Талдықорған қаласы әкімшілігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды
040000, Алматы облысы Талдықорған қаласы Абай көшесі, 256, телефондар: 8(7282) 247323, электрондық адрес: akimattld@mail.ru
Конкурс қатысушыларына және үміткерлерге:
Кәсіби құзыреттер: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні
Қажетті құжаттар тізбесі:
1) үлгі бойынша өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Әңгiмелесу өткiзудiң мерзiмi мен орны:
Барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 5 жұмыс күн ішінде өтеді. Өткізілетін орны: Алматы облысы Талдықорған қаласы Абай көшесі, 256, 316 кабинет.
Байқаушылар туралы ақпарат:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы облысы бойынша департаментінің, басқа да мемлекеттік органдар мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері.
Ішкі конкурсқа қатысатын тұлғалардың құжаттарын қабылдау:
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
-
«Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ коммуналдық шаруашылық секторының меңгерушісі (Е-R-3 санаты):
Еңбек сіңіргеніне байланысты лауазымдық қызметақысы – 96607 теңгеден 129920 теңгеге дейін.
Білімі: жоғары техникалық ғылымдар және технология, құқық.
Функционалдық міндеттері:
Қаланың санитарлық жағдайына, көгалдандыру, абаттандыру, көшелік жарықтандыру, жерлеу орындарын қамтамасыз ету қызметтері, құрылыс – монтаждық жұмыстар үшін жауап береді; жылына екі рет көктемгі – күзгі санитарлық тазарту жұмыстарының айлықтарын жүргізеді; жұмыс пен қызмет түрлері бойынша сандық ақпаратты меңгереді; мердігерлердің орындаған жұмыстарын қабылдайды және актілердің уақытылы өткізілуін қамтамасыз етеді, қабылданған көлемдер мен коммуналдық меншіктің негізгі қаржылары бойынша есептерді құрайды; сектордың қызметін бағыттайды, құрылыс пен абаттандыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді, басшылыққа қорытынды ақпараттар дайындайды; бөлімнің және сектордың құзырына жататын басқа да тапсырмаларды орындайды. Сектор мамандарына жүктелген міндеттердің уақытылы орындалуын қадағалайды. Мердігерлердің жұмысын үйлестіреді. Мемлекеттік тілді білуі, компьютерде жұмыс істей алуы керек.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы;
4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің бар болуы.
-
«Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқарудың
бірыңғай қызметінің (кадр қызметі) басшысы (Е-3 санаты):
Еңбек сіңіргеніне байланысты лауазымдық қызметақысы – 102437 теңгеден 138248 теңгеге дейін.
Білімі: Жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, педагогикалық, құқықтық, техникалық ғылымдар және технология.
Функционалдық міндеттері:
Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, кадр саласы бойынша бөлім жұмысын перспективалық және ағымдағы жоспарлау, жоғарғы органдарға ақпаратты - аналитикалық материалды дайындау және тиісті орындаушылық тәртіпті қамтамасыз ету. Қала әкімі мен аппарат басшысына, қала әкімі аппараты мен қалалық бөлімдер, селолық округтар әкімдері аппаратындағы қызметкерлерді тағайындау, ауыстыру және босату туралы, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, оларды көтермелеу және ынталандыру бойынша ұсыныстар енгізу. Азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асыру.
Жетекшілік ететін салалары бойынша Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғылары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, облыс және қала әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын ұйымдастыру. Бөлім қызметіне бақылау жасау.
Қала әкімі аппараты мен оның құрылымдық бөлімшелерінің кадр саясатын үйлестіру. Компьютер құралдарымен жұмыс жасай білу.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес;
4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы.
-
«Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» ММ қала әкімінің көмекшісі
(Е-3 санаты):
Еңбек сіңіргеніне байланысты лауазымдық қызметақысы – 102437 теңгеден 138248 теңгеге дейін.
Білімі: Жоғары ауыл шаруашылық ғылымдар, құқықтық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономикалық), педагогикалық, техникалық ғылымдар және технология.
Функционалдық міндеттері:
Қала әкімінің тапсырмаларын орындау. Тұрғындарды жеке сұрақтар бойынша қабылдауды ұйымдастыру, азаматтардың ұсыныстары, өтініштері мен арыздарын қарау және олардың өз мезгілінде орындалу барысын, жауаптардың толықтығын бақылайды
Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, облыс, қала әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің іске асырылуын бақылау.
Жеке сұрақтар бойынша қабылдауды ұйымдастыру, азаматтардың ұсыныстары, өтініштері мен арыздарын қарау. Қала әкімінің халықпен, еңбек ұжымдарымен кездесулерін ұйымдастыру. Мемлекеттік мекемелер және кәсіпорын басшыларымен байланысын жүзеге асыру. Компьютер құралдарымен жұмыс жасай білу.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес;
4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы.
-
«Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» ММ қала әкімінің кеңесшісі
(Е-3 санаты):
Еңбек сіңіргеніне байланысты лауазымдық қызметақысы – 102437 теңгеден 138248 теңгеге дейін.
Білімі: Жоғары құқықтық, өнер (ссәулетшілік), техникалық ғылымдар және технология (құрылыс), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономикалық).
Функционалдық міндеттері:
Қала әкімінің тапсырмаларын орындау. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің дамуы бойынша мониторинг жүргізу. Инвестиция және инновациялық саясаттын үйлестіру және инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын қадағалау. Инвесторларды тарту туралы ұсыныстар дайындау. Экономикалық хал – ахуалды бақылау және талдау.
Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының, облыс, қала әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің іске асырылуын бақылау.
Қала әкімінің қалалық бөлімдер басшылары, ауылдық округтер әкімдерімен әлеуметтік сала, жұмыспен қамту және еңбекке орналастыру мәселелері бойынша бірлесе іс - әрекет етуін қамтамасыз етеді, әкімнің бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен байланысын жүзеге асырады.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес;
4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы.
-
«Талдықорған қаласының Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты»
ММ тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық бөлімшесінің бас маманы (Е-G-3 санаты):
Еңбек сіңіргеніне байланысты лауазымдық қызметақысы – 69957 теңгеден 91108 теңгеге дейін.
Білімі: Жоғары техникалық ғылымдар және технология, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика), педагогикалық.
Функционалдық міндеттері:
Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізу; Халықты транспортпен қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын әзірлеу; Ауыл құрылысы бағдарламасы, елді мекендер проектісін жоспарлауы және елді мекендерді салу ережесі заңдылықтарының сақталуын қамтамасыз ету; Жайластырушылық пен санитарлық тазарту жұмысын, газ, электро және сумен жабдықтау, байланыс жұмыстарын іске асыру, ауылшаруашылық құрылымдарының жұмыстарын әзірлеу; Санитарлық тазалау, сыртқы безендіру жұмыстарын атқару; Сенбілікке, қосалқы жұмыстарға атсалысу; Тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу; Қоғамдық жұмыстарды жүзеге асыратын қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру, ай сайын жұмыс кестесін әзірлеу; Ағымдағы жылға іс-шаралар жоспарын әзірлеу; Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардағы жұмыстарын әзірлеу; Халыққа сәулет-құрылысы жұмысының жоспары туралы хабарлау; Жоғары тұрған органдардан түскен хаттармен жұмыс жасау; Жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерімен жұмыс жасау.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы.
-
«Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы (Е-R-1
санаты):
Еңбек сіңіргеніне байланысты лауазымдық қызметақысы – 142412 теңгеден 192382 теңгеге дейін.
Білімі: жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономикалық, қаржы, есеп және аудит), құқықтық.
Функционалдық міндеттері:
Бөлімге жалпы басшылық, жұмысты ұйымдастыру, бөлімнің қаржы - шаруашылық қызметі. Кәсіпкерлікті дамытуды болжап, талдау жасау, салалық бағдарламалар ұсыну. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттарын анықтау. Бөлімнің қызметін бақылауды жүзеге асырады. «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі» 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚР Заңын, ҚР 1999 жылғы 16 шілдедегі №429-I «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы», ҚР 2004 жылғы 12 сәуірдегі №544-II «Сауда қызметін реттеу туралы», ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы №131 «Сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы», ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 634 «Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру, темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті, алкоголь өнімін ол өндірілген аумақта сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімін ол өндірілген аумақта сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және алкоголь өнімін өндіруге арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруді өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органды айқындау туралы» Қаулыларының орындалуына бақылау жасайды. Кәсіпорын және кәсіпкерлік нысандарының, өнеркәсіп, қызмет көрсету орындарының, инвестиция және инновациялық саясат, лицензиялау, қызметтерін үйлестіреді. Өз қызметінің аясында нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруге байланысты, жоғары тұрған органдарға ұсыныс бере алады. Мемлекеттік тілді жетік білу, компьютерде жұмыс істей білу.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
4) ғылыми дәрежесінің болуы;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.
Достарыңызбен бөлісу: |