Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу баспасөз қызметі



Дата09.07.2016
өлшемі17.05 Kb.
#187418
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

Баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы

Астана, Мирзоян көшесі 2, 136


БАҚ-АҢДАТПА
БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛШІСІ Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ БОЙЫНША СӨЗ СӨЙЛЕЙДІ
2014 жылғы 27 ақпанда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Беларусь» мәдениет және тілдер орталығы беларустық диаспора өкілдерімен бірлесе отырып, «Беларусь Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Анатолий Ничкасов пен Беларусь ақыны, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері Владимир Петровпен «Бірлік, халықтар достығы – ел гүлденуінің кепілі» деген тақырыпта кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Іс шараның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатына қолдау білдіріп, халыққа жолдаған «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауына пікір білдіру; беларус-қазақ халқы арасындағы достықты дәріптеу; Еуразия ұлттық университетінде білім алып жатқан беларустық студенттермен дидарласу.

Шараға оқу орнының басшылары, диаспора өкілдері, филология факультеті мен журналистика және саясаттану факультеттерінің оқытушы-ғалымдары қатыспақ.

Сондай-ақ аталмыш шараға «Радзіма» Беларусь мәдениет орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дмитрий Останькович пен Ұлттық академиялық кітапхана қызметкері Күләш Қоспармақова арнайы қонақ ретінде шақырылып отыр.



Кездесу аясында беларусь ақыны, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері Владимир Петровтың кітаптары бойынша көрме ұйымдастырылмақ.
Өтетін орны:

Мирзоян көшесі 2

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

Бас ғимарат

«Беларусь» мәдениет және тілдер орталығы

Өтетін күні, уақыты: 27.02.14. сағат 15.00.

Ұйымдастырушылар:

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

Баспасөз қызметі

+7 (7172) 709 -548

+7(7172) 70-95-00 (31-116,31-118 внутр)

+ 7 702 363 60 05, lyaka-tompi@mail.ru – Ляйля Рахманова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет