Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (150. 00-нысан) Жалпы ережелер


Резидент еместің басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстары – 150.06-нысанын жасау



бет3/4
Дата25.02.2016
өлшемі0.83 Mb.
#23288
1   2   3   4

8. Резидент еместің басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстары – 150.06-нысанын жасау

 

45. Бұл нысан Салық кодексінің 208 – 211-баптарына сәйкес шегерімге жатқызылатын басқару және жалпы әкімшілік шығыстар сомасын айқындауға арналған және Қазақстан Республикасымен жасасқан қосарланған салық салуды болдырмау және табыстарға немесе мүлікке (капиталға) салық салудан жалтарудың алдын алу туралы халықаралық шарттың (бұдан әрі – халықаралық шарт) ережелерін қолдануға құқығы бар, қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес толтырады.



46. «Қосымша ақпарат» деген бөлімде:

1) шығыстарды шегерімге жатқызудың қолданылатын әдісі. Салық кодексінің 208-бабына сәйкес шығыстарды шегерімге жатқызу кезінде қолданылатын әдіс белгіленеді:

А торкөзі егер барабар бөлу әдісі қолданылса, белгіленеді;

В торкөзі егер тікелей бөлу әдісі қолданылса, белгіленеді;

2) барабар бөлу әдісін қолдану кезінде есептік көрсеткішті есептеу тәсілі. Қолданылатын есептік көрсеткішті есептеу тәсілі белгіленеді:

А торкөзі егер Салық кодексінің 209-бабы 2-тармағының


1) тармақшасына сәйкес айқындалған есептік көрсеткішті есептеу тәсілі қолданылса, белгіленеді;

В торкөзі егер Салық кодексінің 209-бабы 2-тармағының


2) тармақшасына сәйкес айқындалған есептік көрсеткішті есептеу тәсілі қолданылса, белгіленеді;

3) халықаралық шарт жасасқан резиденттік елінің коды. Қазақстан Республикасы қолданылатын халықаралық шарт жасасқан осы Қағидалардың 57-тармағына сәйкес резиденттік елінің коды көрсетіледі;

4) салық кезеңі. Халықаралық шарт жасасқан елдегі салық кезеңінің басталу және аяқталу күні белгіленеді;

5) салық кезеңінің түзету коэффициенті (коэффициенттері) (бұдан әрі – СКТК). Салық кодексінің 210-бабына сәйкес қолданылған жағдайда К (К1 және К2) түзету коэффициентінің (коэффициенттері) мөлшері белгіленеді.

47. «Шығыстар» деген бөлімде:

1) А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;

2) В бағанында тиісті көрсеткіштер айқындалған;

3) С бағанында СКТК (пайдаланылған кезде) ескеріле отырып, резидент емес салық төлеуші және Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекеме алған (алуы тиіс) жылдық жиынтық табыс сомасы көрсетіледі;

4) D бағанында СКТК (пайдаланылған кезде) ескеріле отырып, резидент емес заңды тұлғаның және Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекеменің негізгі құралдарының бастапқы (ағымдағы) құнының сомасы көрсетіледі;

5) Е бағанында СКТК (пайдаланылған кезде) ескеріле отырып, резидент емес салық төлеушінің және Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекеменің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу бойынша шығыстардың сомасы көрсетіледі;

6) F бағанында қолданылатын тәсіл бойынша есептелген есептік көрсеткіш мөлшері көрсетіледі. Есептік көрсеткіш Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметтен салыстырмалы көрсеткіштердің барабар бөлу әдісін қолдану кезінде есептік көрсеткішті есептеу тәсілін қолдануға байланысты 4С жолында немесе 4С, 4D, 4Е жолдарының сомасының 3-ке қатынасы ретінде айқындалатын резидент еместің салыстырмалы көрсеткіштеріне қатынасын білдіреді. Есептік көрсеткіштерді айқындау кезінде мыңдық үлестер көрсетіледі;

7) G бағанында резидент еместің басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстарының сомасы көрсетіледі;

8) Н бағанында G бағанында көрсетілген шығындар ескеріле отырып, салық төлеуші шығынының жалпы сомасы көрсетіледі.

 

9. Стандартты салық жеңілдіктерін алған кезде салық міндеттемесін есептеу – 150.07-нысанын жасау

 

48. Бұл нысан салық төлеушінің инвестициялар бойынша уәкілетті органмен жасасқан келісімшартқа сәйкес стандартты салық жеңілдіктерін алған кезде корпоративтік табыс салығының сомасын есептеуіне арналған.



49. «Корпоративтік табыс салығы сомасының есебі» деген бөлімде:

1) 150.07.001 жолында инвестициялар бойынша уәкілетті органмен келісімшарт жасасудың алдағы жылының үш салық кезеңі ішінде ең көп болып табылатын салық салынатын табыс көрсетіледі;

2) 150.07.002 жолында салық салынатын табыс инвестициялар бойынша уәкілетті органмен келісімшарт жасасудың алдағы жылының үш салық кезеңі ішінде ең көп болып табылатын салық кезеңінің жылы көрсетіледі;

3) 150.07.003 жолында салық кезеңіне қатысты 150.07.002 жолында көрсетілген жылдың инфляциясының орташа жылдық индексі көрсетіледі;

4) 150.07.004 жолында инфляция индексі ескеріле отырып,
150.07.001 жолында көрсетілген ең көп салық салынатын табыс сомасы көрсетіледі және 150.07.001 және 150.07.003 жолдарының туындысы ретінде айқындалады;

5) 150.07.005 жолында оған сәйкес стандартты салық жеңілдіктер берілген келісімшарт қолданылатын салық кезеңіндегі ай саны көрсетіледі;

6) 150.07.006 жолында инфляцияның орташа жылдық индексі мен салық кезеңіндегі келісімшарт қолданысы айларының саны ескеріле отырып, ең көп салық салынатын табыс сомасы көрсетіледі және 150.07.004 және
150.07.005 жолдарының туындысының 12-ге қатынасы ретінде айқындалады;

7) 150.07.007 жолында оған сәйкес стандартты салық жеңілдіктері алынған келісімшарт бойынша қызметтен алынған салық кезеңі үшін салық салынатын табыс сомасы көрсетіледі. Бұл ретте салық төлеуші өзге де қызметті жүзеге асырған жағдайда бөлек есеп жүргізуге міндетті;

8) 150.07.008 жолында 150.07.007 және 150.07.004 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын, келісімшарт бойынша қызметтен алынған салық салынатын табыстың (150.07.001 жолы бойынша көрсетілуге жататын салық салынатын табыс болмаған жағдайда – салық салынатын табыс) жеңілдік берілген өсімінің сомасы көрсетіледі;

9) 150.07.009 жолында келісімшартқа сәйкес корпоративтік табыс салығының ставкасы көрсетіледі;

10) 150.07.010 жолында келісімшартқа сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі.

10. Шетел көздерінен табыстар, салық салуда жеңілдігі бар елдерде тіркелген немесе орналасқан компаниялардың пайдасы немесе пайда бөлігінің сомалары. Төленген шетел салығы мен есепке жатқызу сомасы – 150.08-нысанын жасау
50. Бұл нысан шетел көздерінен табыстарды, салық салуда жеңілдігі бар елдерде тіркелген немесе орналасқан компаниялардың пайдасы немесе пайда бөлігінің сомаларын, сондай-ақ Салық кодексінің 7-бөлімінде айқындалған халықаралық салық салу ерекшеліктеріне сәйкес төленген шетел салығы мен есепке жатқызу сомасын айқындауға арналған.

51. «Көрсеткіштер» деген бөлімде:

1) А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;

2) В бағанында осы Қағидалардың 57-тармағына сәйкес елдің коды көрсетіледі. Осы бағанда резидент еместің табыс төлейтін резиденттік елінің коды (тұрақты мекемеге байланысты емес қызмет көрсетуден табыс алу жағдайында), немесе табыс көзі болып табылатын елдің коды (тұрақты мекеме арқылы қызмет көрсетуден табыс алу жағдайында), өзге жағдайларда салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте тіркелген резидент еместің резиденттік елінің коды көрсетіледі;

3) С бағанында шетел мемлекетіндегі тұрақты мекеменің (тұрақты мекеме арқылы қызмет көрсетуден табыс алу жағдайында), немесе табыс төлейтін резидент еместің (тұрақты мекемеге байланысты емес қызмет көрсетуден табыс алу жағдайында), өзге жағдайларда салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте тіркелген резидент еместің салықтық тіркеу нөмірі көрсетіледі;

4) D бағанында осы Қағидалардың 55-тармағының 2) тармақшасына сәйкес резидент салық төлеуші тұрақты мекемеге байланысты емес шетел көздерінен алған табыс түрінің коды көрсетіледі;

5) Е бағанында осы Қағидалардың 56-тармағына сәйкес табыс алу валютасының коды көрсетіледі;

6) F бағанында резидент салық төлеушінің салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте тіркелген резидент еместің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі, өзге жағдайларда табысты төлейтін резидент еместің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі көрсетіледі, пайыз түрінде;

7) G бағанында резидент салық төлеушіге тиесілі, салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте тіркелген резидент еместің қайта есептеу жүргізілген күнге айырбастау валютасының нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютада қайта есептелген пайдасының сомасы көрсетіледі;

8) Н бағанында резидент салық төлеушінің тұрақты мекемеге байланысты емес, қайта есептеу жүргізілген күнге валюта айырбасының нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютада қайта есептелген шетелдік мемлекеттегі көздерден есептелген табыстарының сомасы көрсетіледі;

9) І бағанында резидент салық төлеушінің Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты мекемелермен шегерімге жатқызылатын басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстардың сомасы көрсетіледі;

10) J бағанында Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша есептелген шетелдегі тұрақты мекеме арқылы қызметтен түскен салық салынатын табыс сомасы көрсетіледі;

11) K бағанында Салық кодексінің 223-бабы ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында корпоративті табыс салығын төлеу кезінде есепке жатқызылуға тиісті шетел мемлекетіндегі көздерден алынатын табыстарға салынатын табыс салығының сомалары көрсетіледі.

А-дан G-ге дейінгі бағандар Салық кодексінің 224-бабына сәйкес толтырылады. А-дан E-ге дейінгі, H-тан J-ге дейінгі бағандары Салық кодексінің 221, 222-баптарына сәйкес толтырылады. А-дан E, H, J, K F-ке дейінгі бағандар Салық кодексінің 223-бабына сәйкес толтырылады.

G бағанының жиынтық мәні 150.00.044 І жолына көшіріледі.

K бағанының жиынтық мәні 150.00.053 жолына көшіріледі.


11. Халықаралық шартқа сәйкес салық салудан босатылуы тиіс табыс – 150.09-нысанын жасау

 

52. Бұл нысан Салық кодексінің 2-бабы 5-тармағына, 212, 213-баптарына сәйкес халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасы жасаған халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуы тиіс табысты айқындауға арналған.



53. «Көрсеткіштер» деген бөлімде:

1) А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;

2) В бағанында оған сәйкес табысқа қатысты Салық кодексінде белгіленген тәртіптен ерекше салық салу тәртібі белгіленген осы Қағидалардың 58-тармағына сәйкес халықаралық шарт түрінің коды көрсетіледі;

3) С бағанында халықаралық шарттың атауы көрсетіледі;

4) D бағанында осы Қағидалардың 57-тармағына сәйкес халықаралық шарт жасалған елдің коды көрсетіледі;

5) Е бағанында халықаралық шарт ережелеріне сәйкес салық салудан босатылуы тиіс табыс көрсетіледі.




12. Жылдық қаржы есептемесінің құрамдас бөліктері туралы мәліметтер – 150.10-нысанын жасау

 

54. Бұл нысанды салық төлеуші халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі заңнамасына сәйкес есепті салық кезеңі үшін әзірленген бухалтерлік есептің деректері негізінде толтырады.


13. Табыстардың, валюталардың, елдердің, халықаралық келісімдер түрлерінің кодтары
55. Декларация толтыру кезінде мынадай табыс түрлерін кодтауды пайдалану қажет.

1) Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар:

1010 – Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізуден түскен табыстар;

1011 – сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы, одан тысқары жерлердегі тауарларды өткізуден түскен табыстар;

1020 – Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыстар;

1021 – Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде басқарушылық, қаржылық (сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру жөніндегі қызметтерді қоспағанда), консультациялық, аудиторлық, заң (соттарда, төрелік сотта немесе аралық сотта өкілдік ету және құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметтерді, сондай-ақ нотариаттық қызметтерді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түсетін табыстар;

1030 – Салық кодексінiң 224-бабына сәйкес айқындалатын жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудiң нақты орындалған (көрсетiлген, іске асырылған) жерiне қарамастан, оларды орындаудан, көрсетуден түсетiн табыстары, сондай-ақ резидент көрсетілген тұлғадан алатын өзге де табыстар;

1031 – Салық кодексінiң 224-бабына сәйкес айқындалатын жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудiң нақты орындалған, көрсетiлген жерiне қарамастан, оларды орындаудан, көрсетуден түсетiн табыстары, сондай-ақ егер алынатын жұмыстар, қызмет көрсетулер, тауарлар осындай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі бар резидент көрсетілген тұлғадан алатын өзге де табыстар

1040 – Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiктi өткізу нәтижесінде алынған құн өсiмiнен түсетiн табыстар;

1041 – резидент шығарған бағалы қағаздарды өткізу нәтижесінде алынған құн өсiмiнен түсетiн табыстар;

1042 – Қазақстан Республикасында орналасқан резидент заңды тұлғадағы, консорциумдағы қатысу үлестерiн өткізу нәтижесінде алынған құн өсімінен табыстар;

1043 – егер резидент емес заңды тұлғаның мұндай акциялары немесе активтерi құнының 50 және одан да көп пайызын Қазақстан Республикасындағы мүлiк құрайтын болса, резидент емес шығарған акцияларды өткізу нәтижесінде алынған құн өсiмiнен түсетiн табыстар;

1044 – егер резидент емес заңды тұлғаның осындай қатысу үлестерінің немесе активтерінің құнының 50 пайызынан астамын Қазақстан Республикасында орналасқан мүлік құрайтын болса, резидент емес заңды тұлғада қатысу үлестерін сату нәтижесінде алынған құн өсімінен табыстар;

1050 – талап ету құқығын берген салық төлеуші үшін резиденттен қарызды талап ету құқықтарын беруден табыстар;

1051 – талап ету құқығын берген салық төлеуші үшін Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместен қарызды талап ету құқықтарын беруден табыстар;

1060 – талап ету құқығын сатып алған салық төлеуші үшін резиденттен қарызды талап ету құқықтарын беруден табыстар;

1061 – талап ету құқығын сатып алған салық төлеуші үшін Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместен қарызды талап ету құқықтарын беруден табыстар;

1070 – резиденттің жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге жасалған келісімшарттар (шарттар, келісімдер) және (немесе) тауарларды жеткізуге сыртқы сауда келісімшарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);

1071 – резидент еместің Қазақстан Республикасында осындай резидент еместің қызметі барысында туындаған, оның ішінде жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге жасалған келісімшарттар (шарттар, келісімдер) және (немесе) тауарларды жеткізуге сыртқы сауда келісімшарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);

1080 – резидент заңды тұлғадан түсетін дивидендтер түріндегі табыстар;

1081 – Қазақстан Республикасында орналасқан пайлық инвестициялық қорлардан түсетін дивидендтер түріндегі табыстар;

1090 – мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы болып табылатын резидент емес үшін Қазақстан Республикасында салық міндеттемелерін орындау жүктелмеген сенімгерлікпен басқарушы-резиденттен мүлікті сенімгерлікпен басқаруды тағайындау туралы акт бойынша алынған табыстар;

1100 – резиденттен алынатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда сыйақылар түріндегі табыстар;

1101 – егер резидент еместің берешегі оның тұрақты мекемесіне немесе мүлкіне қатысты болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі немесе сонда орналасқан мүлкі бар резидент еместен алынған борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, сыйақылар түріндегі табыстар;

1110 – резидент эмитенттен алынатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар түріндегі табыстар;

1111 – егер резидент еместің берешегі оның тұрақты мекемесіне немесе мүлкіне қатысты болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі немесе сонда орналасқан мүлкі бар резидент емес эмитенттен алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар түріндегі табыстар;

1120 – резиденттен алынатын роялти түріндегі табыстар;

1121 – егер роялти төлеу бойынша шығыстар осындай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі бар резидент еместен алынатын роялти түріндегі табыстар;

1130 – Қазақстан Республикасында орналасқан мүлкін жалға беруден түсетін табыстар;

1140 – Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүліктен алынатын табыстар;

1150 – Қазақстан Республикасында туындайтын сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйлықақылар түріндегі табыстар;

1151 – Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйлықақылар түріндегі табыстар;

1160 – халықаралық тасымалдарда көліктік қызмет көрсетуден табыстар;

1161 – Қазақстан Республикасы ішінде көліктік қызмет көрсетуден табыстар;

1170 – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан құбыр жолдарын, электр беру желілерін (ЭБЖ), оптикалық–талшықты байланыс желілерін пайдаланудан алынатын табыстар;

1180 – жұмыс беруші болып табылатын резидентпен жасасқан еңбек шарты (келісімшарт) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін резидент емес жеке тұлғаның табыстары;

1181– жұмыс беруші болып табылатын резидент емеспен жасасқан еңбек шарты (келісімшарт) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін резидент емес жеке тұлғаның табыстары;

1190 – өздерiне резидентке қатысты жүктелген басқарушылық мiндеттердi орындауға байланысты басшының гонорарлары және (немесе) басқару органының (директорлар кеңесiнiң немесе өзге де органның) мүшелерi алатын өзге де төлемдер. Бұл ретте мұндай тұлғалардың басқарушылық міндеттерін нақты орындайтын орнының маңызы жоқ;

1200 – резидент емес жеке тұлғаның Қазақстан Республикасында тұруына байланысты жұмыс беруші болып табылатын резидент оған төлейтін үстемеақы;

1201 – резидент емес жеке тұлғаның Қазақстан Республикасында тұруына байланысты жұмыс беруші болып табылатын резидент емес оған төлейтін үстемеақы;

1210 – жұмыс беруші (резидент немесе резидент емес) еңбек шартының (келісімшартының) негізінде шеккен, резидент емес жеке тұлғаны материалдық, әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз етуге жұмсалған шығыстарды қоса алғанда, осындай жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін табыстары. Бұл ретте мұндай шығыстарға осындай жеке тұлғаның тамақтануына, тұруына, оның балаларын оқу орындарында оқытуға жұмсалатын шығыстар, оның отбасы мүшелерінің демалысқа барып-келуін қоса алғанда, демалуға байланысты шығыстар жатады;

1211 – өзге тұлға еңбек шартының (келісімшартының) негізінде шеккен, резидент емес жеке тұлғаны материалдық, әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз етуге жұмсалған шығыстарды қоса алғанда, осындай жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін табыстары. Бұл ретте мұндай шығыстарға осындай жеке тұлғаның тамақтануына, тұруына, оның балаларын оқу орындарында оқытуға жұмсалатын шығыстар, оның отбасы мүшелерінің демалысқа барып-келуін қоса алғанда, демалуға байланысты шығыстар жатады;

1220 – резидент жинақтаушы зейнетақы қоры жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері;

1230 – қалайша және кімге төлем жүргізілетініне қарамастан, мәдениет және өнер қызметкеріне: театр, кино, радио, теледидар артистіне, музыкантқа, суретшіге, спортшыға Қазақстан Республикасындағы қызметтен төленетін табыстар;

1240 – резидент төлейтiн ұтыстар;

1241 – егер ұтыс төлемі тұрақты мекеме қызметіне байланысты болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі бар резидент емес төлейтiн ұтыстар;

1250 – Қазақстан Республикасында тәуелсiз жеке (кәсiби) қызмет көрсетуден алынған табыстар;

1260 – Қазақстан Республикасында орналасқан мүлiктi тегiн алу түріндегі табыстар;

1261 – Қазақстан Республикасында орналасқан мүлiктi тегiн алудан табыстар;

1270 – туынды қаржы құралдары бойынша табыстар;

1280 – міндеттемені есептен шығарудан табыстар;

1290 – күмәндi мiндеттемелер бойынша табыстар;

1300 –банктер мен лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар жасаған провизиялардың мөлшерiн азайтудан табыстар;

1310 – сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары құрған сақтандыру резервтерін азайтудан табыстар;

1320 – кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім бергені үшін алынған табыстар;

1330 – тіркелген активтерді шығарудан түскен табыстар;

1340 – геологиялық зерттеу мен табиғи ресурстарды өндіруге дайындық жұмыстарына шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түскен табыстар;

1350 – кен орындарын әзірлеу салдарларын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарларын жою бойынша нақты шығыстар сомасынан артуынан түскен табыстар;

1360 – бірлескен қызметті жүзеге асырудан табыстар;

1370 – бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар;

1380 – оң бағамдық айырма сомасының қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы заңнаманың талаптарына сәйкес айқындалған теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі;

1390 – әлеуметтiк сала объектiлерiн пайдалану кезiнде алынған табыстар;

1400 – мүліктік кешен ретінде кәсіпорынды сатудан түскен табыстар;

1410 – сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге де жағдайларда пайда алушы алған (алуға тиіс) мүлікті сенімгерлікпен басқарудан түскен таза табыстар;

1480 – ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыстар;

1430 – Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде туындайтын басқа да табыстар.

2) Қазақстан Республикасынан тыс көздерден табыстар:

2010 – Қазақстан Республикасынан тыс, шет мемлекетте орналасқан тауарларды өткізуден түскен табыстар;

2020 – Қазақстан Республикасынан тыс жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түскен табыстар;

2021 – резидент емеске Қазақстан Республикасының шегінен тыс басқарушылық, қаржылық (тәуекелдерді сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру бойынша қызмет көрсетулерді қоспағанда), консультациялық, аудиторлық, заң (өкілдік және соттарда және алқалық органдарда мүдделерді қорғау бойынша қызметтерді, сондай-ақ нотариалды қызметтерді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түскен табыстар;

2030 – Салық кодексінің 224-бабына сәйкес айқындалатын салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте тіркелген резидент еместен резидент алатын осындай мемлекетте жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден, тауарларды сатудан түскен табыстар, сондай-ақ өзге де табыстар;

2040 – Қазақстан Республикасынан тыс аумақта орналасқан мүлікті өткізу нәтижесінде алынған құн өсімінен табыстар;

2041 – резидент емес шығарған бағалы қағаздарды сату нәтижесінде алынған құн өсімінен табыстар;

2042 – Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан резидент емес заңды тұлғада, консорциумда қатысу үлестерін сату нәтижесінде алынған құн өсімінен табыстар;

2043 – егер резидент емес заңды тұлғаның осындай акцияларының немесе активтерінің құнының 50 пайызынан астамын Қазақстан Республикасында орналасқан мүлік құрайтын болса, резидент емес шығарған акцияларды сату нәтижесінде алынған құн өсімінен табыстар;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет