1.Жалпы мәліметтер
-
1.1. Аудан тарихы.
1936 жылы Таран ауданы шаруашылық - әкімшілік бірлік болып анықталды, Викторовка кенті әкімшілік орталығы болып, Семиозер ауданынан бөлініп шықты. Аудан Ақтөбе облысының құрамында болған, 1936 жылы 29 шілдеде Қостанай облысы құрылғанда, оның құрамына кірді.
Дегенмен ауданның село, ауылдарының тарихи түбірі ертеректе анықталған. Аудан аумағында 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында пайда болған Шегебай, Джисебай, Тасоба, Қараоба, Сабынкөл, Қоржынкөл, Қуғылбай, Ақтөбе, Елтай, Қаратомар, Шөптікөл ауылдары болды. Аудан аумағында жұмыс жасаған түрлі экспедициялардың археологиялық олжалары аудан аумағында адамдар бұдан 3 миллион жыл бұрын қоныстанып, еңбек еткендерін дәлелдейді.
-
1.2. Географиялық орны
Таран ауданы облыс орталығының батыс бағытында, Зауралье, Батыс Сібір және Орталық Қазақстан қиылыстарында орналасқан. Аудан солтүстікте Ресей Федерациясымен және Федоров, Қостанай аудандарымен, шығыс бөлігінде Әулиекөл ауданымен, оңтүстіінде Қамысты ауданы және батысында Денисов ауданымен шектеседі.
-
1.3. Табиғи – климаттық жағдайлары
Климаты тез өзгермелі континентальді және өте құрғақ. Климаттың континенттігі оның мұхит пен теңіздерден алыс жерде, азия материгінің түкпірінде жатқанына байланысты. Осындай географиялық орналасуының арқасында, жер үстінің біркелкілігінің салдарынан және құрлықтың маңызды су кеңістіктерімен кезектесуінің жоқтығынан, облыс аумағында, әсіресе, қысқы мезгілде, әуе массасының өзгеру үдерісі күшті дамыған.Қолайсыз фактор болып табылатын, күшті желдер, аяздар, борандар, ылғалдың жетіспеушілігі дүркін – дүркін құрғақшылыққа әкеп соғады. Қаңтардың орташа температурасы Цельсии бойынша -17,3 градус, ең жоғарғысы -40-47. Қар жамылғысы 20-дан 40 см дейін. Көктем қысқа, бірақ бірден өтеді. Жазы ыстық, орташа температура Цельсии бойынша +21,7, ең жоғарғысы +40. Аязсыз мерзімнің орташа ұзақтығы 120 күнді құрайды. Жауын – шашындардың орташа мөлшері 260 милиметр, бірақ ол құбылмалы: 130 – дан 368 – ге дейін. Жауын – шашын көбіне жазғы мезгілде болады. Өсімдіктердің өсіп - өну және даму кезеңі солтүстікте 150-175 тәулік болса, оңтүстікте 180 тәулік.
-
1.4. Пайдалы қазбалар (соның ішінде игеруге арналғандары)
Геологиялық жағдай бойынша аудан Орал мен Қазақстан шағын шоқылары арасында орналасқан Торғай үстіртінің аумағында Торғайдың иілген жерінің батыс беткейінде орналасқан. Торғайдың иілген жерінің кристалдық негізі бірте – бірте шөкпе жыныстарымен толды, яғни бұл жердің түбіне айналаны қоршаған таулардың қираған өнімдерін түсірген, сондықтан бұл жерде бастапқы кен байлықтары сақталып қоймай, оның үстіне құрамында көптеген темір, боксит, полиметалл, көмір және басқа да кен байлықтары бар жаңа шөгінділер қосылды. Ауданның солтүстік жағында үшінші типті кен орындары орналасқан: Соколов және Сарыбай. Бұл кен орындарының кендері, негізінен магнетит, яғни темірдің үш бөлігі мен оттегінің төрт бөлігінен тұратын минералдар. Кендер өте төзімді, кесекті, ал олардың бай түрінің бірі – мартен кендері – байытуды талап етпейді. Бұл кендердегі темір үлесі 45-46%. Темір кен орындары Аят типіндегі қоңыр темір кені түрінде, Лисаков типіндегі солиттік қоңыр темір кен түрінде кездеседі және оған жақын жерде үшінші – магнетиттік котактылық – местоматикалық кен орны бар (Соколов және Сарыбай).
Аят кен орны Аят пен Тобыл өзендерінің қосылған жерінде орналасқан. Қат қуаттылығы 2-ден 10 метрге дейінгі 2000 шаршы сантиметр жерде дамыған (Таран, Красносельское селолары). Құрамындағы темір 36%. Темір кендерінің жалпы қоры 6 миллиард тоннаға дейін. Кендер магнеттік күйдіру жолымен байытылады (кенде магниттік белгі пайда болғанша күйдіру, сонан соң магиттік байытылады).
Аудандағы барлық боксит кен орындары алюмосиликаттық және карбонаттық жыныс байланысындағы орта – верхнедевондық шөгінділерде ұзын созылыңқы мүжілу – карстолық тоқырауға орайластырылған. Аудан аумағындағы барлық кен орындары орталық (Краснооктябрьский) аймаққа жатады, Таран ауданында бұл аймаққа мына кен орындары жатады: Аят, Темір, Белинский, Верхнетобольский, Клубный, Акаульский. Олардың ішінен Верхнетобольский, Аят, Озерки, Белинский кен орындарын Козырев кен басқармасы өңдейді. Кенді өңдеу карьер түрінде жүргізіледі, кен орындарын өңдеудің ту техникалық жағдайы қолайлы. Терей опырылған жер аумағында орналасқан Варваринское кен орнының маңызы зор. 380 млн. жыл бұрын жанартау әсерінен жер қыртысы жарылып, магма сыртқа шыққан. Бұл жердегі кенде мыс, никель, алтын, күміс, висмут, кобальт және басқалары бар, бұдан басқа да ақ тас, жанартаулық туфтар да кездеседі. Ауданда керамзит балшығының бірнеше орны баланста тұр, оның ішінде Данилов, Мурюжск, Тобыл Лисаков ТКК мұқтаждықтары үшін барланған, Так-сор балшықтары керамзит пен аглопирит алуға жарамды. Таран ауданында Қостанай облысы бойынша жалғыз шыны шығаратын құм кен орындары бар.
Ауданнның құрылыс материалдарынан цемент шикізаты, әкке күйдіретін ақ тастарды, кірпіш шикізатын, құмдар және құрылыс тастарын атауға болады. Ауданда үш цемент шикізаты кен орны бар: Қзылжар, Новоильинов, Прохоров.
Көптеген кірпіштік шикізат кен орындарынан қор балансында балшық пен саздақтың 10 кен орны және құмның үш кен орны бар. Бұл кен орындары пайдаланылмайды. Қор балансында ауданда құрылыс тастарының жеті кен орны есептеледі, бірақ олардың екеуі ғана өңделеді /Увальный, Козырев/.
-
1.5. Су қорлары
Өзен желілері сирек. Тобыл өзені Оңтүстік Орал тау сілімдерінен шығысынан басталып, Ертіс өзеніне құяды. Аудан шегінде пайдаланылатын жердің орталық бөлігінде, оңтүстік – батыстан солтүстік шығысқа қарай ағады. Өзеннің аудан аумағындағы жалпы ұзындығы 4 шақырым. сипатталып отырған аудан аумағындағы Тобыл өзенінің алқабының көрінісі айқын, ені орташа 0,4-0,5 шақырым. Солтүстік – батыс шекара бойында Аят өзені ағады, өзен аудан шегінен алыс жерден басталады және ол Тобыл өзенінің саласы болып табылады. Оның аудан аумағындағы жалпы ұзындығы 55,5 шақырым. Оның алқабы жақсы көрінеді, ені 2,3 шақырым. Май селосының жанындағы сол жағалауы құламалы, ал оң жағалауы жайдақ. Арнасының жағасы құламалы және тік, биіктігі 4-8 м, кей жерлерде бұталар өскен. Климаттың құрақтығына байланысты бұл өзендердің суармалау үшін маңызы зор. Осы мақсатта өзендерде бегеттер мен табиғи су қоймалары салынған. 1958 жылы Тобыл мен Аят өзенінің қосылған жерлерінде, Рудный қаласының маңында ірі су қоймасы құрылған, жыл ішіндегі су шығыны 160-300 миллион кубометр.
Бұдан басқа, аудан аумағы екі топтағы көптеген көлдерге бай: қазаншұңқырлық және жайылмалы. Бұл көлдер онша үлкен емес, сулары тұщы, жер суаруға жарамды. Апановка бекетіне жақын жерде жоғары сапалы, қалыңдығы 25-тен 40 сантимертге дейін ас тұзына бай Жилилей (Эбелей) көлі орналасқан, тұз өндіру 17 ғасырдан бастап біздің заманымызға дейін жүргізіледі. Қайыңдыкөл, Татабайкөл, Угловое, Карминкөл, Қоржынкөл, Қарасор, Қайранкөл, Жаманкөл, Жертікөл деген үлкен көлдер бар, оларда табан, тұқы, т. б. балықтар бар.
-
1.6. Аймақ экономикасының арнайы бағыты
Сыртқы жағдайлардың әсерін есепке ала отырып, аудан экономикасы мына бағыттар бойынша дамиды:
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы;
Іскери белсенділікті арттыру;
Кедейлік пен жұмыссыздық деңгейін төмендету;
Тұрмыс деңгейін жақсарту инфрақұрылымы бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру.
1.7. Соңғы 10 жылға (2005-2014жж.) өңірлік дамуының қорытындысы
(млн. теңге)
|
2005ж
|
2006ж
|
2007ж
|
2008ж
|
2009ж
|
2010ж
|
2011ж
|
2012ж
|
2013ж
|
2014ж
|
Өнеркәсіп өнімнің көлемі
|
949,2
|
713,9
|
1073,5
|
7867,5
|
14227,8
|
20419,4
|
32400
|
36100
|
28864,4
|
27405,4
|
А/ш-ның жалпы өнімі
|
6446,1
|
7765,8
|
8161,8
|
9194,0
|
8434,5
|
8181,5
|
19024
|
9200
|
10592
|
9420
|
Негізгі капиталға инвестициялық көлемі
|
350,2
|
6843,8
|
13039,
|
4109,2
|
3579,6
|
3862,0
|
5300
|
5322
|
9213
|
9346
|
Шағын бизнес өнімнің көлемі
|
-
|
872
|
1017
|
1147
|
1255
|
1300
|
1380
|
2754,9
|
1470
|
1538,8
|
Мем. Бюджетке түсімдердің көлемі
|
652,9
|
879,4
|
944,4
|
1219,1
|
1762,7
|
2086,4
|
4248,3
|
9388,3
|
10393,7
|
8490,4
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2. Есептік жыл қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының қысқаша қорытындысы
2.1. Ауданның дамушылық деңгейі мен даму динамикасының рейтингі
Облыстық маңызы бар қалалар және аудандардың 2014 жылғы қаңтар – желтоқсан айлары бойынша әлеуметтік – экономикалық даму динамикасы бойынша градация көрсеткіштерінің тізімін саралай келе, Таран ауданы 5 рангте екені анықталды. 15 көрсеткіш бойынша көрсеткіштің өсу динамикасы, 4 көрсеткіш бойынша төмендеу динамикасы байқалады.
2.2. Өнеркәсіп.
2014 жыл ішінде 27,4 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді.
Өнеркәсіп өнімдерінің физикалық көлемінің индексі 82,5 % құрады.
Физикалық көлем индексінің төмендеуі мыс концентратының 64,6%-ға төмендеуінен болды, бұл 9,7 мың тоннаны құрады және Доре қорытпасының 20%-ға төмендеуінен, бұл 3,3 мың кг құрады.
Сонымен қатар ұн өндірісі 25 тоннаға, нан-тоқаш өнімдері 10 тоннаға, жармалар 2 тоннаға артты, шұжық өнімдерінің өндірісі өткен жылдың деңгейінде қалды және 46 тоннаны құрады.
2.3. Ауыл шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісі 10,5 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 8,8 % артты.
2014 жылы жаздық егіс 174 мың гектар аумақта жүргізілді немесе 2013 жылдың деңгейіне 93,5% .
Ауылшаруашылық мәдени дақылдарын әртараптандыру мақсатында 2013 жылдың деңгейімен салыстырғанда май дақылдарының егістік көлемі 47%-ға, жемшөптік дақылдардың егістік көлемі - 29%-ға, картоптің егістік көлемі - 5,2%-ға, көкөністер мен бақша өнімдерінің егістік көлемі - 24%-ға арттырылды.
Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісі 6,1 млрд. Теңгені құрады, физикалық көлем индексі – 111,5 %.
136,7 мың гектар егіс алқабынан 118,4 мың тонна дәнді дақылдар мен дәнді-бұршақ дақылдары бастырылды, орташа шығымдылық - 8,9 ц/га. 22,8 мың гектар аумақтан 11,1 мың тонна май тұқымдылар жиналды, шығымдылығы – 6,4 ц/га.
2,6 мың тонна картоп жиналды, шығымдылығы - 60,5 ц/га, 2,0 мың тонна көкөніс жиналды, шығымдылығы - 188 ц/га .
Мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісі 3,3 млрд. теңгені немесе 2013 жылдың деңгейіне 88 % құрады.
Ет өндіріс 13 %-ға төмендеді және 4,2 мың тоннаны құрады, жұмыртқа өндірісі - 78,9 % -ға 8,7 млн. данаға дейін төмендеді. Төрт құс шаруашылығының жұмысын тоқтата тұру жұмыртқа өндірісі мен құс басының төмендеуңне себеп болды.
Сүт өндірісі 6,9 %-ға артты және 20 мың тоннаны құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |