«Павлодар қаласы Қалижан Бекхожин атындағы жалпы орта білім беру мектебі» «Тазалық денсаулық кепілі»



Дата28.06.2022
өлшемі18.45 Kb.
#459526
Тазалық денсаулық кепілі Батырлар.


«Павлодар қаласы Қалижан Бекхожин атындағы жалпы орта білім беру мектебі»


«Тазалық денсаулық кепілі»

Топ: «Батырлар»
Жетекшілер:

Павлодар
2022ж


Тақырыбы: Тазалық – денсаулық кепілі
Мақсаты: Денесін шыңдауға , шымыр да шапшаң , ұқыпты да жинақы , таза да әдемі болуға тәрбиелеу.Дене , жеке бас гигиенасын сақтау және жаман қылықтардан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Өтетін орны: Лагерь алаңы
Көрнекілігі: суретттер, гигиеналық заттар.


Жүргізуші:
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып , еңбекке әрқашан құлшына кіріседі.Халқымыз « Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан.Отанымыздың келешегі , көркеюі , сендердің қолдарыңда.Сондықтан сендердің таңдауларың – салауатты өмір салтын сақтау.
Балалар , сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңдар , шам , үйді жарық қылады , көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсеңдер, көздерің соған түседі.Біздің де өмірімізді жарық қылатын , жан – жағымызға тамаша сәулесін шашатын , өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар.
Оқушылар: Денсаулық.
Жүргізуші:Балалар, денсаулығымыз мықты болу үшін не істеуміз керек?
Оқушылар: Шынығып , спортпен дос болып , тазалық сақтауымыз керек.
Жүргізуші: Балалар , бүгінгі сайысымыздың тақырыбы да « Тазалық – денсаулық кепілі»

  • Көңіл күйлерін қалай?

  • Жақсы!

  • Сайысымызды бастамас бұрын топтардың атаулары мен ұрандарын қайталап алайық!

  • «Батырлар», «Хандар», «Өнерпаздар», «Жалын», «Жақсылық», «Ізбасарлар», «Ұлан» тобы бар ма?

  • Ұранымызды айтайықшы

  • Ал енді топтармен танысып болсақ. Бүгінгі сайысқа бағалайтын әділқазымен танысып алайық.

Жазғы сауықтыру лагерінің басшысы: Мухамедова Ақбота Ерланқызы
Жүргізуші: Ал балалар мен сендерге қазір жұмбақ жасыратын боламын. Сендер ол жұмбақтың жауабын білсендер қол көтеріп жауап бересіңдер жәнеде плакаттан суретін көрсетіп оның тазалыққа тигізетін әсерін айтатын боласыңдар. Келістік пе ?
1-жұмбақ:
Шомылған баланы
Аймалап алады.
Сүртеді қолын да,
Сүртеді жонын да.
2-жұмбақ
Ертемен күнде сен
Қолыңа сүйкесең.
Кетіп кір, ласың,
Тап-таза боласың.
3-жұмбақ
Аю, қасқыр тісінен
Ұзын менің тістерім.
Бірақ жыртқыш емеспін,
Шашпен жұмыс істеймін.
Жүргізуші:
Денсаулық – ол шыныққан , барлық дене мүшесі
Денсаулық – ол тыныққан , жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық – ол күлуің , көңіл күйің жадырай
Денсаулық – ол жүруің , ешбір жерің ауырмай.
Жүргізуші : Әр түрлі жұқпалы аурулардың адамға микробтар арқылы таралатыны және одан микробтардың кір – қоқысты жерлерде өсіп – өніп , шаң – тозаңмен бірге ауаға көтерілетіні баршамызға белгілі жағдай.Сондықтан тұрмыста тазалық сақтау адамның денсаулығына өте қажетті жағдай екенін естен шығармаған дұрыс.Үй ішіндегі бөлмелер тұратын адам санына сай және әрқашанда құрғақ та жылы , күн сәулесі жақсы түсетін кең болуы керек.
Жүргізуші: Балалар , біздің арамызда кейде тазалықты сақтамайтын оқушылар болса , олар туралы не айтамыз?
Күнде бетін жумайды , «Жу» десең – ақ тулайды.
Өз-өзінен өкпелеп, жатып алып тұрмайды
Дейді ақырын « Жолама» , сондай бала бола ма?
Беті қандай кір еді ,айниды адам жүрегі.
Көрсе осы бір кескініп , күледі – ау жұрт , күледі.
Сондай бала бола ма , сендер оған жолама.

Ендеше «Батырлар», «Хандар», «Өнерпаздар», «Жалын», «Жақсылық», «Ізбасарлар», «Ұлан» топтарын ортаға көрініс қоюға шақырамыз.



  • Жарайсыңдар! Тазалық туралы көп ақпарат біледі екенсіңдер!



Қорытынды: «Тазалық денсаулық кепілі» атты постер жасау. Балалар бүгінгі сайыстан алған ойларын суретпен түсіндіреді.

Постерімізді салып болсақ тапсырамыз. (Мадақтамалар) беріледі.


Ат салысып қатысқандарынызға көптен көп рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет