Конкурстық ҚҰжаттама


Конкурс комиссиясының конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу өтінімдерінің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін қарауы



бет2/5
Дата05.07.2016
өлшемі407.5 Kb.
#180755
түріКонкурс
1   2   3   4   5

5. Конкурс комиссиясының конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу өтінімдерінің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін қарауы

және әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу
28. Конкурсқа қатысуға ниет білдіруші әлеуетті өнім берушілер арасында, конкурсқа қатысу өтінімдерінің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттамалар талаптарына сәйкестігін қарау және оларды конкурсқа қатысу деп тануды конкурс комиссиясы жүргізеді.

29. Конкурсқа қатысу өтінімдерін қарауда конкурстық комиссия құқылы:

1) конкурсқа қатысуға ниет білдіруші әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысу өтінімдерін бағалауды және салыстыруын қарауды жеңілдету үшін, жазбаша түрде материалдар мен түсіндірулерді сұрауға;

2) конкурсқа қатысу өтінімдеріндегі мәліметтерді нақтылау мақсатында, қажетті ақпараттарды тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан жазбаша түрде сұрау салуға.

Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұраулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттамаға сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі;



Конкурс комиссиясы түзетуге келетін, берілген өтінімнің мазмұнын өзгертпейтін, грамматикалық немесе арифметикалық қателері болса, конкурстық құжаттамалар талаптарына жауап беретін конкурсқа қатысу өтінімдерін қарайды.

30. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді енгізілген қамтамасыз етуді мынадай жағдайда конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп таниды: 1) әлеуетті өнім берушінің және онымен бірге әрекет ететін қосымша мердігердің жұмысының немесе көрсететін қызметтерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін бекітуге арналған құжатты (құжаттарды) әкелмеуі немесе дұрыс рәсімделмеген құжат әкелсе;

2) әлеуетті өнім берушінің сәйкестігін растайтын құжаттардағы мәліметтердің біліктілік талаптарына сәйкес еместігі туралы фактылер, сонымен қатар қосымша мердігердің сәйкессіздігі анықталса;

3) біліктілік талаптар бойынша шынайы ақпарат әкелмесе.

Әлеуетті өнім берушіні Заңның 1 бабы 9 тарауында қаралмаған біліктілік талаптарының негізінде сәйкес емес табуға болмайды.

Конкурс комиссиясы конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес конкурстық өтінімді қамсыздандыруға конкурсқа бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізілсе, конкурсқа қатысу өтінімі қамсыздандырылды деп есептейді.

Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарына ықпал ететін шарттар:

  1. әлеуетті өнім берушіде болуы керек:

мемлекеттік сатып алу жүргізіліп жатқан бағыт нарығында жұмыс істеу тәжірибесінің

болуы;

мемлекеттік сатып алу жүргізіліп жатқан бағыт нарығында кәсіби біліктілік деңгейі мен еңбек тәжірибесі бар мамандардың болуы;

Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес отандық тауаршығарушылар үшін ұсынылатын ерікті сертификаттау жүргізуді растайтын құжат;

сатып алу жұмыстары бойынша мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификаттау жүйесі (сертификациялау жүйелері).

2) жұмыс және (немесе) пайдалану шығындарының функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамалары.

3) қазақстандық мазмұн.

Конкурстық комиссия барлық конкурстық өтінімдерді бағалауда және салыстыруда Заңның 17 бабы 4 тарауында қарастырылған, осы конкурстық құжаттамада қарастырылған шарттарды ескереді, және оларды барлық конкурстық өтінімдерге тең мөлшерде қолданады.

әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсыныстарына ықпал ететін шарттарды анықтайтын құжаттарды әкелмеген жағдайда, конкурс комиссиясы мұндай әлеуетті өнім берушіге конкурстық баға ұсынысын шартты түрде төмендетуді қолданбайды. Әлеуетті өнім беруші ұсынған конкурстық баға ұсыныстарын шартты төмендету туралы ұсыныстар мемлекеттік сатып алу туралы келісімге кіруі керек.

Қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысушы әлеуетті өнім берушінің еңбек тәжірибесінің бар екендігі мәселесін қарауда, конкурстық комиссия осы конкурста алынатын, тек қызмет көрсету нарығындағы жұмыс тәжірибесін ғана қарастырады. Бұл жерде конкурс комиссиясы әлеуетті өнім берушінің тәжірибесінің әрбір жылы үшін конкурстық өтінім бағасын жарты пайызға (0,5%) бір жылдан бастап, шартты түрде азайтады, бірақ бес пайыздан артық емес. Жұмыс тәжірибесі бір жылға дейін болса, немесе болмаса, онда мұндай пайыз қарастырылмайды. бұл шарттың конкурстық өтінім бағасына жалпы пайыздық ықпалы бес пайыздан аспауы керек. Конкурстық комиссия пайдалану шығыстарының, техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің ең аз құны бар конкурстық өтінімді айқындайды және осындай конкурстық өтінімнің шартты бағасын екі пайызға азайтады. Осы өлшемнің конкурстық өтінімнің бағасына жиынтық пайыздық әсері екі пайыздан аспауға тиіс.

Конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің шартты бағасын әлеуетті өнім берушінің  біршама басқа әлеуетті өнім берушілерге қарағанда тиісті бейінді неғұрлым білікті қызметкерлерді бергені үшін бес пайызға азайтады.

Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес отандық тауарөндіруші үшін ұсынылған тауарларды ерікті сертификаттауды жүргізуді растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия шартты түрде осындай конкурстық өтінімнің бағасын екі пайызға азайтады.

Сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін сертификаттауды растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде үш пайызға азайтады.

Әлеуетті өнім беруші жеткізілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, ұсынылатын қызметтердің конкурстық құжаттамаға сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, ұсынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің пайдалану сипаттамаларына кепілдік берілетін кезеңді көрсетеді. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің шартты бағасынан, егер конкурстық өтінімде ұсынылатын кепілдік кезеңі конкурстық құжаттамада көрсетілген базалықтан артық болған жағдайда, әрбір жыл үшін жарты пайызды (0,5%) алып тастайды. Бұл ретте осы өлшемнің конкурстық өтінімнің шартты бағасына пайыздық әсері үш пайыздан аспауға тиіс.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық және сапалық сипаттамалары үшін конкурстық өтінімдердің шартты бағасына әсер ететін бір пайызды белгілейді. Осы өлшемдердің конкурстық өтінімнің бағасына жиынтық пайыздық әсері бір пайыздан аспауға тиіс.

Конкурстық комиссия қазақстандық мазмұнның бар екендігін қараған кезде ереженің осы тармағының үшінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, қазақстандық мазмұнның әрбір он пайызы үшін конкурстық өтінімнің бағасын бір пайызға азайтады.

Әлеуетті өнім беруші тауарларының қазақстандық мазмұны мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы құнының мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін осы тауарларды әлеуетті өнім беруші сатып алатын отандық тауарөндірушілер тауарлары құнының пайыздық мазмұны ретінде анықталады.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді енгізілген қамтамасыз етуді мынадай жағдайда конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп таниды:


  1. конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болғанда;

  2. конкурстық комиссияға:

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген адамды;

қатысу үшін өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу атауын;

өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын;

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген адамды;

оның пайдасына конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін адамды анықтауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауымен көрінетін конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиесілі ресімделмегенде.

32. Конкурсқа қатысуға ниет етуші әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға мынадай жағдайларда жіберілмейді (конкурсқа қатысушы деп есептелмейді):

1) ол және (немесе) қосалқы мердігер не бірлесіп атқарушы конкурс талаптарына сәйкес келмесе;

2) Заңның 6 бабының талаптарын бұзса;

3) әлеуетті өнім берушінің өтінімі конкурстық құжаттамада көрсетілген арнайы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе.

әлеуетті өнім беруші осы тараудың 2 тармақшасына сәйкес қарастырылған негізде конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда:

бұл әлеуетті өнім берушіге қандай негізде конкурсқа қатысуға болмайтыны туралы түсініктеме беріледі;

заңның 6 бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәлімет бекітілген тәртіпке сәйкес мемлекеттік сатып алуға селқос қатысушылар тізімдемесіне кіреді.



33. Конкурсқа қатысу өтінімдерін қарастыру қорытындылары бойынша конкурс комиссиясы:

1) біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттамалар талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға жіберілетін әлеуетті өнім берушілерді анықтайды;

2) Заңның 17 бабы 4 тарауына сәйкес конкурстық құжаттамада қарастырылған пайыздық мәндер ережесін қолданады;

3) конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушіні конкурсқа жіберу туралы хаттама жазады және өткізілетін күнді, уақытты, орынды анықтайды.

34. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамаға мәжіліске қатысушы барлық комиссия мүшелері, сонымен қатар конкурс комиссиясының хатшысы қол қояды. Көрсетілген хаттаманың көшірмесі конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы күнінен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілерге немесе конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан олардың уәкілетті өкілдеріне жібереді, сонымен қатар қол қойылған хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсына жариялайды. Конкурсқа жіберілу туралы комиссияның шешімі Заңның 45 бабында көрсетілген тәртіпке сәйкес қайтарылуы мүмкін.
6. Конкурсқа қатысуға өткен әлеуетті өнім берушілерді,

конкурстық баға ұсынымдарын рәсімдеу
35. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім беруші ұсынған конкурстық баға ұсыныстары келесі түрде рәсімделеді:

1) Конкурсқа қатысуға жіберілген баға ұсынысының нысаны басып шығарылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы және мөрмен расталуы (жеке тұлға үшін егер осындай болса) тиіс.

2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті өнім беруші грамматикалық қателерді жөндеу қажет жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосымша жазулар болмауға тиіс.



3) отандық әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен көрсетілуі керек.

Конкурстық баға ұсыныстарына жұмысты орындауға кеткен барлық шығын кіруі керек.

  1. әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсыныстарын конвертке салып, жапсырады,

бет жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы жазылады, сонымен қатар келесі мазмұнда мәтін жазылады: «2012 жылы дайын үш реттік ыстық тамақ жеткізу бойынша САТЫП АЛУ КОНКУРСЫ – КОНКУРСТЫҚ БАҒА ҰСЫНЫСЫ – 2012 жылдың « » наурызы сағ дейін АШУҒА БОЛМАЙДЫ».

7. Конкурс комиссиясының конкурсқа қатысушылардың

конкурстық баға ұсыныстарын бағалауы мен салыстыруы және конкурстың жеңімпазын анықтау


  1. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөнінде отырыс өткізеді.

Конкурс комиссиясы хронологиялық тәртіппен конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына бекітілген мерзім өткенге дейін конкурстық баға ұсыныстарын әкелген конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді жазады.

Конкурстық комиссияның отырысында:

1) конкурстық комиссияның төрағасы не конкурстық комиссия мүшелерінің арасынан төраға белгілеген адам:

конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді оларды тіркеудің хронологиялық тәртібімен ашады;

конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын тіркеудің хронологиялық тәртібімен жариялайды;

конкурстық комиссияның төрағасына конкурстық баға ұсыныстары бар ашылған конверттерді береді;



  1. Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары бар конверттің ішіндегісімен танысуға құқылы.

39. Әлеуетті өнім берушілер және уәкілетті өкілдері конкурс комиссиясының конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру отырысына қатысуда жазуға арналған аудиожазба және бейнежазба техникалық құралдарын қолдануға құқылы. Мұндай жағдайда әлеуетті өнім берушілер және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері бұл техникалық құралдарды қолданатыны туралы конкурс комиссиясына ескертіп айтады.

40. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру шараларын жеңілдету үшін, әртүрлі валютада ұсынылған конкурстық баға ұсыныстарының барлық бағасын сол күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ресми курс бойынша Қазақстан Республикасының валютасы – теңгеге ауыстырады.

41. Конкурстық комиссия:

1) конкурс тәсілімен тауар, жұмыс, қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алуды жүргізу үшін бөлінген сомадан асып кететін, конкурсқа қатысушылардың баға ұсыныстарын кері қайтарады;

2) конкурсқа қатысушының бағасы демпингтік болып табылса, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын кері қайтарады;

3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көрсетілген негізде конкурстық баға ұсыныстары кері қайтарылған жағдайда, конкурсқа екі немесе одан көп конкурстық баға ұсыныстары бар конкурсқа қатысушылар қатысса, конкурсқа қатысу туралы хаттамада көрсетілген ережелердің пайыздық мәндеріне қатынасын қолдану жолымен осы конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын анықтайды.

4) конкурс жеңімпазын ең кіші шартты бағасы негізінде анықтайды.

42. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын салыстыру және бағалау және конкурс жеңімпазын анықтау қорытындылары бойынша, конкурс комиссиясы тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама рәсімдейді. Тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттаманың әр беті жазылып, төраға және барлық отырысқа қатысушалар, сонымен қатар конкурс комиссиясының хатшысы қол қояды.

43. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушінің сұрау салуынан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілерді конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хаттаманың көшірмесін қайтарымсыз негізде беруге міндетті.

8. Конкурсқа қатысу өтінімдерін қамтуды кері қайтару
44. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысу өтініміне енгізілген қамтамасыз етуді үш жұмыс күні ішінде келесі жағдайлардың бірінде әлеуетті өнім берушіге қайтарады:

1) әлеуетті өнім берушунің өзінің конкурсқа қатысу өтінімдеріне конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін кері қайтарса;

2) конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамаға қол қою. Көрсетілген жағдайдың конкурсқа қатысушы деп табылатын әлеуетті өнім берушілерге қатысы жоқ.

3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қою. Көрсетілген жағдайдың конкурс жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім берушіге қатысы жоқ.

4) конкурстық құжаттамада қарастырылған мемлекеттік сатып алу туралы келісімнің күшіне енуі және конкурс жеңімпазының мемлекеттік сатып алу туралы келісімді орындауды қамтамасыз етуді енегізуі.

5) әлеуектті өнім берушінің конкурсқа қатысу туралы өтінімінің жарамдылық мерзімінің өтіп кетуі.

45. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысу өтінімін қамтамасыз етуді келесі жағдайларда кері қайтармайды:

1) әлеуетті өнім берушінің өзінің конкурсқа қатысу өтінімдеріне конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін кері қайтарса және (немесе) толықтырса;

2) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті өнім беруші көрсетілген мерзімге дейін конкурстық баға ұсынысын әкелмесе немесе кері қайтарып алса;

3) конкурс жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы келісімді бекітуден қашса;

4) конкурс жеңімпазы мемлекетік сатып алу туралы келісімді бекіткеннен кейін, конкурс құжаттамасында көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы келісімді енгізу және (немесе) қамтамасыз етуді енгізу мерзімі туралы талаптарды орындамаса немесе дер кезінде орындамаса.

9. Конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу
46. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойғаннан кейін, бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы Заңның талаптарына және Үлгі келісім негізінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалады.

47. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуына енгізілген қамтамасыз етуді өнім берушінің шарт бойынша міндеттерін толық және тиісті орындау мерзімінен кейін бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарып береді.

48. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде жұмысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуі керек.

49. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісті түрде орындауға кепілдік ретінде енгізеді.

50. Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мөлшерін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.

51. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдай алады:

1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;

2)  Осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес банк кепілдігін таңдауға құқылы.

52. Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.

53. Тапсырыс берушінің өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.

54. Әлеуетті өнім беруші Заңда көрсетілген мерзімде тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты әкелмесе, немесе шартқа отырып, Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға қамтамасыз ету енгізбесе, онда бұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты бекітуден қашқан болып есептеледі.



55. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты бекітуден қашқан болып есептелген жағдайда:

1) конкурсқа қатысу туралы өтінімді қамтамасыз етуін ұстап қалады да, тиісті мәліметерді уәкілетті орынға апарып, сотқа бұл өнім берушіні ниетсіз мемлекеттік сатып алуға қатысушы деп тану туралы арыз жазады;

2) сотқа мұндай өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың шартын мәжбүрлеу жолымен бекітуге, сонымен қатар мемлекеттік сатып алу туралы шартты бекітуден қашу салдарынан тудырған шығынның орнын толтыруға талап ету туралы арыз жазуға құқылы.

  


Конкурстық құжатқа

1 қосымша

 

Сатып алынатын қызметтердің тізімдемесі
Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс: 2012 жылы дайын үш реттік ыстық тамақ жеткізу бойынша қызметі көрсету



лот №

Тапсырыс берушінің атауы

Тауардың атауы (жұмыс, қызметтің)*

Өлшем бірлігі

Саны, көлемі

Жеткізу шарттары (ИНКОТЕРМС 2000 сәйкес)

Тауарды жеткізу, жұмысты орындау, қызмет көрсетудің мерзімі

Тауарды жеткізу, жұмысты орындау, қызмет көрсетудің орны

Аванс төлемінің мөлшері, %

Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға бөлінген сома( лот № бойынша), теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

ШҚО ДМ Әкімдігінің «Семей қалалық Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


2012 жылы дайын үш реттік ыстық тамақ жеткізу бойынша қызметі көрсету


 қызмет

 80925

 

 «31» желтоқсан 2012 жыл

ШҚО ДМ Әкімдігінің «Семей қалалық Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

ШҚО, Семей қ., Жамақаев көш., 100



 8

 32370000

 

* Қызметтің толық түрі мен сипаттамасы техникалық спецификацияда көрсетілген.

 


ШҚО ДМ Әкімдігінің «Семей қалалық Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Қ.Р.Мусин
Дата ________________

 

М.О.



ШҚО ДМ Әкімдігінің «Семей қалалық Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Қ.Р.Мусин
Дата _______________ 

 

М.О.



Конкурстық құжатқа

2 қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет