6.1 Бірегей сәйкестендіргіш алуға ДҚ-дағы деректерді ЖТ МДҚ мен ЗТМО ДҚ-мен сәйкес келтіру үшін ұқсас маңызды деректемелері бар салымшыларды (алушыларды) анықтауды жүзеге асыратын бағдарламалық қамтуды әзірлеуге қойылатын талаптар.
Ұқсас маңызды деректемелері бар салымшыларды (алушыларды) анықтайтын арнайы бағдарламалық қамтуды әзірлеу қажеттілігі ЖТ МДҚ мен ЗТМО дерекқоры арасындағы деректерді салыстыру қорытындысы бойынша туындады.
ЗТМО дерекқорында 16 жасқа дейінгі республика тұрғындарының едеуір бөлігі ЖТ МДҚ-да жоқ болып шықты және сонымен қатар ЗТМО бөлімшелеріне жүгінгенде ұсынылған құжаттардың деректері дерекқормен сәйкес келмейтін фактілер кездесті.
ЗТМО ДҚ-да «ашылған» ӘЖК-даға адамның Т.А.Ә. мен ЖТ МДҚ-дағы адамның Т.А.Ә. әртүрлі болатын жайттар кездесті. Дерекқордағы айырмашылықтардың себептері субъективті (адамдар жіберген қателер) және объективті (2008 жылға дейін Ұлттық Банктің төлем жүйесі қазақстандық кодировканы қолдамады) сипатта болды.
Бұл жағдай қазіргі уақытта салымшылардың қолындағы ӘЖК-лер арқылы жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары аударылған, бірақ олардағы Т.А.Ә. мен ЖТ МДҚ-дағы Т.А.Ә сәйкес келмейді. Осы түрдегі (кириллица) мәліметтер ЖЗҚ-лардың дерекқорында да сақталған, сонымен бірге оларға екінші деңгейдегі банктерде ағымдық шоттар да ашылған.
Жоғарыда көрсетілген арнайы бағдарламалық қамтуды әзірлеу және енгізу:
- салымшылардың өзара «ұқсас» «маңызды» деректемелері бар ӘЖК-лерді анықтау;
- әзірленген механизм негізінде дерекқорды қалыптастыру;
- Орталықтың құрылымдық бөлімшелері мамандарының бірнеше ӘЖК-нің бір салымшыға тиесілігінің дұрыстығын анықтауы және кейіннен оларды ЖТ МДҚ-дағы туған күні және Т.А.Ә. тіркелген дұрыс ӘЖК-леріне міндетті зейнетақы жарналарының түсуі және қозғалысы туралы барлық мәліметтерді «біріктіруі» үшін клиенттік қосымша әзірлеу арқылы дерекқордағы дәйексіз ақпараттар көлемін қысқартуды қамтамасыз етуі қажет.
6.1.1 ӘЖК-лері әртүрлі және маңызды деректемелері (Т.А.Ә. және т.б.) ұқсас салымшыларды (алушылар) анықтауды қамтамасыз ететін серверлік бағдарламалық қамтуды әзірлеуге қойылатын талаптар.
Серверлік бағдарламалық қамту Oracle DataCartridge технология сипаттамасына сәйкес домендік индекс және ілеспе операторлар түрінде іске асырылуға тиіс.
Салымшылар бойынша ұқсас деректемелерді индекстік іздеудің орташа уақыты мына жағдайларда 1 секундтан аспауға тиіс:
-
іздеу массивінде жазба саны – 20 млн кем емес;
-
Т.А.Ә. ұқсастық критерийі – 75%;
-
туған күннің ұқсастық критерийі – 2/3;
-
ДҚ-да бір мезгілде жүргізілетін іздеу сессиясы –10 кем емес;
-
орташаландыру үшін жүргізілетін іздеу саны – 1000 түрден кем емес.
Мына шараларды орындау қажет:
-
бар деректерге талдау жүргізу;
-
Т.А.Ә. жазуда үлгі нұсқасын анықтау;
-
Қазақ әліппесіндегі өзіндік әріптерді транслитерациялау үлгі нұсқасын анықтау;
-
Индекстік деректерді сақтаудың жобаланған құрылымы;
-
Индексті іздеу және индекске қызмет көрсету операцияларының имплементациялау бірлігінің бағдарламасын әзірлеу;
-
Индекс типтері мен пайдаланушы операторларға қажетті имплементациялау бірлігінің бағдарламасын әзірлеу;
-
индекстік іздеуде табылған, салымшының Т.А.Ә-ның ұқсастығы көрсеткіш дәрежесін беруді қамтамасыз етеді;
-
ізделіп жатқан салымшыға ұқсас әр табылған адамға жұмсалған уақыт бөлуді қамтамасыз ету.
Бір индекстелетін элемент үшін индекстік құрылым орналасқан диск кеңістігінің орташа мөлшері 600 байттан аспауы тиіс.
Жасалған домендік индекс секцияланған кестені индексациялауды қолдауға тиіс.
20 млн. жазба бар кестеде индексті құру уақыты 6 сағаттан аспауға тиіс, сонымен бірге индексті құру үшін ДҚ қосылу сеансына сервердің 100 Мбайттан артық оперативтік жады талап етілмеуге тиіс.
6.1.2 Алушылардың (салымшылардың) табылған ұқсас жұбын өңдеудің және оларды қажет болған жағдайда бір ӘЖК (ЖСН) біріктірудің клиенттік қосымшасын әзірлеуге қойылатын талаптар.
ӘЖК қорында және ЖТ МДҚ ұқсас салымшыларды табу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін клиенттік қосымша әзірленуі тиіс.
Қосымшада төмендегі мүмкіндіктер:
-
ӘЖК қорында нысаналы салымшыны іздеу;
-
ӘЖК қорында және ЖТ МДҚ нысаналы салымшының тиісті деректемелеріне ұқсас деректері бар салымшыларды пайдаланушы енгізетін Т.А.Ә мен туған күнінің ұқсастығы критерийімен іздеу;
-
табылған салымшының Т.А.Ә. ұқсастығының дәрежесін қамтып көрсету;
-
нысаналы және оған ұқсас салымшыларға міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асырған төлеуші агенттер туралы ақпаратты экранда бір уақытта қамтып көрсету (төлеген кезеңін көрсетумен);
-
нысаналы және оған ұқсас салымшылардың жеке басын куәландыратын құжаттары, оларды беру тарихы және Т.А.Ә. өзгерту тарихы туралы ақпаратты экранда бір уақытта қамтып көрсету;
-
ЗТМО ААЖ ӘЖК шағын жүйесін көзделген қолданыстағы бағдарламалық қамту шараларына сәйкес нысаналы және оған ұқсас салымшылар туралы жазбаларды біріктіру;
-
пайдаланушыларды ЗТМО ААЖ қолданыстағы қауіпсіздіктің шағын жүйесін қолданумен бағдарламада авторизациялау;
-
бұл ақпаратты ДҚ кестесінде сақтаумен, пайдаланушылар орындайтын іс-қимыл аудиті және журнализациялау;
-
өңделген салымшылар саны туралы қажетті мерзімді және оперативті есептілікті қалыптастыру іске асырылуы тиіс.
Клиенттік қосымша әзірлеудің 6.0-нұсқадан төмен емес Delphi интеграцияланған ортасын қолданумен жазылуы тиіс.
6.1.3 Ұқсас маңызды деректемелері (ӘЖК – ӘЖК) бар салымшылардың (алушылардың) дерекқорын қалыптастыруға қойылатын талаптар.
ЗТМО АТД мамандары ӘЖК ДҚ-да ұқсас салымшылар бар ӘЖК ДҚ барлық салымшылары бойынша деректер қорын мерзімді қалыптастыру (талап бойынша) құралын әзірлеуге тиіс.
Сонымен бірге, бұл қорды жасаған кезде Т.А.Ә. мен туған күнінің ұқсастығы критерийін беру мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.
Қалыптастырылған қор бойынша қажетті статистикалық есептер іске асырылуы тиіс; есептер ЗТМО ААЖ туынды клиенттік қосымша мәзіріне қосылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |