2014 жылғы 23 қаңтардағы № 8 «Арқа ажары» газетінде жарияланды
«Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі бос орын әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
1. «Аршалы ауданы Жібек Жолы аулыдық округінің әкімі аппараты» ММ бас маманы, санаты E-G-3, 1-бірлік.
Лауазымдық жалақысы қызмет істеген жылдарына байланысты 53813 теңгеден 72391 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: жоспарлау, дамудың орташа мерзімдік жоспарын, аппарат бойынша бюджеттік өтінімді жиынтықтау және қалыптастыру. Бухгалтерлік, салықтық және статистикалық есеп пен қаржылық есептемені жүргізу. Мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастыру. Мекеменің материалдық құндылықтарының сақталуын бақылау және есебін, негізгі құралдардың түгендеуін жүргізуді бақылау.
Конкурстық қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары экономика және бизнес саласында, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес экономика және бизнес саласында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
2.«Аршалы ауданы Волгодонов селолық округінің әкімі аппараты» ММ бас маманы, санаты E-G-3, 1-бірлік.
Лауазымдық жалақысы қызмет істеген жылдарына байланысты 53813 теңгеден 72391 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: шаруашылық есебін, мұрағаттық ісқағаздарын жүргізу. Мемлекеттік мейрамдарды, атаулы күндерді мерекелеуге байланысты ісшараларды, есептік кездесулерді, жиын және жиналыстарды ұйымдастыру. Бюджетке төленетін салықтар мен басқа міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдесу. Жұмыспен қамту орталығынан қоғамдық жұмыстар бойынша орындалған жұмыстардың көлемін бақылау.
Конкурстық қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары білім немесе табиғи ғылымдар немесе гуманитарлық ғылым немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауыл шаруашылық ғылымдар немесе қызметтер салаларында, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес білім немесе табиғи ғылымдар немесе гуманитарлық ғылым немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауыл шаруашылық ғылымдар немесе қызметтер салаларында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
3.«Аршалы ауданы Бұлақсай ауылдық округінің әкімі аппараты» ММ жетекші маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезіңде), санаты E-G-4, 1-бірлік.
Лауазымдық жалақысы қызмет істеген жылдарына байланысты 48047 теңгеден 64704 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Жоспарлау, дамудың орташа мерзімдік жоспарын, аппарат бойынша бюджеттік өтінімді жиынтықтау және қалыптастыру. Бухгалтерлік, салықтық және статистикалық есеп пен есептемені жүргізу. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу. Мекеменің материалдық құндылықтарының сақталуына және есебіне бақылау, негізгі құралдардың түгендеуін жүргізуді бақылау.
Конкурстық қатысушыларға қойылатын талаптар: экономика және бизнес саласында жоғарғы білім немесе экономика және бизнес саласындағы ортадан кейінгі білім не орта техникалық экономика және бизнес саласындағы орта техникалық немесе экономика және бизнес саласында кәсіптік білім.
Конкурс Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттік Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 Бұйрығымен бекітілген «Әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу ережесі және конкурстық комиссия құру» негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға тілек білдіруші азаматтар келесі құжаттарды тапсырады:
-
Ережесінің 2-қосымшасына сәйкес үлгідегі өтініші;
-
Ережесінің 3-қосымшасына сәйкес үлгідегі 3х4 көлеміндегі фотосуретпен толтырылған анкета;
-
Нотариалды куәлендірілген білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
-
Нотариалды куәлендірілген жұмыс істегендігін растайтын құжаттардың көшірмесі;
-
Берілген үлгідегі (№ 086/У) денсаулығы туралы анықтама;
-
Қазақстан Республикасы азматының жеке бас куәлігінің көшірмесі,
-
Құжаттарды тапсыру сәтінде іс-қимылдағы тестен өткендігі туралы сертификат.
Құжаттар пакетін толық тапсырмаған жағдайда конкурстық комиссия оны қараудан бас тартады.
Мемлекеттік қызметшілер тарапынан берілетін жоғарыдағы 3) және 4)-тармақтағы құжаттарды өздері жұмыс істейтін мемлекеттік органның персоналдарды басқару қызметі (кадрлық қызметі) куәлендіреді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімі аппараты» ММ-де үміткердің әңгімелесуге жіберілгендігі туралы хабардар еткен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды конкурс өткізу туралы «Арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттерінде хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде тапсыру қажет.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаты депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), комерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Мекен-жайы: 020200 индексі, Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Тәшенов к. 47, 307 каб., анықтама үшін телефондар: 8/71644/2-18-70, факс - 8/71644/2-13-52, электрондық почта – arshaly_org83@mail.ru.
Достарыңызбен бөлісу: |