Бекітемін:
ШҚО ДМ Әкімдігінің «Семей қалалық Жедел медициналық жәрдем ауруханасы»
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Директоры_________ Қ.Р.Мусин
Шешім № 61
2012 жыл «22» ақпан
КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА
конкурстық тәсілмен 2012 жылы дайын үш реттік ыстық тамақ жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу қызметі жөніндегі
Тапсырыс беруші: ШҚО ДМ Әкімдігінің «Семей қалалық Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Нақты, заңды мекен-жайы: Семей қаласы 071400 Жамақаев көшесі, 100
РНН:511700074328
БИН: 990340002219
Банк реквизиттері:
СФ АО « Банк Центр Кредит»
БИК:KZ488560000000027453
ИИК: KCJB KZ KX
КБЕ:16
Тапсырыс берушінің өкілі: ШҚО ДМ Әкімдігінің «Семей қалалық Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Қайноллан Ролланұлы Мусин
Тел: 52-17-61
Тапсырыс берушінің веб-сайт : www.bsmp.kz
Электрондық пошта: bsmp76@mail.ru
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: ШҚО ДМ Әкімдігінің «Семей қалалық Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Нақты, заңды мекен-жайы: Семей қаласы 071400 Жамақаев көшесі, 100
РНН:511700074328
БИН: 990340002219
Банк реквизиттері:
СФ АО « Банк Центр Кредит»
БИК:KZ488560000000027453
ИИК: KCJB KZ KX
КБЕ:16
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі: Нугуева Светлана Сергеевна- мемлекеттік сатып алу бойынша бөлімнің басшысы
Тел:52-17-61
Электрондық пошта: bsmp76@mail.ru
Конкурстық құжат тегін беріледі.
1. Жалпы ережелер
-
Конкурс 2012 жылы дайын үш реттік ыстық тамақ жеткізу қызметі бойынша өнім
берушіні таңдау мақсатында жүргізіледі.
2. Мемлекеттік сатып алу қызметі бойынша, бұл конкурсқа (лотқа) қатысуға бөлінген қаржы 32 370 000 (отыз екі миллион үш жүз жетпіс мың ) теңгені құрайды.
3. Бұл конкурстық құжаттың ішіне кіреді:
1) осы конкурстық құжаттың қосымшасына сәйкес сатып алынатын тауардың (жұмыс, қызметтің) тізбесін;
2) осы конкурстық құжаттаманың 2-қосымшасына сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық өзіндік ерекшелікті көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары.
3) осы конкурстық құжаттаманың 3 және 4 – қосымшаларына сәйкес, заңды және жеке тұлғалардан конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер;
4) осы конкурстық құжаттаманың 5-қосымшасына сәйкес, әлеуетті өнім берушінің тауарды жеткізуге (жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге) арналған біліктілігі туралы мәлімет;
5) Қазақстан Республикасының «мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 17 бабының 4 тармағына және Ережелері сәйкес, біршама сапалы тауар, жұмыс қызметтер ұсынатын конкурсқа қатысушыны анықтау мақсатында конкурс жеңімпазын анықтауда конкурстық комиссия есепке алатын міндетті шарттар тізбесі және әрбір шарттың пайыздық мәнін көрсету арқылы мемлекеттік сатып алуды жүргізу
6) Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші, конкурсқа қатысу өтінімімен тауарларды, жұмыс, көрсетілетін қызметтерді алу үшін бөлінген қаржыдан бір пайыз көлемінде өтінімнің қамтамасыз етілуін, төменде көрсетілген нысандардың бірімен көрсетеді:
1) келесі банк есеп шотына салынған кепілді ақшалай салым
СФ АО « Банк Центр Кредит»
БИК:KZ488560000000027453
ИИК: KCJB KZ KX
2) осы конкурстық құжаттаманың 6-қосымшасына сәйкес, банк кепілдемесімен
Конкурсқа қатысу өтінімін қамтамасыз ету мерзімі конкурсқа қатысуға арналған өтінімінің қызмет ету мерзімінен кем болмауы керек.
2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттамалардың ережелерін түсіндіруі
5. Конкурсқа ниет білдіруші әлеуетті өнім беруші 2012 жылдың 15 наурызы сағ 12 00-ден кешікпей, конкурстық құжаттаманың ережелерін жазбаша түрде түсінік беруін сұрау салуға құқылы. Әлеуетті өнім берушілердің талаптарын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының келесі реквизитіне жіберу керек: ШҚО ДМ Әкімдігінің «Семей қалалық Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, мемлекеттік сатып алу жөніндегі бөлім.
6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алғаннан кейін, үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруі керек, және сұрау салу кімнен түскенін көрсетпестен
1) конкурстық құжаттамалар ережелеріне түсініктемелерді конкурсқа құжаттмаларын алған адамдарды тіркеу журналына тіркелгендерге жібереді;
2) конкурстық құжаттамалар ережелерін түсіндіру мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсына шығару.
7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2012 жылдың 18 наурызы сағ 12 00-ден кешіктірмей өз бастамасымен немесе конкурстық құжаттардың көшірмесін берген, әлеуетті өнім берушінің сұрау салуына жауап ретінде, конкурстық құжаттарға өзгертулер мен толықтырулар енгізуі керек. Конкурстық құжаттарға өзгертулер енгізу дәл конкурстық құжаттарды бекіту ережесіндегідей жүргізіледі.
Енгізілген түзетулерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы міндетті түрде күшіне енеді, және өзгертудің бекітілгенінен 1 жұмыс күнінен артық уақыт өтпей конкурстық құжаттар, конкурстық құжаттар көшірмелері жіберілген барлық әлеуетті өнім берушілерге қайтарымсыз негізде жібереді. Бұл жағдайда конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді қабылдау мерзімін мемлекғеттік сатып алуды ұйымдастырушы, бұл өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысу туралы өтінімдерінде есепке алуы үшін кем дегенде 10 жұмыс күніне ұзартуы керек.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы кіргізілген өзгертулер мен (немесе) толықтыруларды көрсету арқылы, нақты конкурс құжаттарын тапсырыс берушінің интернет-ресурсына шығарады.
8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттар көшірмелері жіберілген барлық әлеуетті өнім берушілермен немесе олардың өкілетті адамдарымен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін: ШҚО ДМ Әкімдігінің «Семей қалалық Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, мемлекеттік сатып алу жөніндегі бөлімінде кездесу ұйымдастырады.
9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуметтік өнім берушілермен болынған кездесудің хаттмасын жазып, онда әлеуметтік өнім берушілердің конкурс құжаттамаларынга түсінік беру туралы сұрау салуды, сондай-ақ осы сұрау салуға жауаптарды көрсетеді. Хаттама әлеуметтік өнім берушілермен кездесуден екі жұмыс күні өтуінен кешіктірілмей, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурс құжаттмаларын алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында көрсетілген, пошталық реквизиттері бойынша конкурс комиссиясына және барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуметтік өнім берушілермен кездесу хаттамасының мәтінін интернет-ресурсына орналастырады.
3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу өтінімдерін рәсімдеуге және әлеуетті өнім берушілердің конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдері салынған конверттерді әкелуіне қоылатын талаптар
Конкурсқа қатысуға арналған өтінім
10. Конкурсқа қатысуға өтінім конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды беруді (жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді) жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.
11. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынатын конкурсқа қатысуға өтінім:
1) Үлгі конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаларға сәйкес әлеуетті өнім беруші толтырған және қол қойған өтінімді;
2) әлеуетті өнім берушінің жалпы біліктілік талаптарға сәйкестігін растау үшін ол ұсынатын құжаттардың тізбесін;
құқылық қабілетін (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекетке қабілетін (жеке тұлғалар үшін) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды (кәсіпкерлік субъекті ретінде тіркелу туралы құжат, СТН, жеке бас куәлігінің көшірмесі);
заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуға тиіс. Қазақстан Республикасының резидент еместері мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудара отырып нотариалды куәландырылған сауда тізілімінен жария етілген көшірмені ұсынуға тиіс;
лицензиялардың және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесін. Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгі жарғының негізінде жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалдық куәландырылған көшірмесін;
құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан нотариалдық куәландырылған үзінді көшірмесін (жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) не конверттерді ашатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен нотариалдық куәландырылған үзінді көшірмені;
төлем қабілеттілігін растайтын құжаттарды;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарын, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде берілуі тиіс;
бірінші басшы немесе оны алмастыратын адам қол қойған соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде жүргізілсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылуы мүмкін;
үш айдан астам (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқтығы туралы не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір ай ішінде берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешектің болуы туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
3) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) оның қосалқы мердігерлерінің (бірлесіп орындаушыларының) арнайы біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша әлеуетті өнім берушінің және оның қосалқы мердігерлерінің (бірлесіп орындаушылардың) осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы біліктілік және өзге талаптардың толық тізбесін қамтитын мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға арналған біліктілік туралы мәліметтер.
Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларын) тартуды көздеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы және арнайы біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды беруге тиіс.
Өтінім сондай-ақ Үлгі конкурстық құжаттамаға 11-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөнінде қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы және әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (қоса орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке (қоса орындауға) жұмыстардың (құрылыс құнының), көрсетілетін қызметтер көлемінің жиынтығында үштен екісінен астамын беруге тыйым салу шарттары туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын сипаттай отырып, техникалық ерекшелігін, тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдерін және (немесе) көлемдерін, тауарларға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға шығыстарға сапа кепілдігі, тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кестесі (әдістері) және шарттары туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
5) банк кепілдігі не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотында орналастырылатын кепілдік берілген ақша жарнасын растайтын төлем құжаты түрінде Заңда белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету;
6) конкурста қатысуға және конкурстық комиссияның отырыстарында қатысуға өтінімдерге қол қою құқығына әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүддесін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) сенімхат.
Конкурсқа қатысуға жазылатын өтінімді рәсімдеуге қойылатын талаптар
12. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттермен береді және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін егер осындай болса) расталады.
Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық ерекшелігі тігілген түрде, нөмірленген беттермен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен расталған (жеке тұлға үшін егер осындай болса) және конкурста қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.
13. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басып шығарылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы және мөрмен расталуы (жеке тұлға үшін егер осындай болса) тиіс.
14. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім беруші грамматикалық немесе арифметикалық қателерді жөндеу қажет жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосымша жазулар болмауға тиіс.
15. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді оларды берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін желімделген конвертте береді, оның сыртқы бетінде әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол «кешіккен» болып жарияланатын болса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпай қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін: «САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС конкурстық тәсілмен 2012 жылы дайын үш реттік ыстық тамақ жеткізу бойынша » және «2012 жылдың 25 наурызы сағ 12 00-ге ДЕЙІН АШПАҢЫЗ ».
Конкурсқа қатысу өтінімдерін әкелу тәртібі
16. Конкурсқа қатысу өтінімін әлеуетті өнім беруші немесе әлеуетті өнім берушінің өкілетті өкілі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолмен немесе тапсырыспен пошта байланысын қолдану арқылы мына мекен-жайға жеткізеді: «Семей қалалық Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Жамақаев көшесі, 100, мемлекеттік сатып алу бойынша бөлімнің басшысы - Нугуева Светлана Сергеевнаға, мерзімі 2012 жылдың 25 наурызын қосқанда, сағ 10 00-ге дейін
17. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурсқа қатысуға өтінімінің соңғы мерзімі біткеннен кейін келіп түскен конкурсқа қатысу өтінімдері бар конверттер ашылмайды және конкурсқа қатысу өтінімдері салынған конверттерде көрсетілген реквизиттеріне қайтарылады немесе әлеуетті өнім берушілердің өкілетті өкілдеріне жеке табыс етіледі де, алғаны туралы қол қойдырылады.
18. Конкурсқа қатысуға өтінімдердің тіркеу журналы тігілген, беттері нөмірленген және оған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы бұрыштама соғуы тиіс, конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналының соңғы беті мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мөрімен бекітілген болуға тиіс.
19. Конкурстық құжаттамада қарастырылғандай, конкурстық өтінімдері бар конверттерді рәсімдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысу өтінімдері бар конверттер тіркеуге жатпайды.
Конкурстық құжаттардағы өзгертулер және оларды кері қайтару
20. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі біткенге дейін конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімге өзгерістер қабылдай алады немесе кері қайтара алады. Енгізілген өзгертулер конкурсқа қатысу өтінімінің өзі сияқты дайындалып, жапсырылып жеткізілуі керек.
Конкурсқа қатысу өтінімдеріне өзгерістер енгізу немесе өтінімді кері қайтару мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурсқа қатысу өтінімдерін қабылдау мерзімі өткенге дейін әкелінсе жарамды болып табылады.
21. Конкурсқа қатысу өтінімдерін қабылдау мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысу өтінімдеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге болмайды, сол сияқты конкурсқа қатысу өтінімін кері қайтаруға да болмайды.
22. мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада көрсетілген конкурсқа қатысу өтінімдерін қабылдау мерзімі аяқталғанға 10 күнтізбе күннен кешіктірмей, белгілі бір мерзімге өтінімдерінің жарамдылығын ұзарту туралы әлеуетті өнім берушіге сауал хат жазуға құқылы. Әлеуетті өнім беруші құқын жоғалтпай, бұндай сауал хатты кері қайтаруға құқылы:
1) өзінің конкурсқа қатысу өтінімінің жарамдылық мерзімі өткенге дейін конкурс тәсілімен өтетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға;
2) мұндай өтінімнің жарамдылық мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысу өтінімін кері қайтаруды қамтамасыз ету.
23. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілінде өтетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты барлық шығынды өзі көтеріп алады. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сарапшылар комиссиясы, конкурс тәсілі арқылы өтетін мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан бұл шығындарды көтеруге міндетті жауапкершілік алмайды.
4. Конкурс тәсілімен өтетін мемлекеттік сатып алуға қатысу
өтінімдері бар конверттерді конкурстық комиссияның ашуы
24. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды «Семей қалалық Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Жамақаев көшесі, 100, мемлекеттік сатып алу жөніндегі бөлім есепшілер кабинетінде, мерзімі 2012 жылдың 25 наурызда сағ 12 00-де мемлекеттік сатып алу бөлімінде конкурстық комиссияның, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен жүргізеді.
Әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және конкурстық құжаттмада көрсетілген мерзім мен тәртіпке сәйкес әкелінген конверттері ашуға жатады.
Конкурсқа қатсыу үшін (лотқа) жалғыз өтінім тапсырылған жағдайда, мұндай өтінім де ашылады.
25. Конкурсқа қатысу өтінімдерін ашу шарасына қатысушылар, әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдері өздерінің уәкілеттілігін растайтын өқұжаттарды көрсетеді және әлеуетті өнім берушіні тіркеу журналына тіркеледі (тіркеу орнын, күнін және уақытын көрсету, бұл уақыт конкурсқа қатысу өтінімдері бар конверттерді ашу уақытынан ерте болу керек, ал тіркеу орны конкурсқа қатысу өтінімдері бар конверттерді ашу шарасы өтетін жермен бірдей болуы керек).
Әлеуетті өнім берушілер және уәкілетті өкілдері конкурс комиссиясына конкурсқа қатысу өтінімдері бар конверттерін ашу шараларын жазуға арналған аудиожазба және бейнежазба техникалық құралдарын қолданатыны туралы ескертіп айтады.
26. Конкурсқа қатысу өтінімдерін ашу бойынша конкурс комиссиясының отырысына қатысушы әлеуетті өнім беруші немесе оның уәкілетті өкілі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурс комиссиясының, конкурс комиссиясының хатшысының жұмысына араласуға болмайды.
27. Конкурс комиссиясының отырысында:
1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші мен ұйымдастырушы бір тұлға ретінде атқарып отырса – конкурс комиссиясының хатшысы отырғандарға хабарлайды:
Конкурс комиссиясның құрамын, конкурс комиссиясының хатшысын;
конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;
әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларының болуы не болмауы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізуі;
конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің болуы немесе болмауы, сондай-ақ себептері;
белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдер берген әлеуетті өтінім берушілер туралы ақпараттандырады;
конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім беруші туралы конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген мәліметтерді жария етеді;
2) төраға, не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға анықтаған адам:
конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;
3) конкурстық комиссияның хатшысы:
осы Ережеге сәйкес өтінімдер салынған конверттерді ашудың тиісті хаттамасын ресімдейді;
әлеуетті өнім берушілерді немесе олардың уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы ақпараттандырады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына отырысқа қатысушы конкурстық комиссияның барлық мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды және әр бетіне бұрыштама соғады.
Көрсетілген хаттаманың көшірмесі конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы күнінен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілерге немесе конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан олардың уәкілетті өкілдеріне, ал болмағандарға - сұрау салуды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде олардың жазбаша сұрау салуы бойынша беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |