Әл-Фараби дүниетанымының философиялық бастаулары
Жоспар:
1. Әл-Фараби философияны үйрену үшін нені білу қажеттігі жайлы.
2. Әл-Фараби болмыстың бастамалары жайлы.
3. Әл-Фараби ақыл-ойдың (интеллекттің) түрлері жайлы.
4. Әл-Фараби ғылымдардың түрлері жайлы.
Философияны оқу үшін алдымен не білу керек (Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат) — Әбу Насыр Әл-Фарабидің еңбегі.
Мұнда ол Аристотельдің философиясын меңгеруге қажет болатын тоғыз шарт жайлы өз пікірлерін ортаға салып, бұл туралы былай дейді:
Бірінші шарт — философиялық ағымдарды тану (аты-жөнін білу) жеті нәрседен тұрады:
- философиялық бағытқа (ағымға) бас болған ұстаздың аты-жөні; оның шыққан қаласы;
- философияға мекен (медресе) болған орынның аты;
- философиялық ағымды тудырған басты себеп;
- философиялық талдауға түскен мәселелер;
- философияның алға қойған мақсаты туралы;
- философияның практикалық мәні, нәтижесі.
Оның пікірінше, тұңғыш рет философиялық бағыттың алғаш негізін салушы — грек философы Пифагор, яғни пифагоршылар мектебі. Бұл жерде Фараби Ежелгі Грекиядағы негізгі ғылыми философиялық мектептерге шолу жасап, өз пікірлерін ортаға салады.
Екінші шарт — өткендегі ірі философтардың еңбектеріндегі негізгі ойларын, мақсаттарын тану. Мұнда Фараби ежелгі гректерден қалған логикалық шығармалардың яғни, формальдық дәлел (логика); силлогизм; аналитикалық мазмұн мен оқу ретін қысқаша айтып өтеді.
Үшінші шарт — философ болу үшін қажетті ғылымдарды тани білу.
Төртінші шарт — философия ғылымын үйретудегі мақсатты түсіну. Философия ғылымын үйренуде оның күттіретін мақсатын тану. Ол мақсат — жаратқан иені тану. Ол өзі ауыспайтын, өзгермейтін жалғыз зат. Бүкіл дүниені, барлық нәрселерді барлыққа, болмысқа шығарған жаратушы. Жомарттылығымен, хикметімен, әділеттілігімен осы әлемге тәртіп беруші Алла-тағаланы тану. Барлық философ ғалымдардың істеген еңбектері өздерінің шамасынша сол жаратқанға ұқсап бағу. Әрине, бұл жерде біз Әбу Насыр әл-Фарабидің өз заманының перзенті болғандығын дұрыс түсінуіміз қажет, өйткені заман талабын аттап өте алмау қай кезде болсын тарихи табиғи нәрсе.
Бесенші шарт— Философия ғылымына кірісудің төте жолын тану. Бұл жерде Фараби білім, ғылымға жетудің ең бір дұрыс жолы аянбай еңбек ету дейді. Сонымен қатар философияны тек жаратылыстану ғылымдары арқылы ғана танып білуге болады деген пікірлер айтады.
Алтыншы шарт — Аристотель еңбектеріндегі қолданылған ғылыми ұғымдарды талдай білу.
Жетінші шарт — Аристотельдің өзінің еңбектерін оқыған адамнан терең жұмбақ сырларды шешуді талап етуінің себебін білу, Аристотель еңбектерінде жұмбақ түрінде айтылған түсініктердің сырын ашу. Оның кейбір ғылыми түсініктерді терең жұмбақ түрінде келтіруінің үш түрлі себебі бар. Бірінші, оқушының табиғи қабілетін сынап, үйретуге тұратынын немесе тұрмайтынын айыру. Екінші, философия ғылымын көрінген адамның бәріне бірдей рәсуа қылмай, оны алып жүретіндерге ғана пайдаландыру. Үшінші, ғылым іздеу жолында адам бейнеттеніп, ой-пікірін шынықтыру керек. Осы үш себептен Аристотель еңбектерінде жұмбақ (аллегория) қолданылады.
Сегізінші шарт — философ адамның міндеті мен тіршілік ережесін және қалпын түсіну.
Тоғызыншы шарт — Аристотель ілімін үйрену үшін нендей нәрселер қажет екенін білу. Фараби бұл жерде Аристотельдің логика ғылымын, шығармаларын оқу тәртібін келтіріп, оны жоғары бағалайды. Бұл орайда түйіндеп айта келгенде Фараби философияны үйрену үшін ежелгі грек ойшылдарынан бастап өзіне дейінгі ғалымдардың ой-пікірлерін сарапқа салады да, соңында өз ойларын айтады. Фарабидің пікірінше, ғылым мен философия адамы болу үшін қойылатын ең бірінші талап — ол адамның жан тазалығы, ар тазалығы, бүкіл адамға, өз халқына деген таза махаббаты, ғылым мен білімге деген қалтқысыз құштарлығы мен берілгендігі. Бұл шарт орындалмаған күнде адам философияны үйрене алмайды, үйрете де алмайды деп көрсетеді Фараби.
Фараби
Насихаттау жолдары
Ежелгі грек ойшылдары мен жаратылыстанушылардың ірі шығармаларына түсініктемелер жазып ,оларды оқырманға қол жетімді еткен ,қиын жерлерін өз сөзімен жеңіл тілмен жеткізді
Арнайы жұмыстарды грек ойшылдарының жеке маңызды шығармаларының жалпы мазмұны мен бағыттарын талдау мен ашуға арналды.Оның ғылыми мүдделерін өте айқын сипаттады.
Әл- Фараби болмыстың пайда болуы
1-саты –түпкі себеп(ас-сабаб-әл авал)
2-саты-2себеп(ас-сабаб –ас-сони)
3-саты үшінші себеп юелсенді ақыл (ал-акл– әл-фаол)
Алтыншы саты-материя(ал модда)
5-саты бесінші себеп пішін (ас-сурат)
4-саты төртінші себеп жан(ан-нафс)
Негізгі себеп -Құдай
Достарыңызбен бөлісу: |