiң қызметi анықталып, сөйлемнiң қызметiмен үндесе келедi. Шылау сөздер өзi тiркескен сөзiн басқа сөздермен байланыстырып қана қоймай, сонымен бiрге оған қосымша грамматтикалық мағына реңктер берiп отыратыны мәлiм. Бұл жөнiнде М.И.Стеблин – Каменский: «Грамматическое значение следует рассматривать в связи с функцией слова в акте речи.Каждая группа значении играет различные функции в мышлении: лексическое значение даст материал для мыслительного процесса, а грамматическое значение формирует его» деп грамматикалық мағынаның қасиетiн аша түседi. Көне түркi руникалық жазба тiлiндегi шылау сөздерден бұндай қасиеттердi көруге болады. Мысал:Темiр қапығқа тегi сүледiм – Темiр қақпаға дейiн соғыстым. Бұл жерде сөйлемдi синтаксистiк және морфологиялық тұрғысынан алып қарағанада қазiргi тiлiмiздегi нормаларға сәйкес.Соның iшiнде тегi септеулiк шылау тiркесi арқылы жалпы шылау сөздерiнiң синтаксистiк дәрежесiн көрсету үшiн немесе зерттеу үлгiсi ретiнде талдап, түсiнiктеме берелiк. Сонымен бiрiншiден, «қапығқа тегi» тiркесi – есiм сөз бен етiстiктi байланыстырушы аналитикалық формант. Екiншiден, барыс септiктi зат есiм сөзбен тiркесiп келiп, iс - әрекеттiң таралатынын, жететiн шегiн бiлдiредi. Үшiншiден, тiркескен сөзбен бiрге келiп, сөйлем мүшесi қызметiн атқарады. Төртiншiден, меңгерiле байланысады. Ең маңыздысы Темiр қақпаға дейiн соғысытым деген сөйлемдi, Темiр қақпаға соғыстым деп тегi шылауынсыз айтатын болсақ сөйлемiмiз түсiнiксiздеу, тиянақсыз болар едi. Мұндағы ерекшелiк қақпаға деген сөздi емес, екi компонент аралығындағы абстарктылық мағынаұштастығына байланысты болып отыр.

Қазiргi қазақ тiлiнде барыс септiктi меңгертетiн шылау сөз тек дейiн тұлғасы ғана емес, тiптi контексте кейде шейiн мен дейiн шылауцының бiр – бiрiне мағыналық реңк жағынан айырмашылығы болады. Сол себептен бұлардың аффикстiк байланыстан да, басқа сөз таптарынан да ерекшеленетiн қасиеттерiнiң бiрi – синтаксистiк қатынастағы лексика – грамматикалық мағыналары. Мысалы: Мен үй келдiм деген қосымшасыз тұрған сөйлемдi алсақ, объектiлiгiне байланысты мен үйге келдiм,м мен үйден келдiм, ауыс мағынасында мен үйсiз келдiм, мен үймен келдiм деген сияқты әр түрлi грамматикалық көрсеткiштер жалғану арқылы сөйлем мағынасын тиянақтауға, үйлестiруге болады. Ал шылауларда олай емес. Олардың қызметiн басқа сөз таптары түгiл шылаулардың өзi бiрiнiң орнына бiрi жүре бермейдi.Мысалы: Мен үй үшiн келдiм. Мен үй арқылы келдiм деген сөйлемдердегi үшiн, арқылы септеулiк шылаулардың орнына басқа шылау сөздер жүрмейдi. Шылаулар сөз құрамында емес, тiркес құрамында келiп бiлдiретiн грамматикалық мағыналармен ерекшеленедi.Бұнымен синтаксисiнiң маңыздылығын танытады. Әрбiр шылау лексемасы сөз бен сөз аралығын ғана байланыстырып қоймайды немесе өзi тiркескен сөзiне ғана қатысты болып келмейдi. Жалпы сөйлемнiң қандай түрi болмасынолардың мағынасына тәуелдi болмақ. Сөйлем «темiр қақпаға дейiн соғыстым» деп дейiн шылауымен келген уақытында ғана айналасындағы басқа сөздермен тығыз байланысқа түсiп, белгiлi бiр мақсаттағы сөйлем құруда өз дәрежесiне қатынаса алады.Мұндай көрiнiс шылау сөздер мен дербес сөздердiң тұлғалық және мағыналық жақтарынан тығыз байланысқа түсуiнiң нәтижесiнен туындайды.Мағыналық ұғымның дұрыс болуы үшiн сөздер, сөйлемдер арасында үйлесе алатын дұрыс грамматикалық байланыстың болуы қажет. Контекстiк мағыналық ұғымның дұрыс болуы ең алдымен сөздер арасындағы шылаулардың мағына қиюласуы мен ұштасуына байланысты болып келедi.

Сөйтiп шылау сөздер жеке сөздер арасын байланыстыруда ерекше қызмет атақарады. Бұндай ерекшелiктi шылаулар арқылы әр түрлi синтаксистiк қатынасты бiлдiрулерiмен түсiндiруге болады. Ал синтаксистiк қатынас – сөйлем бойына тән қасиет. Шылау сөздер осындай ерекшелiктердiң негiзiнен туындайтын сөйлемдерде алдыңғы қатарда жүредi. Себебi сөздер мен сөйлемдер арасын байланыстырудағы өрiсiнiң кеңдiгi олардың бойына тән өзiндiк қасиеттерiнен шығып жатады.Шылау сөздердiң грамматикалық жүйеде алатын орны, оның өзге де категориялық мағынаға әсерi синтаксистiк қатынаста ғана жүзеге аспақ. Олар сөз тiркесi құрамында келiп, сөйлем құрауға қатысатындығы және құрмалас сөйлем түрлерiнiң құрамында болып, әр түрлi дәрежеде қызмет атқаруыаналитикалық формант есебiнде саналады. Олардың құрылымдық сипатының өзi көпшiлiк жағдайда ондағы жетекшi сөздiң грамматикалық және лексикалық табиғатына негiзделедi. Сөздiң басқа бiр сөзбен тiркесiп, белгiлi бiр күрделi номинативтiк мәнге ие болуы ең алдымен, оның лексика – грамматикалық мүмкiндiгiнен туындайды. Сөз тiркесiн ұзақ дәуiрдi басынан кешiрген семантикалық және тұлғалық жағынан бiр – бiрiмен үйлескен сөздер ғана құрай алады.Сөз тiркестерiнiң даму барысында тiркес құрау қабiлеттiлiгi артып, тарихи өзгерiп, мағыналық жағынан толығып кеңейедi. Негiзiнен «сөз тiркестерi тұрғысынан алып қарастыруда тiлдегi әрбiр жаңа құбылыс бұрыннан бар элементтердiң негiзiнде пайда болатындығына көз жеткiзiледi. Сол элементтердiң жүйелi байланысы мен қатынастарына негiзделедi» деген ғалымдардың пiкiрiн басшылыққа алған жөн . Сөйтiп қазiргi қазақ тiлiндегi шылаулардың толық лексикалық мағынасы бар сөздермен тiркесiп келуiн Орхон – Енисей жазба ескерткiштер тiлiндегiсiмен байланыстырамыз. Олар сөз тiркесi шеңберiнде ғана емес, сөйлем, сөйлем мүшелерi бойынша салыстырмалы түрде зерттелiнетiн болады. Сөз тiркесi аспектiсiнде қарастырылғанда тiркестiң түрлерi, формалық байланысы, сөйлем мүшелерiне қатысы анықталынады. Жалпы көне ескерткiштер тiлiндегi шылау сөздер қандай формамен тiркесетiнiн анықтау үшiн сөйлем мағынасы мен мәтiн мазмұны шеңберiнде алып қарастырамыз. Себебi жатыс, барыс, шығыс,табыс септiктерi бiрiнiң қызметiн бiрi атқарады. Көне түркi тiлiндегi септiк парадигмада қазақ тiлiндегiдей қалыптасқан жүйелiк жоқ. Мысалы «қондуқта кiсре» тiркесi «қонғаннан кейiн» түрiнде болады.Әрi қарай талдауымызда «қонғаннан кейiн» шылаулы тiркес етiстiктiң есiмше формасынан кейiн жалғанған шығыс септiктi етiс тiркес екендiгi көрсетiледi. Содан соң шығыс септiктi есiмше формалы етiстiк сөзгк кейiн шылауы тiркесiп, белгiлi бiр фактiнiң соңынан болатын мекендiк немесе мезгiлдiк ұғымды бiлдiретiндiгi түсiндiрiледi.



Көне түркi тiлiндегi шылау сөздердiң сөйлем мүшелерiне қатысы да бiршама анықталынды. Жалпы шылаулар толық лексикалық мағынасы бар сөздермен тiркесiп келiп, барлық сөйлем мүшелерiнiң қызметiн атқаруға қатысқан. Соның iшiнде пысықтауыш, анықтауыш және баяндауыштық қатынаста болатындығы байқалынады. Г.Иманалиеваның «шылаулардың басты қасиетi сөздермен тiркесiп келгенде нақтыланады» деуi негiзгi критерии. Ғалым шылаулар тiркеске сөзiне әр түрлi грамматикалық мағыналар жамап, сол тiркестi сөзбен бiрге сөйлем мүшелерiнiң қызметiн атқаруғақатысатындығын сөз еткен[41,б.150].Ендi сол шылау сөздердiң сөйлем мүшелерiне қатысын қарапайым мысалдар арқылы берелiк. Мысалы:Йағру қодуқта кiсре арығ бiлiг анта өйүр ермiс – Жақын қонғаннан кейiн олардан жаман қылықты сонда үйренген едiк.Синтаксистiк амал – тәсiл бойынша сұрақ қою арқылы аталмыш тiркестiң қандай сөйлем мүшесiнiң қызметiн атқаратындығын анықтаймыз. Қашан үйренген едiк? Жақын қонғаннан кейiн – мезгiл – мекен пысықтауыш сөйлем мүшесi болады. Анта кiсре iнiсi ечүсiнтег қылыңмадуқ ерiнч – Содан кейiн iнiсi ағасындай бола алмады. Қашан? Содан кейiн – бұл тiркес мезгiл пысықтауыштық қатынаста болады. Қағанын бiрле Соңа йышда сүңүсдiмiз – Қағанымен бiрге Соңа қойнауында шайқастық. Қалай шайқастық?- қағанымен бiрге – есiм негiздi тiркес, сын – қимыл пысықтауыштық қатынаста болады. Жалпы осындай сипатта шылау сөздердiң сөйлем мүшелерiне қатысы анықталынып отыр. Тағы бiр айта кететiн мәселе шылаулардың қасиетi жай сөйлем және құрмалас сөйлем тұрғысынан да сипатталады. Мәселен, тегi, үчүн септеулiк шылаулардың жай сөйлем және құрмалас сөйлем iшiнде қолданылуынан түсiнiк берелiк: Бiр кiсi йаңылысар, оғушы бодуны бiсүкiне тегi қыдмыз ермiс – Бiр кiсi егер жаңылса, руы, халқының тұқымына дейiн қалмас едi. Бұл сөйлем – шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем. Тегi септеулiгi басыңқы сөйлемде келiп, бағыныңқы сөйлемнiң баяндауышы шарттылық мағынасымен тығыз байланыста болады. Басыңқы сөйлемдегi тiркескен сөзiне шектiк, нақтылық мағынаны бiлдiре отырып, шартты бағыныңқы сөйлемнiң себептiк мағынасы мен ұштасып жатады. Яғни шылау сөздер құрмалас сөйлем құрамында келiп, әр түрлi қатынасқа байланысты бiр ғана компоненттiң құрамында қалмай, екiншi компонентке де әсерiн тигiзедi. Жай сөйлемдердi құрмаластыруда да шылаулардың атқаратын рөлдерi ерекше болып отыр. Олар құрамалас сөйлемнiң салалас түрiн жасауға да, сабақтас түрiн жасауға да қатынасады. Дегенмен руникалық жазбалардағы шылаулардың барлығы дерлiк құрмалас сөйлем жасауға қатынаса алмайды. Негiзiнен құрмалас сөйлем жасауға қатынасатын шылаулар екi түрлi болады. Соның iшiнде салалас құрмалас сөйлем құрамында келетiн жалғаулық шылаулар өте сирек.Мысалы: Өгүм қатун улайу өглерiм, екелерiм, келүңүнiм, кунчуйларым бунчайеме тiрiгi күң болтачы ертi – Шешем өгей қатынға iлескен аналар, жеңгелер, келiндерiм, бикештерiм мұнша және тiрi күң болар едiңдер. Ал жай сөйлемдердi сабақтастыра құрмаластыруға қатынасатын септеулiктер бiрлi – жарым ұшырасады.Жай сөйлемдердi бiр – бiрiмен сабақтастыра құрмаластыру қызметiн атқарғанда септеулiк шылаулар бағыныңқы компонент баяндауышы болып тұрған етiстiк сөзбен тiркесiп, қабыса байланысып, грамматикалық мағынасын үстемелеп тұрады: Тәңiрi күч бертук үчүн, қаңым қаған сүсi бөрiтег ермiс, йағысы қонтег ермiс – Тәңiрi берген үшiн, әкем қағанның әскерi бөрiдей едi, жаулары қойдай едi.

Келесi бiр мәселе сөйлемнiң бiрыңғай мүшелерiне қатысты болмақ. Орхон – Енисей жазба ескерткiштер тiлiнде шылаулардың бiрыңғай мүшелерiн жасауы соншалықты көп кездеспегенiмен, тiлдiк қолданысында бар: Бод йеме бодун йеме кiсi йеме iдi йоқ ертечi ертi – Ел және халқы да жан және иесi жоқ болар едi. Беглерi бодуны түзсiз үчүн, табғач бодун теблiгiн күрлiг үчүн, армақчасын үчүн, iнiм ечүлi кiңшүртүкiн үчүн беглi бодунлығ йоңшүртуқым үчүн турк бодун iлледүк iлiн ычғыну ыдмыс – Бектерi халқының түзу еместiгi үшiн, табғаш халқының алдауында илағаны үшiн, өтiрiгiне көнгендiгi үшiн, iнiлi – ағалы дауласқаны үшiн, бектi халқының жауласқаны үшiн түркi халқы елдiгiнен айырылды. Руникалық жазбаларда бұдан да басқа тегi, кiсре, ру, бiрле сияқты шылаулар бiрыңғай мүшелер арасында келедi.

Келесi кезекте көне түркi тiлiндегi шылаулардың байланысу түрлерiне сипаттама берелiк. Байланыс түрлерiн анықтау үшiн де оларды сөйлем iшiнде алып қарастырамыз. Себебi жоғарыда ескерткенiмiздей көне түркi ескерткiштер тiлiндегi септiк жалғаулары бiрiнiң орнынан бiрi қызмет атқарып, тұрақсыз болып келетiндiктерi бар.Сонымен шылаулардың байланысу түрлерi мынандай болып келедi: Анта кiсре теңрi йарылқаду құтым бар үчүн, үлүгiм бар үчүн өлтечi бодунығ тiрiгрү iгiтiм – Содан кейiн тәңiрi жарылқап, бағым бар үшiн, үлесiм бар үшiн өлмекшi халықты тiрiлте көтердiм. Осы сөйлемнiң iшiнде екi шылаулы тiркес бар.Оңың бiрi «содан кейiн», екiншiсi - «үлесiм бар үшiн, бағым бар үшiн» тiркестерi. Кесре/ кейiн септеулiк шылау синтетикалық тәсiл арқылы шығыс септiктi есiм сөзбен тiркесiп келген. Бұл тiркес байланысудың түрi меңгеруге жатады. Екiншiсi үчүн/үшiн септеулiгi аналитикалық тәсiл немесе орын тәртiбi арқылы тiркескендiктен, байланысудың түрi қабысуға жатады.Негiзiнен, меңгеру бiрле, артуқ, тапа, кесре, ру/рү, аша, тегi, ұдұ тұлғалы септеулiк шылаулар арқылы байланысады.Сол сияқты шылаулардың ендi бiрi: жанасу, қабысу, матасу болады.

Қазiргi тiлiмiздегi шылаулардың синтаксистiк құрылымы, яғни сөз тiркесi, оның түрлерi, сөйлем мүшелерi, сөйлем және оның түрлерi, олардың бiр – бiрiмен байланысу жолдары көне түркi руникалық жазбаларында кездеседi.Сөзiмiз дәлелдi болу үшiн көне түркi тiлiндегi шылау синтаксисiн «үчүн» және «сайу» септеулiктерi арқылы салыстырып көрелiк: Антағынын үчүн iгiдмiш, қағанының сабын алматын йер сайу бардығ, қоп анта алқынтығ арылтығ – Мұның үшiн өзiңдi өрлеткен қағанның сөзiн қабылдамай, әр жер сайын барып, сол жерде көп алқындық, аздық.Осы сөйлемдi алып қарайтын болсақ, салаласа байланысқан құрмалас сөйлем iшiнде «үчүн» және «сайын» деген септеулiк шылау сөздерi бар. Сайу септеулiк атау тұлғалы зат есiм «йер» сөзiмен тiркесiп келген. Бiрiншiден, йер сөзiмен тiркесiп келгенде заттың үлестi түрде түгелдiгiн бiлдiредi де, өзiнен кейiнгi көсемше формалы етiстiк сөзiне iстiң тиянақтылығын және мезгiлдiк мағынасын бiлдiредi. Екiншiден, йер сайу есiм негiздi тiркес түрiне жатады. Үшiншiден, сөйлем iшiнде тiркестi сөзiмен бiрге амал пысықтауыштық қатынастығы сөйлем мүшесiнiң қызметiн атқарады.Төртiншiден, шақтық мағынамен үйлеседi. Бесiншiден, қабыса байланысады. Сол сияқты үчүн сөзi де iлiк септiк есiмдiк «антағынын» сөзiмен тiркесiп келiп, мақсат,себеп мәнiн бiлдiредi. «Антағынын үчүн» тiркесi есiм негiздi тiркес түрi. Сөйлем iшiнде тiркескен сөзiмен бiрге не үшiн?, не себептi? деген сұрақтарға жауап берiп, матаса байланысып, пысықтауыштық қызмет атқарады. Ендi қазiргi қазақ тiлiнде шылау сөздердiң атқаратын рөлi қандай дегенге келетiн болсақ, оны да осы үчүн септеулiк шылауы арқылы көрсетемiз. Шылау сөздер құрамындағы өзгерiстiң барысы тiлдегi сөздердi тiркестiру қабiлеттiлiгiнен байқалып отырады дедiк. Үшiн шылауы қазiргi тiлiмiзде өзi тiркескен сөзбен келуi мынандай: негiзiнен, атау септiктi зат есiм, сан есiм, есiмдiктермен тiркесiп келедi (мен үшiн,бiз үшiн, отан үшiн, ана үшiн, бес үшiн); тәуелдiк жалғауының I-II-III-жақ формасынан кейiн тiркесiп келедi (баласы үшiн, балаң үшiн, балам үшiн, барғаны үшiн, келгенi үшiн); етiстiктiң –мас/-мес,-у формалы қимыл атауларымен және –мақ/-мек,-ған (қан,ген,кен) есiмшелерiмен тiркесiп жұмсалады (бармас үшiн, өлу үшiн, келмек үшiн, берген үшiн). Бұлардың бiрiне сеьеп – салдар, арнау мағыналарын жамаса, болымсыз есiмшелерге тiркескенде мақсаттық мағынаны бiлдiредi. Орхон – Енисей жазба ескерткiштер тiлiнде аталмыш шылау сөз тiркесiнде iлiк септiгiнен басқа табыс, жатыс, құралдық септiктегi есiм негiздi сөздер мен етiс негiздi тiркестерi бар: Аны үчүн, армақчысын үчүн, бодун үчүн және етiстiктiң формаларымен тiркесiп келуi бiрмедiк үчүн, түзсiз үчүн тағы басқа осы сияқты сөздермен тiркесiп келулерi бар. Әрине қазақ тiлiмен салыстырғанда айырмашылықтары жоқ емес.

Жалпы қорыта айтқанда көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылаулар синтаксисіне осындай сипатта зерттеу жұмысы жасалынады.Ендігі кезекте көне түркі тіліндегі шылау сөздердің сөз аралығындағы грамматикалық мағыналарын көрсетіп, қазақ, қарақалпақ, өзбек, түрік, түрікмен кейбір қажетті деректерге байланысты тува, тофалар, якут тілдерімен де салысытырылып отырады. Енді көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздердің синтаксистік қасиетіне жеке – жеке тоқталамыз.

Кісре:Кісре/кесре сөзі сөйлемнің барлығында есімдікпен тіркесіп келіп, белгілі бір іс - әрекеттің соңынан болатын мезгілдік ұғымды білдіру үшін қызмт атқарады. Руникалық жазбаларында кісре сөзімен мағыналас болып келетін кідін,өтрү,ұдұ формалары кездеседі.Аталмыш тұлғалар шылау мағынасы басқа контекстік мағынада үстеу сөз табының қызметінде көріне алған.Біз тек оның шылау мағынасындағы қызметін алып қараймыз.Мысалы:

Көне түркі тілі: Селеңе кідін йылуын қол біртін сыңар Шып башыңа тегі черік ітдім(МЧ.15) – Селеңгіден кейін йылуын қолдан Шып басына дейін шеріптер қойдым. Орхон – Енисей жазба ескерткіштер тілінде кідін формасы өте аз қолданылған.Контексте шығыс септікті зат есім сөз бен тіркесіп келіп, іс – қимылдың соңынан болатын мекендік не мезгілдік мағынаны білдіріп, ойды тиянақтауға қатысады: «анта өтрү түргес қарлұқығ табарын алып, ебін йулып бармыс, ебіме түсміс(МЧ.9) – Содан соң Түргеш, Қарлұқтың тауарын алып, үйін құлатып барып үйіме келдім.Бесінч ай ұдұ келті(МЧ.15) – Бесінші айдан соң келді. » Мұнда өтрү сөзі сөйлемнің бас жағында шығыс септікті есімдікпен тіркесіп келеді де, мезгілдік мағынаны білдіреді.Ұдұ сөзінің тек сөйлемнің соңында келгендігі болмаса, атқаратын қызметтері мен беретін мағынасы кісре/кесре – мен бірдей. Аталмыш тұлғаны қазіргі жекелеген түркі тілдеріндегі кейін, соң мағынасындағы шылау сөздерімен салыстыралық. Мәселен, қазақ тілімен салыстырып қаоағанда сөздермен тіркесіп келуі жағынан айырмашылқтары бар. Кісре шылауының мағынасындағы соң формасы етістіктің есімше және тұйық етістіктің қосымшаларынан кейін тіркесіп келе береді. Кейін шылауы тікелей есімше формасымен тіркеспей , шығыс септігі жалғауын қабылдағаннан кейін ғана тіркесіп келеді. Бұндай заңдылық қазіргі түркі тілдеріне де ортақ. Мысалы:

Қазақ тілі: Іңірде соққан жел аспанды тазартып болған соң,өзі де мүлгіп кеткен сияқты.(Ә.Т.) Бұл сөлемде көне түркі тіліндегі «кісре» шылауы мағынасында жұмсалған «соң» септеулігі – біріншіден, есімше формалы етістікті тіркес. Екіншіден, сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы, басыңқы компоненттері аралығында байланыстырушылық қызметңін атқарады. Үшіншіден, тіркескен сөзімен бірге сын – қимыл пысықтауыштық қызметін атқарады. Ал кісре мағынасындағы кейін тқұлғалы септеулік шылау сөз есімше етістіктермен тікелей тіркесіп келмейді, тек шығыс септікті сөздерден кейн ғана тіркесетін болдаы: Рахмет қоштасып кеткеннен кейін, Натальяның ұйқысы ашылып кетті.(С.М.) Қонақтар жайласып болғаннан кейін Итбай ауыз үйге шықты.(С.К.) Бұл сабақтас құрмалас сөйлемде кейін шылауы іс - әрекеттің шегін білдіреді. Сәлден кейін бір мезетте лап етіп жанған жарық мені селк еткізді. (Ә.Т.) Біраз жүргеннен кейін барылдаған жуан үнмен: Мен керек емеспін ғой, Күлипа, - деді,. (С.Мұратбеков) Мұндағы «жүргеннен кейін» деген етіс негізі тіркес «жүрген кейін» болып тіркеспейді. Көне түркі тілінде бұл ерекшелік кісре, кідін, өтрү, ұдұ сөздер аралығында қалыптасқан. Е.Ағманов кісре/кідін шылау сөздердің орнына түркі тілінде аса жиі қолданыс тапқан «баса» сөзінің де кейін, соң мағынасында қызмет атқарғандығын мынандай мысалдармен дәлелдейді: «Бу сабын баса – бұл сөзден соң ; йаратдымыз анларда баса ақын будуилар (теф) – олардан соң басқа халықтарды жараттық[42,б.87].» Жалпы түркі тілінде қолданылған кісре шылау мағынасындағы баса сөзі де , шығыс септікті сөздерді меңгеріп, мезгілдік және қимылдық мағыналар үстеп, контексте мезгілдік пысықтауыштың қызметін атқарады.Жекелеген түркі тілдерінің бірі қарақалпақ тілінде аталмыш шылау сөздер қазіргі қазақ тіліндегідей болып келеді.

Қарақалпақ тілі: Қасқыр малды тавусқан соң, юйге келип үлыйду.Сонуң соң шомыласың деди. Сонан кейин патша әскери мен экинши жолға кетеди. Кеш болғаннан кейин ол қарры ёзюниң тамына қайта баслады.

Түрік тілі: Топланты башладиктан сонра 10 дакина гечти. Дендүктен сонра йемек йейеджеғиз.

Сонымен көне түркі тілінде қолданылған кейін,соң шылау мағынасындағы кісре (кідін, өтрұ, ұдұ) септеулік шылау сөзі тіркескен сөздерді мезгілдік, мекендік, сын – қимыл грамматикалық – семантикаларын білдіреді.

Тапа: Тапа сөзі – барыс септікті меңгеретін таман, қарай мағынасындағы септеулік. Орхон – Енисей жазбаларында бұл сөз де бірде үстеу, бірде шылау қызметінде болады. Біз тек оның шылау мағынасындағы синтаксистік қызметін алып қарасырамыз. Шылау мағынасындағы қызметі өзінен кейінгі тіркесетін етістікке байланысты болады. Мысалы:

Көне түркі тілі: Тапғач тапа сүледім, тапа сүңіштім сияқты еістіктермен тіркесіп келгенде, үстеу мағынасында болады. Ал мынандай тіркестерде шылау қызметінде жұмсалады: Анча барс йылқа чік йорыдым (МЧ.19) – Бұдан соң (иеленіп) барыс жылы чікке қарай аттандым. Кеңерес тапа барды (КТү.39) – Кеңереске таман (қарай) барды.Ол йылқа түргіс тапа Алтун йасығ тоға ертіс үкүзік кече йорыдымыз (КТү.36) – Сол жылы Түргешке қарай Алтын тауынан өтіп, Ертіс өзенін кешіп өттік. Қарлұғ тапа тезіп кірті (МЧ.34) – Қарлұққа қарай қашып кетті. Негізінен, зат есім сөздермен тіркесіп келіп, объектілік бағыт – бағдар мағынасын білдіреді және өзінен кейін тіркестен етістік сөздің іс - әрекетін кеңістікте өтетіндігін меңзейді. Тапа шылауы 11-12 ғасыр жазбаларында тапа/таба түрінде кездеседі: Менің таба келді (МҚ.) – Маған қарай келді. Баққыланын табару (МҚ.) – Сол (кісі) жаққа қарай. Бір күн бу оғлан өз еві таба барур эрді (Тев) – Бір күні бала өз үйіне таман жүріп еді. [42,б.191]. Дәл осындай көрініс «Жами – ат – Тауарихта» да кездесетіндігі айтылған [43,б.53]. Жалпы қарсылық мәндегісін қоспағанада, ескерткіштер тілінде бағыттық, мекендік мағынасын тіркескен есім сөздеріне үстемелеп отырған. Енді қазргі түркі тілдеріндегі тапа шылауымен тұлғалас, мағыналас сөздердің синтаксистік қызметіне назар аударалық.

Қазақ тілі: Оспан Абайдң ығына таман шалқая отырып, иығы мен басын жүкке сүйеп қалғып кетті.(М.Ә.) Бері таман келіңіздер жолдастар деді ол. (А.Бек.Арпалыс)

Түрік тілі: Гидтилер кенан тапа.

Түрікмен тілі: Ол колхозчыларын арасында дуру билман , кенбесине тарап уграды.

Шор тілі: Мен каяга тебе аттым .

Қарақалпақ тілі: Тюске таман шомылып келейик – деп кемпир қызға айтады.Сыйыр тоғайға таман кетти.

Қазақ тілінде де дәл осындай формада беріліп, барыс септкті есім сқздермен тіркесіп, белгілі бір бағытты және мезгілдік қатынасты білдіреді.

Орхон – Енисей жазбаларындағы тапа шылауы тек зат есім сөздермен тіркесіп келсе, қазіргі қазақ тілінде зат есімді мезгіл атауларына (түске таман, кешке таман), көмекші есімдереге (қасына таман, үстіне таман), есімдіктерге (оған таман, бізге таман) және үстеу (жоғары таман, ілгері таман) сөздерге тіркесіп келеді де әр түрлі грамматикалық мағыналарын білдіреді. Аталмыш тұлға сөйлем мүшелі қызметі жағынан өзгеріске ұшыраған жоқ. Көне түркі тілінде де, қазіргі қазақ тілінде де тіркескен сөздермен бірге жанама пысықтауыштық қызмет атқарады. Білге қаған ескерткішінің 14-ші жолында таман тұлғалы сөз кездеседі. Бірақ оның адынан келетін сөздер өшіріліп қалған сол себептен таман сөзін нақты шылау деп көрсету қиын және басқа ескерткінштерде жоқ. Т.Қордабаев зерттеу еңбегінде 15-18 ғасыр материалдары бойынша тапа шылауының таба тұлғасында келіп, атау тұлғалы және барыс септікті сөздермен тіркесіп іс - әрекеттің мекендік немесе мезгілдік бағытын білдіретіндігін және атау тұлғалы сөздермен тіркесіп кеолуінен гөрі, барыс септікті сөзбен жанасуы сирек кездесетіндігін түсіндіріп дәлелдеген[43,б.53]. Жалпы тапа шылау сөзінің қарсылық мәнде үстеулік қызметін қоспағанда, шылау есебінде мағыналық, тұлғалық және қызметі жағынан ізін жоғалтпай түрленіп, кеңейген түрде бүгінгі тілімізге жетіп отыр.

Үчүн: Үчүн формасы ескерткіштер тілінде ең көп кездесетін шылау деп есептелінеді. Көне түркі тілінде қолданылған үчүн септеулік шылау сөзі қай кезеңде болмасын лексика – грмматикалық мағынасы мен атқаратын қызметтері бірдей болып келеді. Орхон - Енисей жазба ескерткіштер тілінде есім сөзден сын есім жасайтын – сыз/-сіз қосымшалы сөзбен және зат есім жасайтын – лық/-лік қосымшалы сөзбен тіркесіп келуі бар. Бұндай құбылысты 20 – ғасырдың бас кезіндегі баспа сөз тілімен ұштастыруға болады. Көне түркі тілінде «бар,жоқ» модаль сөздерімен тіркесіп келгенде де шығыс септігінің орнына жүреді: өзім құтым бар үчүн қаған олуртым (КТк.9) - өзімнің құтым барынан қаған болып отырдым. Мүнда құрмалас сөйлемнің басыңқы компонентінің соңында йоқ деген модаль сөзімен тіркесіп, мақсат мағынаны білдіреді. Құрмаас сөйлем ішінде бірыңғай мүшеоер құрамында келіп, себеп – салдар мағынасын білдіреді. Синиаксистік анализ жасау барысында шығыс септігінің морфологиялық – семантикасын жоғарыда көрсетілген үшін септеулігі атқара алған. Бұл тұлға жекелеген түркі тілдер көпшілігінде негізгі формасын, қызметін, мағынасын сақтап қолданылады. Мысалы:

Түрік тілі: Бу китабы сенен ичин алдық. Бурайа биркач саад ичин гелдим. Азизи гөрмек ичин гелдик.

Қарақалпақ тілі: Дәри алув ушын аптекаға барып келдим. Ол қалтаның тюби тесик болған ушын жиидени қанша салса да қалтасы толмайды.

Түрікмен тілі: Бабалы үчин атланман, гоюнлары үчин атланыпдыр. Олар сениң билен танышмак үчин Ашгабад ялы ерден гелипдир[44,б.407]. Осы тілдің баспа стилінде үшін сөзінің мағынасында «өтри» тұлғалы лексема қолднылады делінген. Үчин шылауы қарақалпақ тілінде үшын/ушын формаларында келеді. Көне түркі тілімен салыстырып қарағанда тіркесетін сөздердің грамматикалық көрсеткіштері арасында қазақ тіліндегідей айырмашылықтар бар.Негізінен, атау , ілік септік, көптік жалғауы , зат есімдер, есімдіктер, есімше формаларымен және тұйық етістікті сөздермен тіркесіп, мақсат, себеп қатынастарынан алшақтайды. Зерттеу барысында синтаксистік қарым – қатынаста қазақ тіліндег үшін шылауының көне түркі тіліндегі үчүн шылауынан мынандай ерекшеліктері бары анықталды.

Қазақ тілінде атау септігінде қолданылуы активтенген.

Етістіктің формалары жағынан тіркесіп келулері жағынан ұлғайған.

Сөйлем ішіндегі сөз тіркестері аралығында грмматикалық көрсеткіштері тиянақталған.

Тәуелдік жалғауының көпше – жекеше түрлерімен тіркесуі жаңа тұлғалармен түрленген.

Тілдің даму барысында тіркесті сөздер әсерінен күрделі септеулікиер қалыптасқан.

Тегі: көне ескерткіштер тілінде тегі шылауының барыс септікті жай септеу, тәуелді септеу жалғауларымен тіркесіп келуі басқа шылау тіркестірімен салыстырғанда қазақ тілінің нормалық дәрежесімен сәйкес. Бұл тұлға – орхон жазбаларындағы барыс септікті меңгеретін шылаулардың бірі. Ескерткіштер мәтіндерінде үчүн шылауынан кейінгі актив қолданылған септеулік шылау. Мысалы:

Көне түркі тілі: Темір қапығқа тегі сүледім.(КТү.4) – Темір қақпаға дейін соғыстық. Сол сияқты: Йазыққа тегі – жазыққа дейін, ерсенке тегі – ерсенге дейін болып келеді. Мысалдардан көріп отырғанымыздай қазаргі қазақ тіліндегідей көне түркі тілінде де барыс септікті сөзді етістікпен байланыстырушы септеулік шылауладың бірі болып отыр. Тегі шылауы тіркескен сөздің мағынасымен бірге іс - әркекеттің таралатынын, жететін шегін немесе бітер мезгілін білдіреді. Орхон –Енисей жазба ескерткіштерінің барлығында тек барыс септіктегі зат есім сөздермен тіркесіп қолданылған. Қазіргі қазақ тіліндегі тегі шылауы тек әр түрлі сөздермен тіркесіп келуі жағынан ерекшеленеді.

Қазақ тілі: Ертеңге дейін ұстаудың жөні тағы жоқ.(С.Мұратбеков) Олар бөктер айналып жеткенге дейін, мына төтксімен сіздер де барып қаласыздар.(М.Ә.) Соңғы сөйлемде бағыныңқы сөйлемінң соңында келіп, бсыңқы сөйлеммен байланысып, іс - әрекеттің мезгілдік шегін үстейді.

Қарақалпақ тілі: Ол азаннан кешке дейин отурады.Мұндай қызды хеш кин де усу вақытқа дейин көрмеген. Тегі шылауы бұл тілде де қазақ тіліндегідей дамып, дейин тұлғасында қолданылып жалғасын тапқан.

Көне түркі тілі:Бод йеме будун йеме кісі йеме іді йоқ ертечи ерті(Тон.60) – Ел және халық та, жан да ел болмас еді. Бұл сөйлемде «йеме» сөзі бірыңғай сөздерді байланыстырып, топтастыру мағынасын үстейді. Йеме сөзінің нрамматикалық белгілері әр түрлі болады. Та/де демеулігінің мағынасына келгенде күшейткіш мәнлі үстейді де, жалғаулықты және шылау қызметінде болған да байланыстырушылық қасиеттерімен бірге топтастыру мағынасында білдіреді: Біз йеме сүледіміс (Тон.44) – Бізде соғыстық. Йағачылы йеме бен ертім (Тон.50) – Бастаушысыда мен едім.(КТү.49)

Жалпы көне ескерткіштер тілінде йеме тұлғасы жай сөйлеммен құрмалас сөйлемнің құрамында болып, есім сөздер арасын байланыстырушы жалғаулықты шылау сөздер болып отыр. Тілдің даму үрдісінде өзара тең бірыңғай сөздер мен сөйлем араларындағы әр қилы білдіретін жалғаулықтар қатарына қосылған.Қазіргі қазақ тілінде йеме мағынасындағы және жалғаулық шылауы бір жақты қызмет атқарады.

Қазақ тілі: Мал да, мақта да он есе, жүз есе молайатын болсын және тез болсын! (Ғ.Мүсірепов) Отырып әңгімелескендей үлкен жұмысым жоқ және ұзақ отырып сізбен кеңес құрып отыратын уақытты тар.(Х.Е.)

Қарақалпақ тілі: Сол байдың бир балтасы жана бир қылышы қалды. Оны алып баяғы майек алған жигитке барады. Джане бахар келди, джане құслар келди. Бұдан қарақалпақ тілінде йеме формасының джане, жане тұлғаларында жіңішке, жуан варианттары мен қолданылатындығын көреміз. Орхон – Енисей жазбаларында йеме шылауының сөйлем басында келуі кездеспейді. Бұл қазіргі түркі тілдеріндегі ерекшелік. Аталмыш шылаудың орын тәртібі мәселесін айтпағанда, көне түркі тіліндегі қолданысы қазіргі қазақ тіліндегідей болып келеді. Ал қарақалпақ тілінде аталмыш шылаудың орын тәртібі ерекшелігінен басқа аффрикат дыбыспен келуі жағынан ерекшеленеді. Жалпы және жалғаулығы байланыстырушылық қызметінде ғана көрінбей әр түрлі дәрежелі компоненттер аралығында келіп, үдетпелі, үстемелі және біріктіру мәнін білдіреді. Йеме шылауының осындай дәрежеде қолданылуы қазіргі түркі тілдерінде:башқұрт хәм ; ноғай ім; гагаус хәм; өзбек, түрік, түрікмен, ойрат, тува сияқты тұлғаларында келіп, және жалғаулық шылау қызметін атқарады.

Сайу: Сайу – көне түркі тілінде кездесетін септеулік шылаулардың бірі.Қазіргі қазақ тілінде «сайын» тұлғасында қолданылады. Сайу шылауы көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тілінде төрт жерде қолданылғын. Аталмыш тұлға сирек кездескенмен, істің мезгілін және заттың үлесті түрде түгелдігін білдіреді. Мысалы:

Көне түркі тілі: Йер сайу бардық.(КТк.9) – Жер сайын бардық. Ол оқ түн бодунун сайу утумуз (Тон.42) – Сол түні ел - ел сайын елші жібердік. Сайу септеулік шылауы йер және будун (жер және халық) сөздерімен тіркесіп қолданылған. Бұл сөздермен тіркесіп келгенде беретін мағыналар мен қызметтері қазіргі қазақ тіліндегідей болып келеді. Енді мұны қазақ тіліндегі сайын септеулігімен салыстыралық. Оның зат есімдермен тіркесіп келуі көне түркі тіліндегісімен сабақтасады.Бірақ формалармен тіркесіп келуінде өзіндік ерекшеліктрі бар.Мәселен, қазіргі тілде сайын шылауы тек атау тұлғалы есім сөздерді етістікпен байланыстырады. Әсіресе, етістіктің есімше категориялы сөзімен келеді. Сайу көне түркі тілінде қосымша жалғанаған зат есіммен тіркесіп келеді. Мұны жоғарғыдағы келтірілген мысалдардан көруге болады. Екінші бір ерекшелігі қазіргі тілімізде мезгілдік қатынаста жұмсалады.

Қазақ тілі: Жоңылған теміт шаммен шағылысып жарқылдаған сайын, оның көзі де жалт – жұлт етеді.(Ғ.М.) Мына бір сөйлемде үдету мағынасын білдіреді. Жел қатайған сайын, лебі мұздаған сайын зымыраған поезд көр де қараңғы түнге сүңгіген сайын вагон ішіндегілер бір – біріне жабыса түсті.(С.М.)

Қарақалпақ тілі:Сен джазған сайын джазғың келеди; саат сайын, хар күн сайын осы сияқты тіркестер құрамында келіп, іс - әрекеттің үдетпелі, мезгілдік мағынасын білдіреді. Кейбір түркі тілдерінде басқа тұлғадағы сөз сайу/сайын мағынасына жұмсалады. Мәселен, түрік тілінде hар сөзі қызмет атқарады. Жалпы жекелеген түркі тілдерінің көпшілігінде сайу септеулік шылау синтаксистік қатынас жағынан мағынасы мен қызметі өзгермей, тек дыбыстық алмасуларынан ғана ерекшеленіп қолданылады.

Бірле: көне ескерткіштер тілінде бірге шылау мағынасындағы бірле тұлғалы септеулік шылау қолданылған. Көмектес септігімен және жасырын және ашық түрде тіркесіп келіп, бірлестік, ортақтық мағынаны білдіреді. Мысалы:

Көне түркі тілі: Бұл йерде олуруп, табғач будун бірле түзелтім.(Ктк.4) – Бұл жерде отырып, табғаш халқымен бірге дұрысталдым. Інім Күлтегін бірле, екі шад бірле өлү – йітү қазғантым(КТү.27) – Інім Күлтегінмен бірге, екі уәзірмен бірге өліп – талып құрадым.Қағаным бірле Соңа йышда сүңішдіміз(КТү.35) – Қағанымен бірге Соңа қойнауында шайқастық. Бұл мысалдардан бірле сөзінің әр түрлі тіркесін көруге болады. Алдыңғы екі сөйлемде жасырын тұрған көмектес септікті будун, Күлтегін сөздерімен тіркесіп келіп, оның мағыналарымен ұштасып, ортақ, бірлестік мағынаны білдіреді. Ескерткіштер тілінде бірле шылауынсыз- ақ көмектес септігі қолданылады.

Якут тілі: Якут тілінде бірле мағынасындағы қатар тұлғасы контекске байланысты бірде үстеу, бірде шылау мағынасында келеді. Көмектес септігімен тіркесіп келгенде шылау сөзі ретінде болатындығы айтылды: вейевин қтар ст! – ложись со мною! Ининие дилдин қтар – как только он сказал это с этими его словами. Якут тіліндегі қтар сөзі – қсзақ тіліндегі бірге, қатар шылау сөздері. Тува тіліндегі кады шылауы да қтар, қатар, бірге мағынасында қолданылады. Бірақ жазылу нормасында өзіндік ерекшелік бар. Көмектес септігі бұл тілде дефис арқылы жазылады: Мен сээң – биле кады черуур мен – я поеду вместе с тобой. Сонымен қатар кады шылауынсыз жеке де беріледі: акшаны почта – биле чоруж: телефон – биле медээле. Көне түркі тіліндегі якут, қазақ және дефис пен келетін тува тілдерінде көмектес септік жалғаулары бар. Бірле/бірге септеулігінің орнына мағыналас қтар, кады тұлғалары көмектес септікті сөздермен тіркесіп бірлестік мағынасын білдіреді.Түркі тілдерінің көпшілігінде көмектес септік мағынасындағы биле,билан,иле, менән,бла сияқты тұлғалар дербес қолданылып, бірле/бірге септеулігімен тіркесіп келеді.

Өзбек тілі: Шу билән бирга депутат хаетнинг энг долзарб, қайноқ нұқталарида ахоли билан бирга булиши шарт. (И.А.Каримов) Бута танхо ва шу вилан бирга дунгликда унинг ёеверида жон асари куринмас эди.

Түрік тілі: Евде пек чок ишлири вар, кызы иле берабер бунлара бакыйор. Кейде өзіндік заңдылықтарына сәйкес көмектес септігі есебенде сөзге қосылып жазылады. Алийле берабер дөнүййорум; аркадашыйла берабер чалышыйор .

Түрікмен тілі : Даң саз берен вагты Айна билен биле ерлап учарын. Артык шәриклери билен биле чәжи дикелдип, дашыны табанлады.

Жалпы бірле септеулік шылауы көмектес септікті есім сөздермен жасырын және ашық түрде тіркесіп келіп, іс-әрекеттің орындалу барысында ортық бір бірлестік мағынасын білдіреді.

Қоды: көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тілінде өте сирек кездесетін шылаулар бар. Олардың кейбірі қазіргі қазақ тіліндегі шылау сөздер қолданысынан шығып қалған. Бұндай көне түркілік шылау сөздер жекелеген тілдердің кейбірінде ғана қолданылады. Мәселен, руникалық жазбаларында қоды тұлғалы септеулік шылау кездеседі. Ескерткіштер ішінде Тонйұқұқ, Білгеқаған, Мойын Чорда бір-бірден және Ырық бітікте екі рет қолданылған мысалы:

Көне түркі тілі: Селене сықа санчдым йазы қылтым үкісі Селеңе қоды барды (МЧ.16) – Селеңге сыға шаныштым, теп-тегіс қылдым, көпшілігі селеңгі бойымен бпрды. Ол суб қоды бардумыз (Тон. 27 ) – сол су бойымен бардық. Бұл сөйлесдерде қоды сөзі тек су немесе өзен атауымен тіркесіп келеді де белгілі бір көлемнің шеңберін қамтитын мағынаны білдіреді. Қоды септеулігін басқа тілдермен салыстырп қарағанымызда тофалар, тува, чуваш тілдерінде қоды сөзімен тұлғалас мағыналас куду, худа, ката, қуйқ/қойы тұлғалары бары анықталды. Мұны тофалар тілін зерттеуші ғалым В.И. Рассадин септеулік шылаулар қатарына қосып, мынадай мысалдармен берген «тоьш куду чжораан- шел по льду, чер куду – по земле, чу душ куду – по какому случаю. » Мұндағы куду сөзі көне түркі қоды сөзінің тура мағынасында болмасада, алғаш бойы мағынасынан болғандығын аңғаруға болады. Көне ескерткіштер тіліндегі бойы шылауы мағынасында көрінуінен мысал келтірейік: Тоған құш тәңірдің қоды табушған тіпен қапмыш (Ыб.66 )- Бүркіт аспаннан ағызған бойы қоянды теуіп қапты.

Қазақ тілі: Кеңестің қазмойын қаралары қайта оралып, екпінін жазбастан ағызған бойы құлыпқа тіреліп әрен тоқтады. (Ғ.М.) Большевик колхозшылары мәшинеден түскен бойы Әбенді ортаға алып, жамырасып амандасып жатыр (Ғ.М.) Көне түркі тілінде де, қазіргі қазақ тілінде де қоды/бойы шылауы есімше формалы етістікпен тіркесіп, іс-әрекеттің белгілі бір мерзімін күй қалпын, таралу шек мағынасын білдіреді. Орхон жазбаларындағы қоды септеулік шылау бойы тұлғасында басқа да қазіргі түркі тілдерінде қолданылады.

Түрікмен тілі: Бу болса шахырын өмүр бойы эден арзувыды (Б.Сәйтәков) .

Ноғай тілі: Түн бойы ийтлер үрип шыктылар. Сав йыл бойы оннан хабар – тебер келмей тұрды.Аталмыш тілдерде бойы септеулігі көне түркі тіліндегі қоды шылауының мағынасында болады. Бойы тұлғасы көбінесе атау тұлғалы мезгіл мәнді зат есімдермен тіркесіп келіп, белгілі бір мерзімнің бас-аяғын қамтитындай мағынада жұмсалады.

Ба/му: Орхон-Енисей жазбаларында өте сирек қолданылса да сұраулық демеулік шылауы кездеседі. Оны көрсетілген тұлғалары Ба/му түрінде болып келсе, қазіргі қазақ тілінде сұраулық демеулік ма/ме,ба/бе,па/пе форамаларында қолданылады. Ескерткіштер ішінде Тонйұқұқ пен Ырық бітігте ұшырасады. Мысалы:

Көне түркі тілі : Екі үч бің сүмүз келтечіміз бар му не ? (Тон.14)- екі –үш мың қолмен келмекшіміз мүмкін бе? Қаған му қысайын тідім (Тон.5)- Хан қылайын ба ? – дедім. Жалпы ескерткіштер тілінде аз қолданылса да, контексте қолданылу ретіне қарай әр қилы грамматикалық формадағы әр түрлі сөз топтарына қатысты сөздерімен тіркесе беретіндігімен ерекшеленеді. Дегенмен қазақ тілінде қолданылу аясы өте кең түрде болатындығы белгілі мысалдардан көріп отырғанымыздай ба/му сұраулық демеулік бар, қаған, қатығды деген сөздер мен әр түрлі шепте тіркесіп келген. Яғни орын тәртібі жағынан да ерекшелігі байқалады. Қазақ тілінің ауыз екі сөйлеу мәнісінде бұндай қолданыстардың бары анық. Тілдік нормада да айтылатын ойға байланысты барлық сөйлем мүшелерінің қызметінде көріне алады. Жалпы кез-келген сөйлем мүшесі мен тіркеске түсуі - өзіндік синтаксистік еркешелігі. Негізгі сұраулық мағынасымен бірген күдіктік, қалау мәнін де білдіреді. Атылмыш форма тілдік жүйедегі мағынасын жоғалпайды. Ма/ме сұраулық демеуліктер жіктік жалғаулық сөздерге тіркеседі. Олар жіктік жалғауынан бұрын келгенде мы/мі болып өзгереді, сонан соң жіктік жалғауын қабылдайды . Әрине, бұл құбылыс барлық жағдайда бола бермейді. Егер ма/ме жалпы осы шақта айтылған сөсздермен, келер шақ етістіктермен, бар,жоқ модаль сөздерімен келгенде және бұлар екінші жаққа қаратылып айтылғанда аффикстік элементке айналады.

Қазақ тілі: Үйден шықсаң, адасып кетемін деп қорқамысың ? (Ғ.М.) Суға кетіп барамысың, жармаспашы ! (Ғ.М.) Орхон жазбаларында бұндай қосымшаға айналу процесі жоқ. Бірақ көне түркі ескерткіштер тілінде ба/му сұраулық демеуліктің мағынасында ғұ/гу тұлғасы көріне алған: Азу бу сабымда ігіт бар ғу?(КТк.10) - әлде бұл сөзімде жалғандық барма ? Бұндай қолданыс сөйлеу қарқынының әсерінен ғу (ғой) демеулігі сұраулық мағынасында жұмсалған. Бұл қазіргі қазақ тілінде де ұшырасады: Манағы бақшаны көрдіңіз ғой (бе) ? – деді Маралы (Ә.Т.)

Орхон жазбаларындағы ба/му тұлғалары әр түрлі дыбыстық варианттармен туыстас тілдердің барлығында қолданылады. Оның бір ерекшелігі кейбір тілдерде дефиспен жазылады.

Қарақалпақ тілі: Алдағыларда болувға джарысасаң ба? Қыз-ба, ул-ба, хав жилли-ми сең, белген соң, елюп қалмай ма? – десе де тыңламады. Қарақалпақ тілінде дефиспен жазылғаны болмаса, мағыналық қызметі және тіркесті негіздеріне байланысты сөйлем мүшелерін атқаруы қазақ тілімен ұқсас болып келеді. С.В.Ястремский якут тіліндегі ма/му демеуліктің мағынасындағы «нии, дуо/дуу» тұлғаларын сұраулық демеуліктер деп қарастырады: «Вар улени тияқе найлатң нии ? – всю работу ты на меня навалил, не так ли ? Ақаллң дуо ? – принес ли ты ? , ақалла дуу ? – ақалвата дуу ? – принес ли он или нет ? ». Ғалым якут тілінде сөйлеу темпінің әсерінен ғу тұлғасының ба/му мағынасында көрінуі сияқты қолданыстардың барын айтады. Сонымен қатар қазаргі қазақ тіліндегідей негізгі мағынасымен бірге қалау, белгісіздік мәндерінің барын көрсетеді. Негізінен, сөйлем аяғындағы сөздердің тұлғаларын талғамай жалғанатын қасиетімен де ерекшеленеді. Түрікмен тілінде ма/ме сұраулық демеулігі сөз құрамында келеді.

Түрікмен тілі: Ә, батыр гыз тора дүшдүңми ? (А. Дурдыев). Шу юрда мени әкеленем сизми ?; басым гелерсиңми? Хий, Огулнәзиге – де олар ялы сөзи айдып бормы?

Жалпы ма/бе сұраулық демеулік шылау сөздің қазіргі қазақ тілінде негізгі мағынанысынан басқа тіркескен сөздердің тұлғысына, лексикалық мәніне, ойдың қатысына,дауыс әсеріне байланысты күмәнділік, мақсаттылық, белгісіздік, қалау тағы басқа осы сияқты қолданыстың мәндері болатындығын Ы.Шақаманова өз ғылыми зерттеу еңбегінде анықтаған болатын[10,б.26].

Ғұ/гү/күк:Ғу/гү/күк тұлғалы демеулік шылаулар - қазақ тіліндегі нақтылау мәніндегі қой/ғой тұлғаулы демеуліктер. Көне түркі тілі мен қазіргі қазақ тіліндегі мағыналары бірдей. Күлтегін ескерткішінде қой/ғой шылауының мағынасы ғұ/гү тұлғаларында келсе, Тонйұқұқта күк формасында қолданылған. Мысалы:

Көне түркі тілі:Бізні өлүртечі күк тіміс (Тон.30) – Бізді өлтірмекші ғой деді.Айғучысы білге ерміс, кач ерсер өлүртечі күк (Тон.21) – Ақылшысы білгір екен, қашсақ егер өлтірмекші ғой. Теңрі йарылқады йандуқ,үгүзке түсді йандук йолта елті күк (Тон.16) - Тәңірі жарылқады жеңдік, өзенге түсті жеңдік, жолд және өлді ғой. Бұл сөйлемдерде күк демеулігі өлүртечі, өлті етістік сөздермен тіркесіп келген. Салалас құрмалас сөйлемнің басыңқы сыңарында келіп тіркескен сөзіне күдіктік мағынамен қоса нақтылықты білдіреді. Бұл формалардың руникалық жазбаларда сұраулық мәнде болатындығын айтқанбыз: Бөдке көрүг ме беглер гү йаңылтачысыз? (КТк.11) – Таққа құмар бектер жаңылыстыңдар ма? Көне түркі тіліндегі бұл қасиет қазіргі қазақ тілінде де кездеседі.

Қазақ тілі: Әйтпесе елдің есіл еңбегі далаға кетеді ғой – дейді Мералы ойлана кідіріп…(Ә.Т.) Жүрісі бпяу болғанмен бұл күрделі күштің белгісі ғой. Бізге әлі сөз берілген жоқ қой деп едік. (Ғ.М.) Мұндай да тыныш мәшине ғой.(Ғ.М.) Осы сияқты етістіктің ашық рай формасына көсемше, есімше, модаль сөздерге тіркесіп, ңықтау, тұжырымдау, таңырқау, өкіну сияқты мәндерін білдіреді: Манағы бақшаны көрдіңіз ғой? – деді Мералы.(Ә.Т.) Бұл сөйлемді «Манағы бақшаны көрдіңіз бе? – деді Мералы» деп те айтуға болады. Бірақ алғашқысында сұраулық мәнімен бірге нақтылау мағынасы бар да, соңғысында ерекше стиліне байланысты айтсақ, нақтылаудан гөрі сұраулық басым болып келеді. Көне түркі тілінде осы негіз мағынасында көрінуі, әсіресе, бірінші сөйлемнен анық байқалады. Аталмыш демеуліктер қазіргі қазақ тілінде және басқа да жекелеген түркі тілдерінде актив қолданылады және сөз тұлғасын талғамай тіркесе береді.

Қарақалпақ тілі: Палапанларына келип – адам заттың ийиси бар ғой, қайақта- деп сорайды. Соннан батыр астапрулла кёп уйухьлап кеткен екен мен- ғой деп тюрегелди. Қарақалпақ тілінде сөздер соңынан дефиспен жазылады және қой/ғой/ғо варианттарында қолданылған. Бар, жоқ деген модаль сөздермен және етістіктің формаларымен тіркесіп, нақтылық мағынаны білдіреді.

Қына: Орхон – Енисей жазба ескерткіштер тілінде шектік мәнді білдіретін демеулік шылау кездеседі. Ол бір вариантты болып келеді. Қазақ тілінде қына формасының қана/ғана деген тұлғалары бар.Олардың лексика – грамматикалық мағыналары да сөйлем ішінде атқаратын қызметтері де бірдей. Бірақ ескерткіштер тілінде қына демеулігі өте сирек қолданылған. Күлтегін үлкен жазу мен Тонйұқұқ мәтіндерінен ұшырасады.Мысалы:

Көне түркі тілі: Аз қына түрк будун йорыйор ерміс(Тон.9) – Аз ғана түркі халқы көшуші еді. Улығ Іркін аз қына ерін тезіп барды(КТү.35) – Ұлық Іркін аз ғана ерлерімен қашып кетті. Бұдан басқа ескерткіштер тілінде кездеспейді. Қына демеулік шылау мөлшер мәніндегі аз сөзімен тіркесіп шектеу мағынасын үстейді. Қына демеулігін туыстас тілдердегі формаларыммен де салыстыралық:тофалар тілі кыня, башқұрт тілі кына/ғына,кенә/генә, түрік тілі қына/кинә, қараим тілі ғына, қарақалпақ тілі ғана сияқты дыбыс алмасулармен келіп, қана/ғана демеулік шылауының қызметін атқарады.

Қарақалпақ тілі: Бұл тек басланғаны ғана, джалғыз сол ғана кемис кеше ғана еңбеклеген бола едиң ғой. Қарақалпақ тілінде көне түркі тіліндегідей бір вариантта қоданылады. Есім, етістік негізді сөздермен тіркесіп, шектік, тежеу мағынасында жұмсалады.

Өзбек тілі: Хосият хола қуртхонадан ғана олиб чиқаетиб, килинига кузи тушди.

Қазақ тілі: Жәй ғана сөйлеседі. Аздап қана, - деді қызара күлімсіреп.(Ә.Т.) Әбден орта бойлы, ашаңдау, отызға жаңа ғана йек артқан, аз ғана шүңіректеу қара көздері бір нәрсеге қадала қарайтын жіліт еді. (Ғ.М.) Осы сияқты тұйық етістік, есімше, көсемше, зат есім қосымшалы сөздермен тіркесіп келеді. Жалпы қазіргі қазақ тілінде ең актив қолданылатын демеуліктердің бірі болғандықтан, негізгі шектеу мағынасын басқа тежеу, өкіну, аңғармау сияқты қолданыстық мәндерін үстемелеп тұрады.

Аша: Ескерткіштер тілінде өте сирек кездесетін шылаулардың бірі аша/аса тұлғалы септеулік шылау. Орхон-Енисей жазбаларының ішінде Күлтегін, Білге қаған және Тонйұқұқта кездеседі.Мысалы:

Көне түркі тілі: Көгмен аша қырқыз йеріңе тегі сүледіміз(КТү.17) – Көгменнен аса қырғыз жеріне дейін соғыстық Алтын йысығ аса келтіміз (Тон.37) – Алтын қойнауына аса келдік. Білге қаған ескерткішінеде де йышығ сөзімен тіркесіп келген. Жалпы бұл сөйлемдерде аша/аса тұлғалары шығыс септікті зат есім сөздермен тіркесіп, іс - әрекеттің бағыт – мекенін білдіреді. Қазіргі татар, башқұрт, түрік тілдерінде аша тұлғасында қолданылады. Сөйлем ішінде атқаратын қызметі мен тіркестегі мағынасы да көнедегідей.

Түрік тілі: Өмри олсун йүз йылдан аша. Аталмыш септеулік шылау шығыс септігімен тіркесіп, мөлшер мәнін үстемелейді. Сол сияқты Н.К.Дмитриев башқұрт тілінде тау аша, урман аша, телеграф аша есім негізді тіркеспен келетіндігін көрсеткен.Қазіргі қазақ тілінде аша септеулігі басқа шылаулармен салыстырғанда актив қолданылмайды. Алайда көне түркі тілдеріндегідей мағынсында жалғасын табады: Ойға қарай ғана ағуды білетін өзендер қияға шапшып, асқар таулардан аса құлап барады. (Ғ.М.) Қазіргі қазақ тілінде де шығыс септікті зат есім сөздермен тіркесіп, іс - әрекеттің өтетін орнын, мекенін, мөлшерін білдіреді.

Азу: Көне ескерткіштер ішінде Күлтегін кіші жазуында ғана қолданылған азу формалы шылау сөзі кездеседі. Зерттеп қарастырғанымызда аталмыш тұлға тофалар тілі мен тува тілінде ғана сақталған. Оның тұлғасы да, беретін мағынасы да руникалық жазбасындағы азу тұлғасымен сәйкеседі. Қазақ тілінде азу сөзінің мағынасы мен қызметін әлде тұлғасындағы жалғаулық шылау атқарады. Енді көне түркі тіліндегі қолданысын анықталық. Мысалы:

Көне түркі тілі:Азу бу сабымда ігіт бар ғу?(КТк.10) - Әлде бұл сөзімде жалғандық бар ма? Әлде талғаулықты жалғаулық шылау сөзіне қатысты сөздің алдына келіп қолданылады. Бұл лексема мейлі сөйлемнің ортасына болсын, мейлі соңғы шебінде болсын мағынасын үстейтін сөздің алдына келеді. Көне түркі тіліндегі азу сөзінің сыртқы формасы өзгертілгенмен, синтаксистік қатынас арқылы оның мағынасы мен қызметтері анықталып отыр. Азу жалғаулық шылау бу сөзінің алдына келіп, негізгі талғаулық мағынасымен бірге, ойға қатысты оқиғалар мен іс - әрекеттің шындығына я көмескілігіне күмән келтіру мағынасын білдіреді. Азу жалғаулық шылауын қазіргі тофалар мен тува тіліндігісімен салыстырайық.

Тува тілі: Азы тұлғалы болып келеді: Ховуда бараан көстүр, мал бе азы хараган бе, ылгавайндар мен – В поле что – то виднеется, не различаю: скот или караганник? Сугга дүже бержик ирги бе азы каржы бөрүлер алгаш баржыктар ирги бе ? – Утонул ли он в воде или утащили его волки .Азы тұлғаулы шылауы бұл тілде де талғаулықты жалғаулық қатарынан көрінеді.

Тофалар тілі: Азы алыр мен баан азы албас мен баан? – Или брать мне или не брать?; аң дэскен билбедім чыт алды бе, азы тыңнады бе? – зверь убежал, не знаю то ли учуял, то ли услышал . Тофалар тілінде де тува тіліндегідей азы формасында қолданылады. Көне түркі тіліндегі азу жалғаулықты шылау аталмыш тілдерде де талғау мағынасымен бірге іс - әркеттің күдіктілігін білдіретіндігі анықталып отыр. Енді қазіргі қазақ тіліндегі азу шылау мағынасында жүрген әлде сөзіне де мысалдар бере кетейік.

Қазақ тілі: Әлде сор, әлде бағы әуреледі.(М.Ә.) Мұның сөзі әлде шын болар, әлде өтірік болар.[45]. Әлде талғаулықты шылау құрмалас сөйлем құрамында да, талғау, күмән мәнін де білдіреді: Кәрілік тұрағы – жақын – жуықтары, өзі күткендей жылы, тыныш бола ма, әлде туысынан мазасыздау жаралған бейбақ ауылға сыймай жүре ме – ол арасы әзір беймағлұм. Мұнда екінші сөйлемнің алдында тұрып, өзінен кейінгі келетін сұраулық шылаумен де мағыналық байланыста болып,іс - әрекеттің күмәнділік мәнін білдіреді.

Артуқ: Көне ескерткіштер тілінде қазақ тіліндегі артық сөзі артуқ тұлғасында болады.Жазба мәтіндерде сан есімдермен тіркесіп келген. Артуқ шылауы Күлтегін, Тонйұқұқ және Білген қаған ескерткіштерінде қолданылған. Мысалы:

Көне түркі тілі: Йарықынта йалмасынта йүз артуқ окун урты(КТү.33) – Қаруына,сауытына жүзден артық оқ тиді. Бұл мысалда артуқ шылауы шығыс септікті сан есім сөзбен тіркесіп, мөлшер болжалдылық мағынасын білдіреді. Артуқ сөзінің ескерткіштер тілінде екі сан есім ортасында келуі көбірек кездеседі. Қырық артуқы йеті йолы сүлеміс (КТ.15) – Қырық жеті реттен артық соғысқан. Бұл сөйлемді «қырық жетіден артық рет соғысқан» деп немесе сөздің берілуі орын тәртібі бойынша көрсетуге болады. Егер «қырық жеті реттен артық» деп тұрған қалпында беретін болсақ, онда да шығыс септікті меңгеретіндігі байқалады. Сонда мұны екі сан ортасында келетін байланыстырушы аналитикалық формант есебінде санаймыз.Кейбір сөйлем ұғымдық аударып беру нормасына сәйкес артық сөзінсіз беріледі: Отуз артуқы секіз йашына қышын қытан тапа сүледім. (БҚ.ха.9) – Отыз сегіз жасымда қыста қытанға қарсы соғыстым.Контекстік мағынада отыз сегізде асқан соң деген ұғымда емес, нақты отыз сегіз жасында соғысқа аттанғанын білдіреді. Яғни, нақты тікелей жастың мөлшерінде айтылады. Егер неше рет соғысқаны жайлы айтылса, онда артық шылауы тіркеске түсе алады. Бұл әрине, қазіргі тілдік норма бойынша қаралып жатқан мәселе. Алайда көне түркі тілінде сан есімдердің қалыптасуы ерекше мәселе. Мәселен, бунча қазғанып қаным қаған ыт йыл онынч ай алты отузқа уча барды. (БҚ.10) - әкем қаған ит жылы оныншы айдың жиырма алтысы сонша жасты иеленіп қайтыс болды деген сөйлемнен көруге болады. Негізінен, артуқ шылауы есім сөздермен тіркесіп келгенде өз қызметінде тұрады: Табғач атлығ сүсі бір түмен артуқы йеті бің сүг ілкі күн өлүртім (Бқха.1) – Табғачтың бір түменнен артық жеті мың атты әскерін бір күнде өлтірдім. Бұнда артық сөзі шығыс септікті зат есім түмен сөзімен тіркесіп, мөлшерлік мәнін білдіреді. Артуқ/артық сөзі басқа түркі тіллерінде де шығыс септікті сөздермен тіркесіп келеді де, шылаулық қызмет атқарады.Мысалы:

Түрікмен тілі: Сен мени мұндан артық дузлама. Бұл тілде септеулік шылау түріне қосады.

Башқұрт тілі: hинән артық hүз hөйләмәне. Башқұрт тілінде де шығыс септікті меңгеріп, мөлшер мағынаны үстейді. Жалпы көне түркі тілінде артуқ сөзі септеулік шылау қызметінде қолданылған. Орхон – Енисей ескерткіштер тілінен бүгінгі тілімізге дейін жеткен шылау сөздердің бірі. Оның грамматикалық мағынасы мен қызметі контекстік мағынада анықталынып отыр.

Ру/рү: ру/рү формасы – көне ескерткіштер тілінде барыс септікті меңгеретін бағыт – бағдар, мекен мағынасындағы септеулік шылау. Қазіргі қазақ тілінде оның мағынасы мен қызметін қарай тұлғаулы септеулік шылау атқарады. Аталмыш шылау сөз Күлтегін, Білге қаған және Тонйұқұқ мәтіндерінде жиі қолданылған. Мысалы:

Көне түркі тілі: Қағанға ру ол сабуг ытым(Тон.33) – Қағанға қарай сол сөзді жібердік. Беб ебге ру түсейін тіді.(Тон.30) – Мен үйге қарай қайтайн дедім; баңа ру – маған қарай, йерге ру – жерге қарай тағы басқа осындай есім сөздермен тіркесіп келіп, мекен, бағыт мағынасымен бірге өтініш, қалау мәнін де білдіреді. Моңғол, бурят тілінде де ру – дің мағынасы мен қызметі де өзгермей қолданылады: Уһанда ороо уһа уруу ороо; гэр руу – үйгк қарай, уул уруу – тауға қарай. Қазіргі түркі тілдерінде ру/рү септеулігінің мағынасы мен қызметін қарай формалы септеулік шылау атқарады. Бұл тұлға ру/рү формасынан бөлек дүние еместігі жұмысымыздың басында дәлелденген. Сонымен қазіргі түркі тілдерінде ру/рү шылауының қарай тұлғасында берілуінен мысалдар қарастырайық.

Қарақалпақ тілі: Бала қуванып, юйюне қарай джюрдю. Таш терезеге қарай атылып кетті.

Башқұрт тілі: Таңға қарай борсола башланы.

Ноғай тілі: Болат карт эртиси кун авылдағы ханның үйие қарай йөнеди. Мысалдардан көргеніміздей ру/рү формасы қарай тұлғасында келіп, мекен, бағыт мағынасымен бірге өзінен кейінгі келген сөздің грамматикалық мағынасымен де ұштасып жатады.

Өңре: Ескерткіштер тілінде өңре сөзінің негізінен үстеулікқызметі басым. Дегенмен Мойын – Чор ескерткішінде шылау мағынасында қолданылған. Оның мағынасы мен қызметін қазақ тіліндегі шығыс септікті меңгеретін бұрын тұлғасындағы септеулік шылау сөз атқарған. Мысалы:

Көне түркі тілі: Ебі он күн өңре үркүп бармыш(МЧ.31) – Үйі он күн бұрын үркіп қашқан. Бұл сөйлемде есім сөзбен тіркесіп, мезгіл мағынасын білдіреді. Шылау қызметінде өңре тұлғасы бір – ақ жерде көрінеді. Көбіне үстеулік мағынада жұмсалған. Қазақ тілінде өңре – нің орнына бұрын септеулігі жүреді. Бұрын сөзінің де сөйлем ішінде орын тәртібіне және мағынасына байланысты бірде үстеу, бірде шылау қызметін атқарғандығы белгілі.

Қазақ тілі: Сірә, бір іргелі әңгіме болатын секілді колхозда да бір жұмадан бұрын түсіне бестады. Бұрын кеме қаздай қалқып он жеті күн жүретін жолын, енді сүұсырдай сүңгіп төрт – ақ күнде жүзіп өтетін болды. (Ғ.М.) Соңғы сөйлемде бұрын сөзі өз алдына жеке сұраққа жауап беріп, үстеу қызметінде көрінеді. Алғашқы сөйлемде шығыс септікті сөзбен тіркесіп, негізгі мағынасына қоса бір амалдың алдын – ала болатын мәнін үстейді.

Көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздер синтаксистік тұрғыдан кейбір қазіргі түркі тілдермен (қазақ, қарақалпақ, өзбек, түрік, түрікмен) салыстырылып қарастырылды. Соның нәтижесінде Орхон – Енисей және Талас жазбаларындағы шылаулардың сөз тіркесі және сөйлем аралығындағы грамматикалық мағыналары мен байланысу түрлері айқындалды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет