Күздік астық дақылдары (жалпы сипаттамасы) Халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі


Дәнді астық дақылдарының морфологиялық ерекшеліктері



бет2/9
Дата14.02.2023
өлшемі186.86 Kb.
#469548
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Дәріс 2

Дәнді астық дақылдарының морфологиялық ерекшеліктері.Дәнді дақылдар тобына 17 дақыл біріктірілген, олар 3 тұқымдасқа жатады:
- қоңырбастар (Роасеае) - бидай, қара бидай, сұлы, арпа, тары, жүгері, күріш және шәй жүгері (сорго);
- қарақұмықтар (Ро1уgопасеае) - қарақұмық;
- бұршақ (Leguminosae) – асбұршақ, майбұршақ, ноғатық, атбас бұршақ, ноқат, бадана (фасоль), бөрібұршақ.
Қоңырбастар тұқымдасы дәнді дақылдарының халықшаруашылығындағы маңызы зор және кең тараған, әрі олар ортақ морфологиялық белгілермен ерекшеленеді.
Тамыр жүйесі – шашақты, оның кіндік тамыры болмайды, алайда көптеген ұсақ бұтақты тамыршалардан тұрады және олар өте ұсақ тамыр түктерімен көмкерілген.
Дәнді дақылдар тұқымдары басқа дара жарнақты дақылдар сияқты әуелі ұрықтық тамырлар түзеді. Олардың саны дақыл түріне қарай әртүрлі: арпада – 5-8, қара бидайда – 4, бидайда – 3-5, тритикаледе – 6 және сұлыда – 3-4 дана, ал тары, жүгері, күріш және шәй жүгеріде – бір-бірден.
Түптену кезеңінің басынан түптену түйінінен қосалқы (түйін) тамырлар қалыптасады. Олар негізгі тамыр жүйесін құрайды. Тамыр жүйесінің негізгі массасы топырақтың барынша құнарлы қабатында – 15-25 см – шоғырланады, алайда тамырлардың бір бөлігі айтарлықтай тереңдікке (100 см және одан да көп) бойлайды. Тереңге бойлай өсуі құрғақшылықта күштірек байқалады. Жүгері мен шәй жүгерінің топырақ бетіне таяу жер үсті буындарынан қосымша тағы тірек (немесе ауа) тамырлары дамиды. Олар өсімдіктерге жапырылуға қарсы беріктілік береді. Неғұрлым тамыр жүйесі қуатты дамыса, солғұрлым өсімдіктер ылғал және қоректік заттармен жақсы қамтамасыз етіледі, мұның өзі өнімділікті арттырады.
Әртүрлі дәнді дақылдардың тамыр жүйесі өздерінің даму қуатымен, топырақтан ылғал және қоректік заттарды сіңіру қабілетімен ерекшеленеді.
Дәнді астық дақылдарының ішінде барынша қуатты тамыр жүйесі жүгеріде, күздік қара бидай мен күздік бидайда қалыптасады.
Сабағы (сабаны) іші қуыс, немесе паренхима жасушалармен толтырылған түтік болып келеді және буындар мен бірнеше бөлікке бөлінген буынаралықтардан тұрады. Сабақ буынаралықтардың төменгі бөлігінен бастап өседі.
Жапырақтары екі бөліктен тұрады: жапырақ қынабынан және жапырақ тақтасынан. Жапырақ қынабы (қыны) сабақты орай тығыз орналасқан және оған беріктілік береді, сабақтың өсіп келе жатқан жас ткандерін әртүрлі қолайсыз әсерлерден қорғайды. Жапырақтар сабаққа жапырақ қынабынан төменгі жағымен бекиді және сабақ буындарының үстінен жапырақтар буындарын қалыптастырады.
Буындар жапырылуға қарсы үлкен рөл атқарады. Сабақ буындары ұзақ уақыт тіршілікке қабылеттілігін сақтайды, сондықтан жастау шағында жапырылған өсімдіктердегі төменгі буынның өсу күшінің әсерінен сабақ бірте-бірте көтеріледі. Сабақтардың солуына қарай олардың көтерілу қабылеті күрт төмендейді.
Астық дақылдарында жапырақ қынабының жапырақ тақтасына ауысу орнында ерекше түзілімдер – тілше және құлақша – қалыптасады. Тілше – жұқа қабық (пленка). Ол жапырақ қынабының ішінде судың, шаңның еніп кетуіне жол бермейді. Құлақша жапырақ қынабын сабаққа бекітіп ұстап тұрады. Дәнді дақылдар дамуының ерте кезеңінде тілше мен құлақша дақылдарды бір-бірінен ажыратуға көмектесетін жүйелі көрсеткіштер болып табылады: сұлыда тілше күшті дамыған, ал құлақшасы жоқ; арпада құлақша жақсы дамыған; бидай мен қара бидай-да тілше мен құлақша әлсіз дамыған.
Дәнді астық дақылдардың гүл шоғыры екі түрде (типте): масақ және шашақ (сіпсебас). Жүгеріде ғана басқаша, онда әрбір өсімдікте гүл шоғырының екі түрі де орналасқан және аталық гүлдері шашақ түрінде сабақтың ұшар басында, ал аналық гүлдері собық түрінде жапырақ қолтығында орналасқан.
Масақ (бидай, қара бидай, арпа, тритикале) жекелеген кертпелерді құрайтын біліктен тұрады, оның кертпесінде (кертпешінде) кезектесіп екі жағынан масақшалар орналасқан (Сурет 5). Шашақ (тары, күріш, сұлы, шәй жүгері, жүгері) орталық біліктен және бүйір тарамдарынан құралған, олар өз кезегінде бұтақтана алады. Бұтақтардың ұшар басында масақшалар орналасқан. Гүлдер масақшаларда шоғырланған. Дәнді дақылдардың көпшілігінде әрбір масақшада бірнеше гүлден болады (бидайда – 3-5, қара бидайда – 2-3, тритикаледе – 2-4, сұлыда – 2-3, арпада әрбір масақшада бір-ақ гүл).


Сурет 5. Астық дақылдарының гүл шоғырлары: 1 – қылтықты жұмсақ бидай; 2 – қылтықсыз жұмсақ бидай; 3 – қатты бидай; 4 – қара бидай; 5 – көпқатарлы арпа; 6 – қосқатарлы арпа.



Әрбір гүлде екі қабықшасы – ішкі және сыртқы – болады, қылтықты түрлерінде сыртқы гүл қабықшасына қылтық бекіген. Гүл қабықшыларының арасында екі қалақты аналық аузы бар жатын мен үш аталық (күріште алтау) орналасқан. Әрбір гүлдің негізінде аталықтардың сырт жағында екі нәзік қабықша (лодикул) орын тепкен, ол гүлдеген кезде ісінеді де гүл ашылады. Гүлдер барлық дәнді астық дақылдарында қосжынысты (жүгеріден басқалары).


Жемісі – дән, ол ұрықтан, эндоспермнен және қабықтан құралған. Жеміс қабықшасы тұқым қабықшасымен бірігіп кеткен. Қабықты дақылдарда, сонымен қатар, гүл қауыздарымен жабылған.
Дән эндоспермінде қорлық қоректік заттар жинақталған. Эндоспермнің сыртқы қабыққа жанаса орналасқан бөлігі азотты заттарға бай алейрон дәншіктерімен толтырылған. Оның төменгі бөлігінде крахмал дәншіктерімен толыққан жасушалар бар. Ұрық дәннің негізінде дөңес жағына орналасқан. Ол эндосперммен байланыстыратын гүл табақшасынан (щиток), ұрықтық (болашақ) жапырақтармен көмкерілген бүршікшеден, біріншілік (алғашқы) сабақтан және ұрықтық тамыршалардан тұрады. Дән ұрығы үлкен емес (эндосперммен салыстырғанда) және бидай, қара бидай, арпада - 1,5-2,5%, сұлыда – 2,0-3,5%, жүгеріде - 10-14%.
Дәннің анатомиялық құрылысы 6-суретте көрсетілген.

Сурет 6. Бидай дәнінің қимасы: 1 – гүл табақшасы (щиток); 2 - бүршікше; 3 - ұрық; 4 – ұрықтық тамыршалар; 5 - айдар; 6 – эндоспермнің алейрон қабаты; 7 – қабысып өскен тұқымдық және жеміс қабықшалары; 8 – крахмал дәншіктері бар эндосперм жасушалары (клеткалары).





Дәнді дақылдар бірқатар морфологиялық және биологиялық белгілермен ерекшеленетін екі топқа ажыратылады.
Астық дақылдарының бірінші тобы – бидай, қара бидай, арпа, сұлы – дәндерінің етек жағында тілігі (ойығы) болады, бірнеше ұрықтық тамыршалармен өнеді және олардың саны дақылға байланысты әртүрлі; бұл дақылдар масақшаларында төменгі гүлдері басым дамып жеміс береді, ал жоғарға гүлдері дамымай қалады; сабаны әдетте борпас келеді; астық дақылдарының бұл тобы жаздық және күздік түрде өсіріледі (негізінен бидай, қара бидай, арпа).
Дәнді астық дақылдарының екінші тобы, немесе тары тәріздестер – тары, жүгері, күріш, шәй жүгері және қарақұмық – дәндерінің ойығы болмайды, олардың дәндері бір ғана ұрықтық тамырмен өнеді; масақшаларында жоғарға гүлдері басым дамып жеміс түзеді; сабанының қуысы паренхима ткандерімен толтырылған; бұл топтың дақылдары тек қана жаздық түрде өсіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет