«Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты



Дата01.07.2016
өлшемі139.23 Kb.
#169706


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы « 29 » 08

№ 1099 қаулысымен

бекітілген

«Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер


  1. «Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес мекенжайлар бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармалары (бұдан әрі – басқарма) көрсетеді.

  2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

  3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 12-бабы 12) тармақшасының негізінде көрсетіледі.

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінң www.mint.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

  5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы қағаз тасығыштағы туристтік ақпарат болып табылады.

  6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.

  7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

    1. бес жұмыс күнінен аспайды;

2) сұрау берген кезде күтудің жол берілген ең көп уақыты - 30 минуттан аспайды;

3) мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің жол берілген ең көп уақыты - 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет алу үшін құжаттарды қабылдауды жұмыс кестесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген басқармалар жұмыс күндері жүзеге асырылады.

Қабылдау алдын-ала жазылусыз және жылдам қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет тиісті басқарманың ғимаратында көрсетіледі. Ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандуспен жабдықталған.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде кезектіліктің болмауына байланысты күту залы көзделмеген.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


  1. Мемлекеттік қызмет алу үшін мемлекеттік қызмет алушы тиісті басқармаға жазбаша сұраумен жүгінеді.

  2. Өтініш еркін нысанда қалыптастырылады.

  3. Құжаттарды қабылдау осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес мекенжайлар бойынша орналасқан тиісті басқарманың кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

  4. Құжаттардың тапсырылғанын растау тіркеу (мөртабан және кіріс нөмірі, күні) болып табылады. Өтініш беруші үшін қабылданғаны туралы белгі қойылған көшірме беріледі.

  5. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілі – жеке бару не почта арқылы.

  6. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіздер жоқ.



3. Жұмыс қағидаттары
17. Басқармалардың қызметі мындай қағидаттарға негізделеді:

1) заңдылық;

2) адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін сақтау;

3) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру;

4) мемлекеттік қызметшілер үшін заңнамада белгіленген тыйымдар мен шектеулерді қатаң сақтау;

5) заң мен сот алдында баршаның теңдiгi;

6) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы;

7) сапа және азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау кезінде төрешілік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;

8) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі мен мүдделерінің теңбе-тең болуы;

9) мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнаманы қатаң сақтай отырып, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;

10) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;

11) өтінім беруші құжаттарды алуға келмеген жағдайда құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

12) ақпараттардың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

13) тиімділік;

14) сыпайылық.

4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органның жұмысы бағаланатын осы мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бұйрығымен бекітіледі.



5. Шағымдану тәртібі
20. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (бұдан әрі – Комитет) қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді және өтініш дайындауға жәрдем көрсетуді Комитет Астана қаласы, Абай даңғылы 33, 1501 кабинет мекенжайы бойынша жүзеге асырады.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым мемлекеттік қызмет алушының таңдауы бойынша мыналарға жолданады:

1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі басшысына оның азаматтарды қабылдау кестесі министрліктің интернет-ресурсында мына мекенжай бойнша: www.mint.gov.kz орналастырылған;

2) Министрліктің «сенім телефонына» 8 (7172) 24-04-75, 24-04-76, 24-12-13;

3) Министрліктің www.mint.gov.kz мекенжайдағы интернет-ресурсының «сұрақ – жауап» бөліміне;

4) Министрдің блогына, Министрліктің www.mint.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің блогы» беті;

5) Министрлікте 010000, Астана қаласы, Қабынбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайы бойынша орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік арқылы;

6) 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайыны бойынша министрліктің кеңсесіне жазбаша шағыммен.

22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда Комитет қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Туризм индустриясы комитеті төрағасының атына жазбаша түрде немесе қолма-қол 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33, 1501 кабинет, тел. 8 (7172) 75 31 35 мекенжайы бойынша беріледі.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.

Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

24. Шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі) болып табылады. Өтініш беруші үшін қабылданғаны туралы белгі қойылған көшірме беріледі.

25. Комитеттің байланыс деректері: Туризм индустриясы комитеті төрағасының және төраға орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефондары: 8 (7172) 75 31 35;сенім телефоны: 8 (7172) 75 34 62.
____________________________

«Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру»

мемлекеттік қызмет

стандартына

1-қосымша

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының

туризм, дене шынықтыру және спорт басқармаларының

мекенжайлары мен жұмыс кестелері


Р/с №

Мемлекеттік органның атауы

Мемлекеттік органның орналасқан жері


Жұмыс кестесі


1

2

3

4

1

Ақмола облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

020000, Көкшетау қаласы,

Пушкин көшесі, 11 «а»,

тел. 8 7162 40-15-41

akm_tour@mail.ru


күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда.

2

Алматы облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы



040000, Талдықорған қаласы,

Желтоқсан көшесі, 222

тел. 8 7282 40-02-07

ao_oblsport56@mail.ru


күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда.

3

Атырау облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

465050, Атырау қаласы, Абай көшесі, 10 «а»,

тел. 8 7122 32-05-24,



atyrau_oblsport@mail.ru. torism_atyrau@mail.ru

күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда.

4

Ақтөбе облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы


030010, Ақтөбе қаласы,

Әбілхайыр хан көшесі,40,

тел. 8 7132 55-26-36,

aktobe_tourism@mail.ru


күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда.



1

2

3

4

5

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

070019. Өскемен қаласы

Карл Либкнехт көшесі, 19, қабылдау бөлмесінің нөмері 25 06 68, 25 07 32 факс, қабылдау-каб. 301.



vkosport@mail.ru


күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда.

6

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

09000, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 201, каб 208, тел. 8 7112 51-40-27

turizm-sport09@yandex.ru

күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда.

7

Жамбыл облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

080008, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 72,

тел 8 7262 56-85-27.



zhambyloblsport@mail.ru

күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда.

8

Қарағанды облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

100012 Қарағанды қаласы,

Бұхар жырау көшесі 53,

Нұркен Әбдіров атындағы спорт кешені

karaganda_tourism@mail.ru


күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда.

9

Қостанай облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

110000 Қостанай қаласы, Таран көшесі 83, қабылдау бөлмесі -425 каб.

тел. 8 7142 - 575-330, Туризмді дамыту бөлімі, 414 каб, тел 8 7142 53-40-80. oblsport@kostanay.kz



күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда.

10

Қызылорда облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

120003, Қызылорда қаласы, Ғани Мұратбаев көшесі,1

Орталық стадион, 8 7242 23-05-64. oblsport66@mail.ru



күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда.

11

Маңғыстау облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

130000, Ақтау қаласы, 12 ықшамауданы, «Жас қанат» спорт кешені,

Тел. 8 7292 33-62-35, факс 31-04-36



күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда.



1

2

3

4

12

Павлодар облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

140009, Павлодар қаласы, 1 май көшесі, 170 тел. 8 (7182) 619400, 619365, ф. 619150 pavlodaroblsport@mail.ru

күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда.

13

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

150011, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, Туризмді дамыту бөлімі тел.

8 7152 46-67-10, 466040, каб № 305. sport@sko.kz



күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда.

14

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

160018, Шымкент қаласы, Мәделі Қожа көшесі, 1 тел. 8 7252 22-23-88.

uko_turizm@mail.ru

күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда.

15

Алматы қаламы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

050000, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4. Туризмді дамыту бөлімі,

тел. 8 7272 71-67-01



otdel_turizma@bk.ru

күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда.

16

Астана қаласы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі,14 Туризмді дамыту бөлімі, тел 8 7172 39-12-08


күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда.

__________________________________________

«Туристік ақпаратты,

оның ішінде туристік әлеует,

туризм объектілері және

туристік қызметті жүзеге

асыратын тұлғалар туралы

ақпарат беру» мемлекеттік

қызмет стандартына

2-қосымша


Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %- ы (үлесi)










3. Қолжетiмдiлiгі

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










5. Сыпайылығы

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)









______________________________________________






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет