Көркем әдебиет секторының б ж. д кітапханашысы Д. Ә. Отарбаева «бір ел бір кітап» акциясы 2015 г



Дата25.02.2016
өлшемі132.66 Kb.
#20192
Көркем әдебиет секторының

б.ж.д. кітапханашысы

Д. Ә. Отарбаева

«БІР ЕЛ - БІР КІТАП» АКЦИЯСЫ - 2015 г.

Қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегелілікке тәрбиелеу, сондай-ақ, оқырмандарды әдеби-көркем кітаптарды оқуға, кітапханаға тартуға бағытталған «Бір ел – бір кітап 2015» акциясына, академик Ғарифолла Есімнің төрағалығымен өткен ұйымдастыру комитетінің отырысында оқырмандардың ең көп дауыс жинауына байланысты, 2015 жыл кітабы болып көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы таңдалып алынды.

Ілияс Есенберлин- қазақ халқының сан ғасырғы тарихын көркем тілмен бейнелеп, қазақ елінің әдебиеті  мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан үздік қаламгер. Жарты әлемге аты мәшһүр “Көшпенділер” трилогиясы ел президенті  Н.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, «жалпы таралымы үш миллион данамен елу реттен аса шығарылып, қазірдің өзінде отыз тілге аударылған».

Жазушының «Көшпенділер» трилогиясыныңдағы кейіпкерлері - негізінен, тарихи тұлғалар, Шыңғысхан дәуірінен басталып  Кенесарымен  аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы – ақын-жыраулар, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін жан аямай шайқасып, Отанын қорғай білген арыстан жүрек, атан жілік батырлар.

Бұлар – ел есінде аттары жатталып, тарихта қалған, өмірде болған тұлғалар.Атап айтсақ: Алмас қылыш романындаӘбілқайыр хан , Жәнібек хан, Керей хан, Жанталас романындаҚасым ханХақназар ханАбылай ханБұқар жырау, Қаһар романындаАсан қайғыҚазтуғанКенесары ханАғыбай батыр сияқты тарихи,аты аңызға айналған тұлғалар басты кейіпкерлер болып табылады.

Трилогия — хронологиялық жүйеге құрылған, қазақы шежірелік сипатты бойына жинақтаған тарихи шығарма. Трилогия жөнінде кезінде  терең зерттеулер жүргізген қазақ ғалымдары:  Р.Бердібаев пен Ш.Елеукеновтың еңбектерінде  «роман хроника» деп анықтама берілген.   Ондағы баяндалатын оқиғалар негізінен тарихи жүйемен дамып, өрбіп отырады.

Ең бастысы, Ілияс Есенберлин — бүгінгі және кешегі күннің үздік туындысы - «Көшпенділер» трилогиясының  тудырушысы.

Осыған орай, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің кітапханалық – ақпараттық орталығқ аты әлемге мәшһүр жазушы Ілияс Есенберлиннің барлық шығармаларын қалың оқырмандар арасында насихаттау мақсатында кітап көрмелері, оқырмандар конференциясы, әдеби кештер, кітапханалық анонс, әдеби клуб отырыстары, пікірталастар, оқу марафондары және т.б. көптеген мазмұнды әрі қызықты шаралар ұйымдастырады.

Сіздерді, көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» атты трилогиясын оқуға, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында кітапханалық – ақпараттық орталығына қарасты кітапхана-бөлімшелерінде өткізілетін шараларға белсене қатысуға, рухани нәр, тәлімдік тәрбие беретін баға жетпес мәдени мұра көркем әдеби шығармаларды бірге оқып, ой бөлісуге шақырамы

Аты әлемге мәшһүр жазушы



Өмірбаяны

Қазақ халқының белді қаламгері 1915 жылы Ақмола облысындағы Атбасар қаласында туған.

1983 жыл Қазақ әдебиетінен жалынды жазушымызды алып кетті. 



Атбасар қаласындағы мектепкеАлматыдағы бір көшеге І. Есенберлин есімі берілген.

Еңбек жолы

1940 жылы Қазақ тау-кен институтын бітіріп, Жезқазған рудниктерінде инженер болады. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

1942-1947 жылдар аралығында Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы,

1951 жылы Қазақ мемлекеттік филормониясының директоры,

1953-1954 жылдары ҚР Геология министрлігінде аға инспектор,

1954-1955 жылдары Берсүгір шахта басқармасының (Ақтөбе облысы) бастығы,

1955-1957 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының аға редакторы,

1958-1967 жылдары "Қазақфильм" киностудиясының аға редакторы, сценарий редколлегиясының мүшесі,

1967-1971 жылдары "Жазушы" баспасының директоры,

1971-1975 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы болып қызмет атқарады. 



Марапаттары:

  • Еңбек Қызыл ту ордені

  • «Құрмет белгісі» ордені

  • «За боевые заслуги»

  • «За оборону Ленинграда» медалі

Қазақ КСР мемлекеттік сыйлықсының жүлдегері, 1968 жыл («Айқас» романы үшін).

Шығармашылығы:

І. Есенберлин қазақ әдебиетінде өнімді еңбек еткен аса көрнекті жазушылардың бірі. Алғашында ақын ретінде танылған оның шығармалары 1940 жылдан бастап жарық көре бастайды.

1945 жылы "Сұлтан", "Айша" дастандары, "Адамгершілік туралы жыр" өлеңдер жинағы (1949), революционер, большевик Ә. Майкөтовке арналған "Большевик туралы поэмасы" (1957), "Біржан сал трагедиясы" (1959) дастандары жарияланды.

1960 жылдары проза жанрына қалам тарта бастады. "Өзен жағасында" (1960), "Толқиды Есіл" (1965), орыс тілінде жазылған "Адам туралы ән" (1957) атты повестері жарық көрді. "Айқас" (1966), "Қатерлі өткел" (1967), "Ғашықтар" (1968), "Қаһар" (1969), "Алмас қылыш" (1971), "Алтын құс" (1972), "Жанталас" (1973), тың туралы "Көлеңкеңмен қорғай жүр" (1974) романдары, "Көшпенділер" трилогиясы (1976), Алтын Орда трилогиясы (1982-1983), "Махаббат мейрамы", "Алыстағы аралдар" (1983), Аққу құстың қуанышы" (1984) романдары, шығармаларының онтомдық жинағы (1984-1990) жарияланды.

Есенберлиннің "Маңғыстау майданы", "Аманат" (1978) романдары қазақ әдебиетіндегі сүбелі шығармалары қатарында. Кеңес өкіметі жылдарында туып қалыптасқан қазақ интеллигенциясының өмірін, олардың қазақ даласында социалистік өнеркәсіп орнату жолындағы қажырлы еңбегін, ескіліктің адам санасындағы қалдығына қарсы күресті баяндайтын "Айқас" романына 1968 жылы Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Ӏлияс Есенберлиннің орыс тілінде шыққан "Песня о человеке" (1956) романы 1958 жылы қытай тіліне аударылады. "Таудағы тартыс" (1962) пьесасы Алматыдағы Балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды. М.Ерзинкянмен бірігіп жазған "Құйма" (1961) киносценарийі бойынша түсірілген фильм бүкіл кеңес және венгр, поляк, болгар экрандарында көрсетілді.

Ӏлияс Есенберлин прозасы түгел дерлік орыс тіліне аударылды. "Схватка" ("Айқас", 1957); "Опасная переправа" ("Қатерлі өткел", 1970); "Влюбленные" ("Ғашықтар", 1970); "Хан Кене" ("Қаһар", 1971); "Заговоренный меч" ("Алмас қылыш", 1973); "Отчаяние" ("Жанталас", 1974); "Прикрой своим щитом" ("Көлеңкеңмен қорғай жүр", 1976); "Мангистауский фронт" ("Маңғыстау майданы", 1981); "Золотая Орда" ("Алтын Орда", 1985) деген атпен Мәскеулік және республикалық баспалардан жарық көрді.

Жекелеген шығармалар украин, латыш, литваөзбекалтайбашқұртқарақалпақ,венгр,поляк, ағылшын,французқытайнемісараб, испан тілінде жарияланды.

Олардың ішінде "Көшпенділер" трилогиясы, "Адам туралы ән", "Қатерлі өткел", "Ғашықтар", "Айқас" романдары бар.

I.Есенберлин қырыққа жуық ән мәтінін жазды. Ол К.Д.Ушинскийдің "Әңгімелері мен ертегілерін" (1945), М.Жулявскийдің Вьетнам өміріне арналған "Қызыл дария" (1956) романын қазақ тіліне аударды.



Жазушы Ілияс Есенберлиннің

«Көркем әдебиет секторындағы» барлық шығармалары.

(қазақ және орыс тілдерінде)
Есенберлин,І.

Көшпенділер.

[Мәтін]:Тарихи трилогия/Ілияс Есенберлин.

-Алматы.«І.Есенберлин атындағы қор», 2002. -760б.
Ілияс Есенберлиннің шығармашылығында атақты «Көшпенділер» трилогиясы негізгі орын алады, ол эпикалық құлаш-қарымымен, оқиғалардың серпінділігімен, қазақ тарихының жанды әрі қайталанбас тұлғалардың бейнесімен, тілінің шынайлығымен және айқындылығымен ерекшеленеді.

Трилогиясы тарихта ешқандай «жоғалып кетулердің» болмағанын, осы ғасырлардың бәрінде де қазақ халқы өзінің ежелгі жерінде өмір сүріп, еңбек еткенін сенімді түрде көрсетеді.





Есенберлин,І.___Жанталас.__[Мәтін]:Тарихи_роман/Ілияс_Есенберлин.__-Алматы:_«Жазушы»,_1973._-_320б.'>Есенберлин,І.___Қатерлі_өткел.__[Мәтін]:_роман/Ілияс_Есенберлин.__-Алматы:_«Жазушы»,_1967._–_252_б.'>Есенберлин,І.

Қатерлі өткел.

[Мәтін]: роман/Ілияс Есенберлин.

-Алматы: «Жазушы», 1967. – 252 б.
Жазушы Ілияс Есенберлин «Қатерлі өткел» атты бұл романында еңбекші халыққа бостандық, теңдік, бақыт әперген ұлы күш, ең демократияшыл құрылыс – советтік құрылыстың қазақ даласында қалай қалыптасқанын бейнелеуді мақсат еткен.

Романның бас кейіпкері Бүркіттің іс-әрекетінен, оның алғашқы қателесу жолынан бастап, кейін советтік құрылыстың адал, творчестволық қайраткері дәрежесіне қалай жеткенін суреттейді.






Есенберлин,І.

Жанталас.

[Мәтін]:Тарихи роман/Ілияс Есенберлин.

-Алматы: «Жазушы», 1973. - 320б.

Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ілияс Есенберлин халқымыздың арғы-бергі тарихына барлау жасап, «Қаһар», «Алмас қылыш» атты романдарының жалғасы «Жанталас» романы сіздерге ұсынылып отыр.

Бұл романда қазақ халқының ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда басынан өткерген ұлы-ұлы оқиғалар әңгіме болады.

Халқымыздың басына Жоңғарлар күшпен әкеп таңған «Ақтабан шұбырынды» трагедиясы, қазақ елінің Россия қол астына кіруі, шет ел басқаншыларына қарсы күрес кітапта тарихи деректер негізінде қызғылықты баяндалған.



Есенберлин,І.__Қара_алтын.__[Мәтін]:_роман/Ілияс_Есенберлин.__-Алматы:_«Көшпенділер»,_2002._-_240б.'>Есенберлин,І.

Маңғыстау майданы.

[Мәтін]: романдар/Ілияс Есенберлин.

-Алматы: «Жазушы», 1978. - 424б.
Бұл кітапта белгілі жазушы, Қазақ ССР-ының мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ілияс Есенберлиннің «Маңғыстау майданы» мен «Аманат» атты жаңа романдары еніп отыр.

Бірінші роман әйгілі Маңғыстау мұнай байлығын алғашқы барлаған, зерттеген адамдарға арналған.

Сондай-ақ романда бүгінгі өсу жолымыздың тірегі – ғылыми – техникалық революцияның елеулі мәселелері көтеріледі.

Екінші шығарма «Аманат» археолог – ғалымдар жайында, Романның бас кейіпкерлері – қарт археолог Күнтуар мен оның жолдасы Ерғазының іс-әрекет үстінде суреттеп, олардың мінез-құлықтарын,

өмірге көз қарастарын ашады

Есенберлин,І.

Алтын құс.

[Мәтін]: роман/Ілияс Есенберлин.

-Алматы: «Көшпенділер», 2002. - 240б.
Әрбір шығармасында күрделі ой, проблема айтушылық, бұрын көп сөз бола қоймаған тыңға барушылық, творчестволық батылдық – жазушы Ілияс Есенберлин қаламына тән сипаттар.

Кітаптағы басты кейіпкеріміз кенші, Еңбек ері – Сабыр қатардағы жұмысшыдан өскен, өмірден көргені, көкейге түйгені көп ойлы адам.

Романдағы Сабыр мен Ақбаянның адал махаббаты, жас кезде дұрыс ойлануға, мағыналы өмір кешіруге меңзейді.

Есенберлин,І.

Скифтер сағымы.

[Мәтін]: роман/Ілияс Есенберлин.

-Алматы: «Көшпенділер», 2002. - 342б.
Жазушының «Аманат» романы, «Скивтер сағымы» болып қайта басылып шығарылып отыр.

Роман Қазақстанның өркендеуіне өз үлесі қосып өшпестей із қалдырған өз қызметін жай археология маманы болып бастап, әйгілі инженер, академик атағына дейін көтерілген Күнтуар Құдайбергенов жайлы жазылған.

Романда кейіпкердің экспедиция кезінде өткізген қиыншылықтар мен қуаныштарын оқырман қауымға көркемдеп жеткізе білген.


Есенберлин,І.

Қара алтын.

[Мәтін]: роман/Ілияс Есенберлин.

-Алматы: «Көшпенділер», 2002. - 240б.
Бұл кітапта белгілі жазушы Ілияс Есенберлиннің «Маңғыстау майданы» атты романы «Қара алтын» деген жаңа атпен қайта басылып шығып отыр.

Роман әйгілі Маңғыстау мұнай байлығын алғашқы барлаған, зерттеген адамдарға арналған.

Сондай-ақ романда бүгінгі өсу жолымыздың тірегі – ғылыми – техникалық революцияның елеулі мәселелері көтеріледі


Есенберлин,І.

Қаһар.

[Мәтін]: роман/Ілияс Есенберлин.

-Алматы: «Ан-Арыс», 2010. - 360б.
Мемлекеттік сыйлықтың иегері, аса көрнекті жазушы

Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» атты романы атақты «Көшпенділер» трилогиясының бір бөлімі.

Күні кешегі империяның қаһарлы кезінде қаймықпай жазылған роман тарихи құндылығымен,көркем суреткерлігімен, асқақ та айбынды рухымен ерекшеленеді.

Сан ұрпақты тәрбиелеген кесек туынды бүгінде онан сайын өз қажеттілігін дәлелдей түсуде.

Кітап барша оқырманға арналады.


Есенберлин, И.

Кочевники [Текст]: Исторический роман

/ Илияс Есенберлин.

-Алма-Ата: «Жазушы», 2002.- 720с.
В трилогии И. Есенберлина, в этой художественной исторической хронике, выявлены и обобщены не только причины зарождения и укрепления казахского ханства, но и социально-экономические и политические мотивы сближения с Россией, вскрыто прогрессивное значение добровольного присоединения Казахстана к России в 1931 году.



Есенберлин, И.

Отчаяние [Текст]: Исторический роман

/ Илияс Есенберлин.

-Москва: «Известия», 1974.- 336 с.
Роман «Отчаяние», в котором повествуется о многовековой борьбе казахского народа с великоханьской китайской экспансией, с подталькиваемыми императорским Китаем джунгарскими захватчиками.

Только присоединение к России спасло тогда казахский народ от полного уничтожения...



Есенберлин, И.

Прикрой своим щитом

[Текст]: Роман/ Илияс Есенберлин.

-Москва: «Советский писатель», 1976.- 256 с.

Роман известного казахского писателя Ильяса Есенберлина «Прикрой своим щитом» связан с историей освоения целинных земель в Казахстане.

В основе конфликта романа – разное отношение героев к родной земле, ее настоящему и будущему, к пониманию гражданского долга.

Борьба с бедой земледельцев – ветровой эрозиеей,

по авторскому замыслу, не просто хозяйственная задача.

Это еще и битва с эрозией нестойких характеров,

бескомпромиссная схватка со всем, что в принципе чуждо

советскому образу жизни и социалистической морали.





Есенберлин, И.

Золотая птица.-Схватка

[Текст]: Два романа/ Илияс Есенберлин.

-Алматы: «Жазушы», 1977.- 336 с.

Ильяса Есенберлина - известный казахский писатель, автор ряда романов и повестей.

Среди них – роман «Золотая птица» и «Схватка».

С «Золотой птицей» читатели имели возможность познакомиться в прошлом году на страницах республиканского литературного журнала «Простор».


«Схватка» - роман о казахстанских геологах – в 1968 году отмечена Государственной премией Казахской ССР.


Есенберлин, И.

Золотая орда

[Текст]: Роман в трех книгах

/ Илияс Есенберлин.

-Алма -Ата: «Жазушы», 1989.- 512 с.

Ильяс Есенберлин (1915-1983) - известный казахский писатель, автор ряда пьес, поэм и романов «Кочевники», «Опасная переправа», «Схватка», «Прикрой своим щитом» и др., лауреат Государственной премии

Казахской ССР им Абая.

«Золотая Орда» - исторический роман в трех книгах, в котором художественно осмысливается возникновение и падание Золотой Орды, основавшейся в результате татаро – монгольского нашествия в сороковых годах

тринадцатого столетия.




Есенберлин, И.

Хан Кене [Текст]:Роман

/ Илияс Есенберлин.

-Алматы: «Санат», 1998.- 288с.

Роман известного казахского писателя Ильяса Есенберлина (1915-1983) возсоздает историю казахского народа с ХҮІ века до середины ХІХ века.

На фоне сложных исторических процессов перед нами – внук умного государственного деятеля и поководца хана Аблая – хан Кенесары,

унаследовавший от него все эти качества.



Есенберлин, И.

Золотая птица

[Текст]: Роман/Илияс Есенберлин.

-Алматы: «Кочевники»,2002.- 176с.

Роман известного казахского писателя Ильяса Есенберлина «Золотая птица о жизни одного шахтёра.

Главный герой романа – Сабыр, начал свой путь с простого рабочего, многое повидал на своем веку, и впоследствии удостоился звания Героя Труда.

Надеемся, что примеры из жизни героев этой книги придутся по душе нашему читателю.





Есенберлин, И

Скифские миражи[Текст]:Роман

/ Илияс Есенберлин.

-Алматы: «Кочевники»,2003.- 264с.
Скифские миражи»- роман о казахстанских геологах.

Главный герой романа –Қунтуар Кудайбергенов.

Илияс Есенберлин умел довольно реально показать в своих книгах дух времены,недостатки и перегибы

того общества, и то,



какое влияние это оказывало

на отдельные личности

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет