Күреспен байланысты, ол Орта Азияны жаулап ала бастады



Pdf көрінісі
Дата07.05.2024
өлшемі38.66 Kb.
#500707
9 билет



9 билет
1.
Сақтардың Ахеменидтер державасымен қарым-қатынасы.VI ғасырда Мидия державасының орнына Ахеменидтер мемлекеті келеді. Оның негізін қалаушы б.з. д. 550 жылы Мидияны жеңіп
өзіне бағындырып, Орта Азияның оңтүстік аймақтарын қамтитын үлкен күш құрды. Кейінірек Ахеменидтер Орта Азияның солтүстік аудандарын бағындырды. Патша Дарий I-нің бұйрығымен 
жазылған Бесхистун жазбасында Ахеменидтер мемлекетіне (б. З. Д. 530-522 жж. ) Парфия, Хорезм, Бактрия, Согдиана, Сақа — Орта Азия мен Қазақстан аумағында болған жəне жаулап 
алған, не ахеменидтерге бағынышты халықтар кірді.Геродот жəне басқа авторлар парсылар мен сақтардың соғыстары туралы Ираннан Жерорта теңізіне дейінгі барлық елдерді бағындырған, 
өзін құдайларға тең жəне жеңілмейтін деп санайтын Ахеменидтер патшасы Кирді жеңгені туралы айтады.Ахеменидтер əулетінің басқа патшалары сақтармен соғысқан. Б.з. д. 519-518 
жылдары Тиграхауд-сақтарға қарсы жорықты Дарий І жүргізді, Дарий сақтарды бағындырды, олар парсы армиясының құрамында сақтарға құрмет көрсете бастады, Мысырда, Грецияда 
соғысып, Фермопилдер шайқастарында ерекшеленді.Сақтар тарихының келесі беті Ахеменидтердің билігін басып алып, бағындырған Александр Македонскийдің жаулап алуына қарсы 
күреспен байланысты, ол Орта Азияны жаулап ала бастады.
2.Қазақтар мен жоңғарлардың əскери өнері: салыстырмалы талдау.Əскери өнер көне түркілердің əскери өнеріне негізделген. Қазақ хандығы құрылғанға дейінгі пайда болған көне қазақ 
тайпалары əскери соғыста оң қанат, сол қанат, орта (қол) болып шеп құрған. Көшпелілердің əскери құрылымы мынадай: кезілуші – бұл алдыңғы шеп, əскердің алдында жүреді; тосқауылшы – 
орта буындағы шеп, бұл шеп ханды ортаға алып жүреді; əскердің енді бір бөлігі салықшы деп аталып, əскердің азық-түлік, шаруашылық бөлігін құрайды. Қазіргі тілмен айтқанда, тыл əскері. Ең 
кіші əскердің бөлігі ондық деп аталады да, ондықтардың тағы да оны қосылып жүздік, он жүздіктен мыңдық, олардың оны түменді (он мың əскер) құрайды. Соғыста хандардың
əскербасыларының жеке байрақтары болған. Ол байрақты алып жүретін адамдарды байрақшы дейтін. Байрақшы, əдетте, қолбасшының маңайында жүрген.
3.Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС)Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік 
иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған əрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “əскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық 
саясатқа(ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мəнісі азық-түлік 
салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды.Өнеркəсіптегі өзгерістер:экономиканы дамыту үшін ең алдымен ірə өнеркəсіпті 
қалпына келтіру жəне қайта құру қажет болды.Ұсақ кəсіпорындар жеке адамдарға, шетелдіктерге жалға берілді.Ауыл шар. өзгерістер: Əскери коммунизм саясаты кезінде енгізілген салғырт 
жойылып, оның орнына салық енгізілді(1921 ж наурызда). Салық тек ақшалай төленетін болды.Жерді жалға беруге болатын болды, несие берлді, елге тракторлар əкеліне бастады. Осы 
өзг.нəтижесінде егіс көлемі ұлғайды, мал саны өсті, кедейлер азайды. Біркқ бұл саясат аяғына жейін жеткізілмеді, бұрмаланды, саясат кезінде еркіндік болмады. Нəтижесінде Сталин мен оның 
жанындағылардың ауыл шар. күштеп ұжымдастыру. басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау əрекеттерін қолдануы салдарынан ЖЭС іс жүзінде тоқтатылды.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет