Көрнекілігі: интерактивті тақтада видео, қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылардың портреттері. Мұғалім: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар! Біздің бүгінгі «Алаш ардақтылары!»



бет1/3
Дата22.06.2023
өлшемі124.01 Kb.
#475307
  1   2   3
Алаш ардақтылары тәрбие сағаты


Тақырыбы: Алаш зиялылары.
Мақсаты: Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы оқушыларға мағлұмат беру, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: интерактивті тақтада видео, қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылардың портреттері.


Мұғалім: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Біздің бүгінгі «Алаш ардақтылары!» атты сынып сағатымызға қош келдіңіздер. Сынып сағатымыз тақырыбымызға сәйкес III бөлімнен тұрады. I-бөлім – Алаш, II-бөлім – Желтоқсан, III-бөлім – Тәуелсіздік.
I-бөлім – Алаш


Мұғалім: Кезек бірінші бөлімде. Бұл Алаш тақырыбындағы бөлімді бастамас бұрын тарихқа шолу жасап кетейік. Өлкелік басшылыққа келген Ф. Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен Қазақстанда «жаңа революция» жасамақшы болды.
Наразы болған Тұрар Рысқұлов, Смағұл Сәдуақасов, Сәкен Сейфуллин т.б ұлт зиялылары «ұлтшыл» деп айыпталды, қуғынға ұшырады.
Яндекс.Директ
1-оқушы: жер-жерде кедейлер мен шаруаларды орынсыз соттау және шаруалардың малын жөнсіз кәмпескелеу, меншік құқығынан айыру, тұрақты тұратын жерлерінен күштеп көшіру орын алды. 1930-1932 жылдарды алапат аштық етек алды.
1932 жылғы шілде айында республика қайраткерлерінің бір тобы
Ғ. Мүсірепов, М. Ғатауллин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев аштық туралы Ф. Голощекинге ашық хат жазды. («Бесеудің хаты»).
2-оқушы: Азаматтық ерлігі жоғары және принципшіл адал адам болған Тұрар Рысқұлов етек алған қасірет туралы шындықты ашып көрсетуден тайсақтамады. «Сізден осы жазбамен танысып шығып, бұл іске араласуды және сол арқылы аштан өлуге душар болған көптеген адамдардың өмірін құтқарып қалуды өтінемін» деп жазды.
3- оқушы: 1937-38 жылдарды террор жаппай сипат алды. Бұл жылдарда кеңес өкіметін орнату мен нығайтуға қатысқан, кезінде «Алаш» партиясының көрнекті қайраткерлері мен мүшелері Әлихан Бөкейхан, Халел Досмұхамбетұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, т.б ұшырады, оларды «халық жаулары» деп жариялады. Бұларға жазалаудың жоғары түрі ату жазасын қолданды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет