КРН-2,1 ротациялы шөп шапқышты жұмысқа дайындау
Шөп шабатын машиналардың жіктемесі мынадай. Шөп шабатын машиналарды кесу аппараттарының саны және мақсаты бойынша бөледі.
Кесу аппараттарының саны бойынша шөп шабатын машиналар бірбілеулі, екі-үшбілеулі және бесбілеулі болады.
Мақсаты бойынша шөп шабатын машиналар шөп шабуға арналған машиналар, жаныштағыш шөп шабатын машиналар және майдалағыш шөпшабатын машиналар деп бөледі.
Агротехникалық талаптар мынадай. Шөп шабатын машиналар
жемшөптерді шығынсыз алуды және жоғары сапаны қамтамасыз етуі тиіс. Олар 6 см жоғары емес табиғи шөптерді және 8 см жоғары емес егілген шөптерді кесуі, шабылған массаны тік сызықты үймелерге жинауы, төменгі қабаттарын кептіру үшін үймелерді жарты айналымға орауға, кондициялық ылғалдылықтағы шабылған массаны толыұ жинауға жағдайлар жасауға тиіс.
Шөп шабатын машиналар
КРН-2,1 аспалы ротациялық шөп шабатын машина шығымдылығы жоғары табиғиғ және егілген шөптерді шабу кезінде пайдаланылады. Шөп шабатын машина МТЗ-80 жіне МТЗ-82 машиналарымен агрегатталады.
Шөп шабатын машина ілмектің жақтауынан 8 (3.1-сурет), ротациялық кесу аппаратынан 3, теңгеру механизмінен 4, кергіштен 5, гидрожабдықтан 7, тарпа сақтандырғыштан 9, іске қосу механизмінен
10 және егістік бөлгіштен тұрады.
Жұмыс процесі төмендегідей өтеді. Өсімдіктердің сабақтарын роторларға топсалы түрде монтаждалған пластина тәрізді пышақтар кеседі. Пышақтар бір-біріне қарама-қарсы 65 м/с жылдамдықпен айналады. Пышақтар өсімдіктерді тіреуішсіз кесу қағидаты бойынша кеседі,
оларды қысып алып, кесу аймағынан шығарады да, кесу аппаратының
үстінен жылжытады. Кесілген масса егістік бөлгіштің істігіне кездесіп,
қозғалыс траекториясын өзгертеді, екінші рет жүріп өткен кезде трактор дөңгелектерінің өтуіне орын босатып, шалғы жолына құлайды.
Ілмектің жақтауы трактордың аспалы құрылғысына шөп шабатын
машинаның қосылуына қамтамасыз етеді. Ол басты жақтаудан және аспадан тұрады. Басты жақтау дәнекерленіп жасалған және оны трактордың аспалы құрылғысының төменгі тартпаларына қосуға арналған өсі бар. Бұл жақтаудың оң жағы тартпа сақтандырғышына арналған өспен жаблықталған. Бұл сақтандырғышты монтаждан кейін өске
істікпен және сіргемен бекітеді.
3.1-сурет. КРН-2,1А аспалы ротациялық шөп шабатын машина:
1 – егістік бөлгіш; 2 – кронштейн; 3– кесу аппараты; 4 – теңестіру механизмі;
5 – кергіш; 6 – таған; 7 – гидрожабдық; 8 – аспаның жақтауы; 9 – тартпа сақтандырғыш; 10 – қимыл механизмі; 11 – тұмсық.
Жақтауға төменгі жағы кергішті орнатуға арналған кронштейнмен жарақталған аспа топсалы түрде бекітілген. Аспаның көлік тартпасын қосуға арналған шынжыры бар.
Ротациялық кесу аппаратын шөп шабу үшін пайдаланады. Аппараттың панель білеуі және болттармен бекітілген түбі бар. Түбінің астына жерге тіреліп тұруға арналған табандықтар орналасқан.
Кесу аппараты кронштейндердің шетмойындарымен бұрылады. Бұл топырақтың бұдырларын қайталауға мүмкіндік береді.
Кесу аппараты бірдей төрт ротормен жарақталған. Әрбір ротор арнайы болттармен топсалы түрде монтаждалған екі пышақпен жабдықталған. Ортаңғы роторлар ұзартылған пышақтармен жарақталған.
Кесу аппаратының оң жақ бөлігі егістік бөлгішін қосуға арналған
кронштейнмен жабдықталған.
Теңестіру механизмі кесу аппаратының топыраққа қысымын шектеуді, осы аппаратпен егістіктің бұдырларын қайталауды, шөп шабатын машинаны көлік жағдайына ауыстыруды қамтамасыз етеді.
Теңестіру механизмі иінтірекпен топсалы түрде мүшеленген гидроцилиндрді қамтиды. Бұл иінтірек еркін жүру тарпасының көмегімен кесу аппаратына жалғанған.
Теңестіру механизмін көлік жағдайында кронштейннің істігіне
(2) (3.1-сует) лақтырылатын көлік тартпасымен және көлік жағдайын
орнатылған телескоптық тоқтатқыш құрылғымен беітіледі.
Гидрожабдық теңестіру механизмінің жұмысын қамтамасыз етеді.
Гидрожабдыққа гидроцилиндр, баяулату клапаны, ауа шығарғыш,
жоғары қысым түтік құбыры және гидрожүйені трактордан ажырату кезінде одан майдың ағуына кедергі келтіретін құрылғы кіреді.
Тартпа сақтандырғышы кесу аппаратын кедергілермен ұшырасқан кезде сынудан сақтау қызметін атқарады. Оның сыналы фиксаторлары бар екі тартпасы бар. Фиксаторлар бекітілген күйінде
цилиндрлік серіппе қамтамасыз ететін күштің көмегімен тұрады.
Сақтандырғышты іске қосу күшін сомынмен реттейді.
Егістік бөлгіш шабылған массаны шабылмаған шөптен ажыратады. Егістік бөлгішке кронштейн, бөлгіштің қалқаншасы, шайбалы
серіппе және болт кіреді. Бөлгіштің қалқаншасы агрегат қозғалысының бағытымен бұрыш құратындай етіп монтаждалған. Бұл қаншаны
жұмыс жағдайында шамадан тыс жүктеме кезінде оны артқа жіберіп,
олар еңсерілгенде бастапқы жағдайға қайтаратын серіппе ұстап тұрады.
Жұмысқа дайындық. Гидрожүйеде майдың қысымын тексереді,
дөңгелек жолтабанына 1800 мм болатындай етіп трактордың дөңгелектерінде 9,8 МПа аз емес болуы керек. Машинаның сницасын трактордың арқалық сырғасына жалғайды.Трактордың ВОМ бірге карданның қосу ашасымен біріктіреді. Керу құрылғыларымен жетек шынжырларының 19 және 14 (3.2-сурет) керілуін реттейді. Шынжырларды тартқанда, ондағы шынжырдың түйініне қойылған бұрауыш 20–300 бұрышқа бұралатындай етіп тартады.
3.2 – сурет. Жаншитын білдектер.
1 – мойынтіректің бекіту фланеці; 2 – төменгі білдек; 3 – қозғалтқыш цапфа; 4– жұлдызша; 5 – оң жақ кронштейн; 6 – білдек цапфасы; 7 – жоғарғы білдек; 8 – болт; 9 – сол жақ кронштейн; 10 – мойынтіректің шар тәрізді корпусы; 11 – мойынтірек; 12– білдек цапфасы; 13 – шар тәрізді фланец; 14 – кергіш; 15 – регттегіш бұранда; 16 – жұлдызша; 17 – шынжыр; 18 – кесу аппаратының бекіту жақтауының кронштейні; 19 – кергіш құрылғы; 20 – өс; 21 – блок-жұлдызша.
Сына-белдікті берілісті тартпалы бұранмен қалыпты күйге келтіреді. Ол үшін бәсеңдеткіштің қорабын рамаға бекітетін жердегі бұрандаманы босатып, бәсеңдеткішті сопақ тесіктің бойына қарай жылжытады. Содан кейін әрбір қайыс белдіктің ортасына ұсынылған 3-4 кг-дық күштер, 14-16 мм-ге тікелей сызықтан қисаятындай етіп тартпалы бұрандамен қайыс белбеуді тартады.
Бәсеңдеткіштің аралық қабаттарын белдікпен айналатын тегершіктердің жылғалары бір сызықта орналасуына көз жеткізеді.
Жұқарта талқылағыштағы біліктер арасындағы саңылауды, жоғарғы және төменгі біліктердің арасындағы қабырғалардың орналасуын және біліктердің арасындағы қысымды реттейді. Реттейтін бұрандалармен 15 (3.2-сурет) біліктер арасындағы саңылауды реттейді. Құбырдың қабырғалары мен үстіңгі бетінің арасындағы саңылаудың ең аз мөлшері 8 мм болуын қадағалайды. Біліктердің қабырғаларының өзара орналасуын реттеу кезінде жоғарғы біліктің бірқатарлы қайысты тартпасын ажыратады. Содан кейін реттейтін бұрандалармен 15 (3.2-сурет) жоғарғы білікті көтереді және айналған кезде төменгі біліктің қабырғаларына жанаспайтындай етіп орналастырады. Жоғарғы білікті айналдырып, оны жоғарғы біліктің қабырғалары төменгі біліктің қабырғаларының арасында орналасатындай етіп қояды. Шынжыр мен тартылмалы жұлдызшаны біріктіре отырып оны тартады.
Бақылау сұрақтары:
Шөп шабатын машиналардың жіктемесі қандай?
Шөп шабатын машина қандай бөлшектерден тұрады?
Шөп шабатын машинаны жұмысқа дайындау?
Достарыңызбен бөлісу: |