Көрнекті ақыны /Ұсынылатын библиографиялық көрсеткіш



Дата25.02.2016
өлшемі135.64 Kb.
#21113


Қазақстан Республикасының

білім және ғылым министрлігі

Манаш Қозыбаев атындағы

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Аққудай жырдың төресі қазақтың

көрнекті ақыны

/Ұсынылатын библиографиялық көрсеткіш

/ К. Салықов-75 жылдығына/



Петропавл , 2007

Кітапхана, 2007


Оқырманға.
Ұсынылып отырған көрсеткіш қазақтың көрнекті ақыны,мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері Кәкімбек Салықов- 75 жас толуына арналған.

Мағлұмат алфавиттік тәртіпен орналасқан.

Ақының өмірі мен шығармашылығы туралы ең соңғы шыққан басылымдар еңгізілген. СҚМУ ғылыми кітапханасы қорында бар.

Көмекші құрал ұстаздарға,студенттерге және қалың оқырман қауымға арналған.



Салықов Кәкімбек.
Менде ме, менде, досым,

Құрдастар көп.Ақын жанды,

Ақ ниет сырластар көп.

Солар күтіп жүргендей

сезінемін.Қашан тағы кезекті

жыр бастар деп.
1932 жылы 22 қантарда Солтүстік Қазақстан обылысы Шал ақын ауданы Еңбек ауылында туған. 1955 жылы Мәскеудің түсті металлургия және алтын институтын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін Жезқазған кенішінде кен мастері, учаске бастығы.Жезқазғанның Қ.И.Сәтбаев атындағы кен

металлургия комбинаты парткомының хатшысы, 1968-1973 жылдары Қазақстан КП Жезқазған қалалық комитетінің бірінші хатшысы, 1973-1975 жыл арасында Жезқазған обылыстық комитетінің екінші хатшысы қызметін атқарды.

1984 -1989 жылыға дейін Өзбекстан КП ОК-нің бюре мүшесі, Қарақалпақ обылыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеді.

Көп жыл бойы КОКП Орталық Комитетінің аппаратында инспектор болып істейді. КСРО Жоғарғы Кенесінің Экология және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы қызметерін атқарады. Мемлекеттік қызметтермен бірге ол шығармашылық пен де айналысады. Кәкімбек Салықов әдеби білім алып,ақындықты кәсіп еткен адам емес. Оның күнделікті қызметі де ақындыққа көпжақын келмейді.

Бірақ Кәкімбек Салықов ақындығын әуесқойлық деп қарауға да болмайды. Ол жанымен ақын. Кеншілік оның мамандығы болса, ақындық оның жан қалауы, өмірден тапқан талғамы,бар ынта-ықласы.

Кәкімбек Салықовтың бойындағы табиғи ақындық дарын қосылып,оның осы игі талабын екінші мамандықа айналдырған. Мұны Кәкімбек Салықовтың жарық көрген кітаптары еріксіз мойындатады.

Кәкімбек Салықовтың жаза бастағанына біраз болғанға ұқсайды.

Ертерек туған кейбір альбомдық өлеңдерінің тәуір үлгілерін ақын кейінгі кітаптарына кіргізіп жүр. Бірақ оның ақын есебінде көрініп,таныла бастағаны – бас-аяғы бір он шақты жылдың шамасы. Алғашқы өлеңдер жинағы «Сыр» 1970 жылы жарық көрді. Замандастар тағдырын, табиғат пен адам үйлесімін, туған жерге деген махаббаты өрнектеген. «Жезкиік» (1973), «Нұрлы күндер» (1976), «Жұлдызды жылдар тынысы» (1978), «Мәңгі шырақ» (1979) атты жинақтар К. Салықовтың ақындығын оқырман қауымға мойындатумен бірге, авторының қазақ поэзиясына өзіндік үн,жаңа леп, өзгеше сыр,ала келгендігін ақын танытады. Басшы партия қызметінде жүрген кен инженерінің поэзияға ұмтылсын қызық көріп, оның аяқ алысын үнемі қадағалап жүрген бізді де Салықовтың қазақ поэзиясында орнығуы бір жағынан қуантады.

Кәкімбек Салықовтың жырлары бұл ойлар осындай ұзақ байқаудан, сүйсінуден, ризалықтан туды. Кәкімбек Салықовтың ақындық жолын екі кезеңге бөліп қарасақ. Оның бірі-автордың поэзияға ұмтылысы,алғашқы сапарының ізденістері. Мұны біз «Сыр», «Жезкиік», «Нұрлы жылдар» атты кітаптардан байқаймыз. Оның шыншыл, мөлдір таланты осы кітаптардан-ақ анық көрінген. Алайда үнемі өлең қуып,оны кәсіпке айналдырмаған адамның бойдағы талантын ұштап үлгермегені, өмір шындығының әдеби шындыққа айналуының жетімсіз жақтары, халық поэзиясынан сусындап өскен адамның професионалды поэзияның сырларына қанып болмағаны ол кітаптарда байқалмай қалмайтын.

Ол үлкен поэзияға бет алып, ақындық толқаныстың биік белестеріне ұмтылып келеді. Алайда Кәкімбек Салықовтың поэзиядағы жолы алғашқы ізденістерінен бастап тұтас бір ақындық үнді,ақындық сырды шертеді, сондықтан да оның іздену,үйрену,жетілу жолына бірінен бірі бөлінбейтін тұтас құбылыс есебінде қарау орынды. Мұны біз ақын жырларының туу кезеңдеріне қарай қарастырсақ, анық байқаймыз. Әрі одан ақынның іздену, жетілу,толысу жолдары да айқын көрінеді. Кеншілік пен ақындық ол үшін екі құбылыс. Сондықтан да ақын алғашқы ізденісінен бастап осы екі мамандығын біріктірер тың сыр іздейді. «Ақындыққа бала жастан ғашық» болып,өмір жолын кеншіліктен бастаған ол осы екеуіне ортақ қасиетті үлкен азаматтықтан табады. Өз бойына екеуін де сыйдырып,оны ақынға да,кеншіге де ортақ тұтатас бір азаматтық бейнеге айналдырады.

Кәкімбек Салықовтың жырларында дәуірімзідің ұлы жазушысы аңғарған біздің замандасымыздың осы тектес жақсы сыр –сипаттары, мінез-құлқы, адамдық кейіпі жап-жақсы көрініс табады.

К.Салықов өмірді әсемдік деп таниды. Сондықтан оның өлеңдеріндегі өмірге құштарлық әсемдікті қорғау, сұлулықты сүю, адам бойндағы игі қасиеттер мен жақсы мінездерге қызығу күйінде көрініс табады.

Оның лирикалық геройы сағыныш сезімін көп еске алады.Елге, жерге, табиғатқа, анаға, досқа,жарға,балаға-жақсы дүниенің бәр-бәріне де деген сағыныш-өмірге құштарлықтың белгісі.

Адам бойындағы осындай сезім байлығын ақын түгелдей табиғат тартуы деп қарайды. Ол өзін де туған өлкенің табиғатымен тұтастықта сезінеді. Сондықтан да оның өлеңдерінен лирикалық геройдың көңіл күйіне қазақ даласының әр қилы көріністері әсер етіп жатқанын көреміз.

Ол өзін де туған өлкенің табиғатімен тұтастықта сезінеді. Сондықтан да қазақ даласының әр қилы көріністері әсер етіп жатқанын көреміз.

Ол табиғаттың сәулетті шағын көріп қанаттанса, кейде күздің жүдеу бейнесіне үңіліп жабырқап қалады. Ақынның «Күз», «Құймағын миллиардың татып қайттым», «Оқ жетпес», «Ақ жауын», «Көкшетау», «Есілге», «Теңізге» өлеңдері жалаң табиғат суреттеріне айналмай,оны адам сезімімен оның көңіл күйімен байланыстра жырлау негізінде туған.

Әсемдікті тек табиғаттан ғана емес, ақын өнерден де тани біледі.Оның «Сәулет», «Мансфельд Мадоннасы», «Ақын сол ғой» өлеңдері өнер күші арқылы омірдің өзін тануға болатын жайлы ойға құрылған. Мұның бәрі К.Салықовтың поэзиясының негізгі объектісі-адам екенін, ақының әр түрлі жолдармен адам өмірін, оның арманын,тіршілігін, сезім күйлерін суретеуге тырысатынын көрсетеді.Ол өз бақытын оңаша сезінбейді, елімен достарымен бірге көреді.Өзін бақытты еткен заманына, туған халқына бар тіршілігін арнайды.

Сондықтан да өлеңнің лирикалық геройы бойындағы барын туған елге ұсынады. Салықов өмір туралы толқаныстарында адам сезімінің байлығы кең көрінеді.Адамға тән қуаныш пен реніш, сағыныш сеізімдері, өмір жауыпкершілігі жайлы ақынның оқырманмен бөлісерлік ойлары аз емес.

Салықов бірқатар поэма да жазды. Ол-өлеңде ғана емес,поэмада да сыршыл лирик. Балалық шағы соғыстың ауыр кезіне тұтас келген ақының көңіліне дәірдің кайшылықты да қайғылы суреттері ұялап қалған. Дәуірдің сол бір шындығы үлкен эпикалық суретке айналып ақынның бірсапыра поэмасына да кіреді. «Шалқыма», «Үрпақ сыры», «Дмбыра». Домбыра помасында домбыра күйіне елігіп, сыр шерткенде, оның тебіреніп еске алатыны да сол шындық. Лирикалық толғаныс ақының «Дала» поэмасында тән.

Онда ақын өзі туып, өскен дала туралы сыр шертеді. Қазақтың халықтық жақсы қасиеттерін, салт-ғұрпының ұнамды жақтарын ақын досқа сыр реттінде айтады. Ақын-барлық дәуірдің құрдасы. Сондықтан оның тарихпен тілдесуге де, болашақа үнілуге де хақы бар. Өткенді еске алса, ол оны бүгінгі мен кейінгіге үлгі етеді. К.Салықов көзқарасындағы биік қоғамдық сана мен азаматтық үннің бірлігі оның талантына жол ашып, ақындықтың пафосын көтеріп тұрғаны көрінеді. Ақындық толғаныстың тағы бір үлгісін Салықов «Еңлік гүл», «Аққу мен Ару», «Тотының тоқсан тарауы», «Қырандар» атты поэмаларында да қолданады. Бұлар, негізінен, ақын лирикасында көп жырлаған әсемдік туралы, сезім туралы толғаныстар.

К.Салықов поэмалары ақынның бұл жанырда да лирик екенін көрсетеді.

Ол баяндауларға бармайды, нақты құбылыс жайлы эпикалық толғаныс жасайды, оның ішкі мазмұнына үңілуге,ақындық сезіністі нақты суретке түсіруге ұмтылады. К.Салықов- әдебиетке өмірдің өзінен қайнаған өндірістің ортасынан,халық ішінен келді. Сондықтан да оның шығармаларының негізгі мазмұны мен пафосын ақын жырлаған өмір құбылыстарына деген халықтық көзқарас белгілейді. Ақын бойындағы қоғамдық сананың жоғарылғы, азаматық көзқарастың биіктігі заман туралы ерлікке толы, психологиялық сезім күйне бай, пафосты жырлар туғызуға себеп болғанын көріп отырмыз.

Және халықтың өзі ішінен шықан таланттар есебінен әдебиетіміздің байып, өсіп келе жатқанының айғағы. Кәкімбек Салықов аудармашылық пен де айналысты. В.В.Маяковскийдің «В.И.Ленин» поэмасын, Я.Колас пен Львовтың өлеңдерін аударған. В.Савельевтің «Дала сыры» өлеңдерін аударып жеке кітап етіп шығарды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне үш мәрте (9,10,11) депутат болып сайланған. 2001 жылы Ақын,мемлекет және қоғам қайраткері,

К.Салықов Ленин орденімен,екі рет Еңбек Қызыл ту орденімен,Халықтар достығы орденімен, көптеген медальдармен марапаталған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.



Еңбектердің әліпбилік көрсеткіші.


  • Ақын Тайжан: Лирикалық поэма.- Алматы: Үш Қиян,2004.-184 бет

  • Аққу жеткен: Әндер жинағы.- Алматы: Үш Қиян, 2002.-96 бет.

  • «Ақын Тайжан». Алматы:. Үш қиян,2004. -184 бет.

  • Әзіл сөздің атасы. (Шал ақының туғанына 250 жыл) // Солтүстік Қазақстан.-1999.-22 қантар

  • Бақыт жұлдызы: поэма,өлеңдер,толғаулар.- Астана: Фолиант, 2005.-200 бет.

  • Бояудың мәні бар: Өлең // Балдырған.-2002.-1.-б.13

  • Даналыққа тағызым.- Алматы:Үш Қиян,2003.-296 бет.

  • Дала - дастан: Лирикалық поэмадан үзінді. // Солтүстік Қазақстан.-2002.-18 қантар.

  • Евней Букетовке Реквием.-Алматы:Ғылым, 1984.-10 бет.

  • Көп ақынның ішіндегі отбасы: Есіләм Зікібаевқа // Солтүстік Қазақстан.-2002.-31 мамыр

  • Көңілді күлкі қыздырар / Әзіл-өлеңдер,т.б.,т.б./- Алматы: Үш Қиян,2002.-256 бет.

  • Көкжиекке тартқан кеш: Өлеңдер,сөнеттер,

  • поэма.-Алматы:Жазушы, 1997.-392 бет.

  • Күзгі сарын. (Өлеңдер,поэмалар)-Астана: Елорда,2005.- 296 бет.

  • Өлеңдер. (Түркістан-1500). // Қазақ әдебиеті.-13 қазан

  • «Перзентіміз ардақты Жер анаың: поэзия. // Солтүстік Қазақстан.-2004.-16 қантар.

  • Саған ғашық ұмтылған таң алыстан: өлеңдер // Солтүстік Қазақстан.-2002.-19 желтоқсан.

  • Сәлеміңді ал ауылым: Өлеңдер. // Солтүстік Қазақстан.- 2 шілде.

  • Тарланбоз. (академик Манаш Қозыбаевқа): Өлең. М.Қозыбаев туғанына 75 жыл толуына арналған.// Республикалық ғылыми -тәжірбиелік конференциясының материалдары.- 2006.-1.-б.35-36.

  • Тарихтың құлагері.- Алматы,2003.-88 бет.

  • Теңсем туған елді ақ қайыңға: өлеңдер. // Солтүстік Қазақстан.-2003.-9 сәуір.

  • Тіршілікке құштарлық: Өлеңдер // Жұлдыз.-2002.-7.-б.16.

  • Тәтімбет (поэма,өлеңдер,толғау). Астана: Фолиант,2005.-220 бет.



Салықовтың өмірі мен шығармашылығы жайын

дағы әдебиеттер.



  • Ақтаев С. Қос тізгінді тең ұстаған: Кәкімбек Салықов 70 жаста. // Ақиқат.-2002.-1.-б.63-70.

  • Бейсенұлы Б. Біз Сәтпаев тауып кеткен байлықты пайдаланып жатырмыз, ал басқа кен көздерін табу ақсап тұр: К. Салықов пен сұхбат. // Айқын.-2006.-13 маусым.

  • Есекеев Ж. Аққудай жырдың төресі: Қазақтың көрнекті ақыны Кәкімбек Салықов-70 жаста. // Солтүстік Қазақстан.-2002.-18 қантар.

  • Жайлыбай Ғ. Қазақтың желқанатты жезкиігі: Өлең // Қазақ әдебиеті.-2002.-25 қантар.

  • Қаратаев М. Ақын деген-алмас қылыш наркескен.Ақиқатпен әлмисақтан әу дескен. К.Салықов-75 жаста. // Солтүстік Қазақстан. - 22 қантар.

  • Қирабаев С. Сезімге орап, бар сырын ашық айтқан: Кәкімбек Салықов- 70 жаста. // Егемен Қазақстан.-2002.-16 қантар.

  • Молдағалиев Т. Ғашық жүрек: Кәкімбек Салықов-70 жаста. // Қазақ әдебиеті.-2002.-25 қантар.

  • Рәшитұлы Ә. Аспанда туған ән: эссе. // Солтүстік Қазақстан.-2003.- 26 мамыр.

Құрастырушы: Казиканова А.К.

Ақпараттық-библиографиялық

бөлім


К читателям

Предлагаемый указатель посвящен 75-летию со дня рождения К.Салыкова, видного общественного деятеля и поэта Республики Казахстан.

Материал, помещенный в указателе, расположен в алфавитном порядке и содержит все произведения писателя и литературу онем, имеющихся в фонде научной библиотеки СКГУ им. М.Козыбаева.

Пособие предназначено для преподавателей , студентов, а также всех, интересующихся творчеством поэта



Какимбек Салыков

Во мне живут

И Пушкин , и Абай

Быть дуязычным

не чурайтесь

Есть песенный Расул

иль Межелайтис.

И мне, судьба,

Такое счастье дай!

Я с мыслью не хочу

расстаться:

Дай Бог казахом мне

остаться.
Родился 22 января 1932 года в ауле Сырымбет ныне Айыртауского района Северо-Казахстанской области. Окончил Московский институт цветных металлов и золота/1955г./. После института 20 лет проработал в Джезказгане, пройдя путь от горного мастера до начальника участка, секретаря парткома. В 1968-73-м-секретарь Джезказганского горкома, в 1973-75-2-й секретарь Джезказганского обкома КП Казахстана, в 1975-84- инспектор ЦК КПСС, в 1984-89-1-й секретарь Каракалпакского обкома Компартии Узбекистана. Много занимался проблемами Арала. В 1989 г. Был избран председателем комитета по вопросам экологии и рационального использования природных ресурсов Верховного Совета СССР.

К.Салыков-общественный деятель. Он был депутатом Верховного Совета СССР и Казахской ССР, народный депутат СССР, делегат 24-27 съезда КПСС. Награжден орденами Ленина, 2-мя орденами Трудового Красного Знамени, орденом Дружбы народов.

Как отмечает один из авторов публикаций о нем Балташ Турсумбаев, впервые свои проникновенные стихи юный Какимбек опубликовал в одной из газет в далеком 1949 году, когда ему едва исполнилось 17 лет. Казалось в молодого поэта вселился дух великих поэтов и певцов Сары-Арки. Раннее детство и юношеские годы его прошли в крае, славящемся своей изумительной красотой. Биржан-Сал, Ахан-сэре, Укили Ибраев-их талантливыми произведениями наслаждался юный Какимбек.

Первый сборник стихов поэта «Сокровенное» опубликован в 1970 году. Особое внимание читателей привлекли вошедшие в него поэмы «Гакку» и «Домбра».В «Литературной газете» о книге одобрительно отозвался крупнейший мастер поэтического слова Сырбай Мауленов. Доброжелательные отклики появились в республиканских и областных газетах. Широкую известность принес поэту сборник «Жезкийк»/ «Медная лань»/, вышедший в 1973 году. На стихотворений «Жезкийк» сложили музыку чародей казахской музыки Нургиса Тлендиев и легендарный джезказганский композиторЖаксыгельды Сеилов. Песня разошлась не только по Казахстану, но и по всей Центральной Азии, сборник был переведен на русский и узбекский языки. На более чем четыреста стихотворений К.Салыкова сложили музыку около пятидесяти композиторов Казахстана и России. У поэта есть песни, написанные на собственную музыку, причем ряд из них-на русском языке. Поэма К.Салыкова «Мгновенье , равное годам» в переводе Владимира Михановского, посвященная подвигу Александра Матросова, удостоена диплома Всесоюзного литературного конкурса им. Н.Островского/1981 г./. За поэму «Эдельвейс»в переводе Татьяны Кузовлевой поэту присуждена премия журнала «Огонек» за 1980 год. Какимбек принимает активное участие в республиканских конкурсах поэзии. Печатался в журналах «Дружба народов», «Новый мир», «Звезда», «Жулдыз», «Жалын», в журналах и газетах Российской Федерации, Украины, Узбекистана, Таджикистана.

Им переведены стихи и поэмы А.С.Пушкина, М.Ю.Лермонтова, Я.П.Полонского, Расула Гамзатова, Алдан-Семенова, Сергея Наровчатова, Владимира Савельева , монгольских и узбекских поэтов. Поэзия Какимбека Салыкова весьма многогранна . Широко известны его большие поэтические полотна: «Дала-дастан», «Орлиная степь» и др. Особой популярностью пользуются «Реквием Букетову», поэма «Таттимбет» о великом казахском композиторе Таттимбете Казангапове, «Баллада о горняке». Вот уже более четверти века фрагменты из поэмы «Дала-дастан» на музыку Ш. Дильдебаева и Ж. Алимханова исполняются певцами по всей территории республики, постоянно читаются мастерами художественного слова. Лирика поэта значительно обогащена сонетами, причем в казахской поэзии К.Салыковым впервые созданы венки сонетов. Все это дополнено юмористическими стихами, а также четверостишиями и восьмистишиями.

В сокровищнице казахской поэзии, без которой ни древний, ни современный потомок кочевников Великой степи жить не может, продолжает Болташ Турсумбаев, есть и весомый вклад Какимбека Салыкова. К гражданскому и творческому подвигу можно отнести его поэму «Последние слова Кенесары», в которой запечатлен героический образ хана Кенесары.

С 1972 года К.Салыков-член Союза писателей, многие годы-член правления Союза писателей Казахстана, президент Международного фонда К.И.Сатпаева, академик национальной академии «Экология» Республики Казахстан. Как видный эколог, специалист по проблемам Арала и Каспия, он является членом Национального совета Республики Казахстан, избран почетным профессором Северо-Казахстанского и Жезказганского университетов, часто выступает с лекциями на различные литературные , экологические и научно-исторические темы. Является известным в Казахстане публицистом, горячо откликающимся на злободневные темы.

Какимбек Салыков ежегодно посещает Северный Казахстан. Побывал на малой родине он и в 2006 году. Встречался с земляками, читателями, делился своими творческими успехами, принимал самое активное участие в мероприятиях, проводимых общественностью области.



Стихи и публицистика нашего замечательного земляка, статьи о нем постоянно появляются на страницах областной газеты «Северный Казахстан».

Произведения К.Салыкова


  • Добрые дни: Стихи.-М.:Сов.писатель, 1981.-120 с.

  • Есть хлеб:Стихи/ Пер. В.Савельев//Звезда.-1980.-8.-с.3

  • Медная лань:Стихи/ Пер с каз. Г.Колесниковой.-Алматы: Жазуши, 1977.-136 с.

  • Мосты доверья:Стихи/Пер.с каз. В.Савельева//Дружба народов.-1979.-10.-с.124-126

  • Под звуком домбры.-М.:Худ.лит., 2001.-462 с.

  • Сверяя чистоту строки: Стихи//Северный Казахстан.-2002.-18 января

  • Серебряное седло: Стихи/Пер с каз. Р.Бухарева//Дружба народов.-1982.-6.-с.4

  • Спутники жизни: Стихи/ Пер с каз. Т.Кузовлева//Октябрь.-1982.-5.-с.56-57

Публицистика


  • Большой Жезказган великого ученого: К 100-летию со дня рождения К.Сатпаева//Мысль.-1999.-4.-с.50

  • Большой Жезказган:К 100-летию. К.И.Сатпаева//Транзитная экономика.-1999.-2.-с.6-10

  • Верный соратник:о К.И.Сатпаеве//Отечественная история.-2004.-1.-с.80-88

  • Взошла звезда Магжана//Северный Казахстан.-2002.-25 июня

  • Голос необходимости земной: Год Пушкина в Казахстане//Казахстанская правда.-2006.-23 июня

  • День признательности: О И.И.Сандыбаеве-акыне и земляке//Северный Казахстан.-2000.-1 декабря

  • Их соединила дружба: О дружбе академика Сатпаева К.И. и академика Григорьева И.Ф.// Казахстанская правда.-2004.-31 января

  • Казах по происхождению, интернационалист по призванию, гений по природе: К 100-летию Сатпаева К.И.//Казахстанская правда.-1999.-19 янв.

  • Как создавался и живет Жезказган//Нива.-2005.-3.-с.74-82

  • Магжан Жумабаев на языке Пушкина//Северный Казахстан.-2002.-6 февраля

  • На родине первого академика: К 100-летию Сатпаева К.И.//Наука Казахстана.-1998.-16-31 дек. Новое собрание трудов К. Сатпаева//Наука и высшая школа Казахстана.-2002.-1 июня

  • Новое собрание трудов К. Сатпаева//Наука и высшая школа Казахстана.-2002.-1 июня

  • Спасение Арала-забота мирового сообщества// Дейче Альгемайне.-1995.-3 июня

  • Сияет звезда Магжана//Нива .-2002.-12.-с.131-138

  • Ученый и гражданин: К 80-летию Е.Букетова// Казахстанская правда.-2005.-19 марта


Литература о нем

  • Кадыров Б. Поэзия- таже добыча радия...: С.Тлеубаев вспоминает о К.Салыкове//Казахстанская правдаю-2007.-10 февр.

  • Кошанов А. , Сагдиев М.Руководитель и поэт: К.Салыкову-70 лет//Казахстанская правда.-2002.-22 января

  • Муканов К. Запасы душевного света: К.Салыкову -70 лет//Северный Казахстан,-2002.-18 января

  • Он не разлучен с вдохновеньем: Видному каз. поэту К.Салыкову -70 лет//Северный Казахстан.-2002.-5 июля

  • Поэт и гражданин с большой буквы//Северный Казахстан.-2007.-22 января

  • Салыков К.//Казахская ССР: краткая энц. В 4-х т.-Т.4.-Алма-Ата, 1991.-с.481-482

  • Салыков Какимбек//Знатные и деловые люди Казахстана.-Алматы, 2003.- с.315

  • Салыков Какимбек//Северо-Казахстанская область: Энциклопедия.-Алматы: Арыс, 2004.-с.488.

  • Сысоева О. «Сверяя чистоту строки...»: К 75-летию К.Салыкова//Проспект СК.-2007.-19 января

Подготовила: Макаренко О.М



информационно-библиографический отдел



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет