1.2 Пәнді оқытудың міндеттері
Спортшылардың психологиялық дайындығын басқару бойынша маманданушы студенттерге жаттығу процесін басқару және озық педагогикалық-жаттықтырушылық тәжірибе негізінде спортшыларды дайындау арқылы қазіргі білімдер беру, жаттықтырушыларға қажетті жаңадан енгізілген кәсіптік біліктіліктер мен дағдыларды меңгерту. Спортшылардың психологиялық дайындығын басқару арқылы дене шынықтыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру саласында ағартушылық жұмыстар жүргізу.
- Дене-күш, ерік-жігер қасиеттерін, дене жұмысын атқаруға қабілеттілігі деңгейін, жоғарғы спорт нәтижесіне қол жеткізу мақсатында біліктілігі мен дағдысын арттыру.
- Денсаулықты көп жылдар бойы сақтау және нығайту, тұрғындарды дене шынықтыру мен спорт саласына баулу, еңбек пен күнделікті тұрмысқа қажетті дағдыларды дамыту.
Білуі керек:
- дене шынықтырудың жалпы және ерекшелік қызметтері, дене шынықтырудың қоғамдағы әр түрлілігі мен құрылымы, дене тәрбиесі негізгі жақтарының мақсатқа бағытталуы;
- дене шынықтырудың бала тәрбиесі жүйесіндегі мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалар, жастар, орта және егде жастағы адамдарды тәрбиелеудегі ролі;
- спорттың мәні, оның қызметі, түрлері, қоғамдағы қызмет ету жағдайлары, даму бағыттары, спорттық дайындық және жарыстар жүйесінің негіздері, спортшыларды көпжылдық дайындаудың негізгі сатылары мен кезеңдері;
- дене шынықтыру сабақтарының медициналық-биологиялық және психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері, мектептердегі көпшілік және базалық спорт түрлерін жетілдіру.
1.3 Пререквизиттер: Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі, Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері
1.4 Постреквизиттер: Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі, Таңдап алынған спорт түрі бойынша спорттық шеберлігін жетілдіру (футбол)
Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушының қалыптасатын құзыреттері
Спортшылардың психологиялық дайындығын басқару спорттың сан алуан түрінен жаттықтырушыларды және дене тәрбиесінен дәріс беретін мұғалімдерді медициналық, биологиялық даярлықтан өткізетін іргелі теориялық пән. аталмыш мамандық пәндеріне сәйкес дене шынықтыру және спорттың саласының негізгі түсініктерін, заңдылықтары мен әдістерін, және кәсіби іс-әрекетінде туындайтын міндеттерді шешуде ғылымның қазіргі жетік, жаңашыл әдістерін қолдануды, педагогиканың психологияның және әдістемесінің теориялық және қолданбалық аспектілерін меңгеру
Достарыңызбен бөлісу: |