М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Бекітемін»
Педагогикалық факультет деканы
Темиргалиева М.Х.__________________
«__»__________ 2013ж.
Педагогикалық факультет
Жалпы педагогика, психология және өзін-өзі тану кафедрасы
Шағын жинақты мектептегі оқыту әдістемесі
пәнінің оқу-әдістемелік кешені
(пәннің атауы)
Шет тілі : екі шет тілі, дене шынықтыру, БӘД, музыкалық білім, бейнелеу өнері және сызу, математика, информатика, физика, қазақ тілі
мен әдебиеті, педагогика-психология, әлеуметтік педагог мамандықтары бойынша оқитын студенттерге арналған
Курс–3 Семестр – 5
Кредит - 2
Дәріс– 15 сағат
Лабораториялық сабақтар – 15 сағат
Оқытушының жетекшілігімен
студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 30 сағат
СӨЖ – 30 сағат
Емтихан – 5 семестр
Барлығы – 90 сағат
Орал, 2013 ж.
Оқу-әдістемелік кешен ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған 02.09. 2011 жылғы «Шағын комплектілі мектептерінің оқыту әдістемесі» пәнін оқыту бағдарламасы негізінде құрастырылды.
Құрастырған: аға оқытушы Доскалиева Роза Бисенқызы
Жалпы педагогика, психология және өзін-өзі тану кафедрасы мәжілісінде қаралды
Хаттама № _1__ «_6__»_09_________ 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі ______________ Ергалиева Г.А.
(қолы) (аты-жөні)
Педагогика факультеттінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында
қарастырылды.______________________ Хаттама № 1___ «___»_____2013 ж.
Оқу әдістемелік кеңестің төрағасы ______________ ___________________
(қолы) (аты-жөні)
2. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS)
Оқытушы жөнінде мәліметтер
Жалпы педагогика, психология және өзін-өзі тану кафедрасының аға оқытушысы
Доскалиева Роза Бисенқызы
Жұмыс орны: Пед. институт, №7оқу ғимараты, 103 ауд.
Жалпы педагогика, психология және өзін-өзі тану кафедрасы
Мекен-жайы: Студенттер көшесі 4
Жұмыс телефоны: 50-53-46
Е-mail _________________
Пән жөнінде мәліметтер
Пән атауы – «Шағын жинақты мектептегі оқыту әдістемесі»
Семестр 15 оқу аптасы және 2 апта сессиядан тұрады.
Аптасына 2 кредит-сағат беріледі, әрбір кредит-сағат бір байланыс сағатынан (дәріс, практика) және барлығы семестріне студенттердің оқытушының жетекшілігімен орындалатын екі сағаттық өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ) тұрады.
Кредиттерді 1 семестр аптасына бөлу
-
Сабақтар
|
Өткізілу уақыты
|
A.ОЖСОӨЖ
|
Өткізілу уақыты
|
Байланыс сағаты 1 (дәріс 1)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Байланыс сағаты 2 (практикалық сабақ 1)
|
50 мин
|
ОЖСӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин
|
Кредит саны- 2
Өткізілу орны: № 1,4,6,7,8 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша.
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс
|
Семестр
|
Кредит саны
|
Дәрістер
|
Практикалық сабақ
|
ОЖСӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау
түрі
|
2
|
3
|
2
|
15
|
15
|
30
|
30
|
90
|
емтихан
|
Кіріспе
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жаңа білім беру жүйесінің қалыптасуы жүріп жатыр. Осыған орай, алдыңғы қатарлы идеялар мен педагогикалық технологияларды практикалық тұрғыдан жаңарту және оларды ғылыми тұрғыдан негіздеу бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Болашақ маман – бүгінгі студент педагогика теориясы мен практикасындағы қазіргі заманғы технологиялардың түрлерін біліп, оларды бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде шығармашылықпен қолдануға тырысуы тиіс. Қазіргі заманғы озық технологияларды мектеп тәжірибесінде тиімді қолдана алу , ең алдымен оларды терең, жан-жақты оқып-үйренуді талап етеді. Сондықтан да аталмыш к урс кредиттік жүйе бойынша білім беретін мамандықтың оқу жоспарына ендірілген. Инновациялық оқыту технологияларын теориялық және ғылыми-қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы етіп оларды оқу процесін жетілдіру бағытында қолдану мәселелерімен Б.Әбдікәрімұлы, В.П.Беспалько, Д.М.Жүсібалиева, В.В.Егоров, М.В.Кларин, В.М.Монахов, Г.К.Нургалиева, Қ.Қ.Қабдықайырұлы, Ж.А.Қараев, Г.К.Селевко, Ш.Таубаева, Л.А.Шкутина және т.б. ғалымдар айналысты.
Инновациялық оқыту технологиялары магистранттардың білім, іскерлік, дағдысын қалыптастырып, оқытудағы тұлғалық бағдарлы және жекелеп оқыту тұрғыларының мәні жайында түсінік беру, қазіргі педагогикалық жаңа енгізулермен таныстыру, жаңа типті білім беру орындарындағы ізгілікті білім беру жүйесін құрудың басты тұрғыларының мәнін ашуды көздейді.
Курс мақсаты: болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне қазіргі заман педагогикалық технологиялары жөнінде білім беру.
Курс міндеттері:
-
«педагогикалық технология». «оқу пәндерін оқыту технологиялары» ұғымдарына берілген анықтамаларға талдау жасау;
-
Бастауыш мектептегі пәндерді оқыту барысында қолдануға болатын педагогикалық технологияларға сипаттама және талдау жасау;
-
Қазіргі педагогикалық технологияларды қолданудың әдіснамалық негізі туралы түсінік қалыптастыру;
-
Педагогикалық технологиялардың таңдау әдіснамасын анықтау;
-
Оқыту технологиялары туралы нақты білім мен қолданудың практикалық білігін қалыптастыру, инновациялық іс-әрекетке баулу.
Курс мазмұны: курс дәріс, практикалық сабақтар, студенттердің өзіндік және оқытушымен өткізілетін өзіндік жұмыстары арқылы жүргізіледі. Студенттер кәсіби білім, біліктіліктер және дағды, іскерліктерді меңгереді.
Пререквизиттері:VPSS 101, PED 123
Постреквизиттер: SPED 309, DKW 203
Оқыту әдіснамасы. Сабақтар оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы өткізіледі. Курсты оқытудың әдістері: ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді, оқу әдістемелік құралдарды теориялық талдау, педагогикалық эксперимент, бақылау, озат педагогикалық тәжірибені оқып-үйрену және жалпылау, әңгіме, анкета, тест т.б.
Курсты оқыту барысында педагогикалық технологиялар, бір жағынан, оқыту мазмұны, ал екінші жағынан, студенттердің нақты кәсіби білімімен қарулануына себепші болатын оқыту құралы ретінде қарастырылады. Осы мақсатта дәріс сабақтары, студенттердің оқытушы жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмыстары және СӨЖ көзделеді.
2. Сабақ мазмұны мен кестесі
Достарыңызбен бөлісу: |