Курсы: 1 Тәжірибелік (семинарлық,зертханалық) сабақтарға



Дата21.06.2016
өлшемі303.5 Kb.
#151609



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Фармакогнозия және химия кафедрасы



044 -52/18-( )

беттің -беті



«Ботаника» пәнінен тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік өңдеулер




Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Фармакогнозия және химия кафедрасы

Мамандығы: 051103 «Фармация»

Пәні: Ботаника

Курсы: 1

Тәжірибелік (семинарлық,зертханалық) сабақтарға

арналған әдістемелік өңдеулер

2014-2015 оқу жылы

Кафедра мәжілісінде талқыланды.

Хаттама №

Кафедра меңгерушісі,х.ғ.д.,проф. Патсаев Ә.Қ



Кредит №1

1 тақырып



1.Тақырыбы:Ботаника микротехникасының негіздері.Жасушаның пішіні мен бөліктері.Өсімдік жасушасының құрылысы,органоидтардың құрылысы және олардың қызметі.Қор заттары және кристалдар.

2.Мақсаты:Ботаникалық микротехниканы меңгеру,жасушаның бөлімдері мен формаларын әр түрлі объектілерде оқып үйрену.Қорлық заттар және кристалдар,ақуыздар,майлар және т.б өсімдік клеткасында оқып үйрену.Дәрілік шикізатты диагностикалау барысында қорлық заттар,кристалдарды анықтап үйрену.

3.Оқыту мақсаты:

1.Микроскоппен жұмыс істеу.Препараттарды дайындау және микроскоппен анықтау.

2.Ұлғайғыш аспаптар,олармен жұмыс істеу.

3.Өсімдік жасушасының құрылысын микроскоппен анықтау үшін қандай ұлғаю қолданамыз?

4.Микропрепараттарды дайындау үшін қандай бояғыштар қолданылады?

5.Протопласт жайындағы түсінік және оның түрлері.

6.Цитоплазма,оның құрылысы мен қасиеті.

7.Органоидтардың құрылысы және олардың қызметтері.

8.Протопласттың мембранасы.

9.Бірмембраналы,екімембраналы,мембранасыз органоидтар,құрылысы мен қызметі.

10.Плазмолемма,тонопласт,гиалоплазма, құрылысы мен қызметі.

11.Эндоплазматикалық жүйе.Рибосома.Гольджи аппараты.Сферосома.Лизосома.Олардың жасушада атқаратын рөлі.

12.Оптикалық және қосымша құрал жабдықтар.

13.Протопласттың туындылары.

14.Өсімдіктер мен жануарлардың жасушаларының жалпы айырмашылық белгілері.

15.Қорлық заттар,оның түрлері және жасушадағы пайда болуы.

16.Алғашқы және қорлық крахмалдың түзілуі.

17.Крахмал дәндердің түрлері және құрылысы.

18.Жасушада ақ заттардың пайда болуы.

19.Кристалдардың түрлері.

20.Жәй және күрделі крахмалдың түзілуі.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Жасушаның құрылысын зерттеу үшін,қандай оптикалық аспаптар қолданылады?

2.Микроскоптың оптикалық және механикалық бөлігінің құрылысын атаңыз.

3.Уақытша микропрепараттарды дайындау ережелері.

4.Паренхималық және прозенхималық жасушалар дегеніміз не?

5.Қандай өлшемдер жасушаның өлшемдеріндей болады?

6.Өсімдік жасушасының құрылысын атаңыз.

7.Протопласттың органеллаларын атаңыз.

8.Цитоплазманың сипаттамасын,оның құрамын,физикалық күйін,қасиетін,функциясын атаңыз.

9.Цитоплазманың органеллалары,функциясы,құрылысы.

10.Ретикулумға,диктиосомаға,рибосомаға,митохондрияға,сферосомаға,лизосомаға сипаттама беріңіз.Функциясының құрылысын атаңыз.

11.Пластидтерге сипаттама беріңіз,оның рөлі,функциясы,қасиеттері.

12.Ядроны сипаттау,оның функциясы.

13.Жасуша тіршілігінде қорлық заттардың ролі.Қорлық заттардың бөліну формалары.

14.Қорлық заттарға анықтама беріңіз.Жасушада ақуыз,майлар,крахмал,инулин қандай түрде жиналады?

15.Алейронды дәндерге сипаттама беріңіз.Алейронды дәндердің құнды дәндердің диагностикасы.

16.Крахмалды дәндерге сипаттама беріңіз.Крахмалдың құрылысы. Функциясы.Өсімдік шикізатын талдау үшін крахмалды дәндердің диагностикасы.

17.Инулин оның құрылысы,функциясы.

18.Майлы майлар,олардың жасуша тіршілігіндегі атқаратын ролі.

19.Медицинада қолдану үшін қорлық заттардың мағынасы.

20.Өсімдік жасушасында кристалдың қандай қосылыстары кездеседі.Бөліну формалары,олардың жасуша тіршілігіндегі ролі,мағынасы.

5.Білім берудің және оқытудың әдістері: Зертханалық жұмыстарды орындау(оқу топтарында тақырыптық зертханалық сабақтар жүргізу,белгілі препараттармен лабораториялық жұмыстар жүргізу немесе студенттер дайындаған тірі не гербарий күйіндегі өсімдіктерді өткен тақырыптарды қолдана отырып өткізу).

6.Әдебиет:

Негізгі:

1.Махатов Б.К,.Патсаев Ә.Қ,.Орынбасарова К.К.»Өсімдіктердің анатомиясы және морфологиясы».—Шымкент,2011.-143 б.

2.Махатов Б.К,.Патсаев Ә.Қ,.Қадишаева Ж.А.»Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер»-Шымкент,2011-126 б.

3.Ә.Ә.Әметов.Ботаника.Ы.Алтынсаригн атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті,2000.-508 б.

4.Ш.Н:Дүрмекбаева.Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы.Көкшетау:Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті,204,-100 б.

Қосымша:

1.Ә.И.Исамбаев,К.Д.Рахимов,Егеубаева.Халық медицинасында пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер Алматы,2000.-200 б

2.М.К.Көкенов,С.М.Әдекенов,К.Д.Рақымов,Ә.И.Исамбаев,Б.И.Сауранбаев.Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы Алматы Ғылым,1998,288 б.

7.Бақылау:

Тест:

1. Микроскоптың оптикалық бөлігіне не жатады?

A. жарықтандыру жабдығы

B. револьвер

C. зат үстелшесі

D. жарықтандыру окуляр

E. объектив



2. Объективегі обьектілердің үлкейту деңгейі неге байланысты?

A. линзаның санынан

В. тубус ұзындығынан

С. Жарықтандырудан

D. дұрыс ретке келтіруден

Е. Препаратты дұрыс дайындаудан



3. Микроскоптың жалпы ұлғаюын қалай анықтайды?

А. Объективте көрсетілген

В. окулярда көрсетілген

С. Обьективтің ұлғайтқышын окулярдың ұлғайтқышына көбейту керек

D. экранда үлкейту

Е. визуальді анықтау



4. Обьективтің рұқсат ету қабілеті:

А. Екі өте жақын нүктелерді анықтау қабілеті

В. детальдерді перифериялық қамту қабілеті

С. Кеңірек көру аймағы

D. сызықтардың көбірек арақашықтығын анықтау қабілеті

Е. Әртүрлі конденсорлармен жұмыс істеу қабілеті



6. Обьективтің жұмысшы жағдайы дегеніміз не?

А. көрсету сапасының жоғарылығы

В. линзаның объективі мен окуляр аралығы

С. тубустың ұзындығы

D. төменгі линзаның қалыңдығы

Е. Жабын шынысы мен фронтальды тегістік арақашықтығы



7. Микроскоптың жарықтандырғыш жабдығы неден тұратындығын көрсетіңіз:

А. конденсор

В. айна


С. лампочка

D. иристі диафрагма

Е. штатив және зат шынысы

8. Микроскоптың жарықтандырғыш жүйесіндегі конденсордың қызметін көрсетіңіз:

A. айнадан обьектіге түсетін жарық сәулесін тарату және конденсациялау үшін

B. обьектіге жарықты бағыттау үшін

C. жарық ағынын өзгерту үшін

D. көру аймағының шегін кеңейту үшін

E. жарықтың ультракүлгін сәулесінің ағынын жинау үшін



9. Микроскоптың иристі диафрагмасының қызметін атаңыз:

A. жарық ағынының диаметрін өзгерту

B. тубусты қозғалтып тұру үшін

C. жарықты обьектіге бағыттау үшін

D. микроскоптың жалпы ұлғаюын күшейту үшін

E. көру аймағының шегін кеңейту үшін

10. (in toto) тотальды препарат деп қандай препаратты атайды?

A. өсімдік ағзасындағы алдын ала кесіндісі өолданбаған препараттар

B. бояғыштар қолданып дайындалған препараттар

C. өсімдік ағзаларының кесіндісі ретінде қолданылатын препараттар

D. өте ұзақ уақыт қолданылатын препараииар

E. өте үлкен үлкейткіштерде оқып үйрететін препараттар


2 Сабақ
1. Тақырыбы: Түзуші, негізгі және жабын ұлпалардың құрылысының ерекшеліктері және өсімдіктерде орналасуы.

2.Мақсаты: Өсімліктердің ұлпаларын және олардың шығу тегі мен даму заңдылығын оқып меңгеру.Алынған білімділерді тәжірбиеде қолданып,дағдылармен жіктелуі.

3.Оқыту мақсаты:

1.Өсімдік ұлпалар,анықталуы,сипаттамасы,әр түрлі белгілеріне қарай ұлпалардың жіктелуі.

2.Түзуші ұлпалар,анықталуы,сипатталуы жіктелуі,рөлі,маңызы.

3.Меристема дегеніміз не,олардың өсімдіктерде орналасуына байланысты жіктелуі.

4.Меристемалық ұлпалар жасушаның құрылысы.

5.Негізі ұлпалар,анықталуы,классификасы,рөлі,маңызы.Паренхима дегеніміз не?

6.Сіңіретін,ассимиляциялық,қор жинаушы паренхималардың сипаттамасы,қызметтері.

7.Аэренхима сипаттамасы,құрылысы,қасиеттері.

8. Негізгі ұапалардың қасиеттері.

9.Негізгі ұлпалар сипаттамасы,шоғырлануы,эпидерманың,перидерманың,қабықтың қызметтері.

10.Өсу конусы дегеніміз не?

11. Өсімдіктер биіктігіне,ұзындығына,қалыңдығына қарай ненің арқасында өседі?

12.Қандай ұлпалар каллюс деп аталынады,олардың қызметтері,орналасуы.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Түзуші ұлпалардың сипаттамасы,шоғырлануы,біріншілік,екіншілік меристеманың қызметтері.

2.Қызметтерінің физиологиялық бөлінуіне байланысты ұлпалардың дамуы.Жасушалардың формасына,шығу тегіне,қызметіне қарай ұлпалардың жіктелуі.

3.Меристема,олардың типтері,өсімдікте шоғырлануы.

4.Ұшты меристемалар,жасушалар формалары,бөліну бағыты,жасушалар құрылысының ерекшкліктері

5.Жанама меристемалар,типтері,жасуша құрылысы,бөліну бағыты,олардың тіршілігінің туындылары.

6.Қыстырма, интеркалярлы меристемалар.

7.Негізгі ұлпалар,олардың орындалатын қызметтеріне байланысты жасушалардың құрылысының ерекшеліктері.

8.Апикальды,латеральды,интеркалярлы,ертелі ұлпалар дегеніміз не?Мінездеме беріңіз.

9.Біріншілік,екіншілік меристемаларды атаңыз.

10. Меристема үшін жасушалар бөлінуінің қандай типтері тән?

Өсімдік тіршілігі даму үшін жасушалардың дифференциациялық рөлі.

11. Қандай ұлпалар эмбриональды болып саналады?

Қандай жасушалар инициалды деп аталады?

12. Қандай ұлпалар өсімдікте ең үлкен орын алады?

13. Әр түрлі қызмет атқарушы,арнайы жасушалар тобы,өсімдік тіршілігінің бірлігін қалай қамтамасыз етеді?



5.Білім берудің және оқытудың әдістері: Зертханалық жұмыстарды орындау(оқу топтарында тақырыптық зертханалық сабақтар жүргізу,белгілі препараттармен лабораториялық жұмыстар жүргізу немесе студенттер дайындаған тірі не гербарий күйіндегі өсімдіктерді өткен тақырыптарды қолдана отырып өткізу).

6.Әдебиет:

Негізгі:

1.Махатов Б.К,.Патсаев Ә.Қ,.Орынбасарова К.К.»Өсімдіктердің анатомиясы және морфологиясы».—Шымкент,2011.-143 б.

2.Махатов Б.К,.Патсаев Ә.Қ,.Қадишаева Ж.А.»Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер»-Шымкент,2011-126 б.

3.Ә.Ә.Әметов.Ботаника.Ы.Алтынсаригн атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті,2000.-508 б.

4.Ш.Н:Дүрмекбаева.Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы.Көкшетау:Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті,204,-100 б.

Қосымша:

1.Ә.И.Исамбаев,К.Д.Рахимов,Егеубаева.Халық медицинасында пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер Алматы,2000.-200 б

2.М.К.Көкенов,С.М.Әдекенов,К.Д.Рақымов,Ә.И.Исамбаев,Б.И.Сауранбаев.Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы Алматы Ғылым,1998,288 б.

7.Бақылау:

Тест:

1.Өсімдік ұлпалары дегеніміз не?

А. шоғырлануы біркелкі жасушалар тобы

В. біркелкі қызмет орындайтын жасушалар тобы

С. әр түрлі құрылысты,ұқсас қызмет орындайтын дифференциалды жасушалар тобы

Д. бірдей құрылысы бар жасушалар тобы

Е. шығу тегі,жалпы құрылысы,қызметтері бірдей жасушалардың арнайы тобы



2. Қандай ұлпалар,негізгіден түзіледі?

А. жабыңқы

В. меристемалық

С. өткізгіш

Д. механикалық

Е. бөлгіш

3. Түзуші ұлпалардың қандай екінші атаулары бар?

А. шекарлы

В. паренхималы

С. апикалды

Д. меристематикалы

Е. склеренхималы



4. Түзуші ұлпалардың негізгі қызметі:

А. алмасу өнімдерінің шығуы

В. жасушалардың белсенді бөлінуі

С. ақуыз,крахмал жиынтығы

Д. транспирация

Е. фотосинтез



5. Түзуші ұлпалар өсімдіктің қай жерінде орналасады?

