ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................28
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі- Қазақстан Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, 2008 жылы елде әйелдерге күш көрсету 0,2 пайызға көбейген, яғни 2007 жылы 32556 қылмыс тіркелсе, былтыр олардың саны 32632 болған.[1]
Қазіргі таңда республикада «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру» туралы заң жобасы талқылануда.Мамандардың пайымдауынша, егер бұл құжат қабылданса, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тосқауыл қойылмақ.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесімен айналысып жүрген мамандар бұл әлемнің әр елінде бар құбылыс дегенді айтады.Отбасындағы қысым елдің мәдениетіне, экономикасының дамуына немесе сенім-нанымына байланысты емес.Бұл құбылыс жекелеген адамдардың ерекшеліктеріне қатысты дейді.
Осы орайда ҚР ІІМ Дағдарыс орталығы одақтары мен Біріккен Ұлттар Ұйымының әйелдер қоры (UNIFEM) Қазақстанды тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңды тездетіп қабылдауға шақырады. Парламент депутаты, заң шығару және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитет мүшесі Жақып Асанов тұрмыстағы зорлық-зомбылықты мемлекет тарапынан қадағалау қажеттігін айтады.[2] Оған себеп те жеткілікті көрінеді.Отбасындағы зорлық-зомбылық-бүкіл әлемдегі жеке адамдар мен отбасыларға әсер ететін кең таралған мәселе. Бұл адам құқықтарының ауыр бұзылуы және оның құрбандарға тигізетін салдары жойқын болуы мүмкін. Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін зерттеу осы құбылыстың себептері мен салдарын анықтау және алдын алу мен араласудың тиімді стратегияларын әзірлеу үшін өте маңызды сондықтан курстық жұмыстың тақырыбын «Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың мәселелері.» деп алдық.
Зерттеу мақсаты – Бұл зерттеудің мақсаты-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін зерттеу және осы мәселені шешу үшін шешімдер ұсыну. Зерттеудің мақсаты-отбасындағы зорлық-зомбылықтың таралуы мен әсері туралы хабардарлықты арттыру, қауіп факторлары мен қорғаныс факторларын анықтау және отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және онымен күресудің тиімді шараларын ұсыну.
Достарыңызбен бөлісу: |