ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
«Жеміс шаруашылығы» пәні бойынша
ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Тараз 2021 ж.
Дәріс-1: Жеміс өсімдіктерін ботаникалық жіктеу және өндірістік топтастыру.
1. Жеміс өсімдіктерінің негізгі тұқымдастарына сипаттама
2. Жеміс және жидектерінің ботаникалық құрылымы
3. Жеміс және жидек өсімдіктерінің шығу тегі
Өсімдіктердің 130-140 мыңнан асатын әр алуан түрлерінің ішінде жеміс және жидек дақылдарының 1000-нан астам түрлері кездеседі. Қазақстанда 60-тан астам түрі өсірілсе, Қазақстанның солтүстігінде әуесқой бағбан шаруашылығын қоса есептегенде 14 түр – алма, алмұрт, алхоры, қара қарақат, қарлыға, таңқурай, бүлдірген, қара жемісті шетен (арония), ирга, кәдімгі шетен, долана, жүзім, лимонник, үшқат өсіріледі.
Ботаникалық жағынан жеміс өсімдіктері – 31 тұқымдастың өкілі, бірақ раушангүлділер мен тасжарғыштар тұқымдастарының өкілдері басымдылыққа ие.
Жеміс өсімдіктері төмендегі тұқымдастықтарға жатады:
1. Банандар – мәдени банан; тәтті банан; ергежейлі немесе қытай бананы.
2. Қайыңдар – кәдімгі орман жаңғағы, понтийлік, ірі.
3. Баобабтар – кейіпсіз.
4. Бөріқарақаттар – кәдімгі бөріқарақат.
5. Бұршақтылар – цератония, мүйізді ағаш, цареградтық мүйізшелер.
6. Шамшаттар – кәдімгі немесе тағамдық талшын, егістік, америкалық, аласа бойлы, жапондық, жұмсақ.
7. Бромелиліктер – мәдени ананас.
8. Итбүлдіргендер – итбүлдірген, мүкжидек (батпақтық, ірі жемісті), кәдімгі қаражидек, көкжидек (гонобобель, мәңгі жасыл, биік, ірі жемісті, «қоянкөз»).
9. Аршалар – ұсақ жемісті қойбүлдірген немесе қызыл қойбүлдірген ағаш, ірі жемісті, менциза.
10. Жүзімділер – еуропа-азиялық жүзім немесе еуропалық; амурлық немесе уссурийлық.
11. Анарлар – кәдімгі анар.
12. Диллиндіктер (актиниділіктер) – қытайлық актиния, коломикта, өткір, көпнекелік.
13. Үшқаттылар – тағамдық үшқат, кәдімгі шәңгіш.
14. Тасжарғыштар – қарақат (қызыл, ақ, кәдімгі немесе батыс еуропалық; тасты, қара, сібірлік, ақ гүлді жабайша немесе алдан жүзімі; сары, иісті); қарлыға ауытқыған немесе еуропалық, ине тәрізді, буреиндік, сәл тікенді, итмұрын тәрізді, миссурийлік, өткір тікенді).
15. Шайырлылар – мангустан.
16. Қызылталдылар – нағыз қызыл тал немесе кәдімгі, еркек сәнтал; дәрілік немесе жапондық.
17. Итжүзімділер – қытайлық унаби, қытай құрмасы, кәмпиттік ағаш немесе жапондық жүзімдік ағаш.
18. Лаврлықтар – авокадо (немесе персея) америкалық, мексикандық.
19. Жиделер – итшомыртты шырғанақ; бақ жидесі немесе пшот.
20. Магнолилер (лимондықтар) – қытай лимоннигі немесе шизандра.
21. Зәйтүндер – еуропалық немесе мәдени зәйтүн, кәдімгі, зәйтүн ағашы, зәйтүн.
22. Мирттар – фейхоа, эвгения.
23. Сабындылар – қытайлық литчи, лонган, рамбутан.
24. Жаңғақтылар – жаңғақ (грек, алдамшы, маньчжурлық, қара, эквадорлық), пекан немесе гикорн.
25. Папайялықтар – кәдімгі папайя (қауын ағаш), марстық кундина, бесбұрышты.
26. Пальмалықтар – құрмалық пальма, ормандық құрма, ауытқыған құрма, кокос пальмасы, майлы гвиней пальмасы.
27. Раушангүлділер – алма (ормандық, шығыстық, жүзімдік, үйлік, шиежемісті, алхоры жапырақты (қытайлық), орыстық, ірі жемісті, батыс еуропалық, аласа, дусен, түркімендік, қырғыздық, Сиверстің парадизка, Недзведскидің); алмұрт (ормандық, кәдімгі, кавказдық, тал жапырақты, уссурийлік); беже кәдімгі; кавказдық мушмула; шетен (кәдімгі, үйлік); қара жемісті арония; домалақ; жапырақты ирга немесе кәдімгі; қанды-қызыл долана; алхоры (үйлік, тарпиған немесе алша; тікенекті немесе шомыр; талды немесе қытайлық; уссурийлік; шие (түпті немесе далалық, шиелік; кәдімгі, магелебтік немесе иісті, тасты, антпка, магалебтік, кучина, қара мойыл – антипка; киіздік немесе қытайлық); тәттішие немесе құстық шие; қара мойыл (кәдімгі немесе шоқпарбасты); өрік (кәдімгі, маньчжурлық, жүндіжемісті немесе қара, дазикарпа, өрік-алша); кәдімгі шабдалы; бадам (кәдімгі, аласа немесе далалық, бұршақтық), бүлдірген (ормандық, бақтық немесе ірі гүлді, ананастық); еуропалық немесе хош иісті құлпынай; таңқурай (кәдімгі немесе еуропалық қызыл; түкті немесе америкалық қызыл; қара немесе бөрткен тәрізді; қара қошқылды); бөрткен немесе қара бүлдірген (көкшіл, аллегандық немесе таулық, Логанның) алмалық итмұрындық; шығыстық мушмула (жапондық), эриоботрия, локва; дәрілік лавр шие.
28. Аңдыздылар – лимон, апельсин (тәтті ащы немесе бигардия), мандарин, грейпфрурт, цитрон, лайм, шелдок немесе помнельмус, юнос, Папеда ичанг, понцирус, кинкан.
29. Сумахтар (илейтін және бояғыш затты) – пісте (кәдімгі немесе игілікті, терпендинді, атланттық, жабайы); манго (индиялық, көкшіл, иісті); батыстық кежу.
30. Тұттар – ақ жібек, қара немесе тұт; інжір немесе фиг ағашы, нан ағашы.
31. Эбендер – шығыс хұрмасы, кавказдық, шығыстық, жапондық немесе субтропикалық (тропикке жақын).
Жеміс өсімдіктерін ботаникалық белгілері және өсімдіктер жүйесіндегі орны негізінде жіктеу дәлірек саналады, оның артықшылығы, өсімдіктің жекелеген түрлерінің туыстық байланысын білдіретіндігінде. Ботаникалық жіктеу қолайсыздау, себебі ол басқа белгілерін ескермейді. Сондықтан іссаналық әрекеттерде кешенді белгілері (ботаникалық, өнімді мүшелері, өсу ортасына талабы, өсіру технологиясы) бойынша өндірістік-шаруашылық жіктеуді қолданады. Осы белгілер бойынша 7 топты ажыратады.
1
|
Шекілдеуіктілер
|
Алма, алмұрт, беже, кавказ мушмуласы, шетен, арония, ирга, долана
|
2
|
Сүйектілер
|
Алхоры, шие, тәттішие, қара мойыл, өрік, шабдалы, алша, шомырт
|
3
|
Жидектілер
|
Бүлдірген, құлпынай, қарақат, қарлыға, таңқурай, бөрткен, үшқат, итбүлдірген, көкжидек, мүкжидек, қаражидек, жүзім, актинидия, дәрілік сермене (лимонник), қызыл, шырғанақ, жиде, тұт (ақ тұт),
итмұрын, шәңгіш, бөріқарақат Грек жаңғағы, орман жаңғағы, бадам, талшын, пісте, пекан
|
4
|
Жаңғақтылар
|
5
|
Субтропиктілер
|
Зәйтүн, інжір, құрма, анар, фейхоа, унаби, авокадо
|
6
|
Цитрустылар
|
Лимон, апельсин, мандарин, грейпфрут, цитрон, лайм, щеддок немесе помпельмус
|
7
|
Тропиктілер
|
Банан, ананас, манго, қауын ағаш немесе папайя, кокос пальмасы, құрма және май кокосы, эвгения, какао, дуриан, мангустан
|
Жеміс және жидек өсімдіктерінің шығу тегі
Мыңдаған жылдар бұрын, жеміс және жидек өсімдіктерінің мәдени сұрыптары болмағанда, адамдар табиғатта өскен өсімдіктердің жемістері мен жидектерін пайдаланған. Бұл өсімдіктер жер шарының әр тұсында өседі. Табиғи жағдайдың өзгеруінің әсерімен олар жаңа қасиеттер мен белгілеріне ие бола отырып, жеміс және жидек өсімдіктерінің жаңа түрлеріне және формаларына айналды. Мұндай өсімдіктердің көптеген түрлері мен формалары қазіргі кездің өзінде Еуропада, Азияда және әлемнің басқа да елдерінде өсуде.
Табиғатта жабайы өсетін өсімдіктердің халық шаруашылығындағы мәні өте зор; олар тамақ өнеркәсібіне шикізат, ағаш өңдейтін, тоқыма, лак-бояу өнеркәсібіне материалдар береді, жеміс және жидек өсімдіктерінің жаңа, қысқа төзімді, жоғары өнімді сұрыптарды шығару үшін алғашқы формалары ретінде жиі қолданылуда; телітушілерді өсіруге қажетті жеміс өсімдіктерін алуға жарамды көз болып табылады.
Мәдени жеміс және жидек өсімдіктерінің шығуында жетекші рөлді, мыңдаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан, жасанды сұрыптау атқарды. Ежелгі адамдар тағамдық жемістерді, жаңғақтарды, жидектерді жинаумен шектелмейді, сонымен бірге олардың ішінен ірілерін, дәмділерін және өнімділерін таңдап алуды да үйренді. Мәдени дақылдардың таралуында үлкен рөлді әртүрлі климаттық жағдайдағы мутациялық үдерістер, табиғи будандасу және табиғи сұрыптау атқарды.
Өсімдіктерді жерлестірудің ғылыми негізін алғашқы рет, өткен ғасырдың 20-шы жылдары академик Н.И.Вавилов жасаған еді. Оның негізіне ол мәдени өсімдіктердің таралу орталығы туралы теориясын алған болатын. Бұл теория негізіне «орталықтарда» белгілі бір түрдің тектік әр алуандылықтың мол саны жиналған деген пайымдама алынған.
Мәдени дақылдардың жабайы туыстары – өсімдіктердің ежелгі қасиеттерін – негізгі басым (доминанттың) тектерді (гендерді) иеленуші, сондықтан селекциялық жұмыстарда олар өте құнды (ауруларға, зиянкестерге, қоршаған орта жағдайына төзімділігі және т.т.). Мәдени дақылдардың, «орталықтан» қашықтықта, үлкен аумақты алып жатқан формалары жоғары өнімділікті, тез піскіштікті, жоғары сапалықты білдіретін басыңқы (рецесивті) гендерді иемденуші саналады.
Н.И.Вавилов, мәдени дақылдардың ең табиғи әр алуандылығы алғашқы (табиғи) немесе екінші (адам қалыптастырған) «орталықтарда» болатынын анықтады. Негізгі «орталықтардан» алынған материалдарда, селекциялық жұмыстар үшін ең қажетті – тұқымқуалаушылық өзгермелілік ерекше болады екен. Н.И.Вавилов жиналған өсімдіктердің топтамасының (коллекциясының) негізінде мәдени дақылдардың шығуы мен әр алуандылығының ботаникалық-географиялық орталықтарының теориясын жасады.
Мәдени дақылдардың, оның ішінде жемістілер мен жидектілердің орасан бай түрлері 12 орталықта шоғырланған.
1. Қытай-жапон. Бұл жерден алма, алмұрт, шие, алхоры, өрік, актинидия, қытай құрмасы және т.б. тараған.
2. Индонезиялық-үндіқытайлық – цитрустылардың, бананның, нан ағашының, дурианның, мангустаның және т.б. отаны.
3. Австралиялық – қытай актиндиясы, унаби. Бұл орталық аз зерттелген.
4. Үндістандық. Бұл жерден цитрустылардың кейбіреуі, кокос пальмасы, манго және т.б. таралған.
5. Ортаазиялық - өрік, пісте, бадам, алманың, алмұрттың, шиенің, алхорының жекелеген түрлері.
6. Алдыңғы азиялық – алма, алмұрт, шие, соғды қараөрігі, орман жаңғағы, беке, қызыл, фундук, анар, үй алхорысы, т.б.
7. Жерорта теңіздік – зәйтүн, цератония, дәмжапырақ, т.б.
8. Африкалық – кофе, құрма пальмасы, май пальмасы.
9. Еуропалық-сібірлік – шырғанақ, қара қарақат, алманың мәдени түрлері, шие, алмұрт және т.б.
10. Орталық америкалық – шоколад ағашы, авокадо, пекан және т.б.
11. Оңтүстік америкалық – ананас, қауын ағашы, фейхоа, бразилия жаңғағы.
12. Солтүстік америкалық – мүкжидек, қара таңқурай, қожақат, алхоры, қарлыға және т.б.
Қазақстанның солтүстігінде өсетін жеміс және жидек өсімдіктері 5 орталықтан тараған (Еуропа-сібірлік, Ортаазиялық, Алдыңғы азиялық, Қытай-жапондық, Солтүстік америкалық).
Жеміс және жидек өсімдіктерінің шығу орталығын анықтау (білу) және олардың морфологиялық және биологиялық белгілері мен қасиеттерінің бекуіне мүмкіндік жасайтын жер (эдаффикалық) жағдайын зерделеу теориялық және іссаналық көзқарас жағынан өте маңызды. Түрдің шыққан ортасын, сондай-ақ, оның қасиеттері қалыптасқан жағдайларын біле отырып, оның ең басты биологиялық ерекшеліктері туралы жорамалдауға мүмкіндік туындайды, осыдан өсімдіктің өсу мен дамуына қажетті себепшарттарына да. Мысалы, өріктің отаны – Орта және Алдыңғы азия және Солтүстік Жерорта теңізі екенін біле отырып оның жылуға, жарыққа талап қойуын түсіндіру қиынға соқпайды, сонымен бірге құрғақшылыққа ең төзімді жемістік тұқымдық болып саналады. Шығу орталығында бұл дақылдың қазіргі сұрыптарында құрғақшылыққа шыдамдылығы және жылуға, жарықтың қарқындылығына талабы қалыптасқан. Жабайы түрінде бүлдірген Еуропаның, Сібірдің және Кіші Азияның шалғындары мен орман шеттерінде өседі.
Достарыңызбен бөлісу: |