А. тек жапырақтарында

В. біркелкі өсімдік бойында

С. сабақтарында

Д. тек тамырында

Е. өсімдіктің өсу зонасында



6.Қандай жасушалар инициальды деп аталады?

А. тұрақты меристемалық жасушалар

В. жансызданған

С. фотосинтез жүргізетін жасушалар

Д. ядросы жоө жасушалар

Е. өсімдікті жабатын жасушалар



7. Меристемалар қандай белгілеріне байланысты жіктеледі?

А. жасушалардың бөліну жылдамдығына қарай

В. шығу тегіне қарай

С. қызметіне қарай

Д. жасушалар размеріне қарай

Е. өсімдік ағзасында орналасуына қарай



8. Қандай меристемалар «апикальды» деп аталады?

А. ертелі

В. жанама

С. Ұшты


Д. қыстырма

Е. инициальды



9. Қандай меристемалар «интеркалярлы» деп аталады?

А. ертелі

В. жанама

С. қыстырма

Д. Ұшты

Е. латеральды



10. Ұшты меристемалардың шығу тегі қандай?

А. үшіншілік

В. екіншілік

С. тұрақтылығы үнемі

Д.үнемі кездеспейтін

Е.біріншілік



11. Қандай меристемалар «латеральды» деп аталады?

А. жанама

В. Ұшты

С. қыстырма



Д. біріншілік

Е. екіншілік


3 Сабақ

1.Тақырыбы: Әртүрлі өсімдіктердің бөлгіш, механикалық,өткізгіш ұлпаларының құрылысының ерекшеліктері. Жіктелуі, функциясы, өсімдіктерде орналасуы. Өткізгіш шоқтар

2.Мақсаты: Дәрілік өсімдік шикізаттарын диагностикалау мақсатында қолданылатын Өсімдiктердің морфологиялық және анатомиялық құрылысының әртүрлілігін оқып үйрену.

3.Оқыту мақсаты:

1. Механикалық, өткізгіш ұлпалары,анықталуы,сипаттамасы,әр түрлі белгілеріне қарай ұлпалардың жіктелуі.

2..Колленхима дегеніміз не,жіктелуі,қызметі,жасушалар құрылысы,өсімдіктерде орналасуы.

3. Склеренхима дегеніміз не,жіктелуі,қызметі,жасушалар құрылысы,өсімдіктерде орналасуы.

4. Либриформ,талшық(луб)дегеніміз не,сипаттамасы,жасушалар құрылысы,өсімдіктерде орналасуы

Склеренхима дегеніміз не,жіктелуі,қызметі,жасушалар құрылысы,өсімдіктерде орналасуы.

5. Склереидтер дегеніміз не,жіктелуі,қызметі,жасушалар құрылысы,өсімдіктерде орналасуы.

6. Бұрышты,пластинкалы колленхима қызметі.

7. Склереидтердің әр түрлі түрлерінің бір-бірінен айырмашылықтары мен жалпы белгілері(тасты жасуша,макросклереидтер,остеосклереидтер,жұлдызды склереидтер,жіп тәрізді склереидтер,трихосклнреидтер)

8. Өткізгіш ұлпалар тобына мінездеме беріңіз:електі түтікшелер,сосудтар,трахкидтер.

9. Өзекке сипаттама беріңіз.

10. Либриформ,талшық(луб)дегеніміз не,сипаттамасы,жасушалар құрылысы,өсімдіктерде орналасуы

11. Склереидтер дегеніміз не,жіктелуі,қызметі,жасушалар құрылысы,өсімдіктерде орналасуы.

12. Бұрышты,пластинкалы колленхима қызметі.

13.Склереидтердің әр түрлі түрлерінің бір-бірінен айырмашылықтары мен жалпы белгілері(тасты жасуша,макросклереидтер,остеосклереидтер,жұлдызды склереидтер,жіп тәрі Өткізгіш ұлпалар тобына мінездеме беріңіз:електі түтікшелер,сосудтар,трахкидтер.зді склереидтер,трихосклнреидтер)

14. Өткізгіш ұлпалар тобына мінездеме беріңіз:електі түтікшелер,сосудтар,трахкидтер.

15. Өзекке сипаттама беріңіз.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Өсімдік ағзасындағы арнайы ұлпалардың типтері,өсімдік тіршілігі үшін жасушаның дифференциялық рөлі.

2.Механикалық ұлпалардың жасушаларына тән белгілер қандай?

3.Колленхима жасуша құрылысының склеренхима жасушасының құрылысынан айырмашылығы қандай?

4.Неге колленхима жас өсімдіктердің органдарына тән?

5.Тін талшықтарының өзекті талшықтарынан не айырмашылығы бар?

6.Склерейд құрылыстарының ерекшеліктері қандай?

7.Електі түтікшелер,құрылысы,қызметі,өсімдіктерде орналасуы.

8.Түтікшелер(трахеи),құрылысы,қызметі,өсімдіктерде орналасуы,трахеяның типтері.

9.Трахеидтер,құрылысы,қызметі,өсімдіктерде орналасуы.

10.Өткізгіш шоқтар дегеніміз не,олардың құрылысы,қызметі.

11.Ксилема неден тұрады,олардың қызметі,басқа ұлпалардың шоқты түтікшелерінен айырмашылықтары.

12. Флоэма неден тұрады,олардың қызметі,басқа ұлпалардың шоқты түтікшелерінен айырмашылықтары.

13.Әр түрлі коллатеральді,биколлатеральді,концентрлі,радильді,ашық,жабық шоқтарға мінездеме беріңіз.

14.Өрлеуші ток,бәсеңдеуші ток қандай түтікшелерден тұрады?

15.Өсімдіктерде қандай өткізгіш элементтер органикалық заттардың жылжуын қамтамасыз етеді?

16.Түтікше-талшық шоқтарды сипаттаңыз,олардың типтері,қызметі,құрылысы.

17.Қабық қандай элементтерден тұрады?

18.Өсімдіктің қандай мүшелері немесе бөліктері перидермамен,ал қандйы қабықпен жабдықталған?

19.Саңылаудың орналасуына байланысты дара және қос жарнақты өсімдіктерді қалай ажыратуға болады?


5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Зертханалық жұмыстарды орындау(оқу топтарында тақырыптық зертханалық сабақтар жүргізу,белгілі препараттармен лабораториялық жұмыстар жүргізу немесе студенттер дайындаған тірі не гербарий күйіндегі өсімдіктерді өткен тақырыптарды қолдана отырып өткізу).

6.Әдебиет:

Негізгі:

1.Махатов Б.К,.Патсаев Ә.Қ,.Орынбасарова К.К.»Өсімдіктердің анатомиясы және морфологиясы».—Шымкент,2011.-143 б.

2.Махатов Б.К,.Патсаев Ә.Қ,.Қадишаева Ж.А.»Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер»-Шымкент,2011-126 б.

3.Ә.Ә.Әметов.Ботаника.Ы.Алтынсаригн атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті,2000.-508 б.

4.Ш.Н:Дүрмекбаева.Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы.Көкшетау:Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті,204,-100 б.

Қосымша:

1.Ә.И.Исамбаев,К.Д.Рахимов,Егеубаева.Халық медицинасында пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер Алматы,2000.-200 б

2.М.К.Көкенов,С.М.Әдекенов,К.Д.Рақымов,Ә.И.Исамбаев,Б.И.Сауранбаев.Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы Алматы Ғылым,1998,288 б.

7.Бақылау:

Тест:

1. Өсімдіктерде қандай ұлпалар тірек қызметін атқарады?

А. жабындық ұлпа

В. өткізгіш ұлпа

С. негізгі ұлпа

Д. механикалық ұлпа

Е. түзуші ұлпа



2. Өсімдіктерде қандай ұлпалар скелетті деп аталады?

А. бөлгіш

В. негізгі

С. механикалық

Д. жабындық

Е. меристематикалық



3. Механикалық ұлпалар құрылысының қандай ерекшеліктері арқылы өсімдікке қаттылық (мықтылық) береді?

А. жасушалардың қалыңдығынан

В. өте майда размерлі жасушалардан

С. үлкен размерлі жасушалардан

Д. механикалық ұлпалардың жасушаларының тығыз орналасуынан

Е. жасушалардың спецификалық орналасуынан



4. Жасушалардың өсуіне механикалық ұлпалардың қандай типтері кедергі жасамайды?

А. тасты жасушалар

В. склеренхима

С. склереидтер

Д. либриформа

Е. колленхима



5. Жасушаларында тірі құрамы бар механикалық ұлпаларды атаңыз:

А. склеренхима

В. колленхима

С. склереидтер

Д. либриформа

Е. тасты жасушалар



6. Колленхима өсімдіктің қай жерінде кездеседі?

А. перециклда

В. біркелкі барлық ұлпаларда

С. флоэмада

Д. эпидерма астында

Е. ксилемада



7. Колленхима типтерін көрсетіңіз:

А. шеңберлі

В. прозенхималы

С. бұрышты, пластинкалы

Д. цилиндрлі

Е. қалың қабықшалы



8. Механикалық ұлпалардың түрлерін атаңыз

А. ритидома

В. склеренхима

С. склереидтер

Д. колленхима

Е. перидерма



9. Склеренхима үшін қандай жасуша қабықшалардың қалыңдығы тән?

А. біркелкі жасушалардың ұзындығы бойынша

В. бұрышты

С. пластинкалы

Д. шеңберлі

Е. цилиндрлі



10. Склеренхима жасушалар құрылысының ерекшеліктерін көрсетіңіз:

А. тірі майда жасушалар

В. тірі емес өзектелген жасушалар

С. тірі емес паренхималы жасушалар

Д. тығыз байланысқан прозенхималы жасушалар

Е. изодиаметриалы жасушалар

4 сабақ
1.Тақырыбы: Өркендердің құрылысындағы жалпы заңдылықтар.Дара жарнақты және қосжарнақты өсімдіктердің өсінділіерінің құрылысы.Тамырлы және өркенді жүйе.

2.Мақсаты: Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктердің өсінділерінің құрылысын,тамырлы және өркенді жүйені,вегетативті мүшелердің құрылысындағы негізгі заңдылықтарды оқып үйрену.Тәжірибелік алынған білімді бітіктіру.

3.Оқыту мақсаты:

1.Өсімдіктің вегетативті мүшелері дегеніміз не?

2.Өсінді дегеніміз не,оның құрылысы,латынша атауы.

3.Даражарнақты және қосжарнақты өсінділердің құрылысына сипаттама беріңіз,ұқсастығы мен айырмашылығы.

4.Вегетативті мүшелердің құрылысындағы негізгі заңдылықтар?

5.Тұқымды ұрық,тамырлы мойын,гипокотиль,эпикотиль,колеоптиль дегеніміз не?

6.Тамырлы және өркенлі жүйе терминіне анықтама,сипаттама беріңіз.

7.Пайда болу жолына байланысты тамырлы жүйелердің жіктелуі.Тамырлы жүйелердің құрылысы.

8.Тамыр,оның функциясы,өсімдіктер өміріндегі маңызы.

9.Өркен дегеніміз не,оның негізгі бөліктері.

10.Өркендер қандай белгілеріне қарай жіктеледі?

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Өсінділер макроморфологиясына сипаттама беріңіз.

2.Өсімдіктің тұқымы қалай өседі және болашақ мүшелері(органдары)қалай пайда болады?

3.Тамырлы жүйелердің формалары мен түрлерінің сипаттамасы.

4.Бас тамырдың жүйесі,қосалқы тамырдың жүйесі,аралас тамырдың жүйесі дегеніміз не?

5.Бас тамырдың және қосалқы тамырдың жүйелері қандай формада болады?

6.Тұқымдар қалай өседі,өсімдіктің болашақ мүшелері қалай түзіледі?

7.Тамырлы жүйе мен бөлек тамырлардың түрлері қандай болады?

8.Тамыр мен өркеннің латынша атаулары.

9.Өркендердің бұтақтану типтері.

10. Даражарнақты өсімдіктердің тамыр құрылысының қос жарнақтылардың тамыр құрылысынан айырмашылығы қандай?

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Зертханалық жұмыстарды орындау(оқу топтарында тақырыптық зертханалық сабақтар жүргізу,белгілі препараттармен лабораториялық жұмыстар жүргізу немесе студенттер дайындаған тірі не гербарий күйіндегі өсімдіктерді өткен тақырыптарды қолдана отырып өткізу).

6. Әдебиет:

Негізгі:

1.Махатов Б.К,.Патсаев Ә.Қ,.Орынбасарова К.К.»Өсімдіктердің анатомиясы және морфологиясы».—Шымкент,2011.-143 б.

2.Махатов Б.К,.Патсаев Ә.Қ,.Қадишаева Ж.А.»Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер»-Шымкент,2011-126 б.

3.Ә.Ә.Әметов.Ботаника.Ы.Алтынсаригн атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті,2000.-508 б.

4.Ш.Н:Дүрмекбаева.Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы.Көкшетау:Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті,204,-100 б.

Қосымша:

1.Ә.И.Исамбаев,К.Д.Рахимов,Егеубаева.Халық медицинасында пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер Алматы,2000.-200 б

2.М.К.Көкенов,С.М.Әдекенов,К.Д.Рақымов,Ә.И.Исамбаев,Б.И.Сауранбаев.Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы Алматы Ғылым,1998,288 б.

7. Бақылау:

Тест:

1. Өсімдіктің вегетативті мүшелерін атаңыз:

А. тұқым,жапырақ,гүл,тамыр

В. жапырақ,өркен

С. гүл,жапырақ

Д. тұқым,өркен

Е. тамыр,жапырақ,өркен



2. Бас тамыр неден пайда болады?

А. гипокотелийден

В. ұрықтық қабықтан

С. тұқым бөлігінен

Д. тамыр мойнынан

Е. эпикотелийден



3. Біржарнақты ұрықтық бұтақты жер құнарынан өткенде зақымданудан не қорғайды?

А.колеоптиль

В.эпикотель

С.гипокотель

Д.тамыр мойыны

Е.эндосперм



4. »Plantula» деген латын атауының қазақша атауын беріңіз:

А. ұрықтық жапырақ

В. тұқым бөлігі

С. тамыр мойыны

Д. ювенильді жапырақ

Е. өсінді



5. Тамырлы жүйе дегеніміз не?

А. өсіп кетуден және бұтақтанудан түзілген барлық өсімдіктер тамырларының жиынтығы

В. қосалқы тамырлардың жиынтығы

С. бас тамыр

Д.жапырақпен немесе өркенмен пайда болған тамырлар жиынтығы

Е.қосалқы тамырлардың жүйесі



6. Бас тамыр жүйесі қандай формада болады?

А. негізгі

В. бұтақталған

С. шашақты

Д. жекелік

Е. аралас



7. Қосалқы тамырдың жүйесі қандай болады?

А. аралас

В. жекелік

С. шашақты

Д. бұтақталған

Е. негізгі


5 сабақ

  1. Тақырыбы: Жапырақ анатомиясы мен морфологиясы. Жіктелуі.

  2. Мақсаты: Жапырақтың морфологиялық және анатомиялық құрылысын және олардың сыртқы факторларға тәуелділігін оқу. Жапырақтың өсуі мен дамуын, жапырақ формаларын және жапырақтың физиолоиялық қызметін оқып үйрену. Алған білімдерді тәжірибеде қорытындылау.

  3. Оқыту мақсаты:

  1. Жапырақ, оның бөліктері, орналасуы, жіктелуі, атқаратын қызметі.

  2. Жапырақ тыртығы дегеніміз не?

  3. Жапырақтың морфологиялық және анатомиялық құрылыстарына жалпы сипаттама беріңіз.

  4. Жапырақтың жүйкеленуінің негізгі типтері.

  5. Жасыл жапырақтың физиологиялық қызметі.

  6. Жапырақтың қандай формалары болады, гетерофилия деген не?

  7. Жай жапырақтың күрделі жапырақтан айырмашылығ неде?

  8. Жапырақ көлемінің өзгеріп отыруының себептері қандай?

  9. Жай жапырақтар қандай өсімдіктерге және күрделі жапырақтар қандай өсімдіктерге тән?

  10. Жапырақтардың түсуінің қандай биологиялық мәні бар?

  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Жапырақ тақтасының морфологиялық ерекшеліктері.

  2. Жакпырақтың анатомиялық құрылысы,жапырақтың метеморфозы.

  3. Мезофилл,ксилема,флоэма,склеренхиманың орналасуын түсіндіріңіз.

  4. Көлеңкелі және жарықтық жапырақтар туралы түсінік.

  5. Жүйкеленудің қарапайым типіне не жатады?

  6. Жапырақтың өсімдік тіршілігіндегі атқаратын рөлі қандай?

  7. Жай жапрырақтар мен күрделі жапырақтарды қалай жіктейді?

  8. Қандай жапырақтарды қарапайым жапырақтарға жатқызады?

  9. Дорзовентральды және изолатеральды жапырақтардың құрылысының жалпы планы қандай?

  10. Жапырақтардың формациясы деген не?

  11. Жапырақ бөліктерін орналасуына қарай түсіндір.

  12. Жапырақтың түсуін түсіндір.

  13. Қылқан жапырақтылардың жапырақ құрылысы туралы түсінік.

  14. Жапырақтың бөліктері мен түрөзгерістері.

  15. Жапырақ фотосинтнз,транспирация,газ алмасу ағзалары ретінде.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Зертханалық жұмыстарды орындау (оқу топтарында тақырыптық зертханалық сабақтар жүргізу, белгілі препараттармен лобороториялық жұмыстар жүргізу немесе студенттер дайындаған тірі не гербарий күйіндегі өсімдіктерді өткен тақырыптарды қолдана отырып сабақ өткізу).
6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Махатов Б.К,. Патсаев Ә.Қ,. Орынбасарова К.К. «Өсімдіктердің анатомиясы және морфологиясы».—Шымкент,2011.-143 б.

2. Махатов Б.К,. Патсаев Ә.Қ,. Қадишаева Ж.А. «Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер»-Шымкент,2011-126 б.

3. Ә.Ә.Әметов. Ботаника. Ы.Алтынсаригн атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті,2000.-508 б.

4. Ш.Н:Дүрмекбаева. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Көкшетау: Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті,2004.-100 б.

Қосымша:

1.Ә.И.Исамбаев, К.Д.Рахимов, Егеубаева. Халық медицинасында пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер Алматы,2000.-200 б

2.М.К.Көкенов, С.М.Әдекенов, К.Д.Рақымов, Ә.И.Исамбаев, Б.И.Сауранбаев. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы Алматы Ғылым,1998,288 б.

7. Бақылау:

ТЕСТ:


  1. Жапырақтың сабағының төменгі кеңейген бөлімі қалай деп аталады?

А. қынабы

В. жапырақша

С. раструб

Д. примордия

Е. рахис

2. Жапырақтың ұлпаларының қандай типі фотосинтез қызметін атқарады?

А. Бағаналық мезофилл

В. Борпылдақ мезофилл

С. жүйкеленуі

Д. эпидерма

Е. склерсидтер



3. Фотосинтез процесінде қандай ферменттер қатысады?

А. Пластохинол, цитохром, пластоциан, ферродоксин

В. Ферродоксин, цитохром, пластоциан, пластохинол

С. Пластоциан, цитохром, пластохинол, ферродоксин

Д. Пластоциан, ферродоксин, цитохром, пластохинол

Е. цитохром, ферродоксин, пластоциан, пластохинол



5. Фотосинтездің жарық стадиясында не жүреді?

А. Энергияның бөлінуі

В. Глюкозаның ыдырауы

С. Глюкозаның түзілуі

Д. Судың фотолизі

Е. тұздардың түзілуі



6. Жапырақ латынша қалай аталады?

А. micropils

В. flores

С. radix


Д. folium

Е. petala



7. Меруертгүлдің жапырағының жүйкеленуі қандай?

А. Доға тәрізді

В. Тор тәрізді

С. Саусақ тәрізді

Д. дихатомиялық

Е. параллелді



8. Гүл шоғырында өсетін жапырақ қалай деп аталады?

А. Гүл жапырақшасы

В. ұшыңқы

С. жанындағы

Д. примордиалды

Е. тұқым жарнақты



9. жапырақтың қызметін атаңыз.

А. Қор жинау

В. Газ алмасу

С. Фотосинтез, транспирация

Д. қорғаныс

Е. өткізгіш



10. Күрделі жапырақ типтерін көрсетіңіз:

А. саусақты

В. қауырсынды

С. оймалы

Д. тісті

Е. қоршаулы



8.Транспирация деген не?

А. Жабындық ұлпа

В. Сыйымды түрі

С. Өсімдік жапырағынан судың булануы

Д. Ашу түрі

Е. өткізгіш ұлпа



9.Жапырақтың анатомиялық құрылысының бөлігін атаңыз:

А. устьица

В. Экскреторды заттар

С. Кішкене бездер

Д. Қор заттары

Е. эпидерма, талшық, жүйкелену



10. Жапырақтың жүйкеленуі қалай деп аталады, егерде бір ғана басты жүйкеден жанғы жүйкелердің 1,2,3 қатарлары кетсе?

А. Саусақ тәрізді

В. Доға тәрізді

С. Тор тәрізді

Д. дихатомиялық

Е. параллелді



11. Егер буыннан 3 не одан да көп жапырақтар тараса, онда жапырақтың орналасуы қалай деп аталады?

А. Қарама-қарсы

В. кезекпен

С. топталып

Д. Екі қатар

Е. бір қатар



2 Кредит
1 Сабақ

1. Тақырыбы:: Гүлдің құрылысы мен бөлімдері,формуласы және диаграммасы.

2. Мақсаты: гүлдің құрылысын,гүлдің әртүрлі түрлерін, жіктелуін оқып үйрену.

3. Оқыту мақсаты:

  1. Генеративті және вегетативті мүшелердің құрылысының прогрессивті белгілері.

  2. Гүлдің формуласы мен диаграммасы.

  3. Гүл жынысты және жыныссыз көбею қызметін атқаратын түрі өзгерген өркен.

  4. Гүлдің бөліктері

5. Гүл жынысты және жыныссыз көбею қызметін атқаратын түрі өзгерген өркен.Гүлдің бөліктері.

6. Гүлдің құрылысының ерекшеліктері. Біржынысты, қосжынысты, актиноморфты, зигомофты гүлдер.

7. Гүлдің шығу тегі қандай(эванттық,стробилярлық.теломдық теориялар)?

8. Өсімдіктің репродуктивтік мүшелері.Гүл.Гүл шоғыры.Микро- және мегаспорогенез.Тозаңдану.Ұрықтану.Гүл серігі,андроцей,гинецей.

9. Анемофильды энтомофильды өсімдіктер.Аталықтың құрылысы мен қызметі,тозаңның өнуі мен құралуы.


  1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Біріккен актиноморфты және зигоморфты күлте жапырақшалардың қандай негізгі типтері бар?

2. Қарапайым гүлсерігінің қандай типтері болады?

3. Гүлдің құрылысының ерекшеліктері. Біржынысты, қосжынысты, актиноморфты, зигомофты гүлдер.

4. Гүлдің шығу тегі қандай (эванттық, стробилярлық, теломдық теориялар)?

5. Өсімдіктің репродуктивтік мүшелері.Гүл.Гүл шоғыры.Микро- және мегаспорогенез.Тозаңдану.Ұрықтану.Гүл серігі,андроцей,гинецей.

6. Анемофильды энтомофильды өсімдіктер.Аталықтың құрылысы мен қызметі,тозаңның өнуі мен құралуы.

7. Тұқым бүршігінің пайда болуы,тұқымның дамуы және оның құрылысы.

8. Жай гүл шоғырының күрделі гүл шоғырынан,күрделі моноподиальды гүл шоғырының,күрделі симподиальды гүл шоғырынан принциптік айырмашылығы неде?

9. Қосарланып ұрықтану.Жабық тұқымды өсімдіктердің буын кезектесуі және тұқым ядролық фазасы.

13. Гинецейлердің андроцейлердің қандай типтері бар?

14.Қосарланған гүлсерігімен қарапайым гүлсерігінің айырмашылығы неде?

15.Қандай күлте жапырақшаларды актиноморфты,қандай күлте жапырақшаларды зигомофты,ал қандай күлте жапырақшаларды асцимметриялы деп аиайды?



5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Зертханалық жұмыстарды орындау (оқу топтарында тақырыптық зертханалық сабақтар жүргізу, белгілі препараттармен лобороториялық жұмыстар жүргізу немесе студенттер дайындаған тірі не гербарий күйіндегі өсімдіктерді өткен тақырыптарды қолдана отырып сабақ өткізу).
6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Махатов Б.К,. Патсаев Ә.Қ,. Орынбасарова К.К. «Өсімдіктердің анатомиясы және морфологиясы».—Шымкент,2011.-143 б.

2. Махатов Б.К,. Патсаев Ә.Қ,. Қадишаева Ж.А. «Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер»-Шымкент,2011-126 б.

3. Ә.Ә.Әметов. Ботаника. Ы.Алтынсаригн атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті,2000.-508 б.

4. Ш.Н:Дүрмекбаева. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Көкшетау: Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті,2004.-100 б.

Қосымша:

1.Ә.И.Исамбаев, К.Д.Рахимов, Егеубаева. Халық медицинасында пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер Алматы,2000.-200 б

2.М.К.Көкенов, С.М.Әдекенов, К.Д.Рақымов, Ә.И.Исамбаев, Б.И.Сауранбаев. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы Алматы Ғылым,1998,288 б.

7. Бақылау:

Тест:

1. Гүлдің қай бөлігі оның қалыптасуының ерте кезеңдерінен бастап қорғаныштық қызметін атқарады?

А. бөбешік жапырақ

В. гүл тостағаншасы

С. гүлжапырақ

Д. гүлдің тәжі(күлте)

Е. аталықтар



2. Гүлді өсімдіктердің түрі өзгерген мегаспорангийлері қалай деп аталады?

А. гинецей

В. стробил

С. тұқым бүршігі

Д. андроцей

Е. тозаң


3. Егер гүлщоғырының жуандаған өсінде отырса,онда ол қалай деп аталады?

А. собық


В. шатырша

С. қалқан

Д. шоқ

Е. масақ


4. Итмұрынның жемісі қалай аталады?

А. гесперидий

В. көп сүйекше

С. жидек


Д. алма

Е. цинородий



5. «Гинецей » деген термин нені білдіреді?

А. гүл тостаған жапырақшалардың жиынтығы

В. күлтелер жиынтығы

С. аналықтардың жиынтығы

Д. аталықтардың жиынтығы

Е. аталықтарлың стерильдігі



6. Гүлді өсімдіктердің ұрықтануында қанша спермиялар қатысады?

А. 2


В. 1

С. 3


Д. 4

Е. 5


7. Мына өсімдіктердің қайсысы бір үйлі?

А. қияр


В. жүгері

С. алма


Д. кендір

Е. күнбағыс

2 Сабақ

1. Тақырыбы:Қосжарнақтылар класы.Боскүлтелілік қатары.Магнолиялар,лаврлылар,сарғалдақтар,бөріқарақаттар тұқымдастарына сипаттама. Раушангүлділер тұқымдасы.Итмұрындар, алмалар алхорыларға сипаттама.
2. Мақсаты: «Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы», «Қосжарнақтылар класы» тараулары бойынша теориялық және тәжірибелік дағдылар деңгейін анықтау. Алған білімдерді тәжірибеде қорытындылау.

3. Оқыту тапсырмалары:

1. Систематика тапсырмалары.

2.Таксономиялық категориялары,олардың сипаттамлары

3.Дәрілік өсімдіктердің табиғи және жасанды жіктелу мысалдары

4. Филогенетикалық жүйе

5.Түрі,туысы,тұқымдасы,қатары,класы,бөлімі,өсімдіктер патшалығы



4.Сабақтың негізгі сұрақтары:

1. Систематика және биологиялық ғылым. Жүйелер және жүйелер типтері

2. Таксономиялық категориялары және таксондар. Өсімдіктер систематикасының әдістері

3. Гүлді өсімдіктердің маңызды таксономиялық топтары. Қосжарнақтылар мен даражарнақтылардың негігі ерекшеліктері.

4. Қосжарнақтылар класы. Боскүлтелілік қатары.

5. Магнолиялар,лаврлылар,сарғалдақтар,бөріқарақаттар, раушангүлділер тұқымдастарының морфологиялық және анатомиялық сипаттамасы.


  1. Итмұрындар, алмалар алхорыларға сипаттама. Негізгі өкілдерінің қолданылуы

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Зертханалық жұмыстарды орындау (оқу топтарында тақырыптық зертханалық сабақтар жүргізу, белгілі препараттармен лобороториялық жұмыстар жүргізу немесе студенттер дайындаған тірі не гербарий күйіндегі өсімдіктерді өткен тақырыптарды қолдана отырып сабақ өткізу).

6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Махатов Б.К,. Патсаев Ә.Қ,. Орынбасарова К.К. «Өсімдіктердің анатомиясы және морфологиясы».—Шымкент,2011.-143 б.

2. Махатов Б.К,. Патсаев Ә.Қ,. Қадишаева Ж.А. «Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер»-Шымкент,2011-126 б.

3. Ә.Ә.Әметов. Ботаника. Ы.Алтынсаригн атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті,2000.-508 б.

4. Ш.Н:Дүрмекбаева. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Көкшетау: Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті,2004.-100 б.

Қосымша:

1.Ә.И.Исамбаев, К.Д.Рахимов, Егеубаева. Халық медицинасында пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер Алматы,2000.-200 б

2.М.К.Көкенов, С.М.Әдекенов, К.Д.Рақымов, Ә.И.Исамбаев, Б.И.Сауранбаев. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы Алматы Ғылым,1998,288 б.

7. Бақылау:

Тест:

1. Қосжарнақты шөптесін өсімдіктердің тірі механикалық ұлпасы:

A. бұрышты колленхима

B. тақталы колленхима

C. перициклді склеренхима

D. либриформ

E. камбиформ



2. Қос жарнақтылар кластарын сипаттайтын белгілері:

А. тұқым жарнағы екеу, жүйкеленуі торлы, кіндік тамыр жүйесі, гүлдерінің мүшелері 5 қатар түзеді

В. кіндік тамыр жүйесі, жүйкеленуі торлы, гүлдерінің мүшелері 3 қатар түзеді

С. тұқым жарнағы біреу, жүйкеленуі доға тәрізді, гүлдерінің мүшелері 3 қатар түзеді

D. тұқым жарнағы біреу, шашақ тамыр жүйесі, жүйкеленуі торлы, гүлдерінің мүшелері 4 қатар түзеді

Е. тұқым жарнағы біреу, жүйкеленуі саусақты, тамыр жүйесі бұтақты, гүлдерінің мүшелері 5 қатар түзеді



3. Қос жарнақтылар ұрықта … болуымен сипатталады.

А. екі бүйірлі қарама-қарсы тұқым жарнағының+

В. бір бүйірлі тұқым жарнағының

С. алдыңғы қарама-қарсы тұқым жарнағының

D. бір тұқым жарнағының

Е. екі тұқым жарнағының


4. Қос жарнақтылардың дара жарнақтылардан айырмашылығы өткізгіш шоқтары … орналасады.

А. спиральды

В. шеңбердің бойымен

С. эллипс тәрізді

D. түзу

Е. жүрек тәрізді



5. Қос жарнақтылар класы ... тұқымдастардан тұрады.

А. 429


В. 201

С. 324


D. 165

Е. 506


6. Раушан жемісінің түрі:

А. көп сүйекше

В. бүлдірген жеміс

С. асбұршақ

D. көп жаңғақша

Е. көп таптама



7. Алмалар тұқымдас тармағының қатары:

А. раушангүлділер

В. тасжарғандар

С. бұршақтар

D. мирталар

Е. руталар



8. Итмұрындар тұқымдас тармағының қатары:

А. раушангүлділер

В. тасжарғандар

С. бұршақтар

D. мирталар

Е. руталар


3 Сабақ

1. Тақырыбы: Қосжарнақтылар класы.Бұршақгүлдер қатары.Мимозалылар, цезалпинділер,бұршақтар,шатыршагүлділер тұқымдастарына сипаттама.

2. Мақсаты: «Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы», «Қосжарнақтылар класы» тараулары бойынша теориялық және тәжірибелік дағдылар деңгейін анықтау. Алған білімдерді тәжірибеде қорытындылау.

3. Оқыту тапсырмалары:

1. Мимозалылар, цезалпинділер,бұршақтар,шатыршагүлділер тұқымдастарының сипаттама

2. Мимозалылар, цезалпинділер,бұршақтар,шатыршагүлділер тұқымдастарында қанша түр бар?

3.Өсімдіктердің вегетативті және генеративті органдарының биологиялық ерекшеліктері

4. Негізгі өкілдерінің қолданылуы

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Бұршақгүлдер қатары

2. Мимозалылар және Цезальпинділер тұқымдасының сипаттамасы. Негізгі өкілдерінің қолданылуы

2. Бұршақтар тұқымдасының тұқымдасының сипаттамасы

4. Шатыршагүлділер және көкнәрлер шатыршагүлділер тұқымдасының сипаттамасы

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Зертханалық жұмыстарды орындау (оқу топтарында тақырыптық зертханалық сабақтар жүргізу, белгілі препараттармен лобороториялық жұмыстар жүргізу немесе студенттер дайындаған тірі не гербарий күйіндегі өсімдіктерді өткен тақырыптарды қолдана отырып сабақ өткізу).

6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Махатов Б.К,. Патсаев Ә.Қ,. Орынбасарова К.К. «Өсімдіктердің анатомиясы және морфологиясы».—Шымкент,2011.-143 б.

2. Махатов Б.К,. Патсаев Ә.Қ,. Қадишаева Ж.А. «Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер»-Шымкент,2011-126 б.

3. Ә.Ә.Әметов. Ботаника. Ы.Алтынсаригн атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті,2000.-508 б.

4. Ш.Н:Дүрмекбаева. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Көкшетау: Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті,2004.-100 б.

Қосымша:

1.Ә.И.Исамбаев, К.Д.Рахимов, Егеубаева. Халық медицинасында пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер Алматы,2000.-200 б

2.М.К.Көкенов, С.М.Әдекенов, К.Д.Рақымов, Ә.И.Исамбаев, Б.И.Сауранбаев. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы Алматы Ғылым,1998,288 б.

7. Бақылау:

Тест:

1. Fabaceae тұқымдасының өсімдіктерінің жемісі:

А. асбұршақ

В. жаңғақша

С. таптама

D. жидек

Е. сүйекше


2. Бұршақтар тұқымдасының бағалы дәрілік өсімдігі:

А. сана


В. фасоль

С. беде


D. жоңышқа

Е. асбұршақ


3. Бактериялармен симбиозда тұратын бұршақтардың түрлері жерге ... береді.

А. азот


В. сутек

С. оттек


D. көміртек

Е. күкірт


4. Бұршақтар тұқымдасының бағалы дәрілік өсімдігі:

А. сана


В. фасоль

С. беде


D. жоңышқа

Е. асбұршақ



5. Бұршақтар тұқымдасының бағалы дәрілік өсімдігі:

А. софора

В. фасоль

С. беде


D. жоңышқа

Е. асбұршақ


6. Бұршақтар тұқымдасының акация және астрагал өсімдіктері ... бөліп шығарады.

А. камедтерді

В. шайырларды

С. шырыштарды

D. эфир майын

Е. сүттігенді


7. Сәбіз, зіре, аскөк келесі тұқымдастың өкілдері:

А. шатыршагүлділер

В. күрделігүлділер

С. бұршақтар

D. орамжапырақтар

Е. сарғалдақтар


8. Шатыршагүлділердің жемісі:

А. салбыраңқы жеміс

В. бұршаққын

С. жаңғақ

D. гесперидий

Е. сүйекше


9. Дәрілік өсмідік шикізаты ретінде әдетте шатыргүлділердің ... қолданады.

А. жемістерін

В. жапырақтарын

С. тамырларын

D. гүлдерін

Е. шөбін
4 Сабақ



1. Тақырыбы: Қосжарнақтылар класы.Біріккен күлтелілік қатары.Тауқалақайлар,айлаулықтар,сабынкөктер,алқалар тұқымдастарына сипаттама.Біржабындылар. Талдар және шамшаттар тұқымдастарына сипаттама.

2. Мақсаты: «Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы», «Қосжарнақтылар класы» тараулары бойынша теориялық және тәжірибелік дағдылар деңгейін анықтау. Алған білімдерді тәжірибеде қорытындылау.

3. Оқыту тапсырмалары:
1. Біріккен күлтелілік қатары Сабынкөктер қатарына жалпы сипаттама беріңіз.

2. Тауқалақайлар,айлаулықтар,сабынкөктер,алқалар тұқымдастарына сипаттама.

3. Біріккен күлтелілік қатары. Талдар және шамшаттар тұқымдастарына сипаттама.

4. Өсімдіктердің вегетативті және генеративті органдарының биологиялық ерекшеліктері

5. Негізгі өкілдерінің қолданылуы

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Зертханалық жұмыстарды орындау (оқу топтарында тақырыптық зертханалық сабақтар жүргізу, белгілі препараттармен лобороториялық жұмыстар жүргізу немесе студенттер дайындаған тірі не гербарий күйіндегі өсімдіктерді өткен тақырыптарды қолдана отырып сабақ өткізу).

6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Махатов Б.К,. Патсаев Ә.Қ,. Орынбасарова К.К. «Өсімдіктердің анатомиясы және морфологиясы».—Шымкент,2011.-143 б.

2. Махатов Б.К,. Патсаев Ә.Қ,. Қадишаева Ж.А. «Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер»-Шымкент,2011-126 б.

3. Ә.Ә.Әметов. Ботаника. Ы.Алтынсаригн атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті,2000.-508 б.

4. Ш.Н:Дүрмекбаева. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Көкшетау: Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті,2004.-100 б.

Қосымша:


1.Ә.И.Исамбаев, К.Д.Рахимов, Егеубаева. Халық медицинасында пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер Алматы,2000.-200 б

2.М.К.Көкенов, С.М.Әдекенов, К.Д.Рақымов, Ә.И.Исамбаев, Б.И.Сауранбаев. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы Алматы Ғылым,1998,288 б.



7. Бақылау:

Тест:

1.Қара меңдуана ... тұқымдасының өкілі:

А. орамжапырақтар

В.сельдерейлер

С.алқалар

D.бұршақтар

Е. тарандар



2.Нағыз сасық меңдуана келесі тұқымдастың өкілі:

А.орамжапырақтар

В. сельдерейлер

С. бұршақтар

D.алқалар

Е.тарандар


3.Кәдімгі итжидек ... тұқымдасының өкілі:

А.орамжапырақтар

В.сельдерейлер

С.алқалар

D.бұршақтар

Е.тарандар



4.Алқалардың жемісі:

А. жидек немесе қорапша

В. бұршаққын немесе қорапша

С. жаңғақ немесе бұршаққын

D. гесперидий немесе бұршақ

Е. бұршақ немесе қорапша



5.Алқалар тұқымдасы ... бай.

А. алкалоидтарға

В. дәрумендерге

С. сапониндерге

D. эфир майларға

Е. полисахаридтерге
5 Сабақ

1. Тақырыбы:Қосжарнақтылар класы. Астрагүлділер қатары. Астрагүлділер тұқымдастары.Түтікшетүстес және тілшегүлділер тұқымдастарына сипаттама.Даражарнақтылар класы. Астрагүлділер

2. Мақсаты: «Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы», «Қосжарнақтылар класы» тараулары бойынша теориялық және тәжірибелік дағдылар деңгейін анықтау. Алған білімдерді тәжірибеде қорытындылау.

3. Оқыту тапсырмалары:

1. Астрагүлділер, Лалагүлділер,астықтар тұқымдастарының сипаттама

2. Өсімдіктердің вегетативті және генеративті органдарының биологиялық ерекшеліктері

3. Негізгі өкілдерінің қолданылуы



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары

1.Астрагүлділер қатары.

2. Астрагүлділер тұқымдастарына сипаттама, өкілдері және олардың медико-биологиялық маңызы

3 Түтікшетүстес және тілшегүлділер тұқымдастарына сипаттама, өкілдері және олардың медико-биологиялық маңызы

4.Даражарнақтылар класы.



5. Лалагүлділер,астықтар тұқымдастарының сипаттама, өкілдері және олардың медико-биологиялық маңызы

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Зертханалық жұмыстарды орындау (оқу топтарында тақырыптық зертханалық сабақтар жүргізу, белгілі препараттармен лобороториялық жұмыстар жүргізу немесе студенттер дайындаған тірі не гербарий күйіндегі өсімдіктерді өткен тақырыптарды қолдана отырып сабақ өткізу).
6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Махатов Б.К,. Патсаев Ә.Қ,. Орынбасарова К.К. «Өсімдіктердің анатомиясы және морфологиясы».—Шымкент,2011.-143 б.

2. Махатов Б.К,. Патсаев Ә.Қ,. Қадишаева Ж.А. «Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер»-Шымкент,2011-126 б.

3. Ә.Ә.Әметов. Ботаника. Ы.Алтынсаригн атындағы Қазақстан білім академиясының Республикалық баспа кабинеті,2000.-508 б.

4. Ш.Н:Дүрмекбаева. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Көкшетау: Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті,2004.-100 б.

Қосымша:

1.Ә.И.Исамбаев, К.Д.Рахимов, Егеубаева. Халық медицинасында пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер Алматы,2000.-200 б

2.М.К.Көкенов, С.М.Әдекенов, К.Д.Рақымов, Ә.И.Исамбаев, Б.И.Сауранбаев. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы Алматы Ғылым,1998,288 б.

7. Бақылау:

Тест:

1. Астрагүлділердің гүл шоғыры:

А. масақ

В. собық


С. қалқанша

D. себет


Е. шашақ

  1. Астрагүлділердің латынша атауы:

A. Liliaceae

B. Dioscoreaceae

C. Poaceae

D. Araceae

E. Asteraceae


  1. Жапырақтардың доғалы және параллель жүйкеленуі ... тән.

А. дара жарнақты өсімдіктерге

В. қос жарнақты өсімдіктерге

С. ашық тұқымды өсімдіктерге

D. саңырауқұлақтарға

Е. балдырларға

4. Лилиялар тұқымдасының латынша аттары:

A. Asteraceae

B. Dioscoreaceae

C. Poaceae

D. Liliaceae



E. Araceae

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет