Бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға өткізілетін ішкі конкурс туралы хабарландыру
«Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі, 071700, Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы 122, анықтама телефоны 8 (72230) 3-48-47, 3-31-63, электрондық пошта a.sarbasova@akimvko.gov.kz: «Б» корпусының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
1. Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық «Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-сі, бас маман, санаты «E-R-4» - 1 бірлік (негізгі қызметшінің бала күтімі бойынша демалыста болу мерзіміне):
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 75939 теңгеден 101756 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Білім беру ұйымдарының қатаң есептегі бланкілерінің есебін жүргізеді(«алтын белгі» белгісі, куәлік, аттестат, марапаттау қағаздары, грамоталар). Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыру ,жазғы демалыспен қамтылуын жүзеге асырады. Азаматтардың ұсыныстарын, өтініштерін және шағымдарын қарайды және белгіленген мерзімдерінің сақталуына мониторинг жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі жоғары «Білім» бөлімі бойынша мамандықтар (математика, физика, информатика, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, педагогика және бастауышты оқыту әдістемесі, құқық негіздері және экономика)
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
2.«Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-сі, бас маман, санаты «E-R-4»- 1 бірлік:
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 75940 теңгеден 101757 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Жоғары тұрған мемлекеттік органдардың,лауазымды тұлғалардың өз құзыретіне қатысты актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді. және басқа да салалық басқармалармен өзара әрекет етеді, ауылдық округ әкімдерімен өз саласы бойынша жұмысты ұйымдастырады. Мал шаруашылығын дамытуға бағытталған субсидиялау бағдарламалары бойынша жұмыстар атқарады. Мал шаруашылығы бойынша ай сайын талдау жасау, есептілікті беруді жүзеге асырады, асыл тұқымды мал басының санына талдауды жүргізеді. Аудан шаруашылықтарында мал қыстауының, көктемгі жөндеу науқанына дайындықтың және жас малды сақтап қалу барысының жағдайын талдайды. Мал шаруашылығындағы асыл тұқымды мал басын арттыру бойынша қабылданатын шараларды қамтамасыз етеді. Жасанды ұрықтандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім (зоотехния), «Ветеринария» бөлімінің мамандықтары бойынша.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
Конкурсқа қатысушыларға жалпы талаптар:
1) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптарды;
2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері мининистрілігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;
3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi: ішкі конкурс туралы хабарландыру уәкілетті органның ресми сайтында соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні. Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) нысандағы өтініш; 2) персоналды басқару қызметімен (кадр қызметі) расталған қызметтік тізім. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Әңгімелесуді жүргізу уақыты мен орны: Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Үржар ауданы әкімінің аппараты» ММ өтеді.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың және сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат: Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Шағым жасау туралы ақпарат: Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Ішкі конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.
Анықтама телефондары : 8 (72230)-3 -48- 47, 3-31 -63.
Достарыңызбен бөлісу: |