Конкурстық хабарлама



Дата03.07.2016
өлшемі64.39 Kb.
#175248
түріКонкурс


2015 жылғы 21 желтоқсан

КОНКУРСТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңының 7-бабының 6 және


7-тармақтарына сәйкес міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша және телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс жариялайды.

Конкурс Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 494 бұйрығымен бектіліген Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 488 бұйрығымен бекітілген Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларына сәйкес өткізіледі (бұдан әрі- Қағида).

Өтінімдер және оған қоса берілген құжаттар ақпараттық хабарлама ресми жарияланған күннен бастап 2016 жылғы 15 қаңтар күні сағат 18.00-де аяқталады.

Конкурстық құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті, 201 «В»-бөлме.

Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес рәсімделген өтінімдер мен құжаттар салынған конверттерді ашу 2016 жылғы 18 қаңтар күні 15.00-де мына мекен-жайда өтеді: Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс (745-бөлме). Конкурс қорытындысы конверт ашылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде шығарылады.

Көпарналы хабар тарату ортасының (цифрлық эфирлік/спутниктік) өтінімі әрқайсысына жеке толтырылады.

Цифрлық мультиплекске енгізу үшін цифрлық эфирлі телерадио хабарларын таратуға өтінім тізімге сәйкес беріледі.

Бұл ретте, жоспарланған цифрлық эфирлі телерадио хабарларын таратуға радиотелевизиялық станциялардың (тарату аумағы) мекен-жайлары бір өтінімде көресетіледі.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефоны:+7 (7172) 740-538.
Қосымша:

1) ЦЭХТ бойынша радиотелевизиялық станциялар тізімі;

2) Өтінім формасы;

3) Қонкурстық ұсыныстар.

Телерадио хабарларын таратудың

ұлттық операторы тарататын

еркін қолжетімді теле-,

радиоарналардың тізбесін

қалыптастыру бойынша конкурс

өткізу қағидаларына 1-қосымша


Нысан


Қазақстан Республикасы Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасына   

      Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне қосуға


Өтінім
      Жалпы мәліметтер:
      1. Заңды тұлғаның толық атауы
     / жеке тұлғаның Т.А.Ә.А.
      _______________________________________________________________
      2. Заңды мекенжайы:
      _______________________________________________________________
      3. Телефон, факс нөмірлері:
      _______________________________________________________________
      4. Теле-, радиоарнаның атауы:
      _______________________________________________________________
      5. Тақырыптық бағыты:
      _______________________________________________________________
      6. Тарату аумағы:
      _______________________________________________________________
      7. Көпарналы хабар тарату ортасы (цифрлық эфирлі/спутниктік):
      _______________________________________________________________
      Бірінші басшының/ дара кәсіпкердің қолы
      МО 20__ ж. «___»___________

Телерадио хабарларын таратудың

ұлттық операторы тарататын

еркін қолжетімді теле-,

радиоарналардың тізбесін

қалыптастыру бойынша конкурс

өткізу қағидаларына 2-қосымша

Үміткерлердің конкурстық ұсыныстары
Үміткерлердің конкурстық ұсыныстары мынадай бөлімдерді қамтуы тиіс:

Шығармашылық ұсыныстар

Үміткер мыналарды ұсынады:

теле-, радиоарналны тарату торы (келесі айға);

мына мәліметтерден тұратын ақпарат:

1) теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты мен олардың жанрлық арақатынасы (ақпараттық, талдамалық, публицистикалық, жастарға және балаларға арналған, музыкалық теле-, радиобағдарламалар мен көркем, деректі фильмдер);

2) хабар таратудың тілдік арақатынасы, мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламаларды трансляциялау уақыты;

3) меншікті теле-, радиобағдарламалардың, сатып алынатын теле-, радиобағдарламалар мен ретрасляцияның арақатынасы;

4) орташа тәуліктік тарату уақыты;

5) шығармашылық және техникалық жұмыскерлердің сандық мәндегі кадрлық әлеуеті.

Техникалық ұсыныстар

Үміткер мыналарды ұсынады:

теле-, радиобағдарламалар өндірісінің стационарлық студиялық жабдығының болуы, жай-күйі және түрі туралы ақпарат;

аппараттық-студиялық кешеннің техникалық сипаттамалары;

дыбысы мен бейнесінің сапасы жоғары теле-, радиобағдарламаларда эфирге беру жөніндегі міндеттеме;

студиялық кешеннің орналасқан жері, теле-, радиоарнаны ұлттық оператордың желісіне дейін беру тәсілі туралы ақпарат;

сигналдың (теле-, радиоарнаның) ұлттық оператордың желісіне дейін жетуін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеме.

Қаржылық ұсыныстар

төлем қабілеттілігін растайтын құжаттар:

1) банк немесе банк филиалы алдында анықтама берілген күннен бұрын үш айдан астам мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы қол қойылған және мөр басылған банк немесе банк филиалы анықтамасының түпнұсқасы;

2) бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;

техникалық қызмет көрсетуге, штатты ұстауға және басқа да капиталдық салымдардың жалпы шығындарын көрсету.

Үміткер өзінің пікірі бойынша Комиссияға конкурстық ұсынысты барынща объективті түрде бағалауға мүмкіндік беретін, конкурстың мәні бойынша кез келген мәліметі бар қосымша құжаттарды ұсына алады.

Міндетті теле-, радиоарналардың    
тізбесін қалыптастыру бойынша

конкурс өткізу қағидаларына           


1-қосымша            
     

Нысан



Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері 

жөніндегі комиссияның төрағасына





Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурсқа қатысуға арналған

өтінім
Жалпы мәліметтер:
1. Заңды тұлғаның толық атауы
/жеке тұлғаның Т.А.Ә.А..
_____________________________________________________________
2. Заңды мекенжайы:
_____________________________________________________________
3. Телефондардың, факстердің нөмірлері:
_____________________________________________________________
4. Теле-, радиоарнаның атауы:
_____________________________________________________________
5. Тақырыптық бағыты:
_____________________________________________________________
6. Таратылу аумағы:
_____________________________________________________________
      бірінші басшының/дара кәсіпкердің қолы
      М.О. 20__ ж. «__» ____________

Міндетті теле-, радиоарналардың    


тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс
өткізу қағидаларына           
2-қосымша                 

Үміткерлердің конкурстық ұсыныстары
Үміткерлердің конкурстық ұсыныстары мына бөлімдерден тұруы тиіс:

Шығармашылық ұсыныстар

Үміткер мыналарды ұсынады:

1) теле-, радиоарнаның хабар тарату торын (келесі айға);

2) мынадай мәліметтерді қамтитын ақпаратты:

теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты және олардың жанрлық арақатынасы (ақпараттық, талдамалық, публицистикалық, жастарға және балаларға арналған, музыкалық теле-, радио бағдарламалар және көркем, деректі фильмдер);

хабар таратудың тілдік арақатынасы, мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалардың көрсетілу уақыты;

өз теле-, радиобағдарламалары, сатып алынатын теле-, радиобағдарламалар мен ретрансляцияларының арақатынасы;

орта тәуліктік хабар тарату уақыты;

сандық мәнде шығармашылық және техникалық қызметкерлердің қадрлық әлеуеті.

Техникалық ұсыныстар

Үміткер мыналарды ұсынады:

1) теле-, радиобағдарламалар өндірісінің стационарлық студиялық жабдықтарының болуы, жағдайы және оның типі туралы ақпарат;

2) аппараттық-студиялық кешеннің техникалық сипаттамалары;

3) эфирге шығарылатын теле-, радиобағдарламалардың дыбыс және көрсету сапасын жоғары деңгейде беру жөніндегі міндеттеме;

4) студиялық кешеннің орналасқан жері, теле-, радиоарнаны телерадио хабарларын тарату операторларына дейін беру тәсілі туралы ақпарат.



Қаржылық ұсыныстар

Төлем қабілеттілігін растайтын құжаттар:

1) анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам банк немесе банк филиалы алдында төлем мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы қол қойылған және мөр басылған банк немесе банк филиалы анықтамасының түпнұсқасы;

2) бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған соңғы қаржы жылына арналған бухгалтерлік баланстың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;

3) техникалық қызмет көрсетуге, штатты ұстауға және басқа да капиталдық салымдардың жалпы шығындары туралы мәлімет.

Үміткер өзінің пікірінше конкурстың мәні бойынша, Комиссияның конкурстық ұсыныстарды барынша объективті бағалауына мүмкіндік беретін кез келген мәліметтерді қамтитын қосымша құжаттарды ұсынуға құқылы.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет