Конкурс туралы хабарландыру «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты»



Дата01.07.2016
өлшемі166.62 Kb.
#169879
түріКонкурс




«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік

қызметшілер арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030000, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, анықтама үшін телефоны: 8(7132)932076, факс: 8(7132)932076, e-mail: A.Zainolaeva@aktobe.gov.kz, «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ мемлекттік қызметшілер арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (бала күтімі бойынша демалыс кезінде міндетін уақытша атқару үшін), D-4 санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 71750 теңгеден 96735 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Құпия емес құжаттарды және электрондық құжат айналымын жүргізу, келіп түскен және жіберілетін қағаз және электрондық тасығыштардағы хат-хабарлардың ісжүргізу талаптарына сәйкестігін тексеру, келіп түскен хат-хабарларды алдын ала қарау, бөлу, есепке алу және тіркеу, оны басшылыққа және құрылымдық бөлімшелерге дер кезінде жеткізу, құжаттардың дер кезінде өтуін бақылау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды және облыс басшылығының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру, ҚР Мемлекет басшысының, ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Премьер Министрі Кеңсесі басшылығының, министрліктердің, облыс әкімі мен әкімдігінің тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік және орыс тілдегі нормативтік құқықтық актілер мәтіндерінің түпнұсқалығын қамтамасыз ету, әкімдіктің отырыстарын, кеңестерін хаттамалауды қамтамасыз ету, облыс әкімі мен әкімдігі актілерін есепке алу, құжаттарды жіберу, номенклатураны қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, электрондық құжат айналымы және мемлекеттік тілді іс жүргізуде қолдану, жоғары тұрған органдардың тапсырмаларының орындалуы туралы ақпараттар, жеке, заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың жай-күйі туралы айлық, тоқсандық есептерді әзірлеу.

Ақпаратты талдай, жинақтай және жүйелей білу, құқықтық актілер, жоспарлар, анықтамалар, қарамағындағы мәселелер бойынша басқа да құжаттар әзірлей білу, кеңестер, семинарлар және т.б. ұйымдастыра білу.

Бөлім басшылығы анықтайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыра білу.

Тіл тапқыштық, орындаушылық, көпшілдік, психологиялық үйлесімділік.

Іс жүргізу негіздерін білу.

Нормативтік құжаттармен жұмыс тәжірибесінің болуы.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - заңгерлік, журналистік, экономикалық, техникалық, педагогикалық, мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша жоғары.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
      1) мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;

2) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі;

3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі қажет.

Өз санаты лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білуі қажет.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:


  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

  2. тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.



Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға

орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
«Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, 40 үй, анықтама үшін телефон: 8(7132) 55 30 68, факс: 8(7132) 54 78 14, e-mail: revkomaktobe@list.ru, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Жетекші маман (уақытша, бала күтімі демалысындағы негізгі қызметкердің орнына), D -5 санаты, 1 бірлік.



Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83 282 теңгеден 112 431 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің шешімдерін орындауды және Есеп комитетіне тиісті ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді; Есеп комитетінің сұрау салулары бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы ақпарат ұсынады; құпиялылық режимiнiң, қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында өз қызметі туралы ақпаратты әзірлейді; өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шаралар қолдануды қамтамасыз етеді. Тексеру комиссиясы интернет- ресурсының қызметін және онда орналастырылатын ақпаратқа бақылау жасау; жергiлiктi атқарушы органдарға, мемлекеттiк органдарға және мемлекеттiк аудит және қаржылық бақылау объектiлерiне жiберiлген ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалуын мониторингілеу мен бақылау; Мемлекеттік аудит объектілері бойынша (жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша) деректердің ақпараттық базасын қалыптастыру.

Мемлекеттік аудит бойынша (бағдарламалық құжаттарды іске асыру бойынша) деректердің ақпараттық базасын қалыптастыру; Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсынымдар енгiзу; аудиторлық шаралардың нәтижесінде мемлекеттік активтер мен бюджет құралдарын пайдалануды талдауды, жоспарлауды жүргізу; бөлім қызметкерлерімен еңбек және атқарушылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету, техникалық сабақтар өткізу. Аудит жасаған қызметкерлердің мемлекеттік аудит актілерін уақытылы іске асыруына бақылау жасау. Жүктелген тапсырмаларды және өз функцияларын жүзеге асырудағы жеке жауапкершілік; басшылықпен анықталған басқада қызметтерді орындау; өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шаралар қолдануды қамтамасыз етеді.мемлекеттік тілді білу, компьютерде жұмыс жасай білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық (экономика, қаржылық, бухгалтерлік, есеп және аудит), заңгерлік білімі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.



Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) нысанға сәйкес өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;


      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;


      6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.



Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» КММ өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

«Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» КММ мемлекеттік қызметшілер арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
«Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, 40 үй, анықтама үшін телефон: 8(7132) 55 30 68, факс: 8(7132) 54 78 14, e-mail: revkomaktobe@list.ru, «Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» КММ мемлекттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Аппарат басшысы, D-2 санаты, 1 бірлік.



Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 163 233 теңгеден 220 698 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Өзінің құзыреті шеңберінде Тексеру комиссиясы төрағасының бұйрықтары мен тапсырмаларын орындайды;Тексеру комиссиясы аппаратына басшылық жасайды: оның бөлімшілерінің жұмысын ұйымдастырды және бақылау жасайды; ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастыру-құқықтық, Тексеру комиссиясының материалдық-техникалық, қаржылық қамтамасыз ету қызметін ұйымдастырды; Қазақстан Республикасы Президентімен бекітілген штат саны лимитінің шеңберінде Тексеру комиссиясының құрылымын және штаттық санын әзірлейді және Тексеру комиссиясы төрағасының бекітуіне енгізеді; Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшілері жөнінде ережелерді, Тексеру комиссиясы мүшелерінің және аппарат басшысының лауазымдық нұсқаулықтарын, сондай-ақ олардағы өзгерістерді Тексеру комиссиясы төрағасының бекітуіне енгізеді; Тексеру комиссиясының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің және өз қызметін шарттық негізде жүзеге асыратын тұлғалардың лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді; Кадрлық, заң, әкімшілік, құжаттамалық, ақпараттық қамтамасыз етуге жауапты Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшілерінің қызметін, мемлекеттік тілді дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін орындауға басшылық етеді; Мемлекеттік сатып алулардың нәтижелері бойынша шартарды жасау;

Тексеру комиссиясыныда бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарды алуға конкурстарды жүргізу, әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау және өтілін белгілеу, шетелде біліктілігін арттыруға тыңдушыларды іріктеу конкурстарын жүргізу құзырына кіретін Тексеру комиссиясының кеңестік-консультациялық қызметіне жалпы басшылық жасайды; Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын бақылау; Мекемеде электрондық құжат айналымының пайдалануын бақылау; Заңнамаға сәйкес іс жүргізуді бақылау;

Төлем шоттарын, орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтер, жеткізілген тауарлардың) актілеріне және шартық міндеттемелерден шығатын қаржылық құжаттарға қол қою; Өз қызметтерін шарттық негізде жүзеге асыратын Тексеру комиссиясының штаттан тыс қызметкерлерінің штаттық кестесін бекітеді; Тексеру комиссиясы төрағасының келісімі бойынша Тексеру комиссиясына шарттық негізде қабылданатын тұлғалармен еңбек шарттарына қол қояды; Тексеру комиссиясының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін тағайындау, босату, ауыстыру бойынша ұсыныстарды Тексеру комиссиясының төрағасына енгізу;

Тәртіптік жауапкершілік, іссапарлар, демалыстар беру, Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, марапаттау, үстемеақыларды төлеу және сыйақы беру мәслелерін қарастырады және шешімдердің тиісті жобаларын Тексеру комиссиясының төрағасына енгізу; Тексеру комиссиясы жұмысының жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын бекіту; Тексеру комиссиясының бюджеттік өтінімін дайындауды қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет процессінің өзге рәсімдерін атқару; Қаржыландыру жоспарын және Тексеру комиссиясының қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз ету және бекітуге енгізу;Мемлекеттік қаржылық бақылау саласында регламенттерді, стандарттарды, өзге әдістемелік құжаттарды әзірлеуді ұйымдастыру; Тексеру комиссиясы төрағасының хаттамалық және өзге тапсырмаларын сапалы, тиімді және уақытылы орындалуын бақылау және монитрингті қамтамасыз ету; Өзінің құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөнінде заңнама талаптарын орындауды қамтамасыз етеді;Тексеру комиссиясының қызметкерлері және құрылымдық бөлімшелер қызметінің сапасына бағалау жүргізуді ұйымдастырды; Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Тексеру комиссиясы төрағасының актілерімен жүктелген өзге өкілдіктерді жүзеге асыру. Тексеру комиссиясына түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытында қарастыру бойынша бақылау жасау; Тексеру комиссиясының жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық (экономика, қаржылық, бухгалтерлік, есеп және аудит) білімі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;


      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;


2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

  2. тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.



Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» КММ өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.



Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет