Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры


Корпорацияның акцияларын және облигацияларын алған



Pdf көрінісі
бет106/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга

Корпорацияның акцияларын және облигацияларын алған 
инвесторлардың қажетті шарты 
 
корпорация қызметінің барлық 
қолданыстағы тараптарының ақпаратқа еркін қол жетімділігінің 
қолда екендігі сөзсіз. 
Корпорацияның қаржы қызметінің қорытындысы қандай, кім оны 
басқарады, корпорация ішінде қандай маңызды стратегиялық және шұғыл 
шешімді шешуге қандай тәсіл қолдануы туралы білмей бірде бір парасатты 
инвестор осындай компанияның құнды қағазын алмайды. 
Осы себептен барлық корпорациялар өз қызметінде қаржылық
қаржылық емес аспектілер туралы ақпараттарды ашады. «Стейкхолдерлер» 
деп аталатын түрлі ынта білдіруші тараптардың болған жағдайында 
корпорация ақпаратты ашқан кезде басымды қызығушылықтарын және 
барлық негізгі стейкхолдерлерді күтуді ескеруі қажет. Мұнда корпорация
қажетті ақпаратты дайындап ғана қоймай, барлық стейкхолдерлер үшін 
түсінікті және ақпараттарды дайындау мен ашу процессін жүргізеді, яғни 
корпорация айқын таза болуы керек. Компанияның айқын тазалығы және
оның акция мен облигация шығару түріндегі қажетті капиталды тарту 
қабілеттілігі арасында тікелей заңдылық қалыптасқан- 
инвесторлар үшін 
компания ішіндегі есептерді дайындау, оның мазмұны және шешім 
141 


қабылдау процесі түсінікті және ашық болғандықтан инвесторлар
осы компанияның құнды қағазына қаржы салуға келіседі. 
Корпорация басқармасының құрылымы мен стейкхолдердің 
мүдделері 
 
Корпорация қызметі туралы ақпараттың ашылу әдістері мен тәсілдерін 
қарамас бұрын, ең алдымен біріншіден, шешім қабылдау үшін аса 
маңызды қандай ақпарат болатынын, екіншіден, стейкхолдердің қай 
тобына қандай ақпарат керек екенін анықтау қажет. 
Корпорация, немесе акционерлік қоғам, бұл компания өзі жүргізетін 
бизнестің өзінің меншік иелері/акционерлерінің пайдалана алуы үшін 
құрылып, жұмыс істейді. Акционерлік қоғамда өз акционерлері 
капиталының өсіміне қол жеткізу үшін корпорация бизнесімен 
басқарманы қамтамасыз етуге құрылған заңмен бекітілген басқару органы 
бар. Көптеген елдердегі сияқты, Қазақстанда да қолданылатын басқару 
органдарының стандарттық үлгісі басқарманың жоғарғы органы 

акционерлердің жиналысы болып табылады деп шамалайды. Ірі 
фирмалардың қор биржасында, ашық рыноктарында сатылатын акцияларға 
акционерлердің едәуір саны, кейде бірнеше жүз немесе мыңдап 
қатысқанынан, осы акционерлер корпорация басшылығының қызметіне 
күнделікті бақылау мен мониторинг жүргізе алмайды
.
Осы себептен акционерлік қоғамдарда акционерлер жиналысы мен 
компания құрылымдарының басшылары арасында аралық- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет