Квалиметрия Өнімнің сапасын басқару



бет1/3
Дата07.06.2024
өлшемі52.38 Kb.
#502418
  1   2   3
Иса Жансая слайд 9

Квалиметрия


Орындаған: Иса Жансая
Тексерген: Жүндібаева Т.Н
Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер
  • Поярков И.В. Квалиметрия. Управление качеством продукции. -

  • Алматы: Қазақ университеті, 2005.-162с.
  • Жетесова Г.С., Жүншсова А.Ш. Квалиметрия негіздері: Оқу құралы.- Қарағанды: Кар МТУ, 2003.- 63 б.
  • Жетесова Г.С.,Жүнісова А.Ш. Өзара алмасымдылық негіздері:

  • Оқу құралы.- Қарағанды: Кар-МТУ, 2005.- 66 б.
  • Квалиметрия и управление качеством. (рус., каз). Учебное пособие. Смагулов А.К., Умирбекова Ж.Т. 2005г.
  • Жетесова Г.С., Жүнісова А.Ш. Квалиметрия негіздері. Практикалық курс: Оқу құралы.- Карағанды: Кар МТУ, 2004.- 59 б.
  • Смагулов А.К., Умирбекова Ж.Т Учебное пособие. Квалиметрия и

  • управление качеством. 2005 г -136 c.
  • Асембаева М.Қ. Квалиметрия. Оқу құралы. – Алматы:

  • «Қазақ университеті» 2013. – 132 б.

1 лекция
Кіріспе. Квалиметрияның негізгі анықтамалары мен түсініктемелері. Негізгі шарттары.
Қазіргі кезде ғылыми техникалық прогрестің қарқынды дамуына, халықтар арасында экономикалық, техникалық және ғылыми қатынастардың дамуына байланысты халық шаруашылығының барлық салаларында сапа ұғымына көп көңіл бөлінуде. Әлемнің дамыған және дамушы елдерінде, халықаралық, аймақтық, ұлттық ұйымдар мен фирмаларда, түрлі кәсіпорындарда, өндіріс пен экономиканы бағалауда өнімнің сапасын басқару өте қажет. Ғылым мен техниканың алға басуына, өндірістің дамуына байланысты сапаны басқару өрісі күннен күнге кеңеюде.
Сапа - әртүрлі, біртұтас факторларды анықтайтын синтетикалық көрсеткіш. Бұл ұғым қасиеттердің біртұтастығын бейнелейді және өнімнің сипаттамасын көрсетеді. Сапа сұраныстардың артуына және өндірістің ұлғаюына қанағаттанарлықтай мүмкіндіктері бар көп ғұмырлық кезеңдерден өтті.
Қысқаша мазмұны
Квалиметрия латынша (“qualitas” – сапа, қасиет, сипат, ал “quails” – қандай, сапасы қандай деген мағына) және ежелгі грек “метреосөзі - өлшеу, өлшеу жүргізу дегенді білдіреді. “Метрео” түбірі жалпы халықаралық ғылым лексикасында қолданылады, ал “квали” түбірінің түрленіп айтылған түрі “качетво” - “сапа” дегенді білдіреді. Ағылшынша “quality” (“кволити”), испан тілінде
calidad
(“калидад”), француз тілінде “qualite
(“кваалита”), неміс тілінде “qualitat” (“квалитат”), голландия тілінде “kwaliteit” (“квалитайт”). Сонымен қатар, “Квалиметрия” термині “сапаны өлшеу”, “сапаны бағалау” сияқты мағына береді. Осыған байланысты, мысалы, ғалым, маман яғни квалиметриямен айналысушы – квалиметролог болып аталады.
Кез келген пәнге сапа жағынан қарау, не болмаса кез келген пәннің сапасын бағалау – квалиметрлік жуықтау деп айтылады. Мысалы, сапа туралы ғылым квалиномия; осы пәнге байланысты сапаны бағалау және
өлшеуімен айналысушы – квалиметрия болып табылады.
“Квалиметрия” жалпы 1960 жылдың ортасына қарай қолданысқа енді. Кейін 1968 жылдан бастап профессор А.В.Гличевтың бастауымен сапаны
бағалаудың ұқсастық әдісінің жалпы әдістемелік негізін және оның теориялық жалпылауының қажеттілігіне жол ашылды. Өнімнің сапасының сандық бағалауы квалиметрия болып табылады.
Квалиметрия теориялық және қолданбалы болып бөлінеді. Теориялық квалиметрия нақты объектіні абстрактілеу, принциптердің негізі, өңдеу, жіктеу, жалпы әдістер және арнайы мәселелердің сандық сапасын бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет