Конкурсты өткізу туралы хабарландыру «Костанайские новости» және «Қостанай таңы»



Дата17.07.2016
өлшемі76.45 Kb.
#205129
түріКонкурс


8. Тәуелсіз комиссия мүшелерінің Клуб сыйлығын алуға өз кандидатурасын ұсынуға құқығы жоқ.
9. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру «Костанайские новости» және «Қостанай таңы» газеттерінде орналастырылады. Меценаттар клубының «Қазына» және «Шабыт» сылықтарын тағайындау туралы ереже Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының сайтында орналастырылады (http://kultura.kostanay.gov.kz/).
10. Конкурсқа қатысуға өтінімдер мен құжаттарды қабылдау БАҚ-та хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады. Белгіленген мерзім өткеннен кейін өтінімдер қабылданбайды.
11. Барлық көркем жобалар, жұмыстар, қойылымдар жоғары шеберлік пен мазмұндылықпен ерекшеленіп, мәдениеттің, өнердің, ғылымның, журналистиканың және білімнің дамуына игілікті ықпал етуі тиіс.
12. Клуб сыйлықтарын алуға ізденушілер жергілікті атқарушы органдардан, шығармашылық, ғылыми және қоғамдық одақтар мен ұйымдардан, БАҚ редакцияларынан, облыс баспаларынан немесе ҚР көрнекті қоғам қайраткерлерінен ұсынымдарды ұсынады.
13. Конкурсқа қатысушылар өз материалын көрсеткен кезде жаңа технологияларды (бейне, электрондық презентацияларды) пайдаланып, сөйлейтін сөзінің тезистерін дайындай алады.
14. Іріктеу айналымы 2 кезеңнен тұрады:

I этап: жұмыс тобы 7 күн ішінде келесі кезеңге қатысу үшін үміткерлердің құжаттарын дайындауды жүзеге асырады;

II этап: тәуелсіз комиссия 15 күнтізбелік күн ішінде жеке негізде конкурсқа қатысушылармен сөйлесуді, қарауды және тыңдауды өткізеді.
15. Тәуелсіз комиссияның ұсынымдары негізінде Құрылтайшылар Меценаттар клубының сыйлықтарын алуға үміткерлердің тізімін бекітеді.
16. Конкурстың нәтижелері туралы мәліметтерді оларды ресми хабарлау күнінен бұрын жариялауға жол берілмейді.
17. Марапаттау рәсімі аяқталғаннан кейін үміткерлер бір ай ішінде ұйымдастыру бөлімінен құжаттарын алуы қажет (мекен-жайы: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғ., 60 үй, Мәдениет басқармасы). Аталған мерзім өткеннен кейін құжаттардың сақталуына наразылықтар қабылданбайды.
18. Конкурстың номинациялары:

  1. Бейнелеу өнері (көркем сурет, мүсін, сәулет, сценография және б.).

  2. Әдебиет (проза, поэзия).

  3. Театр өнері (актерлер, режиссерлер).

  4. Музыка өнері (композиторлар, дирижерлар, аспапшылар, солист-аспапшылар, аранжирлеушілер).

  5. Вокал өнері (вокалдық топтар, ансамбльдер, солист-вокалшылар).

  6. Хореография (классикалық, спорт-бал, халық билерінің ұжымдары және жеке орындаушылары).

  7. Журналистика (баспасөз және теледидар журналистері).

  8. Ғылым (ғылыми дәрежесі бар ғылым қайраткерлері).

  9. Мәдени мұра («Қазына» сыйлығы) (тарихшылар, археологтар, мәдениет қызметкерлері, қоғамдық қайраткерлер).

10. Ауыл жанашыры.

11. Білім беру (облыстың білім беру саласының қызметкерлері).

12. Шығармашылық ұжымның басшысы.


  1. «БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ» НОМИНАЦИЯСЫ

Сыйлық сәулет, көркем сурет, мүсін және қолданбалы өнер және сценография саласындағы шоқтығы биік жұмыстар үшін беріледі.

Сыйлықты алу үшін арнайы басылымдарда мамандардың бағасын алған аяқталған жобалар мен жұмыстар қабылданады.

Номинацияға қатысу үшін облыстық сурет галереясына (мекен-жайы: Қостанай қ., Алтынсарин көш., 113, т. 50-28-88) 5 біртума көркем жұмыс ұсынылады (сәулет және дизайнерлік әзірленімдер, мүсін, көркем сурет, графика, сәндік-қолданбалы өнер, макет, эскиз).

Көркем сурет және графикалық жұмыстар жиектемеге, паспартуға ресімделіп, мына үлгі бойынша жазылған (екінші бетінде) болуы тиіс:

- автордың тегі, аты, туған жылы;

- жұмыстың атауы, жасау жылы, техникасы.

Мүсін және сәндік-қолданбалы өнердің әр затына, макетке, эскизге осыған ұқсас деректері бар бирка тағылуы тиіс.

Негізгі құжаттарға қоса халықаралық, республикалық, облыстық көрмелер мен конкурстарға қатысуын растайтын құжаттардың көшірмелері, ұсынымдар, буклеттер қоса беріледі. Жұмыстардың сақталуына және көрме аяқталғаннан кейін қайтарылуына кепіл беріледі.


II. «ӘДЕБИЕТ» НОМИНАЦИЯСЫ

Сыйлық әдеби шығармашылықтың кез келген жанрындағы туынды нысанын жамылған пәлсапа ойының, отандық әдебиет, поэзияның қазынасына қосқан үлесін мойындау болып табылады.

Клуб сыйлығын алуға қоғамның рухани дамуына бағасы жоқ үлес қосқан және беделді сыншылар мен оқырмандардың құрметіне ие болған жазушылар мен ақындардың кандидатуралары ұсынылуы мүмкін.

«Әдебиет» номинациясына қатысу үшін Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының жанындағы әдеби-консультациялық орталыққа (мекен-жайы: Қостанай қ., Алтынсарин көш., 109, т. 500-322) жарияланған, басылған туындыны ұсыну қажет.


III. «ТЕАТР ӨНЕРІ» НОМИНАЦИЯСЫ

Сыйлық театр өнері саласындағы үздік режиссерлік жобалар, актерлердің үздік жұмыстары үшін беріледі.

Номинацияға қатысу үшін тәуелсіз комиссияның қарауына 2 біртума көркем нөмірді (спектакльден үзінді, монолог) ұсыну қажет.
IV. «МУЗЫКА ӨНЕРІ» НОМИНАЦИЯСЫ

Сыйлық композиторлардың классикалық, ұлттық және қазіргі эстрада музыкасы саласындағы туындылары үшін, орындаушылық шеберлігі үшін (композиторлар, дирижерлар, аспапшылар, солист-аспапшылар, аранжирлеушілер, дыбыс режиссерлері) беріледі.

Ұсынылған жұмыстар жоғары кәсіби-көркем талаптарға сәйкес болуы тиіс. Композиторлар мен музыканттардың шығармашылығы республикалық және халықаралық конкурстардың, фестивальдердің грамоталарымен, дипломдарымен расталуы тиіс.

Номинацияға қатысу үшін тәуелсіз комиссияның қарауына 3 біртума көркем нөмірді (аспаптық туындылар, жүзеге асырылған шығармашылық жобалар) ұсыну қажет.


V. «ВОКАЛ ӨНЕРІ» НОМИНАЦИЯСЫ

Сыйлық классикалық, халық, эстрадалық және қазіргі туындыларды насихаттау және орындаудың жоғары кәсіби деңгейі үшін беріледі.

Клубтың сыйлығын алуға республикалық және халықаралық фестивальдардың, конкурстардың лауреаттары болған, облыстық және республикалық маңызы бар концерттік бағдарламаларға белсенді қатысатын солист-вокалшылар, вокалдық топтар, ансамбльдер, хорлар ұсыныла алады.

Номинацияға қатысу үшін тәуелсіз комиссияның қарауына әртүрлі сипаттағы (жанрдағы) 3 әнді ұсыну қажет.


VI. «ХОРЕОГРАФИЯ» НОМИНАЦИЯСЫ

Сыйлық хореография өнері саласындағы жетістіктері, жоғары кәсіби шеберлігі, сюжеттік қойылымдардың сонылығы мен өзіндік ерекшелігі үшін беріледі.

Клубтың сыйлығын алуға республикалық және халықаралық фестивальдар мен конкурстардың лауреаттары болған, облыстық және республикалық маңызы бар концерттік бағдарламаларға белсенді қатысатын жекелеген солистер, эстрадалық, спорт-бал, классикалық, халық билері ұжымдары ұсыныла алады.

Номинацияға қатысу үшін 3 хореографиялық композицияны ұсыну қажет.


VII. «ЖУРНАЛИСТИКА» НОМИНАЦИЯСЫ

Сыйлық үздік журналистік материалдар үшін бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне беріледі.

Жұмыстар терең мағыналылықпен, жоғары танымдық деңгейімен ерекшеленіп, қоғамда рухани құндылықтардың қалыптасуына ықпал етуі тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін тележурналистерге бағдарламалардың бейнежазбасын, газет-журналдардың журналистеріне — мақалалардың топтамасын ұсыну қажет.


VIII. «ҒЫЛЫМ» НОМИНАЦИЯСЫ

Сыйлық ғылыми дәрежесі бар ғылым қайраткерлеріне облыстың, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосқан қолданбалы сипаттағы жұмыстары үшін беріледі.

Конкурсқа қатысу үшін мынаны ұсыну қажет:

- тиісті ұйымның басшысы қол қойған ілеспе хат (ресми бланкіде);

- ұйымның мөрі басылған ғылыми (ғылыми, ғылыми-техникалық) кеңестің дәлелденген қолдаухаты. Қолдаухатта ізденушінің ғылыми үлесі, оның жетістіктері мен тәжірибелік әзірленімдері, сондай-ақ күтілетін нәтижелерді, олардың ғылыми және қолданбалы маңыздылығын көрсетумен ұсыну кезіндегі ізденушінің ғылыми қызметі бағдарламасы туралы мәліметтер қамтылуы тиіс (баспа мәтіннің 5 парағынан артық емес);

- ғылыми басылымдардағы жарияланымдар, рецензиялар.


IX. «МӘДЕНИ МҰРА» НОМИНАЦИЯСЫ («Қазына» сыйлығы)

Сыйлық рухани және білім беру саласын дамытуға қосқан айтарлықтай үлесі үшін, мәдени мұраның сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін, Қазақстан халқының тілдерін, салт-дәстүрлерін насихаттау мен дамыту үшін, тарих және мәдениет ескерткіштерін іздеу және зерттеумен байланысты кешеңді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру, Қазақстанның тарихы, археологиясы, этнографиясы мен мәдениеті мәселелері бойынша сериялық басылымдарды шығару үшін беріледі.

Конкурсқа ғылыми-зерттеу материалдар, археологиялық зерттеулердің нәтижелері, монографиялар, өлкенің мәдени мұрасын насихаттау бойынша іске асырылған жобалар, бағдарламалар қабылданады.
X. «АУЫЛ ЖАНАШЫРЫ» НОМИНАЦИЯСЫ («ҚАЗЫНА» СЫЙЛЫҒЫ)

Сыйлық селолық жерде мәдениетті дамыту, селоның мәдени-ағартушылық және білім беру кеңістігін байыту, жандандыру, жұмыстың инновациялық нысанын енгізу жөніндегі жүйелі жұмысы, облыстық және республикалық конкурстарға, байқауларға, есептік концерттік бағдарламаларға және т.б. қатысқаны үшін беріледі.

Номинацияға қатысу үшін жанқиярлық қызметінің нәтижелерін көрнекі көрсететін фото және бейне материалдарды ұсынып, тәуелсіз комиссияның алдында өз өнерін ұсыну қажет.
XI. «БІЛІМ БЕРУ» НОМИНАЦИЯСЫ

Сыйлық мына критерийлер бойынша педагогтың педагогикалық қызметіндегі жетістіктері үшін беріледі:

1) оқушылар мен тәрбиеленушілер жетістіктерінің оң серпінінде көрінетін педагогикалық қызметтің жоғары нәтижелілігі (білім мониторингі, оқу жетістіктерін сырттай бағалау нәтижелері, қорытынды аттестацияның нәтижелері, пәндік олимпиадалар, конкурстар, жарыстардың және т.б. нәтижелері);

2) педагогтың кәсіби біліктілігі (конкурстарға қатысу, зерттеу жұмысын жүргізу, ақпараттық-коммуникативтік білім беру технологияларын менгеру);

3) педагогикалық тәжірибені жалпылау және тарату (шеберлік сағаттары, семинарлар, БАҚ-та жарияланымдар, халықаралық ынтымақтастық);

4) өңірде білімді дамытуға қосқан жеке үлесі (тәжірибеге білім беру жобаларын енгізу, инновациялық идеяларды насихаттау, авторлық бағдарламаларды әзірлеу және тарату).

Конкурсқа қатысу үшін мынаны ұсыну қажет:

1) Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы қол қойған қатысушыға ұсыныс;

2) қатысушының кәсіби және жеке қасиеттерінің сипаттамасы;

3) баспа басылымдардың, әдістемелік әдебиеттің көшірмелері;

4) конкурсқа қатысушының өзінің педагогикалық қызметі туралы талдамалы есебі.
ХІІ. «ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҰЖЫМНЫҢ БАСШЫСЫ» НОМИНАЦИЯСЫ

Сыйлық шығармашылық ұжым басшысының кәсіби біліктілігі, ұжымның шығармашылық жетістіктері, оның кәсіби және шығармашылық әлеуеті; Қостанай облысының мәдени өміріне шығармашылық ұжымның қосқан үлесі (соның ішінде ұжымның селолық округтарға баруы, есепті концерттерді беруі, репертуарының идеялық-көркемдік деңгейін арттыру, шеберлік сағаттарын өткізу және т.б.) үшін беріледі.



Конкурсқа қатысуға міндетті шарт болып өтінімде 2014 жылы өңірлік, республикалық және халықаралық деңгейде жүзеге асырылған шығармашылық жобаларды (концерттік бағдарлама, спектакль, хореографиялық қойылым, конкурсқа немесе басқа шығармашылық сайысқа қатысу); шығармашылық ұжымның 2014 жылғы ойын көрсетуінің бейнематериалдарын; соңғы екі жылда бұқаралық ақпарат құралдарында шығармашылық ұжым туралы пікірлер мен жарияланымдарды беру табылады.
Барлық номинациялар үшін құжаттар беру шарттары:

  • Өтінім;

  • Бір фотосурет 3 х 4;

  • Ұсыным хат;

  • Үміткердің өмірбаяны;

  • Шығармашылық түйіндеме (регалияларын көрсетумен);

  • Жеке куәлігінің көшірмесі және ЖСН.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет