«Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы» ММ «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялау туралы
ХАБАРЛАМА
«Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі (110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 112, анықтама үшін телефондар: 8 (714-2) 394425, электрондық мекенжайы: usko@kostanay.gov.kz), «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
1. Техникалық қадағалау бөлімінің бас маманы, D-O-4 санаты, лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: объектілердің құрылысы жөніндегі тапсырушының техникалық қадағалау функциялары (орындау құжатнамалары, жабық жұмыстарға актілер, құрылыстағы жұмыс сапасы, жабдықтарды жинақтау); құрылыста қолданылатын құрастырмалар, бұйымдар және материалдар сапасын дәлелдейтін құжаттар санын тексеру; орындаушы техникалық құжатнамалардың санын және дұрыс жүргізілуін бақылау; құрылыс-монтаждау ұйымдарының авторлық қадағалау және мемлекеттік құрылыс бақылау органдары нұсқамаларының орындалуын бақылау; жұмыс өндірісі құқығына рұқсат алу; мердігер ұйымдармен және жобалау институттарымен жұмыс жасау; құрылысы аяқталған нысандарға мемлекеттік және жұмыс комиссияларын өткізуге үшін құжаттар топтамасын дайындау; құрылысы аяқталған нысандарды балансқа беру үшін техникалық құжаттамаларды дайындау.
Жалпы конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
Білімі жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар (құрылыс)
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Құзыреттерді бар болуы: Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
2. Жоспарлау, мемлекеттік сатып алу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, D-O-4 санаты, лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 83283 теңгеден 113264 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге тұрақты қатысу; тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі комиссия отырыстарына тұрақты қатысу; конкурстық комиссия отырысының күн тәртібін құру, қажетті құжаттармен конкурстық комиссияны қамтамасыз ету, конкурстық комиссия отырысын өткізу ұйымдастыру; конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттерді ашу хаттамасын, конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттаманы, конкурстың қорытындылары туралы хаттаманы, сондай-ақ басқа да конкурстық комиссия отырыстарының хаттамаларын ресімдеу және қол қою; конкурстық комиссиямен қол қойылған отырыстардың хаттамаларын, сараптама қорытындысын (сараптау комиссиясының) мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушысына жіберу; конкурстық өтінімдерді ашу сәтінен бастап конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу құжаттарды және материалдарды сақтауды қамтамасыз ету; мемлекеттік сатып алу жүзеге асыру ережесінде қарастырылған басқа функцияларды жүзеге асыру; басқарманың жедел отырыстарына қатысу; Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасына уақытылы құрастыру және жеткізу; жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша жаспарлаған және өткізілген конкурстар туралы апта сайын және ай сайын ақпарат; кіріс хат-хабарларды орындау.
Жалпы конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы); техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету)
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Құзыреттері бар болуы: Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», « Әкімшілік рәсімдер туралы»,«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурсты өткізу қағидаларының негізінде өткізіледі. (әрі қарай –Қағида).
Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысанындағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесі;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасының азаматы екендігін растайтын жеке куәлігінің көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі).
8) құжаттарды тапсыру сәтінде сенім берілген органда жеке басы сапасын бағалаудан өту туралы қортындысы (немесе сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі). «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметіне жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Қостанай облысы әкімдігінің құрлыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 110000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 112, каб. 217 мекенжайы бойынша қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде – жалпы конкурсты өткізу жөніндегі хабарлама жарияланған соңғы күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсынылуы қажет.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесіне электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірмей береді.
Жалпы конкурсқа қатысушылар және әңгімелесуге жіберілген кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар етілген күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде «Қостанай әкімдігінің құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінде өтеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне конкурс комиссиясы шешімін қабылдағаннан кейін 5 күн ішінде шағымдана алады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы» ММ-нің персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы» ММ-нің персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Азаматтар конкурсқа қатысу жөніндегі шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жерді жалдауды, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |