Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль-жол академиясы



Дата20.06.2016
өлшемі63.2 Kb.
#148919
түріСабақ
Л.Б.ГОНЧАРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ АВТОМОБИЛЬ-ЖОЛ АКАДЕМИЯСЫ


«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ, ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР» КАФЕДРАСЫ

«БЕКІТЕМІН»

Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол

академиясының «ҚТ, ЖБПжАЖ» кафедрасының

меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Т.Б.Нурпеисова


«__»___________2015 ж.
Дарынды сазгер Әбілахат Еспаевтың туылғанына

90 жыл толуына арналған қазақ тілі пәнінен

«Ән әлеміне әр берген композитор» атты

инновациялықсабақ жоспары

Дайындаған:«ҚТ, ЖБПжАЖ» кафедрасының қазақ тілі пәні

оқытушысы, ф.ғ.к., доцент Ұ.Қ. Тұрбекова

Алматы, 2015ж.


Сабақтың тақырыбы: «Ән әлеміне әр берген композитор»


Сабақтың мақсаты:Әбілахат Еспаевтың90жылдық мерейтойына арналған сабақта сазгердің өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, өлеңдерінің идеясын талдату,ән жанрының шеңберін кеңейткен көрнекті композитордың қуатты шығармашылығын өскелең ұрпаққа үлгі–өнеге ету. Осы негізде жастарымызды патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері: Әбілахат Еспаевтың шығармашылығын түбегейлі зерттеп, мәңгі өлмес мол мұрасын ғылыми айналымға енгізу. Композитордың мұрасын тұрақты насихаттау.

Сабақ әдісі:  «Сергіту сәті», «Пазл», «Тұжырыдамалық карта», ЖИГСО әдісімен мәтінді талдау, insert әдістері, эссе жазу, суреттер арқылы көрсету, постер арқылы түсіндіру.

Күтілетін нәтиже: -Мәнерлеп оқу, өлең құрылысына талдау жасау іскерлігі дамиды;

- Топпен, жұппен жұмыс істеуге, бірлесе шешім қабылдауға, түйінді идеяларды анықтай біледі;

- Жоғары деңгейлі сұрақтар құрастырады, сұрақтарға жауап береді;

-Интербелсенді тапсырмаларды өзі орындауға мүмкіндік алады.



Сабақтың көрнекілігі:  Интербелсенді тақта, суреттер, флипчарт қағаздары, маркерлер, стикерлер

Пазл әдісі.Сабақ тақырыбындағы проблемаларды шешу, ойларынан ой тудыру, өнім жасау үшін аудиторияда Пазл әдісін қолданды. Бұл тәсілмен сабақ өткізу студенттерге қатты ұнады. Тапсырманы орындау барысында аудиторияда қозғалыс пен студенттер дабыры басым болды. Топқа бөлінгенде студенттер қызыл, сары, жасыл түсті стикерлер бойынша топқа бөлініп, өз топтарын таныстырды.Ә.Еспаевтың шығармашылығымен таныстыру барысында«Қазақ тілі», «Сөз бен Саз», «Ақындар мен Сазгерлер» ұғымдары бар постер берілді.Топпен жұмыс жасай отырып, аталған үш ұғымды ашып, олардың байланысын көрсетіп, түсіндіреді.

Ой шақыру кезеңіндеӨткен ғасырдың 50-70-жылдары отандық музыка өнерінің небір қарқындай дамып шарықтаған кезінде ән жанрында өндірте, жемісті еңбек еткен Әбілахат ағамыздың орны ерекше болғанын өз ойларын постерге түсіріп, топ спикерлері қорғады.

Бұдан кейін «Әбілахат Еспаевтың ұлттық ән өнеріндегі құнды дүниелері» атты қысқаша презентация көрсетіліп, топтық жұмыс ұйымдастырылды.



Білу кезеңінде студенттер С.Тұрғынбековтың өлеңіне жазылған Әбілахат Еспаевтың әні – «Толқиды Тобыл» әннің мәтінінен түсінгендерін айтты.

«Тұжырымдамалық карта»Студент Флоренко Евгений:Әблахаттың  әкесі Смағұл атақты Ыбырай Алтынсаринмен аталас, ағайынды адам болған. Содан болар ол кісі  де бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген  ауыл адамы болатын. Анасы жастай қайтыс болған соң ашаршылық жылдары саяси өзгерістен сескенген Смағұл алты жасар Әблахатты ертіп, Жамбыл  облысы Меркеге, кейін Шу ауданының «Алға» аулына қоныс аударады. Сөйтіп қасиетті Әулиеата жері Смағұл қарияның әулетінің тамыр жайған құтты мекеніне айналғанын түсіндірді. Студент «Тұжырымдамалық карта» жасап, композитордың шығармашылығын зерттеген жұмыстарын көрсетті.

Қолдану бөлімінде«Сазгер» сөзіне диалог құрастырылса, ал талдау бөлімінде студентСапаров Амангелді:оқыту арқылы жан-дүниемізді байытып, жаратылыстың небір құпиясына қанықтырған, бүгінгі дәрежемізге жеткізген ұстаздар қауымына өлмес туынды арнап, әннен мәңгілік ескерткіш орнатқан Әбілахат Еспаев ағамыз бұл құрметке әбден лайықты деді. Еспаев лирикасын зерделеп, мақал-мәтел айтты.

Қорытындылау бөліміндеӘбілахат Еспаев сынды дарынды сазгердің   мұрасын жан-жақты насихаттап жүрген, Әбілахаттың ән әлемі турасында сыр ақтарып келіп отырған композитордың мұрагері, техника ғылымдарының докторы – Гүлсім Әбілахатқызына сөз берілді.  Еліне-жеріне төгіле еңбек еткен, шынайы халық композиторы Әбілахат Еспаев ағамыздың артында қалған ғажайып ән мұрасы тәуелсіз мемлекетіміздің рухани құндылықтары ретінде бүгінгі күні де сүйсіне шырқалар жан азығына айналғанының куәсі болып отырмыз. Сондықтан суреткер есімі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын таба беретініне күмән жоқ екенін тілге тиек етті.

Бағалау бөліміндеХХ ғасырдың 50-70 жылдары аралығында ұлттық ән өнеріміздің алтын қорына «Әлі есімде», «Ақ сәуле», «Сағыныш екен бала кез», «Бейбітшілік сақталады», «Маржан қыз», «Жайық қызы», «Батыр бала Болатбек», «Қайдасыңдар, достарым», «Ұстазым менің, ұстазым» секілді таңғажайып әндеріменесте қалды. Студенттер Қазақ мәдениетіндегі сөз бен саз өнерінедеген сүйіспеншілігін өз шығармалары арқылы жеткізе білді.

Рефлексияда «екі жұлдыз, бір тілек» арқылы стикерге жазып, өз ойларын жеткізіп жатты. Дарынды сазгер Әбілахат Еспаев туралы эссе жазу арқылы да студенттердің қабілеті артып, әрқайсысының өзіндік ой-пікірлері қалыптасып жатты.Тапсырма  студенттерге түсінікті болғандықтан, олар оны барлығы жабылып, бірлескен түрде, ұйымшылдықпен орындады. Әбілахат Еспаевтың әндері өз өміршеңдігін дәлелдеп, студенттер өз тобымен бірлесіп, ынтымақтасқан күйде жұмыс жасады.



Сабақтың сәтті шыққан жағы: бірлескен оқудың нәтижесінде топтар өз жұмыстарын қорғау барысында Әбілахаттың Еспаевтың ән әлемі турасында сыр ақтарды.

         

«ҚТ, ЖБПжАЖ» кафедрасының қазақ тілі пәні

оқытушысы, ф.ғ.к., и.о. доцент Ұ.Қ. Тұрбекова



Ашық сабақ

«Көмекші есімдер кызметі»
16-шы қазан күні «ҚТ, ЖБПжАЖ» кафедрасының  қазақ тілі пәні оқытушысы, ф.ғ.к., доцент   Ұлжан Қожамбердіқызы5В072900-Құрылыс; 5В074500-Көлік құрылысы, 5В090100-Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану топтарындағы 1  курс студенттеріне «Көмекші есімдер кызметі»тақырыбында  қазақ тілінен инновациялық ашық   сабақ   өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты – мемлекеттік тіліміздің мерейін көтеру және диалогтік оқыту әдісі бойынша студенттің сындарлы сөйлеу тілін дамыту. Оқытудағы Кэмбридж тәсілдерінің теориялық негіздерін пайдалану арқылы студенттердің тіл дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру болды.

Сабаққа «ҚТ, ЖБПжАЖ» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Т.Б.Нурпеисова, кафедра  оқытушылары және техника ғылымдарының докторы – Гүлсім Әбілахатқызы   қатысты.Сабақты оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында оқытудың заманауи әдістеріне ерекше мән берілді. Яғни, студент пен оқытушының өзара бірлескен іс-әрекеті, студенттің дербес қабілеті, оқыту материалдарын өз бетімен пайдалану арқылы танымдық белсенділіктері айқындалды.

Көмекші есімдердің мағынасы мен олардың зат есімдермен тіркесіп, бір ұғым беретіндігі жайлы ойларын еркін жеткізіп, жеткілікті дәрежеде қазақ тілінде қарым-қатынас жасап отырды. Атап айтсақ, әр студент бір-бір ғалым  болып, ашқан  жаңалықтарын   түсіндіріп, әсіресе мақалдардың орыс тіліндегі баламасын табуы оларды сәйкестендірулері, автомобиль тарихы туралы ментальді карта арқылы ізденістері маңызды болды.

Студенттерді сурет бойынша топқа бөлді. Бұл олардың танымдық көзқарастарымен қатар визуальды көру айғақтарын дамытуды көздеді. Топқа бөлінген студенттер топ ережелерін құрастырды.Оқытушы топпен, жұппен жұмыста көбіне белгілі тақырыптар беріп, флипчарттарға суреттер салғызып, өздеріне қорғатып отырды. Студенттерді тақтадағы дайын жұмыспен емес, өздерінің шығармашылығынан туындаған жұмыстар қызықтырды. Сабақтың қорытынды бөлімінде Стикер таратылып, «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» жасалды. Студенттер сабақтағы түйген ойларын ортаға салды. Өздерін толғандырып жүрген сауалдарына жауап алды.  



Ашық сабақ соңында кафедра меңгерушісі, т.ғ.д., доцент  Т.Б.Нурпеисова ашық сабақтың жоғары дәрежеде өткендігі туралы атап өтті, сонымен қатар ұстаздар қауымы өз пікірлерін айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет