Қарағанды мемлекеттік техникалық
университеті
Телекоммуникация, энергетика, және автоматика институты
Өндірістік процестерді автоматтандыру кафедрасы
Хаттама № 12 17.11.14 ж.
|
Карагандинский государственный
технический университет
Институт телекоммуникации, энергетики и автоматики
Кафедра автоматизации производственных процессов
Протокол № 12 от 17.11.14г.
|
КУРАТОРЛЫҚ САҒАТТЫҢ ХАТТАМАСЫ
РЭТ-13-2 тобының кураторлық сағаты
Төрағасы (куратор)
|
С.Қ. Ныгиметжанова
|
Хатшы (староста)
|
М.Б. Оразалина
|
Қатысқандар:
|
18 адам
|
Болмағандар:
|
0 адам
|
КҮН ТӘРТІБІ
«Қазақстанның ғылымының дамуы. Шоқан – көрнекті ғалым» атты ашық кураторлық сағатында келесі мәселелер қарастырлыды:
1. Қазақстанның ғылымына үлес қосқан ғалымдар жайлы мәліметтер.
2. Шоқан Уәлихановтың жастық шағы және оқу орны.
3. Шоқан Уәлихановтың сапарлары мен еңбектері.
4. Студенттердің өнер көрсетуі.
5. Қонақтардың эрудициясы мен тапқырлығын байқау.
1-ШІ СҰРАҚ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР: Мұхамедиева А.Р. «Қазақстанның ғалымдары» атты слайд ұсынды. Қазақстандағы ғылымның дамуына өз үлестерін қосқан, оның дамып, жетілуіне зерттеулер жасап, ой-пікірлерін білдірген ғалымдар жайлы түсіндірді.
Қазақстанда ғылыми ой-пікірдің тууы ежелгі замандардан бастау алады. Археологиялық зерттеулер мен жазба деректер бізгеЖетісуда, Орталық және Шығыс Қазақстанда 6 – 8, 9 – 11 ғасырларда-ақ болған ежелгі қалалар мен қоныстар мәдениеті туралы деректер береді. Бұл мәдениеттің иелері өз көркемөнерін, қолөнерін және жазуын жасаған жергілікті түркі тайпалары: оғыздар,қарлұқтар, қимақтар, қыпшақтар еді.
Орта Азия мен Қазақстанның 8 – 11 ғасырларда араб халифатына кіруіне байланысты өлкеде ислам діні таралып, мәдени өмірде араб мәдениетінің ықпалы күшейе түсті. Батыс Еуропадағы латын тілі сияқты араб тілі халифат аумағында халықаралық әмбебап тілге айналды. Алайда жергілікті мәдениет пен тіл сақталып қалды. Араб мәдениетін жасауға және дамытуға халифаттың бір кездегі арабтар жаулап алған елдерінен шыққан көптеген талантты ғалымдары барынша белсене қатысты. Орта ғасырлардағы қалалар өздерінің базарларымен және қолөнершілерімен ғана емес, сонымен бірге ақындарымен, ғалымдарымен, суретшілерімен, бай кітапханаларымен, оқу орындарымен де дүние жүзіне мәлім болды. Қалалардың арасында Үндістан мен Қытайдан Еуропаға қатынайтын “Жібек жолы” деп аталатын сауда керуен жолының географиялық және экономикалық жағынан аса маңызды торабында, Орта Азия мен Қазақстанның отырықшылық-егіншілік аудандарының түйіскен жерінде орналасқан Отырар (Фараб) қаласы ерекше көзге түсті. Отырар кітапханасы қолжазба кітап қорының байлығы жағынан Египеттегі Александрия кітапханасынан кейінгі аса ірі кітап қоймасы болды.
Студенттер Отырарда ұлы ғалым Әбу Наср әл-Фараби дүниеге келді. Ол аса зор ғылыми мұра – жүзден астам ірі еңбектер қалдырды. Орта Азия мен Қазақстан қалаларынан Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Абдаллаһ әл-Хорезми, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Жафар ат-Туси, Рудаки (860 – 941) және басқа көптеген ғалымдар шықты. Хорезмимен бірге әйгілі астрономиялық кестелерді жасауға қатысқан астроном әрі математик – Ғаббас әл-Жәуһари (9 ғасырдың 1 жартысы), сондай-ақ, оның замандастары – Ысқақ әл-Фарабижәне 40 мың сөзден тұратын араб тілінің түсіндірме сөздігін жасаушы Исмаил әл-Жауһари әл-Фараби танымал болды. Ертіс жағалауында қимақтар арасынан географ әрі тарихшы Жанах ибн Хақан Қимақи шықты. 10 – 11 ғасырларда қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген Қарахан әулеті мемлекетінде тамаша ақын әрі ойшыл Жүсіп Баласағұни өз шығармаларын жазды, оның 1069 жылы жазылған “Құтадғу білік” кітабы дүние жүзінің көптеген елдеріне тарады және оны ғалымдар бүгінге дейін зейін қоя зерттеуде. Ортағасырлық өркениеттің дамуында Ежелгі Грекия мәдениетінің елеулі ықпалы болғаны сөзсіз екенін баяндады.
2-ШІ СҰРАҚ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР: Әбжат Сая «Шоқан-көрнекті ғалым» атты презентация мен бейнекөріністі ұсынды. Сонымен қатар, Кәртай Жамбыл, Сейдахан Абай, Сатекова Зарина, Сәрсен Асқар оның суретші екені жайлы, қызмет жолын, кадет корпусындағы өмірі жайлы өз білгедерін түсіндірді.
Шоқан– тарихшы
Ежелгі мәдениет пен өнердің археологиялық ескерткіштер мен сәулет өнері тарихшысы. Жол жазбаларында тұрақтар мен елді мекендерді, таулар мен өзендерді географ ретінде тарқатып келеді де, өз ойларын өнер тарихымен ұламтырып жібереді.
Шоқан – ұлы ғалым, ол Қозы Көрпеш– Баян сұлу кешенін «қырғыз– қайсақтардың мазарларынан» басқа жерде талдап тарқатпаған.
Оның Қазақстан және Орта Азия халықтарының ежелгі өнерінің тарихы жөнінде айтқан ой – пікірлері аса құнды да терең.
Саяхаттары туралы
Еңбектері :
«Ыстықкөл сапарының
күнделіктері»
«Қырғыздар туралы жазбалар»
«Жоңғария очерктері»
«Қытай империясының
батыс провинциясы»
Шоқан елдің саяси – әлеуметтік, ұлттық мәдени – рухани ерекшеліктеріне айрықша назар аударады.Қашқария тарихы, экономикасы, этнографшы, саяси өміріне қатысты мол деректер жинап, ол туралы зерттеу еңбектер жазуы. Ол өз еңбектерінде әр дәуірдегі әдебиет өкілдері мен мәдениет мұраларына тоқталып отырады.
Шоқан тек қазақ ауыз әдебиетінің ғана емес, туыстас түркі елдерінің де әдеби мұраларын қағазға түсіріп қоймай, оларды терең зерттеп насихаттап отырды.
Шоқан – суретші.
Шоқан ХІХ ғасырдың орта шенінде бейнелеу өнерінің профессионалды салаларында еңбек еткен қазақ халқының шын мәнінде тұңғыш суретшілерінің бірі. Шоқанның графикалық туындылары арасынан портреттік жұмыстар басты орын алады.
Суретші Шоқан – барынша ақын жанды. Қарындаштың бейнелегіштік қасиеті үлкен суреткерлікпен өз кәдесіне жарата алатындығы соншалық,нобайлық нұсқаның өзін классикалық деңгейге көтере алады.
Суретші Шоқан сәулет өнері үлгілерін де, таңбалы тастар мен тас мүсіндерге де аса ден қояды.
3-ШІ СҰРАҚ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР: «Жиһанкез» атты бейнекөрініс ұсынылды. Кейін Асқар Орал Шоқанның сапарлары және еңбектері жайлы, Рымкешева Айдана «Манас» жыры жайлы атйып, Қойшыбай Айболаттың орындауында «Таң демалысына» атты туындыдан үзінді оқыды.
4-ШІ СҰРАҚ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР: Сәкен Мөлдірдің орындауында «Наркезген» күйі, тобтың орыдауында «Атамекен» атты әнді хормен айтып көрермендер алдына шығып, өнерлерін көрсетті.
5-ШІ СҰРАҚ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР: Азизулла Саджан, Оразалина Мақпал көрермендермен «Математикалық ойын» атты ойын өткізді. Көрермендерге «Уәлиханов» атты сөзжұмбақ ұсынылып, қонақтар арасынан тапқырлықпен танылғандарына сыйлық табысталды.
ҚАБЫЛДАНДЫ: Топ студенттері мен куратордың іс-шаралары есепке алынсын.
Төрағасы (куратор) С.Қ. Ныгиметжанова
Хатшы (староста) М.Б. Оразалина
Достарыңызбен бөлісу: |