Көркем еңбек Түсінік хат «Көркем еңбек»



бет1/2
Дата27.09.2023
өлшемі33.08 Kb.
#478798
  1   2
көркем еңбек


Көркем еңбек
Түсінік хат
«Көркем еңбек» «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» сияқты оқу пәндерін біріктіретін кіріктірілген пән.
«Көркем еңбек» пәні әртүрлі шығармашылық әрекеттің түрлері барысында көркем-технологиялық білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Оқу пәні түрлі шығармашылық іс-әрекеттегі кеңістіктік-бейнелікойлауын, шығармашылық ойлауын, рухани-адамгершілік мәдениетін, елесін, қиялын және аңғарымпаздығын, жеке тұлғаның қалыптасуын және өз ойын білдіруін дамытуды қамтамасыз ететін көркем-технологиялық білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. «Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
4-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 36 сағатты құрайды.
Түрлі материалдармен жұмыс істеу білім алушылардың технологиялық ойлауын, көркем-эстетикалық талғамын, шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, қиялы мен қол моторикасын дамытуға, көзбен нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіреді.
Оқу мақсаттары білім алушыларда белгілі бір дағды қалыптастыру үшін әрекет түрін, орындау техникасын, шығармашылық жұмысты жасаудың материалын мұғалімнің өзі таңдайтындай етіп тұжырымдалған.«Көркем еңбек» пәні бойынша оқыту процесінде білім алушылардың АКТ құралдарын қолдану дағдыларын дамыту қажет. Ең алдымен, бұл көркем жұмыстарды жасау кезінде цифрлық компьютерлік технологияларды пайдалану, слайдтық презентацияларды жасау дағдыларын дамыту, шығармашылық жұмысты жасау үшін басқа білім алушылармен ынтымақтастық, қарым-қатынас жасау мен ақпарат алмасу жәнет.б.«Көркем еңбек» сабақтарындамұғалімнің өзі анықтайтын әртүрлі көркемдік-шығармашылық әрекеттер қарастырылады. Бұл ретте көркемдік-шығармашылық әрекеттің негізгі үш түрі:
- құрылымдау;
- бейнелеу;
- сәндеу әрекеттері міндетті түрде іске асырылуы қажет.
«Көркем еңбек» пәні бойынша қалыптастырушы бағалау өткізіледі. Пән бойынша білім алушылардың қалыптастырушы бағалау нәтижелері білім алушылар мен ата-аналарға берілетін кері байланыс үшін материал болып саналады.«Көркем еңбек» пәні бойынша жартыжылдық соңында және оқу жылының соңында «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы сынып журналына қойылады.
Мұғалім және білім алушылар әртүрлі жұмыс түрлерін орындау барысында еңбек гигиенасының және қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтаулары қажет


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет