Кудабаева перизат асанбаевна



Pdf көрінісі
бет28/76
Дата18.11.2022
өлшемі2.94 Mb.
#465143
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   76
ағылшын тілі

Тәрбие мазмҧнында 

Кураторлық сағат 

Мәдениетаралық, топаралық диалогтар 

Дӛңгелек ҥстел, диспут,дисскуссия, 
тренинг 

«Communication club» ҥйірмесі 
Нәтиже
: білім, қарым-қатынас және іскерлік негізінде жеке адамның мәдениетаралық 
қарым-қатынасты қҧра білу, этникалық кӛп тҥрлі қоғамдағы мінез-қҧлықты айқындай білу, 
тҥрлі елдер мен халықтардың мәдени-тарихи және әлеуметтік тәжірибелерін қабылдай 
алатын, қимыл қозғалысы мен ым-ишара қарым-қатынасын жетік меңгерген жеке адамның 
қабілеті. 
Қҧралдар: МЖМБС, оқу бағдарламаларымен оқу жоспарлары, оқу қҧралдары, дидактикалық материалдар, 
мультимедиялық бағдарламалар, Podcast, Case Study, Framingзаманауи технологиялары 
Формалары:тәжірибелік сабақтар, элективті курс, мультимедиялық кабинеттерде ӛтілетін сабақтар, СӚЖ, СӚӚЖ, 
СҒЗЖ 


85 
Мәдениетаралық коммуникативтік қҧзыреттілікті қалыптастыру ҥрдісін 
сипаттамас бҧрын, бҧл феноменнің критерийлері мен кӛрсеткіштеріне 
тоқталамыз. Әдебиеттерде «ӛлшем» және «кӛрсеткіш» ҧғымдарының анық, 
біркелкі анықтамасы кӛрсетілмеген. Осыған ҧқсас И.И.Монаховтың пікірі 
бойынша, «ӛлшем» - бҧл белгі, оның негізінде шынайы педагогикалық 
қҧбылысты, сапаны немесе ҥрдісті эталонмен салыстыруға, бағалауға болады 
[194].
Отандық ғалым Ш.Т.Таубаева ӛлшем – білім алушыларды тәрбиелеу, 
оқыту, 
дамыту, 
қалыптастыруда 
жеткен 
жетістіктердің 
белгіленуін 
салыстыратын ғылыми негізделген эталондар кӛрсеткіші, – болып табылады,- 
деген анықтама берген. Автор сонымен қатар кӛрсеткіш – тҧлғаның даму 
ҥдерісін сипаттайтын деңгейі, оның оқытылуы, тәрбиелілігі визуальды 
бақылануы және білім алушының тәжірибесінде қалыптасқан білімі, дағдысы, 
іскерлігі, тәртібінің белгіленген мӛлшерде жҥзеге асырылуы, – деген анықтама 
берген [195]. 
Демек, ӛлшем – зерттеу объектісінің жағдайы, дамуы және қызмет ету 
деңгейі жайлы кӛрініс беретін оның сапалары, қасиеттері мен белгілері болып 
табылады. Ал, кӛрсеткіштер зерттеу объектісінің әр сапасы, қасиеті, белгісінің 
қалыптасу деңгейінің сандық және сапалық сипаттамалары, яғни критерийдің 
қалыптасу ӛлшемін кӛрсетеді. Сонымен, ӛлшемдер кӛрсеткіштер қатарымен 
ашылуы керек, олардың кӛріну белгісі бойынша критерий кӛрінісінің деңгейі 
жайлы тҥсінік аламыз. 
Зерттеу мәселесі бойынша жоғарыда аталған әдебиеттерді теориялық 
талдау негізінде, мәдениетаралық коммуникативтік қҧзыреттіліктің ӛлшемдері 
мен кӛрсеткіштері жайлы ғалымдардың әртҥрлі кӛзқарастарын біріктіру 
негізінде және 1.1 тармақшада қарастырылған мәдениетаралық қҧзыреттілік 
анықтамалары мен оның қҧрылымына сҥйеніп, болашақ ағылшын тілі 
мҧғалімінің мәдениетаралық коммуникативтік қҧзыреттілік ӛлшемдері 
анықталды, әр ӛлшем мәдениетаралық коммуникативтік қҧзыреттілік 
кӛрсеткіштерімен нақтыланды.
Мәдениетаралық коммуникативтік қҧзыреттілік ӛлшемі коммуникативтік 
іс-әрекет ҥрдісінде болашақ ағылшын тілі мҧғалімдерінің мәдениетаралық 
коммуникативтік қҧзыреттілігін жҥзеге асыруда ӛзіндік маңыздылықты 
анықтауға, олардың мазмҧнын айқындауға кӛмектеседі. Мәдениетаралық 
коммуникативтік қҧзыреттілікті дамытудың ӛлшемдері негізінде зерттеу 
феноменінің даму деңгейі анықталды. 
Критерийлерді айқындау маңызды ғылыми мәселелердің бірі. Әрбір 
ғылым ҥшін ӛтіліп жатқан ҥдерістер мен қҧбылыстарды бағалауды басшылыққа 
алуда критерийлер туралы сҧрақ маңызды болып табылады. Осындай 
критерийлер негізінде ғана алдын-ала болжанған, педагогикалық іс-
әрекеттердің ең жақсы жетістіктері туралы қорытынды жасауға болады. 
Психологияда «критерий» - стандарт, эталон деп тҥсіндіріледі [190]. 
Критерий – «критерон» (грек тілінде) – бҧл пәндердің, қҧбылыстардың және 
тҥсініктердің жіктемесі негізіне жататын пән, қҧбылыс, белгінің бағасын 
анықтау ҥшін ӛлшем. Критерий зерттелетін жҥйенің барлық компоненттері 


86 
арасында байланыс орнатуы, кӛрініс табуы жағдайында аталған феноменнің 
ӛрнектелуінің ҥлкен немесе кіші дәрежесі туралы талқылауға болатындай 
сандық және сапалық кӛрсеткіштерді ҥйлестіруі тиіс. Критерийлерге 
қойылатын негізгі талаптар: 
1) критерийлер ӛздері ӛлшем болатын қҧбылысқа адекватты болулары 
тиіс; 
2) критерийлер дидактикалық мақсаттарға сәйкес болуы тиіс, олардың 
және оқыту нәтижелерінің арасындағы байланысты сипаттаулары тиіс;
3) критерийлер сандық талдауға қолдануға болатын тҥсініктерде 
ӛрнектелуі тиіс;
4) критерийлер салыстырмалы тҥрде ӛлшеудің қарапайымдылығын, 
есептеудің жеңілділігін, қолдануға қолжетімділігі мен ыңғайлылықты 
қамтамасыз етулері тиіс;
5) критерийлер кӛлемді ғана емес, білім, іскерлік және дағдылардың 
сапаларын, оқытудың формальды нәтижелерін ғана емес студенттердің 
шығармашылық жҧмыстарын да бағалауға мҥмкіндік берулері тиіс. 
Болашақ ағылшын тілі мҧғалімдерінің мәдениетаралық коммуникативтік 
қҧзыреттілігі қaлыптacуының дeңгeйiн айқындауға жол ашатын кpитepийлepдi 
анықтауда мәдениетаралық коммуникативтік қҧзыреттіліктің кoмпoнeнттepi 
мaзмҧны мен пcиxoлoгиялық-пeдaгoгикaлық іргелі зерттеу жҧмыстары мен 
зерттеу мәселесіне қатысты әдебиеттерге жҥpгiзiлгeн талдауларымыз бен 
тҧжырымдық ой қорытындыларымызды тірек еттік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет