Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
Е-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Е-R-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Категория
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
|
min
|
max
| Е-4 |
77452
|
104936
|
Е-R-4
|
73288
|
99105
|
«Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 130200, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі, 1-ші ғимарат, анықтама алу үшін телефондар: 8-72934-52468, e-mail: D.Esenova@mangystau.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
1. «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты,
1 бірлік (уақытша бос орын, 2017 жылғы 1-ші тамызына дейін негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне).
Функционалдық міндеттері: мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің қызметіне, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері мен стандарттарының сақталуындағы мемлекеттік қызмет көрсету субъектілеріне мониторинг жүргізеді, бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік мекемелермен көрсетілетін қызмет сапасын арттыруды жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім – Білім мамандықтары (педагогика және психология, тарих, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі, математика, физика, химия, география, биология);
Құқық мамандықтары (құқықтану, халықаралық құқық, кеден ісі);
Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтары (мемлекеттік және жергілікті басқару, әлеуметтану, қоғамдық байланыс, статистика, экономика, саясаттану, психология, қаржы, менеджмент, маркетинг, есеп және аудит, әлемдік экономика);
Гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, философия, аударма ісі, тарих, дінтану, мәдениеттану, шығыстану);
Қызмет көрсету мамандықтары (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, жерге орналастыру, кадастр);
Өнер мамандықтары (сәулет, дизайн);
Техникалық ғылымдар және технологиялар мамандықтары (ақпараттық жүйелер, мұнай газ ісі, құрылыс, көлік құрылысы, автоматтандыру және басқару, материалтану және жаңа материалдар технологиясы).
2. «Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы,
Е-R-4 санаты, 1 бірлік
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық қызметтері бойынша жылдық жоспарларын қарау. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес конкурстарды ұйымдастырады. Шығыстар сметасын құру және орындалуын, тиісті органдарға (қалалық экономика және қаржы бөліміне, стат бөліміне) дер кезінде бухгалтерлік есеп беруді қамтамасыз етеді. Барлық тиісті бухгалтерлік есептерді жүргізеді. Ақпараттық аналитикалық қызмет пен мониторингтің нысандары мен амалдары бойынша жұмыс жасай білу.
Барлық қаржылық құжаттардың сапалы орындалуын, қалалық қазынашылық басқармада қаржылық құжаттармен қызмет көрсететін банкпен, қалалық экономика және қаржы бөлімімен тұрақты жұмысты қамтамасыз етеді. Мемлекеттік сатып алу бойынша құжаттар әзірлеу, жабдықтаушылармен келісім-шарт жасау. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз шағымдарға, хаттарға уақытында жауап әзірлеу. Басқада өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді толықтай орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім – Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтары (экономика, қаржы, есеп және аудит).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
-
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
-
3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымынаорналасуға конкурс өткізуқағидаларарының 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
-
бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
-
еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
-
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
-
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
-
құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
-
конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді
Бiлiмi туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Жаңаөзен қаласы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Шағым жасау тәртiбi:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады..
Достарыңызбен бөлісу: |