Конференцияға қатысуға Қазақстан Республикасы мен тмд елдерінің, сондай-ақ, жақын және алыс шетелдердің медициналық жоғары оқу орындарының оқушылары, студенттері, интерндері, резиденттері, магистранттары мен докторанттары шақырылады



Дата13.04.2023
өлшемі27.67 Kb.
#472219
Ақпараттық хат



АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Құрметті әріптестер!

2023 жылғы 12-13 сәуірде «Астана медицина университеті» КеАҚ «Ғылым және жастар: ашылулар мен перспективалар» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізуді жоспарлап отыр.


Конференцияға қатысуға Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің, сондай-ақ, жақын және алыс шетелдердің медициналық жоғары оқу орындарының оқушылары, студенттері, интерндері, резиденттері, магистранттары мен докторанттары шақырылады.
Конференцияның жұмыс тілдері – қазақша, орысша, ағылшынша.

  1. сәуірде - бакалавриат студенттері (1-5 курс) және мектеп оқушылары,

  2. сәуірде - интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар және басқа да жас ғалымдар баяндама жасайды.

ТЕЗИСТАР 2023 ЖЫЛҒЫ 03 СӘУІРГЕ ДЕЙІН https://forms.gle/yUt9zDegr52N5LQF8 сілтеме арқылы электронды нұсқада Microsoft Word 2013 форматында қабылданады.
Конференция жөніндегі ақпарат Университет сайтының www.amu.kz Жаңалықтар бөлімінде жарияланады.
Барлық сұрақтар бойынша Ғылыми-зерттеу қызметін дамыту орталығына хабарласуларыңызға болады (Бейбітшілік к-сі 53, 4 қабат, 407 каб., тел.: 577-896 (ішкі № 249), 8-775-606-52-06 Ардак, 8-777-036-26-58 Акбота.
ТЕЗИСТЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Жарияланымға мұқият тексерілген және өңделген зерттеулердің материалдары қабылданады. Берілген тезистер жүргізілген зерттеулерге сәйкес конференцияда баяндама шартымен қабылданады. Мәтіндік құжат Microsoft Word 2013 форматында, А4 форматта 1-2 бетте, қаріп 12, Times New Roman, бір интервал, шеттері – сол және оң жақта 2,0, жоғарғы және төменгі жағында – 1,5.


ТЕЗИСТІ ҚАЛАЙ РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ


- Авторлардың аты-жөні (жуан сызба, тегі және аты-жөні)
- Жұмыс атауы (бас әріп, қалың сызба, тырнақшасыз)
- Ғылыми жетекшінің аты-жөні (курсив, дәрежесі, лауазымы)
- Кафедра, университет (ұйым), қала (курсив)
- Тезис мәтіні (кіріспе, өзектілік, мақсат, материалдар мен әдістер, нәтижелер мен талқылау, қорытындылар)
КОНФЕРЕНЦИЯДА АУЫЗША БАЯНДАМАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

1. Презентация MS Power Point бағдарламасында жасалуы керек


((PowerPoint 2003-2016).
2. Ауызша сөйлеу ұзақтығы 5-7 минуттан, талқылау 3 минуттан аспауы керек.
3. Ноутбуктардың әртүрлі бағдарламалық жасақтамасына байланысты презентацияларыңызды екі кеңейтімде сақтауды сұраймыз *.ppt және *.pptx.
4. Презентацияға қойылатын талаптар: презентация жалпы қабылданған ережелерге сәйкес жасалуы керек (ашық слайд + қара әріптер). Бірінші слайдта: ЖОО атауы, бұдан әрі - практик медицина қызметкерлеріне арналған кафедраның немесе жұмыс орнының атауы, жұмыс атауы; баяндамашының толық аты - жөні; ғылыми жетекшінің аты-жөні; қала және жыл және т. б.
5. Баяндама конференция бағдарламасына сәйкес 2023 жылғы 03 сәуірге дейін секция модераторларына уақтылы берілсін.


КОНФЕРЕНЦИЯ СЕКЦИЯЛАРЫ:


Оқушылар мен студенттер үшін 12 сәуір 2023ж.



  1. Хирургиялық және сабақтас мамандықтар

  2. Терапиялық және байланысты мамандықтар

  3. Акушерлік және гинекология

  4. Педиатрия

  5. Қоғамдық денсаулық сақтау, гигиена және экология

  6. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер

  7. Іргелі ғылымдар



Жас ғалымдар үшін 13 сәуір 2023 ж.



  1. Хирургиялық және сабақтас мамандықтар

  2. Терапиялық және байланысты мамандықтар

  3. Акушерлік және гинекология

  4. Педиатрия

  5. Қоғамдық денсаулық сақтау, гигиена және экология

  6. Сәулелік диагностика және сәулелік терапия

  7. Науқастардың қауіпсіздігі




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет